23
отырған
тәсілдердің
қазіргі
оқыту
тәжірибесінде
пайдаланудағы
айырмашылықтарына тоқталамыз (кесте 3) [41].
Кесте 3 – Оқытудың түрлі парадигмалары
Параметрлері
Бихевиоризм
Когнитивизм
Конструктивизм
Оқыту
үдерісін
анықтау
Мінез-құлықтық
өзгерістер
Ойлау, ақыл-ой
өзгерістері
(менталды
процесс)
Білім
алуды
әлеуметтік
тұрғыда құру
Білім алушы
Ақпаратты
қабылдаушы
(пассивті-
белсенді
емес
позиция)
Ақпаратты
жүйелеуші
(белсенді
позиция)
Өз бетімен білім
алуға құлшыныс
және
шешім
қабылдай
алу
(шығармашыл
позиция)
Оқытушы
Ақпаратты
беруге
жауапты
Көмекші
Кеңес беруші
Білім
Білім
алушылардың
оқытушыдан
қабылдайтын
шынайы білімі
Білім
алушылардың
шынайы
білімді
ойлау, ақыл-ой
арқылы қабылдауы
және оны жүйелей
алуы
Білім
алушылардың
даралық,
шығармашылық
білімі
Оқыту әдістері
Дәріс
сабағы,
практикалық
сабақтарда
қайталап,
пысықтау
Ақпаратты
берудегі жеке
тапсырма
беру
және интерактивті
тәсіл
Оқытушының
нұсқаушы немесе
ұйымдастырушы
қызметі
Ақпараттық
технологияларды
пайдалану
мысалдары
Тақырыпқа
қатысты
қысқаша
видиороликтер,
тест сұрақтары,
т.б.
Белсендіруші
мультимедиялық
ресурстар
Оқу үдерісіндегі
«оқытушы-білім
алушы»
жүйесінің
электронды
қарым-
қатынастары
Берілген кестеге талдау нәтижесінде инновациялық, соның ішінде
ақпараттық технологияларды оқыту үдерісінде қолдануды енгізу оқыту
парадигмасын «оқыту ілімінен (
teaching – оқытушының білім беруі)» –
«зерделеуге (
learning – білім алушының өз бетімен зерделеуіне» ауыстыруға
алып келгендігі байқалады. Ұсынылып отырған парадигмада оқытушы
оқытудың ұйымдастыру-технологиялық ортасы мен білім алушылардың
24
арасында (ағылшынша mediator), нұсқаушы немесе ұйымдастырушы қызметін
атқарады. Дәстүрлі оқытудағы білім алушылар үшін «жоғары» деңгейдегі
оқытушы бұл жерде педагогикалық ынтымақтастыққа көшіп (ағылшынша
facilitator) оқуға көмектесуші, жағдай жасаушыға айналады. Жоғарыда
айтылғандарды қорытындылай келе, қазіргі заманғы дидактика оқу үдерісіне
келесідей:
-
білім алушылардың ақпараттық құзыреттерін қалыптастырушы
виртуалды электронды білім
беру ортасын құру;
- жеке оқу жоспарлары мен оқыту кестесін дайындау;
- жеке оқыту әдістерін ұйымдастыру;
- білімді меңгеруді үнемі қадағалап (мониторингілеп) отыру;
- оқу материалдарын игеру сапасына бақылау жасау;
- оқытудың ағымдағы және аралық нәтижелерін өз бетімен бағалау;
- ақпараттық білім беру ортасы ресурстарының нақты құрылымының
болуы сияқты біртұтас инновациялық кешендерді ұсынып отыр [42].
Тәрбиені тұлғаны әлеуметтендіру деп қарастыратын болсақ, бүгінгі таңда
әлеуметтендірудің жаңа факторы – виртуалды электронды орта немесе
киберкеңістік болып отыр, осыған орай жаңа ғасыр ұрпақтары осы виртуалды
электронды ортада белсенді жұмыс жасауда.
Ақпараттық-білім беру жүйесін құрудың маңызды компоненттері
виртуалды электронды ортада әртүрлі пәндерге бағдарланған оқу-әдістемелік
кешендерді пайдалану болып табылады. Оқу-әдістемелік кешендер нақты
пәндер бойынша құрамына оқу материалдары, білімді бақылау құралдары және
т.б. кіретін оқыту құралдарының жүйесін құраса, ал электронды оқу-
әдістемелік кешендер электронды оқыту құралдарының жүйесін құрайды.
Электронды оқу құралы – бұл оқу курсының ең маңызды бөлімдерін, сонымен
бірге есептер жинағы, анықтамалар, энциклопедиялар, карталар, атластар,
практикалық сабақтар мен зертханалық жұмыстарды жүргізу нұсқаулары және
т.б. білім беруді басқаратын мемлекеттік органдар тағайындаған арнайы
статусы бар берілген түрдегі баспаларды қамтитын электрондық оқу
басылымы. Оқытушы үшін электрондық оқулық – бұл күнбе-күн дамытылып
отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны әрбір оқытушы өз
педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, әрі қарай
жетілдіре алады.
Қазіргі кезді электронды WEB оқулықты мультимедиялық оқулықтар
қатарына жатқызып жүр. Оқыту үдерісінің үздіксіздігі мен ондағы берілген
мазмұнның толықтығына бақылау жасау, сонымен қатар білім алушылардың
ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту электронды оқулықпен оқытудың негізгі
мақсатын көрсетеді. Білім берудің кез келген деңгейінде электрондық
оқулықтарды пайдалану білім алушылардың танымдық белсенділігін арттырып,
ойлау жүйесін қалыптастыруға және шығармашылықпен жұмыс жасауына
жағдай жасайды. Электрондық оқулықты пайдалану оқытушының да ғылыми-
әдістемелік әлеуетін дамытып, оның сабақ барысындағы оқу іс-әрекеттерін