Минерал (ескі лат. mіnera – кентас кесегі) –
химиялық құрамы және физикалық қасиеттері
бір текті табиғи дене. Ол жер бетіндегі немесе
жердің (ғарыш денелерінің) қойнауындағы
физикалық - химиялық процестерге байланысты
пайда болып, тау жыныстарын, кентастар мен
метеориттерді, т.б. құрайды. Минерал негізінен
қатты денелер. Олар кристалды (пирит,
галенит), аморфты (опал, лимонит) және
метамикты (сырты кристалл тәрізді, ішкі
құрылысы аморфты, шыныға ұқсас) болып
жіктеледі. Әр Минерал өзіне тән құрамды,
кристалды құрылымы бар табиғи қосынды.
Минерал түрлері 2,5 мыңға жуық, жыл сайын
30-ға жақын жаңа Минерал түрлері
анықталады. Минералдардың көпшілігінде
ионды құрылым кездеседі (кристалдық
химия). Ковалентті және интерметалдық
құрылымдар аз кездеседі. Минерал құрауға
Менделеев кестесіндегі инертті (асыл) газдар
мен ураннан соңғы элементтердің бәрі
қатысады. Олардың кейбіреуі Минерал
құрауда басты орын алады, ал құрылымы мен
қасиеттері басты элементтерге ұқсастары
(Pd, Ge, Іn, Cd, Ga, Tl, Se, І, Br, Re, Rb)
Минералдардың құрамында изоморфтық
қоспалар түрінде кездеседі. Изоморфтық
қоспалар Минералдардың химиялық
қасиеттерін өзгертеді.
Жер қыртысын құраушы минералдық бір тектес заттарды тау жынысы деп
атайды. Жердің сыртқы қыртыс қабаттары көбінесе қатты тастардан тұрады.
Сол себепті тау жыныстарын анайы түсінікпен атағанда тастар деуге болады.
Тастардың жер бетіне шыққан айқын күрделі түрлері тауларда кездеседі. Тау
жыныстары деген сөздің өзі сол тастардың тауда кездесу түсінігінен шыққан. Олай
болса тау жыныстарының орнына тастaр деген түсініктің өзін алуға да болар еді.
Расында петрография деген сөздің өзі де сонан шыққан болатын (грекше петро — тас
деген сез). Бірақ ерте кезде осылай алынғанымен қазіргі түсінікке ол дәл келе
қоймайды. Өйткені жер кабаттарын құраушы минералдық бір тектес зат қатарына,
яғни тау жынысы қатарына су, мұнай, көмір, топырақ, сияқты заттар да жатады.
Бірақ бұларды тас деуге болмайды. Сондықтан тау жынысы деген түсініктің тастан
көрі мағынасы кеңірек. Сонымен, петрография тау жыныстарын зерттеуші ғылым.
Метаморфтық жыныстар – магмалық және шөгінді жыныстардың
әртүрлі өзгерістерге ұшырап, өзінің бастапқы құрылыс түрін жоғарлатуы, сонымен
қатар, минералдық және химиялық құрамының өзгеруінен пайда болады.Барлық
метаморфтық тау жыныстарының құрылысы кристалданған.
Түйіршіктер пішіні жапырақ, қабықша және ине тәріздес болуы мүмкін.