Ќазаќстан тарихынан емтихан с±раќтары



жүктеу 1,3 Mb.
бет1/2
Дата19.11.2018
өлшемі1,3 Mb.
#21577
  1   2

ТҮСІНІК ХАТ


Қазақстан тарих- мектептегі оқу пәні ретінде негізгі орта білім беретін мектептегі барлық гуманитарлық және қоғамтанушылық курстардың өзегін құрайды. Тарих ұлттық өзіндік сана-сезімді қалыптастырады.

Қазақстан тарихы оқу пәнінің негізі—адамзаттың жүріп өткен табиғи және әлеуметтік даму жолы. Ол оқушыларды адамзат тарихының ең ежелгі дәуірінен қазіргі кезге дейінгі кезеңдерімен таныстырады.

Қазақстан тарихынан 9-сыныпқа арналған мемлекеттік емтихан билеттері 6-10-сынып бағдарламасы ескеріле отырып, білім беру, тәрбиелеу, дамытушылық жағынан ең маңызды деректер, оқиғалар, құбылыстар, тарихи үрдістер, тарихи-ғылыми ұғымдар іріктеліп алынды. Бұл тарихи объектілер адамзаттың кез келген қоғамының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдениет сияқты маңызды салаларын қамтитын болғандықтан оқушыларға адамзат қоғамының тарихын толық түсінуге мүмкіндік береді. 

Қазақстан тарихы мақсаты - емтиханға жүйелі, сапалы дайындалуға, өздігінен жұмыс істей білуге негізделген. Оқушылардың білім деңгейін, өтілген материалды меңгерудегі жетістіктерін айқындауға көмектеседі. Мемлекеттік емтиханда 9- сыныптың оқу бағдарламасына сәйкес негізгі теориялық сұрақтар қамтылған. Бірінші, екінші сұрақтар теориялық сұрақтар қамтылған, үшінші сұрақ функционалдық сауаттылыққа бағытталған сұрақтар қамтылған.

Мемлекеттік емтиханы төмендегідей міндеттерді жүзеге асыруға көзделеді:

- оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру; оларға адамзат жинаған әлеуметтік, рухани, адамгершілік тәжірибесін меңгеру;

-оқушылардың басты назарын қоғам тарихына; адамдардың өмір тіршілігі мен қызметіне, салт-дәстүр тарихына аудару, тарихи оқиғаларды, құбылыстарды талдай отырып, олардың біртұтас тарихи қозғалысқа жататынын түсінуге көмектесу;

- гуманизм мен адам құқықтарын құрметтеудің озық дәстүрлерін меңгерген құнды бағдарланған жеке тұлғаны тәрбиелеу;

-оқушыларда тарихты оқып- үйренудегі көпөлшемділігі және тарихи процестің дамуының баламалы екендігі туралы түсінік қалыптастыру;

-оқушылардың тарихи білімді шығармашылықпен қолдану, тарихи деректермен жұмыс істеу, тарихи оқиғалар мен құбылыстарды салыстырамалы талдау негізінде ой елегінен өткізе білу дағдыларын қалыптастыру;

-Отаны мен халқы алдындағы жаупкершілігін сезінетін жас ұрпақтың азаматтық ұстанымын қалыптастыру.

Мақсаты: Оқушылардың Қазақстан тарихы пәні бойынша алған білімдерін тиянақтау, функционалдық сауаттылық деңгейін анықтау,қорытындылау.

Міндеті:


  • төменгі сыныптарда алған пәндік білім – біліктіліктерін көрсете білуі;

  • өткен тақырыптар бойынша деңгейлерін анықтау;

  • оқушылардың функционалдық сауаттылығын бақылау.

Өткізу түрі: билеттер

Емтихан тапсыруда оқушыларға қойылатын талаптар:



  • Емтихан барысында жоғарыда аталғаннан басқа қосалқы (телефон, шпорлар, оқулықтар т.б) көмек қолданбаулары тиісті;

  • Емтихан басталған кезде 5 оқушыдан кіреді, әр оқушыға 20 минут уақыт беріледі, тапсырып шыққан оқушының орнына 1 оқушы отырулары тиіс;

  • Оқушылар өз міндеттері мен құқықтарын сақтап, уақытқа бағынулары тиісті;

  • Емтихан тапсырмаларының билеттердегі сұрақтарға оқушылар алдын ала дайын болып, нақты, әрі өз- өзіне сенімді жауап берулер тиісті.

Қамтылған сұрақтар:

Мектеп бағдарламасының 6- 10 сыныптарына негізделіп берілген оқу бағдарламасының негізгі тақырыптары қамтылды. Үшінші сұрақ пән бағдарламасына сәйкес функционалдық сауаттылыққа негізделіп жасалынды.


Бағалау критериилері:

«5» - «өте жақсы» баға, егер оқушы бірінші, екінші теориялық сұраққа жауап берсе, үшінші сұраққа толық түрде жауап бере алмаған жағдайда бағаланады.

«4» «жақсы» баға, егер оқушы теориялық екі сұрақтың біреуіне толық түрде, екіншісіне толық емес, үшінші сұраққа толық емес жауап берген жағдайда бағаланады.

«3» «қанағаттанарлық» баға, егер оқушы теориялық екі сұраққа жартылай, толық емес жауап берілсе, үшінші сұраққа толық жауап бермеген жағдайда бағаланады.

«2» «қанағаттанарлықсыз» баға, егер 1-ші сұраққа жартылай жауап беріп, 2-ші сұраққа жауапсыз, үшінші сұраққа толық болмаған жағдайда бағаланады.

Яғни, әрбір оқушы өздерінің функционалдық сауаттылығын көрсеткен дәрежесінде, өз деңгейлерінде бағаланады.

 

Қазақстан тарихынан 9 – сыныптарға арналған мемлекеттік қорытынды емтихан билеттері
1 билет

1.Жоңғарлардың Қазақстан жеріне басып кіруі. Ақтабан шұбырынды жылдары.

2.Қазақстандағы 1916ж. ұлт-азаттық қозғалысының басталуы, сипаты және барысы.

3.1920-1924 жылдары Қазақ АКСР- інің құрамына біріктірілген Қазақ жерлерінің аумақтарын картадан белгілеңіз. Қандай әкімшілік- аймақтардың кіргенін анықтаңыз.




2 билет

1.Б.з.д. III-II ғ. ғ. үйсіндер мен қаңлылар мемлекеті.

2.Жоңғарларға қарсы қазақ халқының азаттық күресі.Қазақтардың алғашқы жеңістері.

3. Бұл кімдер?

1.Бөкейханов

2.М.Тынышпаев

3.С.Пестковский

4. В.И.Ленин

а. «Түркістан автономиясында» алғашында министр-төраға және ішкі іштер министрі болған

в. Бүкілқазақтық Алашорда Кеңесінің төрағасы

с. 1919 жылдан Казревкомның төрағасы болған

д. Қазақ жерлерін біріктіруде Қазақстан мүддесін жақтаған тұлға



3 билет

1.Қазақстан алғашқы қауымдық құрылыс кезінде. Тас ғасыры.

2.Кіші жүздің Ресейге қосылуы.

3. Тарихи оқиғалар және олардың маңызы бойынша берілген кестені толтырыңыз.





Кезең

Оқиға

Орны

Тарихи маңызы

1




Керей мен Жәнібек сұлтандардың көшуі







2

1925ж



Қызылорда




3




Бұланты шайқасы






4










Бұл оқиға ұлт азаттық тарихында ерекше орын алды. Ұлттық рұхтың жаңғыру , қайта түлеу кезіңіні басы болды. Бұл қозғалыс Одақ көлемінде жалғасын тапты,.КСРО-ны құрушы республикалардың бөлініп шығып, мемлекеттік егемендігін жарялауына жеткізді.

4 билет

1.Қола дәуіріндегі Қазақстан.

2.1870 жылғы Маңғыстаудағы көтеріліс.

3. Дұрыс жауапты тап:

1.Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшқан мерзім1991 ж. қазан

2.Қазақстанда кеңестер билігі ең алғаш орнаған қала: Верный

3.1919 жылдан Казревкомның төрағасы: С.Пестковский

4.1916 ж. ұлт-азаттық көтерілістің ірі орталықтары: Торғай ж/е Қарағанды



5 билет

1.Қазақстан территориясындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктер. Батыс түрік қағанаты.

2.Абылай хан - саяси және мемлекет қайраткері.

3. Оқиға мен жылдарды сәйкестендір:



а. 1995 ж. 30 тамыз

«Қазақстан-2030» Жолдауы жарияланған жыл

в. 1992 ж. маусым

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды

с. 1993 ж. 13 желтоқсанында

Қазақстанның Елтаңбасы мен Туының жаңа үлгілері қабылданды

д. 1997 ж. соңы

Қазақстанда Жоғарғы Кеңес ресми түрде таратылды

6 билет

1.Қазақстан территориясындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктер. Түркеш қағанаты.

2.Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қазақтардың қатысуы.

3. Берілген ұғымдар нені білдіреді?

«Ұжымдастыру» -

«Семей-Невада» -

«Алаш» -

«Индустрияландыру» -



7 билет

1.Қазақстан территориясындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктер. Қарлұқ мемлекеті.

2.Сырым Датұлының басқаруымен болған Кіші жүздегі қазақтар көтерілісі.

3. Сәйкестік еместі тап:

1) Иманов, Әшекеев, Тайманов, Саурықов, Қосанов

2) Т.Тоқтаров, С.Баймағамбетов, Ә.Молдағұлова, Т.Мұсабаев, М.Ғабдуллин.

3) Қ.Аманжолов, Ж.Саин, Б.Момышұлы, Ж.Шанин, Т.Жароков

4) Т.Бегельдинов, С.Луганский, Л.Беда, С.Павлов, Т.Тоқтаров



8 билет

1.Сақтардың материалдық мәдениеті мен әлеуметтік дамуы.

2.1822 ж. Сібір қырғыздарының жарғысы.Орта жүздегі хандық биліктің жойылуы.

3.Сөйлемді аяқта:

1.Қазіргі Конституция бойынша Қазақстанда бекітілген басқару формасы:

2.1964-1989 жж. аралығында 343 жерастылық жарылыс болған полигон:

3.1960 ж. Павлодардағы машина зауытының негізінде құрылған зауыт:

4.Жетісуда Кеңес өкіметі үшін күресте үлкен роль атқарған оқиға



9 билет

1.1824 ж.Орынбор қырғыздарының жарғысы. Кіші жүздегі хандық биліктің жойылуы.

2.Индустрияландыруға бағыт алу және оның барысы.

3. Кіммен және немен (не туралы) айтылған?

«Ресей - кең-байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда - Мәскеу,»

10 билет

1.Қыпшақ пен Қимақ мемлекеттері.

2.Қазақстан 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезінде.

3. Келесі мақұлдаумен келісесіндер ме?

А. Әйгілі жібек жолы б.э.дейінгі I ғас. ортасында жұмыс істей бастады

Б. XVII-XVIII ғасырларда 3 жүз өкілдері керек кезінде жиналды

В. Аңырақай шайқасында қазақтар жонғарларды  талқандады.

Г.Сібірлік генерал-губернатор М.М.Сперанский «Орынбор қырғыздары туралы жарғы» жоспарын жасады.

Д. XIX ғасырдың екінші жартысынан Қазақстан Россия үшін шикізат өндіріс базасы болып табылды.

11 билет

1.1218 жылы Шыңғысхан әскерлерінің Жетісу жеріне басып кіруі.

2.1836-1838 жылдардағы Ішкі Бөкей Ордасындағы халық көтерілісі.

3.Артығын тап:

А. Г.Ф.Миллер, П.И.Рычков, В.Урусов, П.С.Паллас, И.М.Лихарев.

Б. Ақтамберді, Үмбетей, Құрманғазы, Бұхар–жырау, Тәтіқара.

В. Бөгенбай, Сырым, Исатай, Кенесары, Махамбет.

Г. Байсақал Тілекұлы, Майлыбайұлы, Есет Көтібаров, Амен Байбатырұлы,

Яков Беляков.

Д. Ақсу, Тара, Кульджа, Қашғар, Жаркент.


12 билет

1.Кеңесары сұлтан басқарған қазақтардың отаршылдыққа қарсы ұлт- азаттық көтерілісі.

2.Ш.Уәлихановтың өмірі мен қызметі.

3. Тапсырма. Биографиялық деректерді сәйкестендір:



Сәтбаев Қаныш Имантайұлы




А) (1990-1933) – көрнекті қоғам қайраткері, жазушы. Қазақстандағы кооперативтік қозғалыстың ұйымдастырушысы. «Қазақстан отар болып келді және солай болып қалады»- дегенді айтқан.

Сәдуақасов

Смағұл





В) (1899-1964) – геолог, қоғам қайраткері, геология –минерология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушысы және тұңғыш президенті.

13 билет

1.Жошы ұлысы Ақ Орда.

2.Тың игерудің нәтижелері мен салдарылары. Ауыл шаруашылығының одан әрі дамуы.

3.Төмендегі мәтіндердің авторларын табыңыз және бұл айтылған сөздердің мағынасын түсіндіріңіз.



  1. «Жұрт сеңдей соғылды, түнде ұйқыдан, күндіз, күлкіден айрылды»

  2. «Қазақ секілді іргелі жұрт өзгелер қатарында соғыс майданында қару-жарақ асынып, мемлекетті, қорғауға лайық еді, қатарда жоқ қара жұмысқа байлануын кемшілік санаймыз»

  3. «Бұл соғыстан жалпы жұртқа пайдасы жоқ. Нарлар алысар, ал шаруасын бұзып, қанын төгетін сорлы халық болар.»

14 билет

1.Шағатай мемлекеті XIV ғасырдын ортасындағы Моғолстан мемлекетті.

2.Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру.

3. Сәйкестік еместі тап:

1) Иманов, Әшекеев, Тайманов, Саурықов, Қосанов

2) Т.Тоқтаров, С.Баймағамбетов, Ә.Молдағұлова, Т.Мұсабаев, М.Ғабдуллин.

3) Қ.Аманжолов, Ж.Саин, Б.Момышұлы, Ж.Шанин, Т.Жароков

4) Т.Бегельдинов, С.Луганский, Л.Беда, С.Павлов, Т.Тоқтаров



15 билет

1.XI-XIII ғ.ғ. Қыпшақ мемлекеті

2.ҚазақстанРеспубликасының Ата Заңы (1995 ж. 30 тамыз)

3.Оқиға мен жылдарды сәйкестендір:


а. 1995 ж. 30 тамыз

«Қазақстан-2030» Жолдауы жарияланған жыл

в. 1992 ж. маусым

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды.

с. 1993 ж. 13 желтоқсанында

Қазақстанның Елтаңбасы мен Туының жаңа үлгілері қабылданды.

д. 1997 ж. соңы

Қазақстанда Жоғарғы Кеңес ресми түрде таратылды.


16 билет

1.Ұлы жүздің Ресейге қосылуы.

2.Тоқырау кезіндегі рухани өмір : білім және ғылым.

3.Қазақстандағы 1867-1868 жж.реформа бойынша кестені толтырыңыз.



Генерал- губернаторлықтар

Облыстар

Уездер




























17 билет

1.1465-1466 ж.ж. Қазақ хандығының құрылуына жол ашылу.

2.1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы.

3.Сәйкестігін анықтаңыз:



Саяси ұйымдар

А) Алаш партиясы

В) Большевиктер партиясы





Саяси қайраткерлер

1.С. Меңдешев

2.М. Тынышбаев

3.Б. Қаратаев

4. Ә. Бөкейханов

5. Т. Бикин

6. Т. Рысқұлов

7. М. Дулатов

8. Ж. Аймауытов

9. А. Розыбакиев



18 билет

1. Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы және оның зардаптары.

2.Қазақстан Тәуелсіздік жолында.

3. Тапсырма. Биографиялық деректерді сәйкестендір:



1

Амангелді Иманов




А) 1876-1934 жж. Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстың көрнекті өкілі, құқық магистрі. Санкт –Петербург университетінің заі факультетін алтын медальмен бітірген (1903ж)

2.

Әбділғафар Жанбосынов




В) (1873-1919)-1919 жылғы ұлт-азаттық басшыларының бірі. 1916 жылы Қазақстанның Торғай және басқа уездерінде патша өкіметіне қарсы кһтерілісті бастады.

3.

Ақбаев Жақып




С) Торғай уезінің қазақтары 1916 жылы ұлт-азаттық қозғалыс кезінде Торғай еузіндегі өздерінің ханы етіп сайлады.

19 билет

1.Ә.Н. Әл- Фараби, Жүсіп Баласағұни, Махмұд Қашғари,Хожа Ахмет Яссауи орта ғасырлардың ұлы ғұламалары.

2.Қазақстан тарихындағы Әбілқайыр ханның алатын орны.

3. Бұл кім?



А.Қазақ КСР Ғылым Академиясының тұңғыш президенті.

Б. «Кіші Қазан» бағытына қарсы шықты

В. Қазақстандағы тұңғыш кәсіби суретші.

Г. Өнеркәсіпті шикізат көзіне жақындату идеясын ұсынды.

Д. «Қазақтар отар болып келді және солай болып қалады»деп жазған.

Е. «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды» деп жазған.

Ж. «Еңбекші жастар» газетінің редакторы



20 билет

1.1723 ж. « Ұлы күйзеліс » жылдары Жоңғарлардың Жойқын шабуылдары.

2.1867-1868 жылдардағы Қазақстандағы реформа.

3. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс болған жерлерді картаға белгілеңіз.





жүктеу 1,3 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау