Шаймерденова гүлсана залқызы



жүктеу 4,93 Mb.
Pdf просмотр
бет16/48
Дата29.01.2020
өлшемі4,93 Mb.
#27669
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   48

39 
 
тәжірибелік  нысандарды  компьютерлік  модельдеудің  тетіктерімен  танысуға, 
екінші  жағынан  дәстүрлі  зертханалық  жұмыстарды    қазіргі  ғылым  мен 
техниканың  даму  деңгейіне  сәйкес  жаңа  технологиялық  деңгейге  көтеруге 
мүмкіндік  береді.  Виртуалды  тәжірибе  тәжірибелік  зерттеу  үрдісі 
математикалық  модельдеу  және  қашықтықтан  қолжетімді    нақты  зертханалық 
құрал-жабдықтар негізінде  ұйымдастырылуы тиіс: 
1)  тәжірибелік  зерттеу  үдерісі  математикалық  модельдеу  базасында 
ұйымдастырылған  жағдайда  тәжірибе  барысында  нақты  зертханалық 
құралдармен  иммитация  жүреді  де  білім  алушыларда    нақты  приборлармен, 
құралдармен  немесе  олардың макеттерімен жұмыс істегендей әсер қалдырады; 
2) тәжірибелік зерттеу үдерісі қашықтықтан қолжетімді  (мысалы, интернет 
желілері)  нақты  зертханалық  құрал-жабдықтар  негізінде    ұйымдастырылғанда  
білім  алушылар    сәйкесінше  механизмдерді  қосу/өшіру,    бақылау  құралдары 
мәліметтерін  алу,  келесі  өңдеуге  дейін  оны  компьютерде  сақтау 
мүмкіндіктеріне ие болады [54]. 
Биологияны  оқытуда  виртуалды  зертханалық  жұмыстарды  құрудың 
өлшемдері  анықталған    бірнеше  деңгейлерден  өтеді.  Виртуалды  зертханалық 
жұмыстарды  құру  біріншіден,  біртұтас  педагогикалық  және  білім  алушыларға 
ақпараттық  білім  берудің  осы  біртұтас  педагогикалық  үрдіске  мақсатты 
бағытталуы;  адамгершілік-құндылыққа  бағытталуы;  білімнің  теориялық  және 
практикалық  сәйкестігі;  ғылымилығы;    білім  мен  білікті,  сана  мен  іс-әрекетті 
біртұтас  бірлікте  қалыптастыруға  бағыттау;  білім  алушылардың  ақпараттық 
ортамен  тиімді  әрекеттесуге  дайындықтарын  үздіксіз  қалыптастырып  отыру; 
білім  алушылардың  саналығы,  белсенділігі,  шығармашылық  іс-әрекеттері; 
білімнің жетіктігі; беріктігі; ақпараттық білім мен тәрбиенің бірлігі және т.с.с.  
ұстанымдарына сәйкес анықталды.  
Екіншіден,  анықталған  өлшемдер  ақпараттық  білім  беруде  тұлғаның 
дамуын  қалыптастыру  міндеттерінің  қамтылуы;  берілетін  мазмұнның 
ғылымилығы мен практикалығы; білім  мазмұнының берілетін уақыт көлеміне, 
сондай-ақ    жоғары  оқу  орындарында  оқу-әдістемелік  және  материалдық 
базаның  болуы  тәрізді  ғылым  негіздері  мазмұнын  іріктеу  өлшемдеріне 
сәйкестендірілді.  Осылайша,  биология  пәнін  оқыту  үдерісінде  омыртқасыздар 
зоологиясынан  білім  мазмұнын  іріктеу,  пәнді  оқыту  мақсаты,  берілетін 
теориялық  материалдар  мен  зертханалық  жұмыстардың  бір-бірімен  тығыз 
байланыста сәйкестендірілуі тиіс екендігі анықталды. 
Үшіншіден, ең маңыздысы, анықталған өлшемдер биология пәні бойынша 
білім  алушыларға  омыртқасыздар  зоологиясынан  білім  берудің  мақсатына 
сәйкес  келеді.  Омыртқасыздар  зоологиясынан  білім  берудің  мақсаты  
жануарлардың  негізгі  даму  деңгейлерін,  жануарлардың  жеке  даму  кезеңдерін, 
жануарлар  әлемінің  көп  түрлілігінің  себебін  және  оның  құрылуының  негізгі 
заңдылықтарын  көрсету;    зерделенетін  нысандарға  жалпы  биологиялық  және 
эволюциялық  қөзғарас  қалыптастыру;    адам  тіршілік  етуі  мен  табиғатта 
омыртқасыз жануарларың тәжірибелік маңызын көрсету болып табылады. Осы 
аталған  мақсат  негізінде  адамды  қоршаған  әлем  жөнінде  біртұтас  түсінік 


40 
 
қалыптастыруға және нақты табиғи болмыстың танымдық әдістерінің жүйесін 
және ондағы практикалық іс-әрекеттерді игеруге мүмкіндік беретін қоғам және 
адамның  табиғи  ортамен  өзара  байланысы  туралы  білім;  ортаның  барлық 
элементтерімен  нақты  байланыс  жасауға  мүмкіндік  беретін  және  ондағы 
болашақ  іс-әрекеттердің  негізі  болатын  біліктердің  теориялық  және 
практикалық компоненттерінің жүйесін жасау тәжірибесі анықталды. Бұл жеке 
тұлғаның ортамен оңтайлы өзара әрекеттесуге психологиялық дайындықтарын 
қалыптастыруды,  оны  сақтаудың,  қалыпқа  келтірудің  және  жаңартудың 
қажеттілігіне  көз  жеткізуін,  табиғи    құндылықтар  жүйесін  меңгеруді 
қамтамасыз  етеді.  Сонымен,  биологиялық  білім  берудің  мақсатын  жалпы 
тіршілік  туралы  білімнің  құрылымын  және  жекелеген  пәндерге  жіктелуін 
(ботаника,  зоология  және  т.б.),  ғылыми  білімге  тұтастық  пен  жүйеліліктің  не 
беретінін  біліп  алмай  биологиялық  білімді  жетілдіру  жолдарын  іздестіру 
мүмкін  емес.  Сондықтан  білім  алушыларда  ғылыми-практикалық  көзқарас 
қалыптастыру  үшін  теорияның,  әдіснаманың,  әлем  бейнесінің  байланыс 
жолдарын,  олардың  өзара  әрекеттесуі  формалары  мен  әдіс-тәсілдерін  білу 
маңызды [55]. 
Биологияны оқытуда виртуалды зертханалық жұмыстарды құрудың  негізгі 
өлшемдеріне  жаңа  әдіс-тәсілдер  мен  әдістемелерді  және  модельдеу  үрдісінде 
жаңа математикалық әдістерді қосуға: 
- икемділігі; 
- бағалауға  қолайлығы  жатады.  
Виртуалды  зертханалық  жұмыстарды  құрудағы  икемділік  өлшемі    оқыту 
үдерісіне 
қатысушылардың 
орындаған 
тапсырмаларды 
жіберу; 
оқу 
материалдарындағы  түсініксіз  бөлім  немесе  тақырыптар  туралы  толық  
түсініктеме  алу;  интерактивті  сауалнамалар  ұйымдастыру;  бір-бірімен 
коммуникативтік қарым-қатынас жасау, т.б. үшін өте қолайлы [56]. 
Бүгінгі  таңда  интернет  желілері  ресурстары  жоғарыда  көрсетілген 
икемділік өлшемдері оқыту үдерісіндегі  «оқытушы   білім алушы» арасындағы 
қарым-қатынастарды тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді (сурет 5).  
 
 
 
 
 
 
 
Сурет 5– Виртуалды зертханалық жұмыстарды құрудағы «оқытушы-білім     
алушы»  қарым-қатынастарының икемділігі 
 
Виртуалды  зертханалық  жұмыстарды  бағалауға  қолайлығы  өлшемі  білім 
алушылардың    виртуалды  тәжірибелерді  орындауы  мен  тәжірибеден  алынған 
нәтижелердің дәлдігін және виртуалды зертханалық жұмыстарды орындаудағы 
білім  алушылардың  тәжірибе  жүргізу  іс-әрекеттерін    бағалау    нормаларын  
Интернет желілері ресурстары 
(интернет беттері: электронды почта, чат, т.б.)
 
Оқытушы
 
Білім алушы 
 


жүктеу 4,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау