Аудан әкімі Н. Мұсабаевтың «Арал ауданының 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2012 жылға арналған міндеттері туралы» есепті баяндамасының желісі



жүктеу 494,9 Kb.
бет1/3
Дата20.05.2018
өлшемі494,9 Kb.
#14398
  1   2   3

Аудан әкімі Н. Мұсабаевтың «Арал ауданының 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2012 жылға арналған міндеттері туралы» есепті баяндамасының желісі

Құрметті ағайындар!
Тәуелсіз Қазақстанның тарихында 2011 жыл мерейлі, өркениетке қарай нық қадамдар жасалған, ең бастысы қазақстандықтардың ертеңгі күнге деген сенімі бұрынғыдан да нығайған, айтулы әрі табысты жыл болды.

Сонымен қатар елімізде Президент сайлауы өтіп, аудан халқы өз болашағының жарқын болуын басты назарда ұстап, сайлауға белсене қатысып, Ел таңдаған Президентке дауыс берді.

Жыл басынан бері ауданның атқарушы органдары өз қызметтерін Елбасының жылсайынғы дәстүрлі Қазақстан халқына Жолдауының қағидаларын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыстың даму бағдарламасына, стратегиялық жоспарларын, өңірлік, аудандық бағдарламаларды басшылыққа ала отырып, аудан экономикасының, әлеуметтік салалардың дами түсуіне қол жеткізуге бағыттауда.

Бірінші кезекте, халықпен қоян-қолтық жұмыс істеу, олармен жиі кездесіп, мұң-мұқтаждарын білу мен қатар Елбасының, Үкімет, облыс ұстап отырған бағыттарын насихаттауға баса назар аударылды.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында аудан әкімдігінің 2011 жылғы 7 ақпандағы «Ақпараттық насихаттық топ құру туралы» №11 қаулысымен 11 ақпараттық-насихаттық топ құрылды. Бұл топтар қала, кент, округтерді түгелімен қамтып, түсінік жұмыстарын жүргізді. Сонымен бірге республика және облыс деңгейіндегі ақпараттық-насихаттық топтар, жоғарғы биліктегі атқарушы органдардың басшылары мен мамандары халықпен кездесіп, жолдаудың басым бағыттары бойынша талдаулар жасалып, насихатталды.

Жыл басында аудан әкімінің тұрғындармен өткізген есепті кездесу жиындарында көтерілген маңызды ұсыныс-пікірлер мен сын-ескертпелердің топтамалық тізбесі жасалып, жауапты орындаушылар мен мерзімі, сондай-ақ шешімін табу деңгейлері көрсетіліп іс-шаралар жоспары қабылданып, оның орындалуы қатаң бақылауға алынып келеді.

Осы кездесу, есеп беру кезінде көтерілген сауал-ұсыныстарды орындау бағытында біршама жұмыстар атқарылды. Кейбір шешімі кешеуілдеп келген бірқатар түйінді мәселелер негізінен шешімін табуда. Оларға сала бойынша кейінірек толық тоқталып өтемін.

Әйтседе қысқаша тоқтама жасайтын болсақ, бүгінгі күні 10 тұрғын үйдің, 4 елді мекендегі мектеп құрылысының 2-і аяқталып, 2-і аяқталуға жақын болса, жаңадан 5 мектеп пен 1 балабақша, 1 ауылдық клубтың, 1 ауылдық емхананың, 3 дәрігерлік емхананың, 1 медициналық бекеттің құрылысы салынуда. Сонымен бірге балаларға арналған 9 шағын ашық спорт алаңдары, аудандық мәдениет үйі пайдалануға берілді.

Бұлардан басқа өлкетану мұражайының құрылысы басталып, аудандық прокуратура, аудандық ішкі істер бөлімінің көші-қон полициясы ғимараттары пайдалануға беріліп, басқа да құрылыстар, жол салу, жөндеу, абаттандыру, ауыз-аяқ су инженерлік жүйелерді жаңарту жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ аудан бюджетінен де қомақты қаржы бөлініп, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Арал ауданы және Арал қаласының сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында атқарылатын жұмыстардың тізбесі нақтыланып, ойдағыдай іске асырылды.

Жалпы ауданда облыстық басқармалықтар, аудандық бөлімдер арқылы республикалық, жергілікті бюджет қаржысы есебінен 3167356 мың теңгеге құрылыс, жөндеу, абаттандыру, инженерлік жүйелерді жаңарту жұмыстары іске асырылды.

Сонымен қатар, республикалық бюджеттен «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы шеңберінде іс-шараларды іске асыруға 33635 мың теңге, оның ішінде жалақыны ішінара субсидиялауға 20020 теңге, қоныс аударуға 2117 мың теңге, жұмыспен қамту орталықтарын құруға 11498 мың теңге, инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымдарды дамытуға еңбек ресурстарын жетілдіру шеңберіне 21 000 мың теңге бөлініп, тиісті бағыттар бойынша игерілді.

Бөлінген қаржыларды уақытылы игеру және бұл жұмыстардың сапалы орындалуы аудан әкімдігінің тікелей бақылауында болды.

Жалпы тоқтама жасайтын болсақ, аудан көлемінде жұмыссыздыққа жол бермеу басты мақсат болды.

Соңғы жылдары ауданға тартылған инвестиция көлемінің артуының нәтижесінде, аудан экономикасының, бет-әлпетінің дамуында бірқатар оң өзгерістер болды, оны ешкім де теріске шығара алмайды.

Аудан саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени, рухани салаларды дамытуға өзіндік лайықты үлесін қосып, толымды табыстарға жетуде. Елбасының тікелей назарында болып отырған ауданға Үкімет, облыс тарапынан қомақты қаржылар бөлініп, қолдаулар көрсетіліп келеді.

Осының бір ғана айғағы – Қазақстан Республикасы Премьер Министрінің орынбасары Е.Орынбаев мырзаның және облыс әкімі Б.Қуандықовтың бірнеше мәрте іс-сапармен болып, аудан халқының тыныс-тіршілігімен танысып, бірқатар мәселелерге көңіл бөліп, олардың кезең-кезеңімен шешімін табуы – аудан халқын зор ризашылыққа бөлеп, келешекке деген үміттерін арттыра түсуде және іспен жауап беруде.

2011 жылы негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 5361,3 млн теңгені құрап отыр. Инвестиция салынып жатқан ірі жобалардың ішінде Арал өңірінің әлеуметтік-экономикалық, экологиялық жағдайының жақсаруына қызмет ететін алып құрылыс «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Солтүстік Арал теңізін сақтау» жобасын толық іске асырудың маңыздылығы бәріңізге белгілі. Жобаның І кезеңі басталғаннан бері, яғни уақыт өткен сайын жобаны егжей-тегжейлі пысықтай түсудің маңыздылығы артып, ІІ кезеңіне байланысты атқарылатын жұмыстар терең зерделеніп, тиімді ұсыныстар берудің нәтижесінде, оның техника-экономикалық негіздемесі қайта жасалып, Үкіметке, тиісті Министрліктерге қарауға жіберілуі өте қуанарлық жағдай. Бұл жоба бойынша Көкарал бөгеті 5-6 метрге көтеріліп, су деңгейі 50 метрге дейін көтеріліп, Кіші Аралдың кез-келген жеріне су барып, балық қыстап, уылдырық шаша алады. Теңіздің барлық алаңы тұшиды. Табиғи өсім есебінен көбейген балықты аулау 2-3 есеге артады деп күтілуде. Жоба іске асқан жағдайда теңіз суы Арал қаласына келеді, көлдер толық суланады.

Мұнымен бірге аудан территориясынан Кеңқияқ-Құмкөл мұнай құбыры салынып, Батыс Европа – Батыс Қытай автокөлік дәлізінің құрылысы салынуда. Сондай-ақ Базой-Самсоновка газ құбырының құрылысы басталмақшы. Әрине бұл жобалардың бәрінің орындалуына біршама уақыт кетері сөзсіз, дегенмен келешекте бұлардың бойында көптеген подстансалар, электр желілері, инфрақұрылымдар салынып, өндіріс пен бизнестің дамуына жағдай жасайды. Бір ғана мысал Батыс Европа – Батыс Қытай көлік дәлізінде 1240 шақырымда (сол жақ), 1358 шақырымда (оң жақ) «В,С» Қамыстыбас, 1435 шақырымда (оң жақ) «С» дәрежесіндегі туристік сервистік нысандар салу белгіленген. Бүгінгі күні Арал-Сексеуіл аралығында «Кеңқияқ-Құмкөл» мұнай магистралдық желі бойында салынған «Апатты қалпына келтіру тірек пунктінде» 100-ге тарта адам жұмыс істеп жатыр. Пункт жанынан мұнай айдайтын станса салу жобаланып отыр. Келешекте осы жоғарыда аталған магистралдар бойынан көптеген инфрақұрылымдар салынып, өндіріс пен бизнестің дамуына жол ашып, өз кезегінде ауданның өсіп-өркендеуіне септігін тигізетіні сөзсіз.

Еліміздің транзиттік қабілетін арттырып, ел экономикасының алға қарай дамуына оң әсер ететін салынып жатқан жолдың аудан аумағынан өтетін бөлігі 213 шақырымды (облыс аумағы арқылы 811 шақырым) құрайтындықтан мердігер компанияларға жұмыс күшін жергілікті тұрғындар есебінен тарту, заң аясында жергілікті бюджетке төлемдер жасау талап етілді.Сондай-ақ жергілікті жерде туындайтын мәселелерді шешу, бақылауда ұстау мақсатында аудандық штаб жұмыс істейді.

2011 жылдың 7 қыркүйегінде Батыс Европа-Батыс Қытай автокөлік жолы құрылысының жүру қарқынымен танысу мақсатында ауданымызда ҚР «Нұр Отан» демократиялық партиясының партиялық бақылау комитетінің төрағасы Боран Ғизатұлы Рақымбек бастаған, құрамында ҚР Автокөлік жолдары комитетінің төрағасы З.Сағынов, Қызылорда облысы «Нұр Отан» демократиялық партиясының бақылау комиссиясының төрағасы, облыстық маслихат депутаты Т.Шаутай ауданымызда болып, Арал ауданынан өтетін 213 шақырым Батыс Европа-Батыс Қытай автокөлік жолы құрылысының жағдайымен танысты.

Өздеріңізге мәлім, Елбасының тапсырмасына сәйкес республикалық, аймақтық индустрияландыру картасы жасалды, бүгінгі күні аймақтың даму бағдарламасы жасалуда. Өмір талабына сай, аудан ерекшеліктері сараланып аймақтық үйлестіру Кеңесіне 21 инвестициялық-инновациялық жобалардың тізбесі ұсынылды.Оның 8-і индустрияландыру картасына 2010 жылы енген жобалар.Жобалардың жалпы құны 21529 млн теңге, сұраным қаржысы 18036 мың теңге.Жобалар іске асқан кезде 2293 адамды жұмыспен қамту жобаланған.Индустриялық картаны іске асыру ел экономикасының өсуіне және инновациялық әрекеттер саласында өндірістік кәсіпкерлікті дамытуға қолдау беретін басты шара. Бұл шараның, кезінде өндірісі дамыған, кейінірек экономикасы күйзеліске ұшыраған біздің аудан үшін маңызы өте зор болмақ.

Енді осы жобалардың ішінде кәсіпкерлердің айналым қаржысы есебінен жұмыс жасап жатқан жобаларға тоқталып өтейін.

«Аралқұрылысы» ЖШС-гі темір-бетон бұйымдарын қажетті құралдармен жабдықтау және жарақтандыру мақсатында қуаттылығы жылына 13200 текше метр темір-бетон бұйымдарын өндіруге жұмыстар жасауда. Серіктестікте тұрақты 25 адам, жазғы маусымда 60 адамға дейін жұмыс істейді. Толық қуатында өнім өндірген жағдайда тәулігіне 160 куб темір-бетон шығара алады. Бүгінгі күні тротуарлық плита, түрлі өрнекті төсеніш тастармен қоса ағаш өңдеу цехында есік-терезелер шығарып жатыр.

Су шаянын өндіретін өндірісті ұйымдастыру жобасы бойынша «Жер Ана Групп» ЖШС тиісті жұмыстар атқаруда.

«ЖанРосс ХХІ ғасыр» өндірістік кооперативі Арал қаласының шығыс бетінен жаңа органикалық (табиғи) тыңайтқыш өндіру зауыты мен жылыжай салу жобасы бойынша аталмыш нысан салуға аукцион арқылы 1 гектар жер телімін алды. Зауыттың жақын арада іргетасы қаланбақшы. Келешек 50 адам жұмыспен қамтылып, биогумус–қаратопырақ–вермикомпост сығындысымен алынатын «Жасыл өріс» сұйық органикалық тыңайтқыш, балық жемі – технологиялық құрт инновациялық жоба негізінде Аралдан шығарылып, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе облыстарындағы тұтынушыларға арзан бағада сатылады деп жобаланып отыр.

Осы секілді индустрияландыру картасына енгізуге ұсынылған басқа да жобалардың ағымдағы жағдайы бақылауда тұр.

Әзірге жобаларға несие берілген жоқ, бірақ екінші деңгейдегі банктермен жұмыс жасалуда.

Құрметті ағайын!
Бірқатар қиыншылықтарға қарамастан индустриялық-инновациялық даму аймақтық бағдарламасы негізінде ауданда өндіріс саласын көтеру мақсатында бірсыпыра шаралар іске асырылып келеді. Солардың қатарында ел игілігіне аса қажетті де маңызды Арал вагон жөндеу зауыты жобасының жүзеге асуы өз кезегінде Ресей мен Қазақстанның арасындағы экономикалық байланысты, ынтымақтастықты дамытуға, машина жасау өнеркәсібін арттыруға ықпалын тигізген болар еді. Дегенмен өндіріс әлі де жұмысын қалыпты жолға қоя алмай келеді. Әйтседе ауыр жүк таситын фитингілік 54 платформа жасалып, алғашқы өнімі шығарылды.

Зауыттың толық мүмкіншілігін пайдалануға қомақты инвестиция, сонымен қатар өндірілетін өнімге тапсырыс алуға қолдау көрсетуді талап етеді. Алдағы уақытта «Қазақстан теміржолы Ұлттық Компаниясы» АҚ-мен ұзақ мерзімде келісім-шарт жасалса, кәсіпорын жұмысын жолға қоюға мүмкіншілік алады. Аталған жоба ауданның индустриялық картасына енгізілген. Жоба іске асырылған жағдайда ашық жүк тасымалдау вагондарымен қатар басқа да өнімдер тасымалдайтын вагон платформаларды құрастырып шығару мен қатар бірқатар бөлшектерді де жасау және жөндеу жұмыстары да атқарылады деп жобаланған. Бүгінгі күні зауыттың бірқатар мамандары Ресейдің зауыттарында кәсіби шеберліктерін, біліктілігін арттыру мақсатында оқып, жұмыс істеп келді.

Бұдан басқа Евростандартқа сай салынған бірнеше өндірістік цехтары, тоңазытқыш камералары және басқа да тұрмыстық, қызметтік бөлме орындарымен, инженерлік жүйелерімен толық қамтылған «Атамекен балық өнеркәсібі» ЖШС-гі балық зауыты толық қуатында жұмыс істеген жағдайда 8000 тоннаға дейін балық шикізатын өңдей алады. Зауытқа санитарлық паспорт алынған, ЕВРО номер алып, ИСО сала менеджментінің талаптарына сай жұмыс істей алады, тиісті құжаттары алынған. Әйтседе зауыт өз мүмкіншіліктерінен төмен жұмыс істеуде.

Сонымен қатар, «Қамбаш балық» ЖШС-і, «Сервистік дайындау орталығы-Арал» ЖШС-нің де өнім көлемін ұлғайтуға мүмкіншілігі жеткілікті, жаңа технологиямен жабдықталған, бүгінгі күн талабына сай келеді. Кәсіпорын жергілікті балықты қабылдап өңдеумен айналысуда.

Бірқатар қиыншылықтарға қарамастан «Аралтұз» АҚ-ы инновациялық бағытта жоба ұсынып өндірісті жаңалауға талпыныс жасауда. Есепті кезеңде тұз қалталау цехында екі жаңа Қытай елінен алынған автомат орнатылып, еңбек өнімділігінің өнім көлемінің артуына қол жеткізілді. Сондай-ақ тұз кептіру цехында кептірілген тұзды қалталау автоматтарына ырғақты, қалыпты етіп беретін бункер қондырғысы пайдалануға берілді. Нәтижесінде қалталанған тұздың құрамы мен салмағының бір қалыпты болуы жүзеге асырылды. 2012 жылғы тұз қазу маусымына дайындық жұмыстары басталып, жаңа участкіге жаңа жол салу жұмыстары басталған. Кәсіпорынның алдында тұрған проблемалық мәселе – ол жаңа зауыт салуға инвестиция көзін тарту. Бұл жөнінде компания басшылығы жұмыс істеп жатыр, оң шешімі болады деп күтілуде.

Аудандағы ең ірі елді мекен Сексеуіл кенті тұрғындарының тіршілік көзі, аудан экономикасының дамуына үлес қосып келе жатқан Сексеуілдегі пайдалану және жөндеу деполарының кәсіпорындары. «Қамқор Локомотив» ЖШС-і филиалы Сексеуіл локомотив депосы 2011 жылға инвестициялық бюджет есебінен 12893 мың тенгенің құрал жабдықтарын сатып алып, бірқатар жаңалау жұмыстарын жүргізді. Жыл көлемінде өндірілген өнім көлемі (негізгі қызметі жүк және жолаушылар тасымалдайтын локомотивтерді циклдық техникалық қызметін өткізу) 2010 жылмен салыстырғанда 50 бірлікке өскен. Орташа жалақы 14,7 пайызға өскен. Техникалық күтім қызметінен салыстырмалы уақытта 87,0 млн. теңгеге артық табыс тапқан. Мекеменің қаржылық жағдайы тұрақты және қалыпты ұстау мақсатында іс–шаралар жасалып, тиісті жұмыстар жалғасуда.

Жалпы аудан бойынша өндіріс орындарында өндірілген өнім көлемі есепті кезеңде ағымдағы бағамен 3576,1 млн тенгені құрап өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 124,2 пайызды құрап отыр. 1109,9 тонна тұз өнімдері (101,2 пайыз), 1151 тонна балық өнімдері (2,1 есе), 43 тонна ет өнімдері (97,7 пайыз), 2394 тонна нан және нан өнімдері (101,5 пайыз) өңделді.

Сонымен қатар 452 тепловоз жөнделіп, 54 ауыр жүк таситын платформа жасалып, 41,2 мың м3 кварц құмы өндіріліп, 1808,6 мың м3 су, 47684,0 мың квт/сағат электр энергиясы таратылып, 708 дана әйелдер мен қыздарға арналған сырт киімдер тігіліп, 4,8 мың шаршы метр терезе, есік, жақтаушалар жасалып, 1693 тн бетоннан жасалған құрама құрылыс материалдары-бұйымдары, 0,3 мың текше метр қыштан құйылған құрылыстық кірпіш дайындалды. Соңғы кезде ауданда өңделген, өндірілген өнеркәсіп өнім түрлерін статистикалық есепке алу жолға қойыла бастады. Дегенмен әлі де кәсіпкерлік субъектілерінің өнімдері толық есептен өтіп отырмағаны белгілі. Осы бағытта тиісті сала мамандарының жұмыс жүргізулері қажет.

Құрметті Аралдықтар!

Елбасының тапсырмасына сәйкес, Үкімет тарапынан шағын және орта бизнесті дамытуға байланысты бірқатар шаралар қабылданып, қолдаулар көрсетіліп келеді. Күн санап шағын және орта кәсіпкерліктің ел экономикасындағы үлесі арта түсуде. Бұл біздің ауданда да байқалады. Оған дәлел, аудандағы шағын кәсіпкерлік субъектілерінен бюджетке түсетін түсім көлемінің өсуі. 2011 жылы 2215 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркеліп, жұмыспен қамтылған адамдар саны 3658 адамды, салық және басқа да төлемдер 266,8 млн. теңге, өндірілген өнім көлемі 1077,1 млн теңгеге жетіп, салыстырмалы уақытта субъектілер саны 144–ге; төлемдер көлемі 66,4 млн теңгеге, өндірілген өнім көлемі 26,6 млн тенгеге өскен.

Үкіметтің 2011-2014 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру мақсатында барлық сауда базарлары қатарларына жаңа төлқұжат беру, санатын анықтау мақсатында жүргізілген жұмыстар нәтижесінде «Дархан», «Береке» сауда қатарларына ІІ-санаттағы сауда қатарының төлқұжаттары беріліп, облыстық жұмыс тобы ауданда атқарылған жұмыстарға оң баға берді. Аудандағы 22 шағын кәсіпкерлік құрылымдар, ІІ деңгейдегі банктер арқылы 2297 адамға 1114704,7 мың теңге несие берілді. Дегенмен Үкімет тарапынан, ауылшаруашылығын даму қоры, банкілер арқылы беріліп отырған несиелерге қол жетімділік төмен. Бұған тиісті бөлімдер үлкен мән беріп, несие алуға тілек білдірушілермен қаржыландыру көздерімен жиі байланыста болып, көмек жасаулары қажет. Кәсіпкерлік саласында 2011 жылы 311 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған болса, есепті мерзімде көрсеткіш 100,3 пайыз орындалып отыр.

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында 14 мамандық бойынша оқыту, қайта даярлауға ұсыныс берілді. Сондай-ақ осы бағдарлама аясында кәсіпкерлердің әлеуеттілігін арттыру үшін мемлекет тарапынан шағын және орта бизнестің топ менеджментін (басшыларын) тегін оқыту көзделді. Осыған орай Астана қаласында «Назарбаев Университеті» АҚ-ның бизнес мектеп базасында тактикалық және стратегиялық міндеттемелерді шешуге бағытталған бизнес курсқа ауданнан Ш.Абдуалиев («Атамекен балық өнеркәсібі» ЖШС), М.Кулмурзаев («Арал құрылысы» ЖШС), А.Шүйіншалиев («RANNAB» ЖШС) қатысатын болып өтінімдері жіберілді.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін оқу-әдіснамалық қолдау, олардың кәсіби деңгейін арттыру мақсатында аудандық бюджеттен бөлінген 256,0 мың теңгеге оқу-тренинг, семинар өткізу жоспарланған. 7-8 маусымда Арал қаласында «Бизнес-кеңесші» бағдарламасы негізінде бизнес-тренинг өткізіліп, 39 тыңдаушының 31-не сертификат берілді. 28-30 маусым аралығында Ақтөбе қаласында Еуропа-Азия шекарасыз ынтымақтастық Х-шы Ресей-Қазақстан бірлескен халықаралық көрмесіне «Ас-Тұз М» ЖШС 10 түрлі тұз өнімдерін апарды.

Құрметті жиынға қатысушылар!
Өздеріңізге белгілі, біздің аудан аграрлық-өнеркәсіптік аудан болып саналады. Оның ішінде ауылшаруашылығындағы халықтың басты тіршілік көзі–мал шаруашылығы. Қазіргі уақытта аудан бойынша 328 ауыл шаруашылығы құрылымдар өз шаруашылықтарын жүргізуде, олардың 8-і заңды тұлғалар, 320-ы шаруа қожалықтары.

Ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдарының басым бөлігі негізінен мал шаруашылығымен айналысады. 2011 жылдың есепті мерзімінде аудандағы барлық нысандағы ауыл шаруашылығы құрылымдарында 39862 бас мүйізді ірі қара, 126186 бас қой мен ешкі, 16097 бас жылқы және 18802 бас түйе малы бағылып, күтілуде. 2010 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 734 басқа, қой мен ешкі 1535 басқа, жылқы 250 басқа, түйе 255 басқа көбейді.

Мал шаруашылығы саласында өндірілетін өнім көлемі ұлғая түсуде. Осы жылдың есепті мерзімінде 3744,0 тонна ет (тірілей салмақта), 8956,0 тонна сүт және 157,0 мың дана жұмыртқа өндіріліп, 2010 жылмен салыстырғанда өнім өндіру тиесінше еттен 100,9 пайызға, сүттен 101,2 пайызға, жүннен 100,2 пайызға артық орындалды.

Қазіргі уақытта ауданның 5 ауыл шаруашылығы құрылымы асыл тұқымды мал өсірумен айналысады, атап айтқанда: «Құланды»ЖШС-гі жылқының асыл тұқымды Мұғалжар тұқымын және асыл тұқымды Қазақтың айыр өркеш түйе тұқымын, «Көктем» шаруа қожалығы, «Байдаулет» шаруа қожалығы-асыл тұқымды қазақ жылқысын, «Қарақұм және К»ТС-гі асыл тұқымды қаракөл қойын, «Берекет» шаруа қожалығы мүйізді ірі қара малының асыл тұқымды Қазақтың ақ бас сиырының тұқымын өсірумен айналысуда.

Бүгінгі күнге яғни, бұл шаруашылықтарда асыл тұқымды 1956 бас жылқы, 1007 бас түйе, 741 бас қаракөл қойы және 379 бас мүйізді ірі қара малы күтімге алынып, бағылуда.

Ауданның ауыл шаруашылығы саласында мал өнімдерін өңдеумен «Қамқор тұтыну» ЖШС-гі сүт өнімдерін, «Қалует» СТК шұбат өңдеумен, «Мұрат М» ұн тартумен, «Дастан» шаруа қожалығы мал союмен, жеке кәсіпкер «Махашев Ж» жүн түтумен айналысса, балық өнімдерін өңдеумен «Ақнұр», «Камбала балық» балықшылар өндірістік орталығы» ЖШС-гі, «Қамыстыбас балық питомнигі» РМК , «Қамбаш балық» ЖШС-гі, «Атамекен балық өнеркәсібі»ЖШС және жеке кәсіпкер «Қарасай-Қази» айналысады. Осы аталған кәсіпорындар 2011 жылы 1090,4 тонна өнім өңдеп, олардың жалпы құны 95885,9 мың теңге болып отыр. Бұл көрсеткішті 2010 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жалпы өңделген өнімнің құны 33515,7 мың теңгеге артып отыр.

Аудан бойынша 2011 жылға егіс көлемі индикативтік жоспар бойынша 188 гектар жерге межеленсе, бүгінгі күнге 232 гектар жерге егін егілді. Атап айтар болсақ 10 га тары, 10 га. арпа, 18 га. картоп, 29 га. көкөніс, 106 га. бақша дақылдары және 15 га жаңа жоңышқа, 44 га. көне жоңышқа. Бұл егілген егіс Басықара мен К-1 қашыртқысының бойына Ақирек, Бекбауыл және Қараарық каналына Жаңақұрылыс ауылдық округтеріндегі жеке және шаруа қожалықтары арқылы егілсе, Қосжар ауылдық округі Қамыстыбас көлінің жағасына, Аманөткел, Райым ауылдық округтеріндегі жеке қожалықтар Сырдария өзенінен насос арқылы трубамен су алып, өздерінің аулаларына орналастырды. Ақирек ауылдық округінен 3 шаруа қожалығы 16 гектар жерге бақша дақылдарын еккені үшін субсидия алуға құжаттарын тапсырып, 144,0 мың теңге субсидия алуға қол жеткізді.

Ауданда негізгі азық-түлік тауарлары өнімдеріне бағаның негізсіз өсуін болдырмау мақсатында «Аль-Асад» ЖШС-гі арқылы отырылған меморандумға сәйкес, Ақмола облысынан 8 вагон «Цесна» ұны әкеліп сатылу межеленген. Аудандық «Аль-Асад» ЖШС-нің аудан бойынша филиалының сауда дүкеніне 2010 жылдың соңына дейін межеленген 8 вагон (512 тонна) «Цесна» ұны толықтай жеткізіліп сатылды.

2011 жылы осындай арзан бағадағы 54 вагон 3456 тонна ұн аудандағы нан өнімдерін шығаратын кәсіпорындар мен қала, кент, ауылдық округ тұрғындарына сатылды.

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Р.Нұртаевтың 2010 жылғы 28 желтоқсандағы «Облыста азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бағасын тұрақтандыру мақсатында 2011 жылы облыста ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін өткізу» туралы бекіткен кестесіне сәйкес, барлық қала, кент, ауылдық округтері Арал қаласы орталығына 7 рет және Байқоңыр қаласына 2 рет жәрмеңкелер ұйымдастырылып, осы ұйымдастырылған жәрмеңкелерде 6945,3 мың теңгенің ауылшаруашылығы өнімдері базар бағасынан 15-20 пайыз төмен бағада халыққа арзан сатылды.

Ветеринария бөлімі арқылы бірқатар шаралар іске асырылуда. «Эпизотияға қарсы шаралар жүргізу қызметі» бюджеттік бағдарламасы бойынша 49917,0 мың теңгеге ашық конкурс жарияланып, 16 жеке кәсіпкер, 1 ЖШС 25 лот бойынша жеңімпаз атанды.

Қаңғыбас ит-мысықтарды аулауға және жоюға бөлінген 1978 мың теңге толық игерілді. Ауру малдарды санитарлық союды және жоюды ұйымдастыруға 1690,0 мың теңге, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруге 2568,0 мың теңге, жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу қызметіне 2000,0 мың теңге қаржы қаралып, игерілді. Аудан көлемінде типтік жобада салынған 8 мал көмінділері бар.

Мал шаруашылығын дамытумен қатар ауданға тән және ата кәсіп – балық шаруашылығы болып қала бермек. Балық шаруашылығын дамытуға байланысты бірқатар шаралар қабылданғанмен, әлі шешімін табатын өзекті мәселелер бар. Осы бағытта жұмыстар атқарылуда, тиісті орындарға өз ұсыныстарымызды жеткіздік. САРАТС жобасы аясында айналадағы көлдер табаны суға толып, шұрайланған жер, әсіресе мал баққан шаруаға қолайлы болса, ұлтанын су басқан Кіші теңіз балықшы ұрпағының ата кәсіппен қайта қауышуына жол ашты. Қазіргі уақытта балықшылар қауымының ұзын саны екі мыңнан асты және олар Кіші Арал бойында 10 участокке бөлініп, кәсіп етуде.

Балық шаруашылығын дамытуға барынша көңіл бөліп отырған аймақ басшысы Б.Қуандықовтың қатысуымен 13 маусым күні Көкарал бөгетінің төменгі жағасында Семинар болып өткенін Сіздер жақсы білесіздер деп ойлаймын. Ол туралы ақпарат құралдары беттерінде (оның ішінде «Толқын» газетінің 15 маусымдағы номерінде) толық материалдар жарияланған.

2011 жылы балықшылар қауымының төл мерекесі мен Қамыстыбас балық өсіру питомнигінің 45 жылдық мерейтойы Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Балықшылар қауымы осы мерекелік шарадан саланың алдағы уақытта серпінді дамитындығына нық сеніп тарасты. Нақты кезеңде облыстың балық шаруашылығын 2020 жылға дейінгі дамыту бағдарламасы әзірленуде. Соңғы 4-5 жылдың бедерінде Кіші Арал Теңізі аумағы 310 мың гектардан 360 мың гектарға ұлғайды. Көлдер жүйесі суға толып, кәсіби балық аулаумен айналысушылар саны артты.

2011 жылдың 16 наурызында Астана қаласында «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Солтүстік Арал теңізін сақтау» жобасының ІІ кезеңіне байланысты қорытынды, нақтыланған сонғы шешім қабылдау мақсатында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Су ресурстары Комитетінің мәжілісі болып өтті. Бұл мәжіліске Қызылорда облысы әкімдігінің, облыстың қоғамдық орындарының, жобалау институттарының өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және Сенаты депутаттары қатысты.

Мәжіліс шешімі бойынша жобаның екінші кезенінің «Техника–экономикалық негіздемесінің» шешіміне қосымша төмендегі екі (2) вариант бойынша толықтырулар енгізу ұсынылды.

І. Қолда бар Балтық системасы (БС) бойынша 42 метр қалыпты денгейдегі су айдынын сақтай отырып, Қамбаш көлі арқылы Сарышығанақ қойнауына су жіберу арқылы сарышығанақта судың деңгейін қалыпты деңгейден 50 метрге көтеріп екі денгейлі су қоймасын жасау.

ІІ. Балтық системасы (БС) бойынша судың қалыпты деңгейін 48 метрге жеткізіп, қолда бар Көкарал плотинасын (Солтүстік Арал теңізі плотинасын (плотина САМ) ) биіктете отырып бір деңгейлі су айдынын жасау. Егер осы ұсыныстар Үкіметтен қолдау тауып жатса қазіргі күні өлі теңізге кетіп жатқан мол сумен Солтүстік Аралды толтырып, оны Арал қаласына дейін жеткізу мүмкіндігіне ие боламыз. Бұл келешек балық аулау көлемін 15 мың тоннаға дейін жеткізуге жол ашады. Сөйтіп балықшаруашылығына қолдау көрсету – бұл елдің әлеуметтік жағдайының жақсаруына үлес қосады. Әрине, бұл шаралардың толық іске асуы үшін Үкімет тарапынан қолдау көрсетілуі қажет.

Өндірістік балық қорын көбейту, сирек кездесетін өте құнды балық түрлерін өсіру, басқада балықтарды жерсіндіру, балықты қолдан ұрықтандыруға байланысты осыдан 45 жыл бұрын жұмысын бастаған Қосжар балық питомнигі жоба аясында көкжиегін кеңейтті.

Қамыстыбас питомнигі арқылы жыл басынан бері республикалық бюджеттен мемлекеттік тапсырысты орындауға бөлінген 200 млн 24 мың теңге қаржының барлығы игерілді. Кіші Аралға 15,0 млн дана балық шабақтары жіберілді. Семинар кеңесте облыс әкімі Қосжар, Тастақ елде мекендеріндегі питомник ұжымының оң бағаға лайық екенін атап өтті. Сондай-ақ Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы арқылы облыстан бөлінген қаржыға Кіші Арал теңізінде арал қаязы балығының қорын қалпына келтіру және гендік қорын сақтау үшін биотехникалық шараларын жүргізуге бөлінген 7,8 млн теңгеге «Шарткен Ата» қоғамдық бірлестігі тиісті жұмыстар атқарды. Ауланған балықты қабылдау, өңдеуге байланысты кәсіпорындар жұмысына жоғарыда тоқталып өттік.

Балық аулау лимиті Кіші Арал теңізі бойынша 3520 тн, көлдер жүйесі бойынша 362,4 тн, Сырдария өзені бойынша 122,9 тн балық ауланып, лимит 100,0 пайызға орындалды.

Есепті мерзімде Арал балық инспекциясы тарапынан 552 құқық бұзушылықтарды анықтап, хаттама жасалған. Олардан 27 адамның ісі сотқа жолданып, 680,1 кг балық тәркіленген, 527 адамға 2426,8 мың тенге көлемінде айыппұл салынған. Бөлімнің материалдық–техникалық жағдайы жақсы жабдықталған. Бүгінгі күні 10 мемлекеттік инспектор жұмыс істейді. 4 дана автокөлікпен, 6 мотоциклмен, 5 моторлы жүрдек және 3 үрмелі қайықтармен, 3 бақылау кемелерімен жабдықталған.

Дегенмен балық шаруашылығы саласында атқарылған жұмыстармен қатар, шешімін табуды қажет ететін мәселелер жеткілікті. Алдағы уақытта осы мәселелерді шешу жолында жұмыстар жалғастырылады.


жүктеу 494,9 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау