Шет елдердің мемлекет және құқық тарихы


-сұрақ: Ежелгі Рим мемлекетінің империялық даму кезеңінің өзі екі кезеңге бөлінеді: Ерте империя дәуірі – принципат дәуірі



жүктеу 1,46 Mb.
бет7/21
Дата19.11.2018
өлшемі1,46 Mb.
#20783
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21

4-сұрақ:

Ежелгі Рим мемлекетінің империялық даму кезеңінің өзі екі кезеңге бөлінеді:



  1. Ерте империя дәуірі – принципат дәуірі (б.э.д. 27- б.э. 283 жж.). Бұл уақытта республикалық мекемелер сақталғанымен, нақты билік тек бір адам, яғни, сенаторлардың тізіміндегі бірінші тұлға – принцепстің қолында шоғырланды.

  2. Кейінгі империя дәуірі – доминат (283-476 жж.). Бұл кезеңде шексіз бір ғана адам – императордың қолында шоғырланды және ол қасиеттендірілді.

Принципат кезеңіндегі қоғамдық құрылым. Осы кезеңде Рим қоғамының негізгі таптарына құлдар, құлиеленушілер және жер немесе ұстаханалардың иелері болып табылатын ұсақ өндірушілер таптары жатты. Құлдар негізгі өндіргіш күш болып қалды, бірақ олардың жағдайы өзгерді. Келетін құлдардың саны азайғандықтан қожайындар өз құлдарына күтіммен қарайтын болды. Оған қоса Адриан заңнамасы себепсіз құл өлтіруге тиым салды. Бұл мәселе құлдардың таптық наразылығын азайтып, көтеріліс қауіпін төмендетті. Сонымен бірге арендаторлар мен колондардың саны көбейді.

Құлиеленушілер табы біртекті болған жоқ. Оның құрамына сенаторлар сословиесі, шенеуліктер, муниципалды шонжарлар, қала басшылары, ірі саудагерлер мен кеме иелері жатты. Олардың ішінде ежелгі римдік нобилет пен провинциялардың шонжарларынан құралған сенаторлар сословиесі ерекше ықпалға ие болды. Олар сенатор болды, жоғарғы лауазымдарды иеленді, әскерді және жергілікті жердегі провинцияларды басқарды. Екінші сословиені шенеуліктер сословиесіне айналған аттылар құрады. Олар империялық кеңседе, император әкімшілігінде және әскерде жоғарғы лауазымдарды иеленді. Үшінші сословиенің құрамына муниципалды шонжарлар кірді. Олардың қатарынан қалалардың басшылары тағайындалды.



Принципат кезеңіндегі мемлекеттік құрылыс. Б.э.д. 27 жылы сенат Октавианды император деп жариялады. Алайда бастапқыда ол респуликаның жоғарғы және өмірбақилыққа сайланған магистраты ретінде ғана қарастырылды. Император әскердің басқолбасшысы, жоғарғы абыз, халық трибуны және цензор болды. Өзінің жақтастарының қатарынан ол наместниктерді тағайындады. Олар императордың мандаты негізінде, оның нұсқамалары арқылы қызмет етті. Октавиан Августтың уақытында мемлекеттік аппарат құрылды және қазына қалыптасты. Оның басында сенатпен сайланатын император тұрды. Өз билігінде ол преториандық префектілер мен императорлық кеңсенің ведомтсва бастықтарынан тұратын императорлық кеңеске арқа сүйеді. Басқаруда үлкен орынды бірнеше бөлімнен тұратын императорлық кеңсе алды. Сенат формальды заңшығарушы орган болып саналды, себебі император жарлық тары заңға айналу үшін сенаттың бекітуінен өтуі тиіс еді. Сенат атқарушылық билікті жүзеге асыратын магистратураны бекітті. Магистратура 20 квестор, 18 претор және 12 консулдан тұрды. Рим мемлекетінің аумағы 45 провинцияға бөлінді. Олардың 34 императорлық, ал 11 сенаттық. Сенаттық провинциялар кедей, табысы аз және қауіпті болды. Ал императорлық провинциялар бай және император әскерлері тұрғандықтан қауіпсіз болды. Провинцияларды император тағайындайтын наместниктер басқарды. Қорытындыласақ, принципат республикалық институттарды бүркемеленген монархия болды.

Доминат кезеңіндегі қоғамдық құрылымы. Аталмыш дәуірде Рим құлиеленушілік мемлекеті терең дағдарысқа ұшырады. Ол классикалық құлиеленушілікке негізделген экономиканың құлдырауымен байланысты. Құлдардың еңбегі қолданылатын шаруашылықтар құлдырап, олардың орнын колондармен өңделетін латифундиялық шаруашылықтар дами бастады. Осылайша құлиеленушілер табында ірі жер үлестері мен халықтың басым бөлігін қоланың астында біріктірген латифундист жер иеленушілер бірініші орынға шықты. Билеуші тапта басты орынды император мен оның жақын туыстары иеленді. Олардың ықпалы қуатты императорлық жер иеленуге негізделді. Осы кезеңде олармен қатар билеушілер табының қатарына жаңа пайда болған әлемдік дін – христиандықтың діни шонжарлары үлкен ықпалға ие бола бастады. Шіркеулік жер иелену пайда болды.

Құлдардың өндірушілер ретіндегі рөлі азайып, олардың орынын колондар басты. Колондарды жерге бекіту процесі басталды. Жерге бекіту өмірбақилық және мұрагерлік болды. Ұсақ өндірушілер табы кедейленіп, колондарға айнала бастады. Осылайша құруға шақ қалған құлиеленушілік құрылымда феодалдық қатынастар пайда болды.



Доминат кезеңіндегі мемлекеттік құрылыс. Жоғарғы билік императордың қолында шоғырланды. Императорлар республикалық дәстүрлерді жойып, мемлекетті жеке-дара басқара бастады. Принцепс титулының орнына dominus, яғни, қожайын, мырза атты титул қолданылатын болды. Император мемлекетті заң жобаларын дайындайьын кеңесуші орган – мемлекеттік кеңес және орталық ведомствалар арқылы басқарды. Мемлекеттік аппарат қатаңдық сипатқа ие болды және император бір жылға тағайындайтын шенеуліктерден тұрды. Шендердің иерархиясы қалыптасты. Провинциялар өздерінің кеңселері бар наместниктерімен басқарылды.

Доминаттың орнауы саяси және экономикалық дағдарыстан өтуге тырысқан император Диоклетианның атымен байланысты. Ол империяның басқаруын жақсартатын және әскерді нығайтатын бірқатар реформалар жүргізді. Оның басты мемлекеттік басқару реформасы болды. Империяда тетрархия деп аталатын басқару жүйесі енгізілді. Ол бойынша билік төрт тұлғаға берілді. Империяның Батысы мен Шығысын билейтін екі августқа және олар өздеріне көмекші ретінде тағайындайтын екі цезарьге. Жиырма жылдан соң августтар билікті цезарьларға беруге тиіс болды. Бұл жүйе мемлекеттік биліктің сабақтастығы мен басып алудан сақталғандығын қамтамасыз етті.

Империя аумағкының басқарылуын жақсартуға әкімшілік реформа септігін тигізді. Диоклетиан мемлекет аумағын 101 провинцияға бөлді және жаулап алынған аумақтарды жаңа әкімшілікті енгізді. Сепаратизмді әлсірету үшін провинциялардағы префектілердің қолында шоғырланға әскери және азаматтық билікті бөліп тастады. Провинцияларды ректорлар басқаратын болды. Бірнеше провинция викаримен басқарылатын диоцездерге бірікті.

Император билігінде әскерге сүйенгендіктен әскери реформаның да маңызы зор болды. Жер иеленушілер әскерге саны олардың жерлерімен ондағы халық санына пропорционалды жауынгерлерді жіберетін болды. Әскердің саны үштен бір бөлікке артты. Екіншіден, әскер екіге бөлінді. Бірінші бөлігі тұрақты түрде империя шекараларында орналасты, ал екінші бөлігі ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

Едегі тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін экономикалық тұрақтылықтың маңызы зор болды. Экономикалық реформаларды Диоклетиан ақша реформасынан бастады. Ол толық құнды алтын монета шығарды. Сонымен бірге Диоклетиан салық жүйесін реформалады. Ол азық-түлікпен төленетін адам басынан алынатын салық енгізді. Мемлекеттің нығаюына христиан діні көмектесер еді, алайда Диоклетиан оған мемлекеттік билікке бәсекелес ретінде қарап қарсыласына айналды.

Доминаттың толық орнауы Константин императордың атымен байланысты. Мемлекет аумағы төрт префектураға бөлінді. Оларды император тағайындайтын азаматтық лауазымға айналған префектілер басқарды. Әскерді басқару төрт әскери магистрге берілді. Преторий преторы және әскеримагистрлер тікелей императорға бағынды. Аумақтың провинциялар мен диоцездерге бөлінуі сақталды.

Мемлекет біртұтастығының нығаюына Константиннің шіркеулік реформасы септігін тигізді. Басында ол христиандықты басқа діндермен тең және еркін насихатталатын дін деп таныды. Ал кейін мемлекеттік дін деп таныды.

375 жылы Рим империясы астанасы Римде болған Батыс және астанасы Константинополь болған Шығыс бөліктірге бөлініп кетті. 476 жылы Одакар басқарған герман тайпалары Батыс рим империясын басып алды. Ал Шығыс Рим империясы – Византия 1452 жылы түріктердің қол астына өтті.



5-сұрақ:

Рим әлемі үш рет бағындырды. Бірінші рет мыңдаған легиондарымен, екінші рет Римде іргесін көтерген христиан дінімен және үшінші рет жоғары деңгейде дамыған сол кезеңде теңдесі жоқ құқығымен. Рим құқығы қазірге замандағы азаматтық, коммерциялық және сауда құқықтарының негізі болып саналады. Оның себебі:



  1. Рим құқығы жан-жақты өңделіп, жүйелендірілген;

  2. Рим құқығы жаулап алынған елдердің барлық озық үлгілерін бойына сіңірді;

  3. Римнің өзінде ақша-тауар, меншік қатынастарының шапшаң дамуы, оларды реттейтін құқық нормаларын қажет етті.

Рим құқығының даму кезеңдерін былайша сипаттауға болады:

  1. Ежелгі кезеңде Рим құқығына дамымағандық, әскери демократия нормалары мен әдет-ғұрыптардың сақталуы тән. Бұл кезде құқықтың субъектісі ретінде тек Рим азаматтары ғана, яғни, квириттер ғана танылды. Сол себепті осы кезеңнің құқығын квириттік құқық деп атайды.

  2. Классикалық кезеңде Рим құқығы өз дамуының шарықтау шегіне жетті. Рим құқығы әмірлерінің нақтылығымен, тәжірибеге икемділігімен заңи нысанының жоғарылығымен ерекшеленді.

  3. Постклассикалық кезеңде Рим құқығы жаңа қалыптасып келе жатқан феодалдық қатынастарға бейімделе бастад. Оның кодификациясы және жүйелендірілуі жүзеге асырылды.

Рим құқығының даму кезеңдері оның қайнар-көздерімен тығыз байланысты:

  1. Рим құқығы дамуының алғашқы кезеңінде құқық қайнар-көздері ретінде әдет-ғұрып нормалары, халық жиналыстарының шешімдері – LEGES, сенаттың қаулылары – сенатус консульттерден және магистраттардың эдиктілері қарастырылды.

  2. Рим құқығының қайнар-көздерінің ішінде XII кесте заңдары ерекше маңызға ие. Рим қауымың әдет-ғұрып құқығының бұл құқықтық ескерткіші он децемвирден құралған төтенше комиссиямен дайындалып, он екі ағаш тақтайшаға жазылып, Римнің орталық алаңы – Форумда көзге көрнекті жерге қойылды. Бұл құжат патрицилердің плебейлерге жасаған жеңілдіктерінің көрінісі болып табылады.

  3. Б.э.д. III ғасырда Рим мемлекетінде екі кодекс құрастырылды. Грегориан кодексі және Гармогениан кодексі. Бұл әдет-ғұрып құқығы нормаларымен қатар жазылған құқық нормалырының жүйелендірілген құжаттары болып саналады.

  4. Б.э.д. 483 жылы алғашқы ресми жүйелендірілген акт – Феодосий кодексі жарық көрді. Онда б.э.д. IV ғасырдан бастап императорлардың барлық жарлықтары, яғни, конституциялары жинақталды.

  5. VI ғасырда Рим құқығының соңғы жүйелендірілген нұсқасы император Юстинианның жасаған кодификациясыКорпус Юрис Цивилис құрастырылды. Ол келесі бөліктерден тұрды:

  1. Институциялар – Римнің атақты заңгері Гайдың шығармасы, кейін бұл туында Рим заңи мектептірінің оқулығына айналды;

  2. Дигестілер – Рим заңгерлері шығармаларының өңделген жинағы;

  3. Юстиниан Кодексі – 12 кітаптан тұратын император Юстинианның конституцияларының жиынтығы. Бірініші кітап шіркеу құқығына арналған, екіншіден сегізіншіге дейін азаматтық құқықтық-қатынастарды реттеді, тоғызыншы кітап қылмыстық құқық нормаларынан құралды. Ал оныншы кітаптан он екіншіге дейін мемлекеттік басқаруды реттейтін нормалардан құралды.

  1. Новеллалар ­– негізінен мұрагерлік қатынастарды реттейтін император Юстинианның конституциялары.

Мүліктік құқық. Ежелгі Римде мүлік деп заттар танылды. Заттар түрлі белгілеріне байланысты бірнеше топтарға жіктелді: қозғалатын және қозғалмайтын; бөлінетін және бөлінбейтін; манципацияланатын және манципацияланбайтын; айналымдағы және айналымнан алынған заттар.

Затқа қатысты меншік құқығы үш элементтен тұрды: затты иелену құқығы, затты пайдалану құқығы, затты басқару құқығы. Осы үш құқық бірге болған жағдайда ғана, затқа қатысты меншік құқығы қалыптасты. Сонымен бірге, меншік құқығын иелену үшін Ежелгі Римде адамдар тиісті мәртебеге ие болуы тиіс еді. Тұлғалардың құқықтық мәртебесіне сәйкес келесі түрлері болды:



  1. Status civitatis – азаматтық жағдайы бойынша тұлғалар келесі түрлерге бөлінді:

    1. Рим азаматтары, яғни, Рим қауымының мүшесі болып табылатындар;

    2. Латындар – Римнен басқа Италиандық жерлердің тұрғындары;

    3. Перегриндер – шетжерліктер.

  2. Status libertatis – бостандық жағдайы бойынша тұлғалар келесі топтарға жіктелді:

  1. Еріктілер

  2. Еркіндікке жіберілгендер

  3. Құлдар

  1. Status familiae – жанұяда алатын мәртебелік жағдайына байланысты тұлғалар келесі түрлерге бөлінді:

  1. Отбасы басшысы

  2. Оған бағынышты тұлғалар

Міндеттемелер келісім-шарттан және деликтілерден пайда болды. Келісім-шарттың мынандай түрлері Ежелгі Рим құқығымен реттелді: сатып алу-сату, айырбастау, кепілдікке беру, қызмет ету, өсімге беру. Шартты жасаудың арнайы талаптары белгіленген, олар бұзылған жағдайда шарт жарамсыз деп танылды.

Неке-отбасы қатынастары. Отбасы қатынастары әкенің шексіз билігімен сипатталды. Туыстық агнаттық, яғни, қан бойынша туыстық және когнаттық, яғни, бір отбасыда тұруына байланысты туыстық деп екіге бөлінді. Жасалу жолы бойынша некенің екі түрі ажыратылды:

  1. CUM MANU – күйеуінің билігімен жасалатын неке.

  2. SINE MANU – бір жылға келісім ретінде жасалатын тең құқылы неке. Уақыт өтісімен оны жаңартып отыру қажет болды.

Мұрагерлік заң бойынша және өсиет негізінде жүзеге асырылды. Мұрагерлік өсиет бойынша жүзеге асырылғанның өзінде балалар өзіне тиісті белгіленген мүлікке құқықтары болды.

Қылмыстық құқық. Ежелгі Римде қылмыстардың екі түрі ажыратылды:

  1. Бұқаралық қылмыстар (Рим мемлекетіне қарсы қылмыстар, өртеу, адам өлтіру). Бұл қылмыстар өлім жазасына кесілді.

  2. Жеке сипаттағы қылмыстар (ұрлық, тұлғаға қол сұғу, бөтеннің заттарын бүлдіру). Олар үшін өлім жазасы немесе дене жазасы тағайындалды.

Рим құқығының соңғы кезеңінде қылмыстардың саны өсті. Туыс адамдардың жыныстық қатынастарға түсуі, шөп салу, көп әйел алу, әйелімен некеге тұрмай бірге тұру, ер адамдардың бір-бірімен жыныстық қатынастарға түсуі сияқты жаңа қылмыстар пайда болды.

Сот және процесі. Сот процесі де Рим құқығының дамуы барысында өзгеріске ұшырап отырды. Республикалық кезеңде сот процесі жарыспалы сипатқа ие болды, яғни, айыптауды арнаулы лауазымды тұлға, ал қорғауды арнайы білімі бар заңгерлер жүзеге асырды. Монархиялық кезеңде процес айыптаушылық сипатқа ие болды. Судья айыптауды да, сот төрелігін де өзі жүзеге асырды.
Тақырып бойынша қайталау-пысықтау сұрақтары:

  1. Ежелгі Рим мемлекетінің дамуындағы үш кезеңді бөліп көрсету

  2. Рим Республикасын сипатта

  3. Рим империясының құрылуы

  4. Ежелгі Рим құқығын сипатта



Тақырып №8: Францияның ортағасырлық мемлекеті мен құқығы.


  1. Франциядағы ортағасырлық мемлекеттің даму кезеңдері.

  2. Франциядағы сеньориалды монархия.

  3. Франциядағы сословиелі-өкілді монархия.

  4. Франциядағы абсолютті монархия.

  5. Ортағасырлық Францияның құқығы.


Қолданылған әдебиеттер:

  1. История государства и права зарубежных старн. \ Под. Ред. Крашенинниковой Н.А. и Жидкова О.А. в 2 томах. М., 1999ж.

  2. Батыр К.И. Всеобщая история государства и права. М., 1999ж.

  3. Графический В.В. Всеобщая история государства и права. М., 1999г.

  4. Черниловский З.М. Всеобщая история государства и права. М., 1999г.

  5. Мухаев Р.Т. История государства и права зарубежных стран. М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2005

  6. Черниловский З.М. Хрестоматия по всеобщая истории государства и права. М.., 1988г.

  7. История государства и права зарубежных стран: Учебно-методическое пособие / Отв. редактор Н.А.Крашенинникова.- М.: Норма, 2006

  8. Кучер В.В. История государства и права зарубежных стран: Словарь-справочник.- Новосибирск: Сибирское соглашение, 2000

  9. Омельченко О.А. Всеобщая история государства и права. Т 1,2 М., 1998г.




  1. сұрақ:

X ғасырға дейін «Батыс франкілердің» мемлекеті деп аталып келген Франция 843 ж. Верден келісімінің нәтижесінде құрылды. Француздардың тұңғыш патшасы - Ұлы Карлдың немересі Тақыр бас Карлдың еншісіне Рейн өзенінің батысындағы жерлер тиді. Франция тек сөз жүзінде ғана біртұтас мемлекет болды, шын мәнінде онда басқа батыс европалық мемлекеттерге қарағанда бұрынырақ феодалдық бытыраңқылық орнады. Француз патшалығы IX ғасырдың өзінде бірқатар ірі (Нормандия және Аквитания герцогтықтары, Тулуз және Барселона графтықтары) және көптеген ұсақ (Блуа, Турень, Анжу, Пуату графтықтары) феодалдық иеліктерге бөлшектеніп кетті. Алайда осы феодалдық иеліктердің өзі көптеген дербес бөлшектерден құралды. Мысалы графтықтар мен герцогтықтар өз кезегінде көптеген ұсақ шатерлендіктерден, виконттықтардан, барондықтардан және басқа да сеньориялардан тұрды. Франциядағы феодалдық мемлекеттің одан әрі дамуы қоғамда орын алған саяси, әлеуметтік-экономикалық процестердің көрінісі болды.

Біріншіден, ортағасырлық Франциядағы мемлекет нысанының анықталуына әсер еткен басты фактор феодализмнің үстем қоғамдық-экономикалық жүйеге айналуы болды. Ол феодалдардың жерге қатысты монополистік меншік құқығы мен шаруалардың басыбайлығына негізделген. Жоғарғы шонжарлар барлық қоғамдық жерлерді басып алды және шаруаларды басыбайлы қылдырды. Феодализмде негізгі өндірушілер – шарулар экономикалық және саяси жолдармен қаналды. Осыдан жер меншігі мен саяси биліктің табиғи біртұтастығы түсіндіріледі. Кез-келген ірі жер иеленуші феодалдар сот-әкімшілік билікке ие болды және өзінің мәжбүрлеу аппараты арқылы жүзеге асырып отырды. Атап айту керек, Францияда басқа елдермен салыстырғанда феодалдық қатынастардың дамуы шапшаң жүрді. Себебі бұл қатынастар негізінен ыдырап жатқан құл иеленушілік қатынастардың негізінде дамыды.Осының арқасында франциялық феодализм ортағасырлық мемлекеттіліктің классикалық нысандарын қалыптастырды. Францияның феодалды экономикасы натуралды сипатын сақтай отырып, қоғамдық еңбек бөлінісін, тауар-ақша қатынастарының дамуын, тауар-ақша шаруашылығында жұмыс істейтін және өз мүдделерін мемлекеттік органдарда өкілдік етуді қажет ететін әлеуметтік топтарды қалыптастырды. Осы әлеуметтік топтардың (қала халқы, «үшінші сословие» - банкирлер, кәсіпкерлер, кәсіпорын иелері) пайда болуымен бірге феодалды мемлекеттіліктің нысандары өзгерді.

Екіншіден, Франциядағы ортағасырлық мемлекет әрқашан үстем тап – феодалдардың мүдделерін білдіріп, оларды қорғады, феодалдық тәртіп пен сословиелік иерархияның сақталуына жағдай жасады. Онда әрбір сословие белгілі-бір функцияны атқарды және олардың арасындағы қатынастар вассалитет-сюзеренитет қағидасы негізінде құрылды. Вассалитет сипатына қарай феодалдық мемлекеттің нысанын анықтауға болады. Оған сәйкес Франциядағы ортағасырлық феодалды мемлекет өз дамуында үш кезеңді басынан кешті:

  1. Сеньориалды монархия кезеңі (IX-XIII ғғ.). Бұл кезеңде патшалық билік мемлекеттің барлық аумағына тарайтын юрисдикцияға ие орталық мемлекеттік орган болудан қалды. Феодалдар патшаны «теңдердің ішіндегі бірінші» ретінде санады. Патшаның билігі тек өзінің доменіне ғана тарайды, ал мемлекеттің басқа аумақтарында патша вассалдары – герцогтер, графтар, архиепископтар мен аббаттардың билігі жүрді. Бір сөзбен бұл кезеңде мемлекетте саяси және экономикалық бытыраңқылық орын алды.

  2. Сословиелі-өкілді монархия кезеңі (XIV-XV ғғ.) феодалдық бытыраңқылықтың жойылып, сословиелі-өкілді құрылысқа негізделген монархияның орнауымен сипатталады. Мықты патша билігі елді жалпы ұлттық өкілді орган – Бас штаттармен бірге басқарды. Бас штаттарға елде қалыптасқан сословиелердің (дінисословие, дворяндар, үшінші сословие) өкілдері сайланды.

  3. Абсолютті монархия кезеңі (XVI-XVIII ғғ.) – орталықтанған ұлттық мемлекеттерге тән бұқаралық билікті ұйымдастыру нысаны. Франциялық абсолютизм толық қалыптасқан классикалық нысанға ие болды. Онда патша толық билікке ие болды, елді тармақталған бюрократиялық аппарат пен тұрақты әскерге сүйеніп басқарды. Бұл кезеңде сословиелі-өкілді орган – Бас штаттар өз жұмысын тоқтатты. Абсолютизмнің тірегі католиктік шіркеуге сүйенген дворяндар болды.



2- сұрақ:

Сеньориалды монархияның заңи бекітілуі Тақыр бас Карлдың 877 ж. кьерсейлік капитуляриімен байланысты. Ол бойынша бенефицийдің феодқа, яғни, мұрагерлікпен өтетін әулеттік поместьеге айналуы заңдастырылды. Осылайша ірі феодалдардың экономикалық және саяси тәуелсіздігі заңдастырылды. Феодалдар өзінің соты мен әкімшілігін құруға, монетасын соғуға және патшадан сұрамай соғыс жүргізу құқықтарын иеленді. Граф және герцог сияқты ірі феодалдардың виконт, барон сияқты өз вассалдары болды. Ал соңғылардың вассалдары рыцарьлар болды. Бұл кезеңде «менің вассалымның вассалы менің вассалым емес» қағидасы жүзеге асырылды.



Сеньориалды монархия кезеңіндегі қоғамдық құрылымы. Феодализмнің тұрақтануымен қоғам бір-біріне жау екі тап – жер иеленуші феодалдар мен феодалды басыбайлы шаруаларға бөлінді. Феодалды құқық басы бос адамдардың болу мүмкіндігін де ұарастырған жоқ. «Қожайыны жоқ адам жоқ» деген ереже кең таралды. Франциядағы үстем таптың орнығуы жерге қатысты феодалдық меншіктің қалыптасуы мен күрделі вассалдық қатынастардың дамуымен байланысты. Феодалдар табы қоғамда саяси, идеологиялық, әскери және басқа да маңызды функцияларды атқарды. Олардың өзі біртекті болған жоқ. 18 және 20 жас аралығындағы барлық зайырлы феодалдар рыцарьға айналу жоралғысын өтуі тиіс еді. Осындай ритуал кезінде феодал өз сеньорына ант береді, ал сеньор оған «бейбітшілік сүю» сыйлайды. Бұл жоралғы оммаж деп аталды. Рыцарьлар әскердің негізін құрады. Ал діни феодалдар билікті Рим папасынан алып, идеологиялық басшылықты жүзеге асырды.

Феодалдар табының құрылымы жер меншігінің көлеміне тікелей тәуелді болды. Бұл феодалдық иерархияға өз әсерін тигізді. Оның басында жоғарғы сюзерен, мемлекеттің номиналды басшысы - патша тұрды. Ол әскерді басқарды және соттың басшысы болып саналды. Феодалды иерархияның екінші сатысында ірі феодалдар – архиеписоптар, епископтар, графтар мен герцогтар тұрды. Олар патшаның тікелей вассалдары ретінде саналды. Олар өз феодының шегінде әкімшілік және соттық билікке ие болды, монета соғу және алым-салықтар жинау құқығын иемденді. Кей жағдайларда патша ірі феодалдарға иммунитеттік грамоталар таратты. Оны алған феодалдың жеріне патшаның агенттерінің өзі оның рұқсатымен ғана кіретін болған. Үшінші сатыда патша вассалдарының вассалдары – виконттар мен барондар орналасты. Олар де ірі жер иеліктерді иеленді және автономияны пайдаланды. Фелдардың соңғы сатысында рыцарьлар (шевальелер) орналасты. Олардың вассалдары болған жоқ, тек басыбайлы шаруалары ғана болды.

Франциядағы шаруалардың табы да біртекті болған жоқ. Ол негізгі екі топ: вилландар мен сервілерге бөлінді. Вилландар («ауыл тұрғындары») жеке басы бос болғанымен қожайын жерін ұстады және соның соттық құзыретінде болды. Олар бірқатар орнатылған борыштарды өтеуге міндетті болды. Вилландар колондардың, прекаристер мен ерікті қауым мүшелерінің ұрпақтары болды. :



  1. оброк (талья)

  2. шеваш ­– жан басына төленетін алым.

  3. барщиналық жұмыстар.

Сервілер – құлдардың, еркіндікке жіберілгендер мен литтердің ұрпақтары болды. Олар экономикалық және жеке басымен тәуелділікте болды. Олар шеваж, жыл сайынғы оброк және некелік алым төледі.

Осы кезеңде феодалдар мен басыбайлы шаруалар таптарымен қатар бюргерлер табы қалыптасты. Қолөнер мен сауданың дамуымен байланысты қала халқының өсуі және олардың кейбір құқықтарға ие болуы басталды. Қалардың өзі үшке бөлінді: өзін-өзі басқаратын қалалар, патшаның қалалары және феодалдардың қалалары. Барлық жерде қалалардың өзін-өзі басқаруға ұмтылуы байқалды. Осы күресті қала халқы феодалдармен күресті. Кейде патша мен қала тұрғындары одақтасты.



жүктеу 1,46 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау