Шет елдердің мемлекет және құқық тарихы



жүктеу 1,46 Mb.
бет3/21
Дата19.11.2018
өлшемі1,46 Mb.
#20783
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

Неке-Отбасы құқығы. Вавилондық отбасыда әкенің билігі шексіз болды. Неке тек жазбаша нысандағы келісім-шарттың, күйеудің силығы мен әйелдің жасауы болғанда ғана жарамды болып табылды.

Жалпы Вавилонда моногамия бекітілген. Алайда әйелі бала тумаған жағдайда күйеу екінші әйелге үйленуге құқықты болды. Әйелдің күйеуінің көзіне шөп салуы анықталса, ол өлімге кесілді, алайда ерлер үшін ондай жазалар қолданылған жоқ.

Мұрагарлік заң бойынша немесе өсиет бойынша жүзеге асырылды.

Қылмыстық құқық. Хаммурап изаңдар жинағының ауқымды бөлігін қылмыстық құқықтық нормалар құрады. Оларға келесі белгілер тән:


  1. қылмыс пен теріс қылықтың бөлінбеуі;

  2. жазаның қаталдығы;

  3. жазаның толион қағидасы бойынша қолданылуы.

Қылмыстық қол сұғудың объекатілері бойынша келесі түрлері болды:

  1. Тұлаға қарсы қылмыстар

  2. Меншікке қарсы қылмыстар

  3. Отбасыға қарсы қылмыстар

Сот және процесс. Сот билігі әкімшілік биліктен бөлінбегендіктен сот өндірісін шенеуліктер жүзеге асырды. Процес айыптаушылық сипатта болды. Азаматтық және қылмыстық құқықтардың айырмашылығы болған жоқ.

Іс талап-арыз беруден басталды. Дәлеледемелер ретінде айғақтар, анттар және ордалиялар қолданылды. Шешімдерді жазбаша түрде қыш тақтайларға бейнелеген.


Тақырып бойынша қайталау-пысықтау сұрақтары:

1. Месопотамия мемлекетіне қандай патшалықтар кірді?

2. Вавилон патшалығы қай патшаның кезінде нығайды?

3. Хаммурапи патшаның заң жинағы неден тұрды?

4. Талион қағидасы дегеніміз не?

4 Тақырып: Ежелгі Қытайдың мемлекеті мен құқығы



Жоспар:

1 Ежелгі Қытай мемлекеті мен құқығының пайда болу және даму кезеңдері.

2 Ежелгі Қытайдың қоғамдық құрылымы.

3 Ежелгі Қытайдың мемлекеттік құрылысы.

4 Ежелгі Қытай құқығы.
Қолданылған әдебиеттер:

1 История государства и права зарубежных стран. \Под. Ред. Крашенинниковой Н.А. и Жидкова О.А. в 2 томах. М., 1999 г.

2 Батыр К.И. Всеобщая история государства и права. М., 1999 г..

3 Графический В.В. Всеобщая история государства и права. М., 1999 г.

4 Черниловский З.М. Всеобщая история государства и права. М., 1999 г.

5 Мухаев Р.Т. История государства и права зарубежных стран. М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2005 г.

6 Черниловский З.М. Хрестоматия по всеобщая истории государства и права. М., 1988 г.

7 История государства и права зарубежных стран - учебно-методическое пособие / Отв. редактор Н.А.Крашенинникова.- М.: Норма, 2006 г.

8 Кучер В.В. История государства и права зарубежных стран - словарь-справочник.- Новосибирск: Сибирское соглашение, 2000 г.

9 Омельченко О.А. Всеобщая история государства и права. Т 1,2 М., 1998 г.


1-сұрақ:

Қытай тарихы шамамен алғанда неолит дәуірінен бастап жеті мыңжылдықты құрайды. Осы уақыттың үштен бірін Ежелгі Қытай өркениеті алды. Осы кезеңде қытайлықтардың ата-бабалары «сары өзен» Хуанхэнің жағалауында балық аулау, аңшылық және жер өңдеумен шұғылданды. Бұл жерде алғашқы протоқалалық мәдениеттер құрылды. Алайда мол табиғи байлықтарға қарамастан бұл аумақтың халқы өте аз болды. Оның өсуін жиі болып тұрған соғыстар шектеді.

Аңыз бойынша Хуанхэ өзенінің алқабында бірінші болйып ся тайпасы күшейді. Ол көршілес тайпаларды өзіне бағындырды. Бірақ ся әулетінен шыққан соңғы билеуші өзінің қатыгездігемен және қаталдығымен ерекшеленді. Бағынышты тайпалардың билеушілері оған наразы болды. Нәтижесінде шан тайпасының билеушісі Тан тиранға қарсы шығып, оны жеңді. Солайша аспанасты елін өзінің қоластында біріктірді. Осы Шан-Инь мемлекетінің құрылуы Қытай мемлекеттілігі тарихының бастауы болып табылады.

Ежелгі Қытай мемлекетінің құрылуы объективті түрде бірқатар себептерге байланысты болды:



  1. Суармалы жер өңдеуді ұйымдастыру қажеттілігі. Судан алыс жерлерді игере отыра канал қазу, өзен тасқындарынан қорғайтын бөгеттер салу қажеттілігі туды.

  2. Тайпалар отырықшы өмір сүріп жатқан аумақтарды тиімді түрде қорғау қажеттілігі. Себебі көшпелі тайпалар отырықшы аудандарға жиі шабуыл жасап тұрды.

  3. Қоғамдағы таптар арасындағы қайшылықтарды шешу үшін мемлекет қажет болды.Рулық қатынастарының әлсіреуіне және мүліктік теңсіздіктің өршуіне байланысты қоғамда қайшылықтар пайда болды.

Ежелгі Қытай тарихы мемлекеттік билікті жүзеге асырған әулеттердің атауларына сәйкес төрт кезеңге бөлінеді:

  1. Шан мемлекеті (б.э.д. II- б.э.д. I) ертеқұлиеленушілік қала-мемлекет болды. Ол орталықтанған болған жоқ. Бір-біріне жау тайпалар ванның билігін мойындап, оған алым-салық төледі.

  2. Чжоу мемлекетінде бағынышты мемлекеттер мемлекет басындағы әулеттің билігін мойындағанмен ішкі тартысты тоқтатпады. Сол себепті бұл кезеңнің өз екіге бөлінеді: Батыс Чжоу (б.э.д. II-I ғғ.- б.э.д. 770 ж.) және Шығыс Чжоу (б.э.д. VIII- б.э.д. III ғғ.). Осы кезеңде кішігірім қала-мемлекеттердің бірігуі нәтижесінде ірі мемлекеттер пайда бола бастады. Үш жүзден астам мемлекеттерден тек отыздай ғана қалды.

  3. Цин империясы (б.э.д. 221- б.э.д. 202 жж.). Қытайдағы тұңғыш орталықтанған мемлекет. Оның құрылуына Ежелгі Қытайдағы құқықтық мектеп легизмнің негізін қалаған Шан Янның реформалар жағдай жасады. Нәтижесінде Цин мемлекеті өзінің алты бақталас мемлекеттерін тізе бүктірді.

  4. Хань империясы (б.э.д. 202 ж. - б.э. 220 жж.). Бұл құлиеленушілік мемлекеттің даму және ертефеодалды құрылысқа өту кезеңі болып табылады.

Ежелгі Қытай құқығы мемлекетке қарағанда өз дамуында үш кезеңді басынан өткерді:

  1. Шан және Чжоу мемлекеттерінің құқығы. Бұл кезеңде қоғамдық қатынастарды реттеуші ретінде дәстүрлер, этикалық нормалар және ритуал ережелері болды.

  2. Чжоу әулеті мен Цин империясы тұсындағы ежелгіқытай құқығы. Б.э.д. VI ғасырда Ежелгі Қытайдың саяси-құқықтық жүйесінің негізіне айналған конфуций ілімі пайда болды. Ол әлеуметтік реттеу механизмінің бастауына айналды. Конфуций іліміне сәйкес әділ тәртіпті ұстап тұру құралы болып заң емес, салт-дәстүрлерді және имандылық нормаларын орындау болып табылады. Конфуций былай деген: «Егер халықты заң және оны бұзған үшін көзделетін жаза арқылы басқарса, ол әрқашан оны орындамауға тырысады, ал егер адамдарды жақсылық арқылы басқарып, тәртіпті ритуал арқылы қамтамасыз етіп тұрса, олар ұятты болады және жөнделеді.» Алайда осы кезеңде әлеуметтік нормалардың ішінде құқықтың да рөлі күшейе түсті. Бұл бағытты «заңшылдар» мектебінің өкілдері легистер жүргізді. Осы мектептің негізін салушы Шан Ян нағыз тәртіпті тек басшының шексіз билігі мен оны қолдайтын заңдар арқылы қамтамасыз етуге болады деп сенді. Ол адамдардың мінез-құлқы тек жазаға ғана байланысты өзгереді деп дәлелдеген. Цин империясы тұсінда легизм мемлекеттік идеологияға айналды. Билікке келген легистер түрлі жазалар арқылы конфуций идеяларын ұстанатын адамдарды қудалады. Халықтан конфуций кітаптарын тәркіледі. Аңыз бойынша Цин императоры Шихуанди барлық конфуцилік кітаптарды жағып жіберуге және төрт жүздей крнфуцилік ілімді ұстанған ғалымдарды өлтіртті.

  3. Хань мемлекетінің құқығы конфуциандық пен легизмнің араласуы нәтижесінде пайда болды. Басты рөлді конфуциандық ойнады. Хань билеушілері конфуциандықтың ортодоксалды бағытын қолдады. Себебі ол бойынша адамдардың мүліктік және басқа да теңсіздігінің әділдігі бекітілген. Осы кезеңде қоғамдық қатынастарды реттеуде келесі формулалар қолданылды:

    1. Имандылық нормалары жетпеген жерде заңды қолдану қажет;

    2. Заңмен жазаланатынға имандылық рұқсат бере алмайды;

    3. Имандылықпен рұқсат берілген заңмен жазаланбайды.

Ежелгі Шығыстың басқа саяси-құқықтық құрылымдарымен салыстырған Ежелгі Қытай мемлекеті мен құқығының құрылуы бірқатар ерекшеліктерге ие:

      1. Ежелгі Қытай мемлекетінің құрылуында әлеуметтік-экономикалық факторлармен қатар күш көрсету де үлкен рөл ойнады. Мысалы Шань-Инь мемлекеті бір тайпалардың екіншісін басып алудан пайда болды. Соның нәтижесінда таптық қоғам қалыптаса бастады. Және географиялық-климаттық ерекшеліктер ірі-ірі қоғамдық жұмыстардың ұйымдастырылуын қажет етті.

      2. Ежелгі Қытайда Шығыстық деспотия қалыптасқанмен, ол басқа Шығыс елдерінің шексіз билігі және Европалық абсолютизмнен ерекшеленді. Бұнда практикалық деспотизм қалыптасты. Яғни, қытай билеушілері халықты басқару объектісі ретінде қарады. Қытайда тұрақтылық өте үлкен маңызға ие болды. Осы тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін билеушілер өз билігін бағыттап отырды.

      3. Ежелгі Қытайдың мемлекеті мен құқығының дамуына дін месе, конфуциандық және легизм сияқты философиялық-этикалық ілімдер әсер етті. Бұл ілімдерде мінсіз мемлекеттің, қоғамдық гармонияның идеялары қалыптасты.


2-сұрақ:

Ежелгі қытай қоғамының әлеуметтік топтардың құқықтық мәртебесі, бір жағынан, олардың биліктік мемлекеттік иерархиялардағы орнымен, екінші жағынан, мүліктік жағдайына байланысты болды.



Шан мемлекетінің қоғамдық құрылымы әлеуметтік топтардың арасындағы қатынастардың жеткілікті белгіленбеуімен сипатталатын ертетаптық қоғам болып табылады. Әлеуметтік сословиелердің мәртебесі оның атқаратын функцияларынмен, биліктік иерархиядағы орнымен, билеушіге жақындығымен және еркіндік мөлшерімен анықталды. Ру-тайпалық қатынастардың құлдырауы нәтижесінде өзінің әлеуметтік құрамы жағынан әркелкі болып келген билеуші тап бөлінді. Оған ру аристократиясы – билеуші бастаған ру көсемдері, олардың жақындары мен туысқандары; қызметі үшін жер алған шенеуліктер; абыздар; рулық және кландық бірлестіктердің басшылары; жергілікті билеушілер жатты. Билеуші тап құлдардың еңбегі мен еркін шалуаларды қанау арқылы өмір сүрді.

Қоғамдық құрылыстың басым бөлігін еркіндікке ие қауым мүшелері болып табылатын шаруалар табы құрады. Олар мемлекеттік жерде тұрды. Жерді қауым болып өңдеді және жеке жер учаскелерін өздерін асырау үшін қолданды.

Құлдар жеке және патшалық шаруашылықта жұмыс жасады. Олардың құқықтары мүлде болмады. Құлдардың көп бөлігін табиғат рухтары мен ата-баба аруақтарына құрбандыққа жазды.

Чжоу мемлекетінің қоғамдық құрылымы еріктілер жіне құлдар деп қатаң анықталған бөлініспен ерекшеленді. Барлық ерікті халық иерархиялық жүйеге орналастырылған бес әлеуметтік топқа біріктірілді. Әлеуметтік иерархияның бсында деспотиялық билігі бар ван тұрды. Екінші топқа чжохоу, яғни, мұрагерлік иеліктердің билеушілері, жоғарғы чжолық аристократия өкілдері жатты. Үшінші топ – дафулар, яғни, мұрагерлік иеліктерде тұратын ру-тайпалық топтардың басшылары. Төртінші топ – ши, яғни, тайпаларға кіретін ірі жанұялардың басшылары. Бесінші саны көп топ – шужень, яғни, еркін қауым мүшелері. Құлдар әлеуметтік топтарға кірмеді. Мемлекет дамуының аталмыш кезеңінде әскери тұтқындарды құрбандыққа шалу тоқтатылып, оларды құл ретінде ауыр жұмыстарда немесе үй шаруашылығында қолданылды.

Ежелгі Қытайдың әлеуметтік жүйесі «соғысып жатқан жеті патшалық» кезеңінде зор өзгеріске ұшырады. Темір құрал-жабдықтарды қолдану өңделетін жердің ауқымын үлкейтуге, өнімнің артуына әкеліп соқты. Жер мемлекеттік меншіктен жеке меншікке өте бастады. Оны сатуға және сатып алуға мүмкіндік пайда болды. Нәтижесінде Ежелгі Қытайда таптық қоғам құрылымы қалыптасты. Қалыптасқан жағдай рулық аристократияның монополиясын әлсіретті. Байлық кез-келген әлеуметтік мәртебені алып беретін құралға айналды.



Цин империясы қоғамының таптық құрылымы мәжбүрлі түрде орнықтырылды. Бұрынғы аристократиялық атақтар жойылды. Әлеуметтік жіктеліс екі өлшем нәтижесінде жүзеге асырылды: байлық және мемлекет алдындағы қызметі. Оларға сәйкес тектіліктің 18 деңгейі жіктелді. Билеуші тапты текті және тексіз жер иелері, артықшылықтары бар шенеуліктер, көпестер және әскерилер құрады. Олар барлық құқықтарды иеленді және императорға қызмет етті. Құқықтық мәртебесіне сай олар тектілерге жатты. Тексіз қауым мүшелерінің табына жер үлесі және еңбек құралдары бар шаруалары мен қолөнершілер жатты. Олар барлық салықтардың ауыртпалығын көтерді. Басыбайлы жұмыскерлер және құлдар табына жерсіз еркін шаруа-арендоторлар, жалдамалы жұмыскерлер және құлдар жатты.

Хань империясының қоғамдық құрылымы ортодоксалды конфуциандық негізінде дамыды. Адамның тектілігі мен байлығына негізделген рангтер жүйесі қайта жаңғыртылды. Алайда сонымен бірге конфуциандық емтихандар қарапайым адамдардың жоғары лауазымдарға қол жеткізуіне жағдай жасады. Барлық үш сословие-тапқа бөлінді:

  1. Текті ерлер сословиесі – цзюнь-цзы. Олардың өзі жиырма рангіге біріктірілді. Адамның қай рангіге жататындығы оның билеушіге жақындығымен анықталды.

  2. Қарапайым адамдар ­– шужень. Бұл топқа еркін шаруалар және қолөнершілер жатты. Бұл сословие негізгі салық жиналатын халық бөлігі болды.

  3. Сенімсіздер – сяо жень. Бұл топқа мемлекеттік және жеке меншік құлдар жатты. Жеке құлдар негізінен қарызы үшін құлға айналдырылғандар жатты. Мемлекеттік құлдар әскери тұтқындардан және қылмыскерлер мен олардың туыстарынан құралды.

Жалпы алғанда Ежелгі Қытай қоғамдық құрылымы қатаң болған жоқ. Еркін түрде бір сословиеден екіншіге өтуга мүмкіндік берді. Мысалы байыған тексіз адам ақшаға арнайы атақ сатып ала алды. Құлдардың өзі бостандық алып жоғары лауазымдарға отыра алды.
3-сұрақ:

Ежелгі Қытай мемлекетінің әрбір даму кезеңіне оған биліктік институттардың құрылысы, олардың халыққа әсер ету және билеуші таптың мүдделерін жүзеге асыру жолдары тиісті болды.



Шан мемлекетінің мемлекеттік құрылысы ру-тайпалық институттардың кейбірі сақталған шығыстық деспотия болды. Саяси біртұтастықтың көрінісі билеуші – ван болды. Ван жоғарғы әскери қолбасшы, бас судья, бас абыз және жердің жоғарғы иесі болды. Деспоттар өздерінің тууын қасиетті деп санады. Ван Құдай ұлы деп саналды, ал Қытай аумағы аспанасты деп аталды. Ванның дара билігі оның мемлекетінің аумағындағы кез-келегн адамға бұйрық беру құқынан көрініс тапты. Алғашында тақтың мұрагерлігі болған жоқ, тек мемлекеттің соңғы жылдарында тақ үлкен ұлға қалатын болды. Патша мемлекеттік аппаратты басқарды және жоғарғы лауазымға өзінің туысқандарын тағайындады. Олар патша сарайымен қатар мемлекетті де басқарды. Алайда Шан мемлекеті орталықтанған бола алмады. Мемлекет орталығында Шанқаласы – ван резиденциясы тұрды. Әкімшілік-аумақтық бөлініс ру-тайпалық болды. Мемлекет шекарасы оның билігін мойындайтын тайпалармен анықталды. Шан тайпалар одағы болғандықтан, онда тайпалық демократияның институттары: қауым ақсақалдары, қауым соттары және халық жиналыстары сияқты органдар сақталды.

Шығыстық деспотия белгілері Чжоу мемлекетінің кезінде айқын көрінді. Чжоу мемлекетінде ван тұлғасы толығымен құдайландырылды. Оны «аспан баласы» деп атай бастады. Ол бас діни қызеткер және жердің басты иесі болып танылды. Әкімшілік аппаратты жоғарғы шенеулік – сян басқарды. Ол патшаның мемлекет басқару ісіндегі бірінші көмекшісі болды және сарай қызметкерлерін басқарды. Внның жанында болатын үш негізгі лауазым иесі басты кеңесуші функцияны атқарды: «ұлы ұстаз», «ұлы тәрбиеші» және «ұлы қамқоршы». Олардың қатарынан сян тағайындалды. Сарай қызметкерлері үш ведомстваға біріктірілді. Оларға жоралғылар, қоғамдық жұмыстар және әскери ведомствалардан тұрды. Мемлекет орталықтанған болмады. Ван билігі астана аумағына ғана таралды. Қалған аумақ ұлыстарға бөлінді. Оларды ван тағайындайтын чжоухоулар басқарды. Бұл негізінен халқымен бірге жерді мұрагерлікке алған патшаның туысқандары болды. Олар жергілікті жерде салық жинады, жоралғылардың орындалуын бақылады, жаза тағайындады. Қауымдарда ритуал мен сотты ақсақал жүргізді.



Цин империясының мемлекеттік құрылысы шығыстық деспотияның классикалық мысалы болды. Ондағы билік үстіден астыға дейін толығымен қатаң орталықтанған болатын. Елдің толықбилікті билеушісі император болды. Оның қолында жоғарғы заң шығару, атқарушылық және соттық билік шоғырланды. Мемлекеттік аппаратты екі министр басқарды. Оларды ченсяндар деп атады. Оларға келесідей орталық ведомствалар бағынды: жоғарғы қолбасшы және округтік әскерлердің басшысы басқараттын әскери ведомство, сот ведомствосы, қаржы ведомствосы, императордың және оның отбасының жеке қажеттіліктерінің ведомствасы, жоралғылар ведомствосы. Император Шихуан елде әкімшілік реформа жасады. Мемлекет аумағы 36 округке бөлінді. Олардың басында императормен тікелей тағайындалатын азаматтық бастықтар тұрды. Округтер уезділерге бөлінді. Оларды уезд бастығы басқарды. Округте азаматтық бастықпен бірге мәртебесі онымен тең әскери қолбасшы болды. Цин империясында қауымдарда өзін-өзі басқару сақталды. Қауымдарда билік сайланатын ақсақалдарда болды.

Хань мемлекетінің қоғамдық құрылысы да шығыстық деспотия сипатында болды. Хань мемлекетнің императоры У-ди ван және чжоухоу мәртебелерін мұрагерлікпен берудің жаңа тәртібін енгізді. Ендігі кезед иелікті үлкен ұлға беруге тиым салынды, оны барлық ұлдарға бөліп берді. Мемлекеттік аппараттың орталықтануы орталық және округтік шенеуліктерді бақылауды күшейтуді қажет етті. Ол жұмысты цензорлар ведомствасы атқарды. Шенеуліктерді лауазымдарға тағайындау тәртібі өзгерді. Шенеуліктерді дайындайтын арнайы «академия» құрылды. Нақты лауазымға отыру үшін шенеуліктер емтихан тапсырды. Императордың рөлі артты. Император өзінің императорлық кеңсе арқылы елдегі жағдайды бақылауында ұстап отырды. Мемлекеттік аппраттың орталықтануына конфуциандықтың мемлекеттік идеологияға айналуы үлкен рөл ойнады. Жалпы алған Хань мемлекетінің саяси институттары Цин империясынан көшірілген болатын.

4-сұрақ:

Ертеқытай құқығы бірқатар ерекшеліктерге ие. Бәрінен бұрын, дәстүрлі қытай құқығы ешқандай әлемдік діндердің әсеріне ұшыраған жоқ. Ежелгі қытайлықтар құқықты құдайдан деп түсінбеді, оны құдайдың жердегі өкілі патшаның еркі деп түсінді. Жаза да, марапат та билеуші өзі құрған немесе оның әмірімен құрылған заңмен анықталды. Сонымен бірге, ежелгіқытай құқығы негізінен қылмыстық құқық ретінде дамыды. Құқықтың басты мақсаты – гармония мен тәртіпке жету деп саналды. Осыған сәйкес конфуциандық пен легизм арасында заң мен имандылық нормалардың басымдығы туралы дау тоқтамады. Ежелгіқытай құқығының қайнар-көздеріне билеуші заңдары, сот практикасы, имандылық нормалары және әдет-ғұрып нормалары жатты. Ежелгі Қытайда жазбаша құқықтық дәстүр ерте қалыптасты. Осылайша Чжоу мемлекетінде Му-ванның Жазалар туралы ережелердің жиынтығы болды. Жеті патшалықтың соғыс кезеңінде Ли Куй жасап шығарған «Вэй патшалығының заңдарының кітабы» кең қолданыста болды.



Мүліктік қатынастар билеуші заңдарымен және әдет-ғұрып нормаларымен реттелді. Мүліктік қатынастардың басты объектісі жер және құлдар болды. Соған қарамастан, азаматтық құқық Ежелгі Қытайда дамымады. Біріншіден, барлық жердің жоғарғы иесі ван болды, ал қалғандары, яғни, отбасы, қауым, ванның жақындары және шенеуліктерді тек пайдалану құқығы болды. Екіншіден, тарих барысында мемлекет жер қорын уысынан шығармауы арқылы шаруашылықты қатаң бақылауда ұстап отырды.

Шан және Чжоу мемлекеттерінің кезінде құлдар жеке тұлғалардікі деп саналса да, мемлекеттік меншікте қалды. Әдетте, шенеуліктер құлдарды жер үлесімен бірге қызметі үшін алып отырған. Тек соғысып жатқан жеті патшалық кезеңінде ғана құлдарды сатып алу мүмкіндігі болды. Хань империясында құлдық шектелді, ал қарыз үшін құлдыққа мүлдем тиым салынды.



Міндеттемелік қатынастар келісім-шарттан және деликтіден пайда болды. Айырбас, сыйға беру, сату-сатып алу, жалдау, жалға алу, қарызға алу сияқты келісім-шарт түрлері кең таралды. Олар жазабаша нысанда мыс тақтайшаларда куәгерлердің көзінше жасалуы тиіс болды. Тараптар мемлекеттік алым төлеп тұрды.

Неке-отбасы қатынастары имандылық нормаларымен реттелді. Ежелгі Қытайға бірнеше ұрпақтан құралған, отбасы басшысының билігі шексіз және ата-баба аруақтарына табынумен ерекшеленетін патриархалды жанұя тән болды. Отбасы басшысы болып табылатын әкеге жанұяның барлық мүшелері бағынды. Ол меншік иесі болды және оның шешімдерін отбасы мүшелері даулай алмады. Әкесі үлкен ұлынан басқаларды өлтіруге, жазалауға немесе құлдыққа сатуға құқылы болды. Ежелгі Қытайдағы отбасылық саясат мемлекеттік идеологяимен бірге өзгеріп отырды. Конфуциандық пен легизм отбасының рөлі мен орнын түрліше түсіндірді. Легистер жергілікті сепаратизмнің негізі болған ірі патриархалды жанұяларға қарсы болды. Сол себепті олар ірі жанұяларды ажыратуға, айыруға тырысты. Ал конфуциандық керісінше патриархалды жанұяны гармонияның негізі, мемлекет басшысына бағынушылықтың бастауы деп сенді. Некенің басты мақсаты ата-баба аруақтарын риза қылдыру және тегін жалғастыру болды. Бала тумау ата-баба аруақтарын сыйламау деп танылды. Дәстүрлі Қытай құқығы некеге тұрудың бірқатар талаптарын орнатады:

  1. күйуе мен қалыңдықтың келісімдері, бұны бұзу қылмыстық жауапкершілік тудырды;

  2. міндетті түрде құдалық ритуалы және ата-бабалардың храмында сиыну;

  3. неке жасы шектерін сақтау: ерлер үшін 16-30, әйелдер үшін 14-20 жас аралықтары;

  4. туыстардың арасындағы некеге тиым салу, алайда инь және чжоу кезеңдерінде ондай некелер көп кездескен.

Арнайы шенеулік неке жасына жеткен адамдардың тізімін жасап, жеңгетай рөлін торындады. Неке сословиелі болды. Мысалы құлды әйелдікке алған ұры ретінде жазаланды. Неке теңқұқылы болмады. Моногамиялық неке бекітілгенімен, егер әйел бала туалмаған жағдайда, ер адам күңдер мен басқа әйелдер алуға құқылы болды. Олардың саны ер адамның әлеуметтік мәртебесіне байланысты болды. Сонымен бірге Ежелгі Қытайда ажырасудың бостандығы бекітілді. Көзге шөп салу, әйелдің көп сөйлеуі, бала туа алмауы ажырасуға негіз бола алды.

Ежелгі Қытайдың қылмыстық құқығы құқықтың ең дамыған саласы болды. Конфуциандық қылмыстық әрекеттерді төменгі, кіші адамдарға тән деп санады. Қылмыстың қасақана және абайсызда жасалу нысандары бөліп қарастырылды.

Ал легистілердің ойынша адам тумасынан қатыгез, пайдакүнем. Сол себепті оларды тек заң және оның негізінде жасалатын жазалар жүйесі арқылы басқаруға болады деп санады. Шан Янның айтуынша: адамдарды күмәнділік, сенімсізділік арқылы бөліп отыру керек; жазалар көп, ал марапат аз болу керек; кішігірім қылмыстар қатаң жазалау керек, сонда үлкен қылмыстар болмайды. Шан Янның ұсынысы бойынша мемлекетте ұжымдық, жалпыотбасылық және жалпықызметтік жауапкершілік енгізілді. Мысалы, қылмыс үшін тек қылмыскерді ғана емес, оның үш атаға дейінгі туысқандарын толығымен жазалаған. Жаза қорқыту мақсатында, жасаған зұлымдық үшін жаза ретінде қолданылды. Ол қылмыстың ауырлығына сәйкес болуы тиіс еді.

Чжоулық Қытайда жазалардың дәстүрлі жүйесі қалыптасты:



  1. Мосин – бетті арнайы тушпен дақтау;

  2. Исин – мұрын кесу;

  3. Фэйсин – аяқты кесіп тастау;

  4. Чужин – ерлерді инақ қылдыру және әйелдерді қамаудағы күңге айналдыру;

  5. Данисин – басты шабу.

Ең қатаң жазалар Цин мемлекетінде қолданылды. Онда қылмыскерлерді қазанда пісрді, олардың қабырғаларын жұлып алды, бастарын тесті.

Сот және процесс. Ежелгі Қытайда сот әкімшіліктен ажыратылмаған. Жоғарғы судья император болды. Көптеген шенеуліктер соттық функцияларды атқарды. Сот жүйесі иерархиялық негізінде құрылды. Төменгі сотта қаралған іс жоғарғы инстанцияда қайта қаралды. Ең соңғы инстанция император болды. Іс жеке арыз бойынша немесе домалақ қағаз негізінде басталды. Істі тергеуді арнайы шенеулік – линьши жүзеге асырды. Соттық ақиқатты куәгерлердің айғақтары, тінту барысында табылған заттай дәлелдемелер және ант берулер арқылы анықталды. Цин кезеңінде істі адамдарды қинау заңдастырылған.

Тақырып бойынша қайталау-пысықтау сұрақтары:

1.Ежелгі Қытайда неше патшалық дәуірден тұрды?

2. Қытай құқығының қайнар көздері неден тұрды?

жүктеу 1,46 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау