26
компьютерлік оқыту технологиясы – жаңа ақпараттар мен мәліметтер кешенін
компьютер арқылы дайындап, білім алушыға жеткізу.
Компьютерлік оқыту технологиясы арқылы білім алушылардың виртуалды
электронды білім беру ортасын құруда оқыту бағдарламарын дайындауға,
біріктіруге, орналастыруға және мультимедиялық әрі графиктік тұрғыдан
рәсімдеуге
қабілетті
қалыптастырушы
немесе
қамтамасыз
етуші
бағдарламаларболады.
Бұл
бағдарламалар
оқу
пәндерінің,
әсіресе
жаратылыстану цикліндегі пәндер бойынша тәжірибелік сабақтар мен
зертханалық жұмыстардың тиімділігін арттырады. Осы компьютерлік
бағдарламалар арқылы оқытушы өз бетімен әртүрлі интерактивті модельдер
құрып, тәжірибелер жасауға мүмкіндік алады.
Мұндай бағдарламалардың дидактикалық мүмкіндіктері зор, мәселен:
- өз бетімен әртүрлі күрделі модельдер құруға;
- шынайы тәжірибеде жүзеге асыруға қиындық келтіретін нысандардың
қасиетін, көлемін, т.б. өзгертіп құрастыруға;
- құрған модельді келесі пайдалануға дейін сақтауға;
- оқу материалдарына қатысты ақпараттарды көрнекілікпен (диаграмма,
график, кесте, т.б.) көрсетуге болады. Нәтижесінде білім алушылар оқу
материалдарын терең әрі толық қабылдауға мүмкіндік алады, сондай-ақ
қабылдау белсенділіктері артады [45].
Осылайша компьютерлік модельдер бірқатар виртуалды тәжірибелер
жасауға жағдай жасай отырып, білім алушылардың ақпараттық танымдық
қызығушылығын арттырып, оларды тек тәжірибені бақылаушы емес,
тәжірибені белсенді жүзеге асырушыларға айналдырады. Қазіргі Қазақстандық
білім беру – ақпараттық білім беру кеңістігінде, сондықтан заман талабына сай
болашақ мамандардың ақпараттық технологияларды пайдалана білу іскерлігі
мен кәсіби құзыреттілігіне қойылатын талаптар да арта түсуде.
1.2 Болашақ биолог мұғалімдерді даярлауда виртуалды зертханалық
жұмыстарды құру мен қолданудың мүмкіндіктері
Қазіргі әлемнің жоғары қарқынмен дамуы білім беру жүйесіне мамандар
даярлауға да жаңа талаптар қойып отыр. Білім беру іс-әрекетіндегі
инновациялар – білім беру қызметі нәтижелеріне жетуде әлеуметтік және
нарықтық сұраныстармен ерекшеленетін жаңа білімді, жаңаша әдіс-тәсілдер
мен технологияларды пайдалануды қажет етуде. Білім беру іс-әрекетіндегі әдіс
тәсілдердің бірі – ол білім алушылардың ақпараттық-технологиялық
дайындығы. Оқу материалдары мен оқыту әдістерін түрлендіру білім
алушыларды оқу іс-әрекеттеріне қызықтырудың маңызды шарттарының бірі.
Білім
беру
парадигмасының
шеңберінде
білім
беру
үдерісін
ақпараттандыру білім берудің үздіксіздігі мен ашықтығын қамтамасыз ете
отырып, бүкіл білім беру жүйесіне өзгерістер енгізуде. Оның ең бастысы
біріншіден, білім беруді кеңістіктік-уақыттық өзгерту, екіншіден, білім беру
үдерісінің барлық субъектілерінің коммуникациялық сипатын өзгерту болып
табылады. Білім беруді кеңістіктік-уақыттық өзгерту – бұл білім беру
27
кеңістігін кеңейту, яғни білім беру бағыттарының өзгермелігі, сондай-ақ білім
алушы мен оқытушының қашықтан өзара әрекеттесу мүмкіндіктері мен оған
қойылатын жаңа талаптардың пайда болуы.
Ақпараттық технологияларды қолдана отырып, білім беру үдерісін
ұйымдастырудың
кеңістіктік-уақыттық өзгерту
ерекшеліктеріне
білім
алушылардың:
- кәсіби оқытушылық іс-әрекетке қажетті білім мен біліктерді түрлі әдіс-
тәсілдермен алуы;
- алған білім мен біліктерді өмірлік және оқу іс-әрекеті жағдаяттарында
қолдана алуы жатады.
Ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуының салдарынан
компьютер барлығына бірдей қолжетімді затқа айналып, Интернет желілері
пайда болды, мұның барлығы білім беру салаларына да сөзсіз әсерін тигізуде.
Осылайша, алдымен білім берудің ағылшын тіліндегі, қазіргі кезде қазақ
тіліндегі
сайттары
шығып,
виртуалды
әлем
арқылы
байланыс,
коммуникациялық қарым-қатынас, пікір алмасу, т.б. дамуда. Білім беру
сайттары тәжірибе деңгейінде ғана емес, оқу үдерісіне енгізіле бастады. Оқу
орындарында оқытылатын пәндердің бағдарлама мазмұнының күрделенуі және
оның көлемінің артуы оқуға қажетті көмекші құралдарды дайындауды, оны
оқу үдерісіне тиімді ендіруді қажет етіп отыр. Білім беру саласындағы түрлі
сайттардың және оқыту технологияларының пайда болуы осы мәселелерді
шешуге мүмкіндік берді.
Бүгінгі таңда ақпараттық технологиялардың таралуына байланысты
дәстүрлі оқытуда қолданылып келген кино және диапроектор, магнитофон,
кодоскоп, т.б. орнын оқытудың жаңа техникалық құралы – компьютер
ығыстырды. Ол виртуалды зертханалық жұмыстарды орындаудағы оқу
кабинеттеріндегі зертханалық құрал-жабдықтардың ерекше бір сипатты
бөлігіне айналып отыр.
Виртуалды зертханалық жұмыстарды қолдануда «оқытушы – виртуалды
зертхана – білім алушы» қатынастары жүйесінің негізін сапалық, жартылай
сандық, параметрлік (сандық) тәсілдер жіктемесі құрайды.
Сапалық тәсіл – оқу ғимараты жағдайында орындауға күрделі құбылыстар
мен тәжірибелер компьютерлік экранды басқару арқылы орындауға мүмкіндік
береді.
Жартылай сандық тәсілде – виртуалды зертханада тәжірибе үлгіленеді
және оның жеке сипаттарын (кесте, құрылғылары т.б.) өзгертуге болады.
Параметрлік (сандық) тәсілде – үлгіде берілген сандарды оның үлгілік
сипатына (жылдамдығы, қозғалыс бағыты т.б.) қарай өзгертіп график
траекториясы алынады. Осы берілген жіктеме виртуалды лабораториялық
жұмысты көрсетуде (демонстрация), қорытындылауда, тәжірибе жасауда
пайдаланылады. Мұндағы көрсетілімді (демонстрация) пайдалану шынайы
орындалатын жұмысты жүргізу барысын үлкен экран немесе мультимедиялық
проектор арқылы жалпылама орындалады. Ал қорытындылауды пайдалану
жалпылама (көрсетілім, сұрақтарды пысықтау, қорытыныдылау т.б.) немесе
Достарыңызбен бөлісу: |