Шаймерденова гүлсана залқызы



жүктеу 4,93 Mb.
Pdf просмотр
бет6/48
Дата29.01.2020
өлшемі4,93 Mb.
#27669
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48

13 
 

БОЛАШАҚ 
БИОЛОГ 
МҰҒАЛІМДЕРДІ 
ДАЯРЛАУДА 
ВИРТУАЛДЫ 
ЗЕРТХАНАЛЫҚ 
ЖҰМЫСТАРДЫ 
ҚҰРУ 
МЕН 
ҚОЛДАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
 
1.1    Болашақ  биолог мұғалімдерді  даярлауда  виртуалды  зертханалық 
жұмыстарды  құру  мен  қолданудың  педагогикалық  –  психологиялық 
негіздері 
Білім  сапасын  жоғары  деңгейге  көтеру  мемлекеттің  индустриялық-
инновациялық дамыту міндеттерін шешумен тығыз байланысты, себебі қазіргі 
қоғамдық  сұраныстар    үздік  әлемдік  тәжірибелерге  сәйкес  келетін,  еңбек 
нарығының қажеттіліктерін қанағаттандыратын мамандар даярлауды қажет етіп 
отыр.  Сондықтан  жоғары  оқу  орындарының  алдына  кәсіби  маман  ретінде  өз 
бетімен  білім  алуға  қабілетті,  алған білімдерін оқу  және өмірлік  жағдаяттарда 
шығармашылықпен  пайдалана  алуын,  өзін-өзі  дамыту  мен  өзіндік  басқаруын 
қамтамасыз ететін тұлғаны дайындау  мәселелері қойылуда.    Бүгінгі  таңда бұл 
мәселелер  іс-әрекет  тәсілдері  арқылы    жүзеге  асырылып  отыр.  Іс-әрекет 
тәсілдері негізінде оқу үдерісін ғылыми-әдістемелік тұрғыда қамтамасыз етудің 
бірден-бір  жолы  –  оқытушының  практикада  инновациялық  технологияларды 
қолдануы  болып  табылады.  Бұл  орайда  оқытудың  заманауи  инновациялық 
технологияларының дидактикалық мүмкіндіктері зор.  
Дамыған  елдердегі  білім  беру  жүйесіндегі  ерекше  маңызды  болып 
табылатын  мәселелердің  бірі  –  электронды  оқыту  жүйесіне  көшу,  яғни  оқу 
үдерісінде компьютерлік технологияларды пайдалану болып табылады. Зерттеу 
мәселелеріне  қатысты  жасалған  талдау  нәтижесінде  жалпы  дүние  жүзі 
бойынша    100  млн  астам  адам  электронды    оқыту  жүйесі  арқылы  білім 
алатындығы,  яғни  білім  алушылардың  70%  қашықтықтан  оқыту  түрін 
таңдайтындығы  анықталды.  Электронды  оқыту  жүйесі  енгізілген  алдыңғы 
қатарлы  елдердің  құрамына    АҚШ,  Канада,  Ұлыбритания,  Германия,  Италия 
мемлекеттері  кіреді.  Мысалы  АҚШ-та  200-ден  аса  университеттер  мен 
мыңдаған  колледждер  оқытудың  электронды  жүйесі  арқылы  білім  береді. 
Сонымен қатар электронды оқыту курстарының саны жылына шамамен 30-40% 
ұлғайып отыр [21]. 
Біздің  елімізде  де  білім  беру  жүйесіндегі  жаңашылдық  қатарынан 
ақпараттық  кеңістікті  құру  күн  тәртібінен  түспей  отырғандығы  мәлім.  Білім 
алушыларға  оқытудың  инновациялық  технологиялары  арқылы  түрлі  формада 
ақпараттар  беруге  және  олардың  қабылдау  мен  ойлау  үдерісін  белсендіруге, 
назарларын  ұшқырландыруға,  әлемдік  ақпараттық  ресурстарды  пайдалану 
дағдыларын  жетілдіруге  болады.  Білім  алушылардың  инновациялық  іс-әрекеті 
жаңалықтарды  ойлап  шығару,  зерттеу,  қолданысқа  дайындау,  іс  жүзінде 
пайдалану  сияқты  аспектілермен  сипатталады,  яғни  олардың  оқу  әрекетіне 
араласып,  виртуалды  нысандарды,  заттар  немесе  құбылыс  үлгілерін  өздері 
құрастыруына жағдай жасайды.  
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-
2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында экономиканың орнықты 


14 
 
дамуы  үшін  білім  берудің  және  ғылымның  бәсекеге  қабілеттілігін  арттыру, 
адами  капиталды  дамытуға  баса  назар  аударылып  отыр  [22].  Мұндағы  білім 
берудің 
бәсекеге 
қабілеттілігі 
оқыту 
үдерісінде 
инновациялық 
технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылады.  
Қазіргі  биологиялық  білім  берудің  даму  тенденциялары  «инновация», 
«инновациялық  іс-әрекет»,  «инновациялық  технология»,  «білім  берудегі 
инновация»  түсініктерінің  мән-мағынасымен  тығыз  байланысты.  Осыған  орай 
биологиялық білім сапасын көтерудегі инновациялық технологиялардың мәнін; 
қазіргі  биологиялық  білім  берудегі  инновациялық  технологияларды  қолдану 
тенденцияларын анықтаудың маңызы зор. 
«Инновация»  ұғымын  қарастырсақ,  ғалымдардың  көбі  оған  әртүрлі 
анықтамалар  берген.  Мысалы,  Э.Роджерс  «...инновация  –  нақтылы  бір  адамға 
жаңа болып табылатын идея», - деп түсіндіреді [23]. 
Инновация –  қалыптасқан  таным  ерекшелігіне  ұқсамайтын  жаңа  ойлау 
жүйесін  табу,  білім  мен  материалдық  мүмкіндіктерді  пайдалана  отырып 
дәстүрлі  оқытуды  жаңғырту,  толықтыру,  жаңа  әдіс-тәсілдерді  қолдану. 
Ағылшынша Innovation көбінесе  ғылыми-техникалық  тапқырлық  пен  жаңалық 
ашуды көрсетеді. Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған 
міндеттердің  бірі  –  оқытудың  әдіс-тәсілдерін  үнемі  жетілдіріп  отыру  және 
қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Ал новация дегеніміз 
–  бұл  зертханалық  емес  жаңа  идеяны  алғаш  жүзеге  асыру,  ғылыми  тұрғыда  
пайда  болады  да,  тәжірибе  арқылы  негізделеді.  Инноватика  «инновациялық 
үдеріс-инновациялық  әрекет  –  инновациялық  потенциал-инновациялық 
үдерістерді  басқару»  жүйесін  құрайды.  Инновациялық  үдеріс  –  барлық 
жаңалықтардың өзгеруіне байланысты динамикалық үдеріс.  
Оқу үдерісіндегі инновациялық  үлгінің  құрылымы: 
- жалпы инновациялық үдеріс идеяларынан; 
-  педагогикалық  инноватиканың  пайда  болуы,  таралуы,  педагогикалық 
жаңалықтарды меңгеруден; 
- оқу үдерісі кезінде теориялық талдау жасау немесе іс-әрекетінен көрінеді  
[24]. 
Инновациялық  процеске  байланысты  Н.И.Лапин  [25,  с.  42-47]  екі  ілімді 
қолданады:  1)  қарапайым  түрде  қолдану:  ашылу-жаңалық  енгізу  (новация)-
қолданушылардың  арасындағы  бөлінуі-көпшіліктің  қолдануы;  2)  кеңейтілген 
түрде  қолдану:  ашылу-новация-таралуы-меңгеруі  және  модификация- 
рутинизация, яғни дәстүрге айналуы. 
Инновациялық  үдерісті  зерттеу  барысында  жүйенің  бір  жағдайдан  екінші 
бір  жағдайға  көшуі  және  жаңалықты  енгізу  үдерісіне  басшылық  жасау 
мәселелерін 
зерттеу 
маңыздылығын 
Н.В.Горбунова, 
М.М.Поташник, 
В.И.Сластенин, 
Л.С.Подымова, 
А.В.Хуторской, 
Н.Л.Пономарева, 
А.С.Дмитриев,  Н.Р.Юсуфбекова,  Г.В.Яковлева  және  т.б.  зерттеулерінде 
қарастырылған [26 – 33]. 


жүктеу 4,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау