18
Г.Л.Смолян, А.Д.Урсул, Ю.И.Шемакин, Б.С.Гершунский және т.б. шетелдік
ғалымдардың зерттеулері мен еңбектерінде қарастырылады [38].
Жапондық әлеуметтанушы Йошито Масуда 1992 ж. Қоғамды
ақпараттандыру жоспарын жасап, елдегі компьютеризациялау кезеңдерін
анықтап берген. Онда ғылымды, білімді, соның ішінде жаратылыстану
ғылымдарын, тұлғаны ақпараттандыру мәселелеріне көңіл аударып, ақпараттық
қоғамның тұжырымдамасын жасауға ат салысады. Сонымен қатар ол өзінің
«Ақпараттық қоғам жоспары» атты еңбегінде «ақпараттық қоғам» терминін
ұсынып, бекітеді. Бұл ойды қолдаушылардың бірі американдық зерттеуші
ғалым Дж.Несбитт өз еңбектерінде «...постиндустриалды қоғам дегеніміз – ол
ақпараттық қоғам, өйткені қазіргі заманның негізгі тенденциялары ақпаратты
құру, сақтау және таратудан тұратынын» жазады [39]. Ал А.П.Ершов
«ақпараттандыру – адамзат өзінің барлық іс-әрекетінде алған білімін шынайы,
жеткілікті және уақытылы толық пайдалануын қамтамасыз етуге бағытталған
шаралар кешені және қоғамның табысты дамуының алғы шарты, стратегиялық
ресурсы», - деген пікір айтады.
Сонымен ақпараттық қоғам – көпшілік жұмыскерлердің өндіріспен,
ақпаратты сақтаумен, қайта өңдеумен және оны таратумен айналысуы. Оның ең
жоғары формасы – білім, оған тән сипаттар ақпараттың рөлін арттыру,
қоғамдық өмірде ақпараттық білім мен технологияларды қолдану; адамдардың
ақпараттық қарым-қатынастарының тиімділігі; әлемдік ақпараттық ресурстарға
қолжетімділік; ақпараттық өнім мен қызмет көрсету сұраныстарын
қанағаттандыру болып табылады.
Білім беруді ақпараттандыру ақпараттық және коммуникациялық
технологияларды қолдану арқылы білім алушылардың интеллектуалдық іс-
әрекеттерін дамытып, жетілдіреді. Cондықтан білім беруді ақпараттандыру
білім берудің жаңа парадигмасын жүзеге асырудың маңызды факторларының
бірі. Оның ішінде жоғары оқу орындарында білім беруді ақпараттандыру мен
білім беру үдерісінде ақпараттық технологияларды қолдану мәселелерін жан-
жақты зерттеуші ғалымдар А.Г.Абросимов, С.Г.Григорьев, И.Б.Готская,
В.П.Тихомиров, С.А.Жданов, Ю.И.Капустин, А.Ю.Кравцова, В.Л.Латышев,
В.С.Корнилов, С.В.Панюкова, И.В.Роберт, Н.Х.Розов, А.Н.Тихонов т.б.
еңбектерін атауға болады.
ҚР Президенті өзінің халыққа кезекті жолдауларының бірінде «Қазіргі
заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа
сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет», - деп нақты көрсеткен болатын. Бұл
келесі міндеттерді жүзеге асыру барысында Қазақстандық ғалымдар
Г.Қ.Нұрғалиева,
А.К.Мынбаева,
Д.М.Джусубалиева,
Г.О.Тәжіғұлова, М.С.Мәлібекова және т.б. бірқатар іргелі және қолданбалы
зерттеулер жүргізген. Төмендегі кестеде жоғары оқу орындарында білім
беруді ақпараттандыру мен білім беру үдерісінде ақпараттық технологияларды
қолдануға қатысты ғалымдардың іргелі және қолданбалы зерттеулер тізбесі
келтірілген (кесте 2).
19
Кесте 2 – Жоғары оқу орындарында биологиялық білім беруді компьютерді
пайдалану арқылы виртуалдық зертханалық жұмыстарды құруға байланысты
іргелі және қолданбалы зерттеулер
Зерттеуші ғалымдар
Зерттеу мәселелерінің сипаттамасы
1
2
Абросимов А.Г.
ақпаратты-компьютерлік технологияларды пайдалану
жағдайында ЖОО ақпараттық-білім беру ортасын құру
мен дамытудың біртұтас әдістемелік жүйесін жасау
негіздері
Григорьев С.Г.
ақпараттық
және
телекоммуникациялық
технологияларды оқу үдерісіне енгізу арқылы болашақ
мамандардың дайындық сапасын арттыру
Готская И.Б.
жалпы
және
жоғары
білім
беру
жүйесінде
қашықтықтан білім беру технологиялары, электронды
білім беру ресурстарын дайындау және қолдану
Тихомиров В.П.
ЭЕМ
бағдарламалық
қамтамасыз
етудегі
интеллектуалды жекешілікті қорғаудың ұстанымдары
мен технологиялары
Жданов С.А.
компьютерлік сауаттылық пен ақпараттық мәдениетті
қамтамасыз ету мақсатындағы ақпараттық білім беру
Капустин Ю.И.
қашықтықтан оқыту технологияларын қолданудың
педагогикалық және ұйымдастыру шарттары
Кравцова А.Ю.
мектепте білім беруде АКТ қолдану жағдайы мен оның
болашағы және болашақ мұғалімдерді дайындау
Латышев В.Л.
техникалық жоғары оқу орындарында информатикадан
оқытушыларды дайындауда интеллектуалдық жүйе
құрудың теориясы мен технологиясы
Корнилов В.С.
математиканы
ақпараттандыру
технологиясы,
дифференциалды
теңдеулерді
кері
есептеуді
ақпараттық оқыту әдістері
Панюкова С.В.
педагогикалық жоғары оқу орындарында ақпараттық
және коммуникациялық технологияларды пайдалану
бағыттары
Роберт И.В.
оқытушының
кәсіби
іс-әрекетін
орындарында
ақпараттық және коммуникациялық технологияларды
пайдаланудың теориялық негіздері
Розов Н.Х.
математиканы
ақпараттандыру
технологиясы,
электронды оқулықтар және білім берудің интернет-
ресурстары
Тихонов А.Н.
білім беруді ақпараттандырудың тұжырымдамалық
проблемалары, бағыттары, құралдары, технологиясы
Нұрғалиева Г.К
e-Learning – оқытудың жаңа парадигмасы, Қазақстан
Республикасында электронды оқыту жүйесі
Достарыңызбен бөлісу: |