78
зертханаға жоғарыда келтірілген әдістемелік шарттың бір-біріне ұласу
қисынын (сурет 17) түрінде төмендегiдей тұжырымдап көрсетуге болады.
Сурет 17 – Виртуалды зертхананы ұйымдастырудың әдістемелік шарттары
Білім беру үрдісін ізгілендіруге байланысты білім алушылар тұлғасына
жаңаша қарым-қатынас жасау оқыту үдерісіндегі қолданылатын оқу
құралдарының орны мен рөлін електен өткізіп, қайта қарауды, олардың негізгі
қызметтерін есепке алуды мiндеттейдi. Оқытудың екі жақты үрдіс екені, онда
білім алушы мен оқытушының өзара әрекеті жүзеге асатыны мәлім, сол сияқты
бұл үрдіске білім мазмұны сияқты құрылымдық элементтің де қатысатыны
белгілі. Осы үш құраушының өзара байланысы арқылы виртуалды
зертханалардың оқу үдерісіндегі орны мен мәнi айқындалады. Виртуалды
зертхананың жоғарыда келтірілген сипаттамасы мен оқыту құрылымы
арасындағы қатынас оқу құралдарының оқыту үдерісіндегі рөлі мен орнын
анықтауға мүмкіндік береді (сурет 18).
Сурет 18 – Виртуалдық зертхананың оқыту үдерісіндегі
мәнi мен орны
Оқыту үдерісі
Білім алушы
Оқытушы
Білім мазмұны
Оқу
Оқыту
Виртуалдық зертхана
79
Виртуалды зертхананың оқыту үдерісіндегі осы ерекшеліктері білім
алушылардың танымдық және іс-әрекеттік белсенділігін көтерудегі маңызының
зор екендігін көрсетеді.
Осы айтылған сипаттамалардың маңыздылығын ескере отырып олардың
бiр-бiрiмен өзара байланыстылығын атап өту керек. Себебi, олар бiр тұтас
үдеріс ретiнде ғана білім алушылардың оқу материалын меңгеру нәтижесiнде
жаңа бiлiм сапаларына (бiлiм, бiлiк, сенiмдiлiк элементтерi) қол жеткiзулерiне
жол ашады. Қорыта айтқанда виртуалдық зертхананың көп қырлылығын білім
алушылардың бiлiм сапасын арттырудың құралы ретiнде қарастыруға болады.
Осы тұрғыдан алғанда виртуалдық зертхана бiлiм беру үрдісін iзгiлендiрудiң
маңызды факторларының бiрi болып табылады. Сондықтан да бiздің зерттеу
жұмысымызға арқау етiп отырған виртуалды зертханалық жұмыстар білім
алушылардың іс-әрекетін арттырудың маңызды құралы болып табылады.
Болашақ мұғалімдерді дайындауда виртуалды зертханалық жұмыстарды құру
мен пайдалану белгiлi бiр талаптар мен ұстанымдарға негiзделiп жасалу керек.
Әдiснамалық қағидаларға сүйенетiн болсақ, ұстаным бiр нәрсенiң (болмыс,
таным, пәндiк iс-әрекет) бастапқы негiзi болып табылады. Осыған байланысты
бiз жалпы дидактикалық ұстанымдарға (түсiнiктiлiк, мазмұндылық,
ғылымилық, оқу мен тәрбиенiң бiрлiгi, жүйелiлiк т.с.с.) сүйене отырып,
виртуалды зертханалық жұмыстарды құрудың қосымша ұстанымдарын
нақтылап ұсынып отырмыз:
Интерактивтілік принципі оқытуда компьютерді пайдаланудың ең басты
артықшылықтарының бірі интерактивтілік болып табылады, оның мәні – білім
алушылар мен компьютердің бір-бірімен өзара әрекет етуі және оларға
қолжетімді құралдар мен әдістерді пайдалану. Сондай-ақ екі тарап та қарым-
қатынасқа белсенді түрде қатысады: сұрақ және жауап алмасу, қарым-қатынас
барысын басқару, қабылданған шешімдердің орындалуын бақылау және т.б.
Компьютерлік
оқыту
бағдарламасының
интерактивтілігі
білім
алушылардың оқытушының кеңес беруі кезінде айтатын мәліметтерді ала
алатындай деңгейде болуы тиіс. Тапсырмаларды орындау кезінде білім алушы
қиналған жағдайда виртуалды зертхана туралы ойының әрі қарайғы желісін
айтып беруі тиіс, бірақ шешуін толық ашып бермеу керек. Бағдарлама білім
алушыға зертханалық жұмыс кезінде пайдаланатын құрал – жабдықтардың
дұрыстығын, жұмыс жасау кезінде зерттеуге алынған препараттың сәйкес келу-
келмеу, онымен қалай жұмыс жасау керектігі, жұмыс кезінде белгілі бір
құралды пайдалануға болатыны – болмайтыны және т.б. мәселелерді
уақытында хабарлауы тиіс. Сондықтан да виртуалды зертхананы құру негізінде
студенттің компьютер интеллектуалды көмекші болатын виртуалды ортамен
өзара әрекеттесуінің ұйымдастырылуын қарастыратын интерактивтілік
принципі жатуы тиіс. Виртуалды зертхана білім алушының белгілі бір іс-әрекет
түрлеріне мүмкіндік беріп немесе тиым салып, есептерді шешуге бағыттайды;
оқытушы нақты студенттің және жалпы топтың пән құзіреттілігінің құрылу
деңгейін тексеру үшін қажетті ақпараттың бәрін алады.
80
Биологиялық модельдеу принципі ақпараттық оқыту құралдары оқу
барысында оқытушының қызметін айтарлықтай өзгертеді. Дәстүрлі құралдарды
пайдаланған кезде оқытушының жетекші қызметі ақпараттық қамтамасыз
етілім (тақырыпты түсіндіру, қайталау, бекіту және т.б.) болса, ақпараттық
құралдарды пайдаланған кезде бұл қызметтерді компьютер орындайды (өйткені
оқу ақпараты оның жадысында немесе дискісінде жазылған), ал оқытушының
жетекші функциясы студенттердің танымдық қызметін басқару болып
табылады, оған оқу пәнінің құрылымын әзірлеу; оқыту мазмұнын іріктеу;
білімді меңгеру және бекіту үшін қосымша материалдарды дайындау және т.б.
сияқты міндеттер құрамындағы оқыту барысын жоспарлау, ұйымдастыру және
бақылау қамтылған. Виртуалды жабдықтың интерактивтілігімен үйлесім
тапқан демонстрация (көрсету) жаңа аспектіге ие болады, бұл тұрғыдан
алғанда, студент көрсетілетін материалды белсенділігі төмен түрде игеру
нәтижесінде білім алып қана қоймайды, сондай-ақ әртүрлі эксперименттерді
жасау және жүргізуге белсене ат салысады. Виртуалды зертхананы биология
сабақтарында пайдалану оқу-танымдық қызмет әдісі ретінде компьютерлік
биологиялық модельдеуді пайдалануға мүмкіндік береді. Биологиялық
модельдеудің мәні – биологиялық нысандардың қасиетін зерттеуге арналған
модельдеу құруда болып табылады. Биологиялық модельдеуде модель рөлін
сызба атқарады.
Биологиялық модельдеу барысында компьютерлік модельдеу курсының
кейбір терминдерімен таныстыру жүзеге асырылады. Ақпараттық модель,
модельдің
сәйкестігі,
формальдау
сияқты
ұғымдарды
биологиялық
демонстрациялайтын нысанды не үдерісті көріп қабылдау кезінде зерттелінетін
модельдермен байланыстыра қарастыратын болсақ, олар сәтті қабылдануы
мүмкін.
Сонымен виртуалды зертхананы оқу барысында пайдалану биологиялық
модельдеу принципіне сәйкес келуі тиіс, бұл практикалық сипаттағы
демонстрациялайтын нысанды не үдерісті көріп қабылдау кезінде биологиялық
модельдерді құру үшін компьютерлік құралдарды белсенді түрде пайдалануға
мүмкіндік береді. Виртуалды зертханамен жұмыс істеу өз бетімен оқуды
ұйымдастыруға мүмкіндік береді, мұнда студенттің әрбір іс-әрекеті (құрал-
жабдықтарды әзірлеу, зерттеуге алынған препаратты дайындау, бастапқы
мәліметтерді қалыптастыру, орындау, жауап) талданады және тиісті ұсыныстар
беріледі.
Виртуалды зертханалық жұмыстарды құрастыру мен оларды оқыту
барысында пайдалануда бiз оқу құралдарына қойылатын жалпы талаптарға
сүйендiк. Ол талаптарға сәйкес құралдарды:
- әрбiр бөлiмдегi негiзгi ұғымдардың мәнiн түсiну;
-ұғымдардың маңызды белгiлерi мен олардың генетикалық байланыстарын
ашу;
- ұғымдарды дамыту және алынған бiлiмдi жалпылау;
- пәндiк бiлiктер мен дағдыларды қалыптастыру және дамыту;
- жалпы және интеллектуалдық бiлiктiлiктi дамыту;
Достарыңызбен бөлісу: |