АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫНЫҢ ЕЛШІЛІГІ
АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулдығы
Жолдасбеков к-сі, 97
Қоғаммен байланыс бөлімі
Тел: 7 (727) 250-48-14
Факс: 7 (727) 250-48-67
Тел.: 7 (7172) 70-21-00
Факс: 7 (7172) 34-08-90
E-mail: info@usembassy.kz
Web site: www.kazakhstan.usembassy.gov
010010, Қазақстан Республикасы,
Астана қаласы,
«Ақбұлақ-4» шағынауданы
22-23 к., 3-үй
№ 48
5 қараша
, 2010 жыл
Қазақстанда Бейбітшілік Корпусы волонтерлерінің 22-тобы жұмысын бастайды
Сенбі, 6 қараша күні АҚШ елшісі Ричард Хоугланд пен Қазақстандағы АҚШ-тың
Бейбітшілік Корпусының
директоры Джон Сассер 67 адамнан – Бейбітшілік Корпусы волонтерлерінің жаңа тобынан ант қабылдайды.
Абылай хан атындағы Қазақтың Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде таңертеңгі
сағат 9-да ӛтетін рәсім, волонтерлер ӛздерінің 11 апталық дайындық тренингтерін табысты аяқтағандарын
және Қазақстандағы екіжылдық жұмыстарына кірісуге дайын екендіктерін білдіреді. 1993 жылдан бастап
Бейбітшілік Корпусының волонтерлері Қазақстан мен Құрама Штаттар арасындағы достық қатынасты
түсінісуге және орнатуға жәрдемдесіп келеді.
Волонтерлар «Жастар бастамасын дамытуға жәрдем беру»
және «Білім беру » бағдарламаларында
жұмыс істейді.
50 волонтер Қазақстанның ауылдық жерлері мен қалаларындағы оқу орындарында жұмыс істейтін болады.
Олардың қызметі - оқушылар мен оқытушылардың ағылшын тілділермен күнделікті қарым-қатынас жасауы
арқылы тілдік дағдыларын дамытуға кӛмектесу ғана емес, сонымен қатар қазақстандық үштілділік
бағдарламаның алға жылжуына мүмкіндік беретін оқытудың интерактивтік әдісін енгізу.
17 волонтер жастармен жұмыс істейтін ұйымдарға жіберілді, олар онда салауатты ӛмір салты, жұмысқа
қажетті дағдыларды дамыту, сондай-ақ кӛшбасшылық қасиетті дамыту бойынша тренингтер ӛткізеді.
Сонымен қатар, кӛптеген волонтерлер қазақстандықтармен қоян-қолтық жұмыс істей отырып, жергілікті
қоғамдастықтардың жобаларына қатысады. Мұндай мәдени және кәсіби алмасу жергілікті қоғамдастықтар
үшін де, сондай-ақ Бейбітшілік Корпусының волонтерлері үшін де, сӛзсіз, ӛте пайдалы.
Бейбітшілік Корпусының волонтерлері Қазақстанда 2 жыл тұрып, жұмыс істейтін болады. Елге келген
беттегі алғашқы тӛрт айда еріктілер қазақстандық отбасыларда тұрады. Жергілікті халықпен мұндай тығыз
қарым-қатынас америкалық волонтерлерге Қазақстан халықтарының мәдениетімен жақын танысуға
кӛмектеседі және қазақ немесе орыс тілдерінде сӛйлесуге бірегей мүмкіндік береді. Ӛз кезегінде еріктілер
қазақстандық отбасылармен ӛз елдерінің тарихы мен мәдениеті жайлы ой бӛліседі.
АҚШ президенті Джон Кеннеди 1961 жылы құрған Бейбітшілік Корпусы, волонтерлердің түрлі елдердің
адамдарына кӛмек кӛрсете отырып жұмыс істейтін, бейсаяси және бейдіни ұйым болып табылады. Бұл
елдердің тұрғындары америкалықтарды жақсы танып білетін болады; ал волонтерлер ӛз жұмыстарын аяқтап
Құрама Штаттарға оралғанда, олар ӛздері болған ел туралы әсерлерімен бӛліседі, осылайша, елдер
арасындағы ұлтаралық ӛзара түсіністікті жақсартуға жәрдемдеседі. Әртүрлі жастағы және түрлі кәсіптегі
200 000 астам америкалықтар Бейбітшілік Корпусының волонтерлері болды, соның ішінде 1000 астам
Қазақстанда жұмыс істеген. Келесі жылы Бейбітшілік Корпусы ӛзінің 50 –жылдығын тойлайды.
Қазақстан - Бейбітшілік Корпусы табысты жұмыс істеп жатқан 77 елдің бірі. 1993 жылдан бері елде
волонтерлердің 21 тобы жұмыс істеді. Еріктілердің жаңа 67 волонтер қосылуымен Қазақстанда жұмыс
істейтін волонтерлердің жалпы саны 130 адам құрайды. Жаңа топ жаңа елдегі жұмыстың басталуын, жаңа
міндеттердің шешілуін, жаңа тіл үйренуді және ӛздерінің қазақстандық әріптестерімен ынтымақтастық
тәжірибесін байытып, үйге оралуды асыға күтуде.
Соңынан алғашқы волонтерлардың кӛбісі сенатор, елші және үлкен американдық корпорациялардың
басшылары болған.
# # #