74
саралап оқыту технологиясы, П.М.Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді
ірілендіру
технологиясы,
В.В.Гузеев,
В.В.Сериковтың
интегралдық
технологиясы, В.И.Загвязинскийдің пәнішілік интеграциясы, Т.Т.Галиевтің
жүйелiлiк тұрғыда оқыту технологиясы, В.К.Дьяченконың компьютерлік
технологиясы, бұлардың әрқайсысының өзіне тән мақсаты, ерекшеліктері мен
артықшылықтары бар [105-107].
Осы технологияларға талдау жасай келе, біз ұсынылып отырған оқытудың
дәріс-семинар жүйесінде В.М.Монахов, П.И.Третьяков, М.А.Чошанов,
Қазақстанда
М.М.Жәнпейісовалардың
және
т.б.
модульдік
оқыту
технологиясын қолдану тиімді деп таптық.
Қазіргі кезде модульдік оқыту технологиясы көптеген елдерде қолданыс
тауып отыр. Ол ХХ ғасырдың 30-40 жылдары білім беру жүйесінің кәсіптік
білім беру саласында қолданылып, АҚШ, Германия, Англия және т.б. елдердің
кәсіптік және арнайы жоғары оқу орындарында тарала бастады. Біздің
еліміздің оқыту жүйесіне бұл оқыту технологиясы 90-жылдары енгізілді.
Бұл оқыту технологиясының мақсаты білім алушылардың оқу еңбегі мен
мұғалімнің педагогикалық үрдісті басқаруын дидактикалық модуль құру
арқылы оңтайландыру болып табылады. Биологияны оқыту үдерісінде
модульдік технологияны қолдану:
- оқытуды даралауды;
- білім алушылардың ойлау қабілеттіліктерін дамытуды;
- оқу іс-әрекеттерін өз бетімен жоспарлауға үйретуді: өз бетімен оқып-
үйренуге қажетті ақпараттарды тауып, өңдей алу, өзіне-өзі бақылау жасау мен
өзін-өзі бағалай алу дағдыларын жетілдіруді қамтиды.
Алған теориялық білімдерін практикалық іс-әрекетпен ұштастыру
ұстанымына бағдарлану оқытудың зерттеушілік әдістерін қолдануға мүмкіндік
береді.
Ал, нақты жаратылыстануды оқыту әдістемесінің даму кезеңдерін үш
кезеңге бөліп қарастыруға болады.
I кезең: Жаратылыстану әдістемесінің қазан революциясына дейінгі даму
кезеңі (1917 жылға дейін). Бұл кезең В.Ф.Зуеевтің 1786 жылы жарық көрген
«Табиғат тарихының кескіні» («Начертание естественной истории») атты
еңбегінен басталады. Автор бұл еңбегінде алғашқы рет әдістемелік міндеттерді
қарастыра бастады. ХІХ ғасырдың 2-жартысында А.Я.Герд өзінің әдістемелік
ұсыныстарын, яғни, 1883 жылы жарық көрген «Бастауыш мектептегі заттық
сабақтар» атты еңбегін шығарды.
Бұл еңбегінде ол алғаш рет сарамандық сабақтарды өткізудің, бақылау
жүргізудің, топсеруен мен заттық сабақтарды өткізудің әдістемесін ұсынды.
Яни, зертханалық жұмыстың негізі осы А.Я.Гердтен басталады. Солармен қоса,
жаратылыстану әдістемесінің дамуына еңбек сіңірген келесі ғалымдарды атап
кетуге болады: Д.Д. Семенов, Д.Н. Кайгородов, В.В. Половцов, В.П.
Порфирьевич, И.И. Полянский т.б. [108].
II кезең: Жаратылыстану (биология) әдістемесінің қеңес дәуіріндегі даму
кезеңі деп аталады. Кеңестік дәуір 1919 жылы Б.Е. Райковтың жетекшілігімен
75
жасалған «Жаратылыстанудың үлгілі бағдарламалары» еңбектерінен бастау
алады. Білім ордаларында қолданылып жүрген оқыту әдістері әрқашан бүгінгі
күндегідей болған жоқ. Адамзаттың дамуына, оқыту мақсаттарының өзгеруі
мен қоғамның жалпы мәдениетінің жоғарлауына қарай бұл әдістер өзгеріп
отырды. Оқыту мақсаттарына өндірістік күштердің даму деңгейі мен өндірістік
қарым-қатынастардың сипаты күшті әсер етті. Дидакт-ғалымдар «оқыту әдісі»
ұғымы жөнінде бір тоқтамға келмегендіктен, олардың жіктелуіне де
байланысты түрлі көзқарастарын білдіреді. Педагогика да, биологияны оқыту
әдістемесінде де оқыту әдістері әртүрлі критерийлер бойынша жіктелген. 1960-
жылдары қалыптасқан әдістер жүйесін алғаш рет мейлінше толық сипаттаған
Е.Я. Голант болды. Кейін дидактика бойынша жұмыстарында әдістерді
жіктеуге қатысты өз ойларын М.Н. Скаткин, И.Я. Лернер, Б.П. Есипов, М.А.
Данилов және т.б. ортаға салды. Әдістердің барлық жіктелістеріне тыңғылықты
шолу жасап, өзінің әдістерін жіктелісін ұсынған Ю.К. Бабанский болды.
Оқушылар белсенділігінің деңгейіне қарай жіктеу критериін Е.Я.Голант
ұсынды. Ол, пассивті әдістер қолданылғанда оқушылар тек қарап, естіп қана
қояды (әңгімелеу, дәріс, түсіндіру, топсеруен, демонстрация), ал активті
тәсілдер арқылы оқушылардың өздік жұмысы ұйымдастырылады (кітаппен
жұмыс істеу, зертханалық әдіс) деп жазған болатын. Кеңес одағы кезіндегі
жалпы білім беретін мектеппен жоғары оқу орындарына оқулықтары мен оқу
әдістемелік еңбектерін арнаған Қазақ КСР-ының алғашқы авторларының
ішінен келесі авторларды ерекше атап кетуге болады. Мысалы,
Х.Д.Досмұхамедов 1922 жылы шыққан қазақ тіліндегі тұңғыш «Адамның тән
тірлігі» оқулығын жазса, Ж.М Күдерин 1927-ші және 1930-жылдары басылып
шыққан «Өсімдіктану» оқулығын жарыққа шығарды. Қ.Аймағамбетова мен
Б.В. Мұқановтар 1968 жылы шыққан тұнғыш 2-3-сыныптарына арналған
«Табиғаттану» атты оқулық пен оқу-әдістемелік құралдарын жазып шықты. Ал,
С.Жұмабаев пен Т.М.Мұсақұлов 1969 жылы 4 сыныпқа арналған
«Табиғаттану» оқулығын, Ә.Бірмағанбетов, А.Көрғұлин, К.Жүнісовалар 1969
жылы 3-4-сыныптарға арналған «Табиғаттану» оқулығын жазып шығарды
[108, б.12-15].
III кезең: Қазіргі кезең, оқу мазмұны мен талаптардың өзгеруіне (1990
жылдан бастап) байланысты оқу бағдарламалары, оған сәйкес оқу
мазмұндары; оқу тәсілдері; оқу формалары; ондағы жұмыс түрлері өзгерді. Осы
салаға үлес қосқан отандық ғалымдардың ішінен келесі ғалым-әдіскерлерді:
Қ.Аймағамбетова, Қ.Қайым, К.Жүнісова, К.Мұхаметжанов, Р.Әлімқұлова,
Р.Сәтімбеков,
Ж.Б.Шілдебаев,
Н.Торманов,
С.Обаев,
А.Қисымова,
Қ.Ә.Жұмағұлова және Р.Ш.Ізбасароваларды ерекше атап кетуге болады [109].
Қазіргі таңда жоғарыда сараланған ғылыми-теориялық еңбектердегі
классикалық дидактикалық ұстанымдарға өзгерістер енгізіліп, оқытудың іс-
әрекетке бағдарланған тәсілдерімен толықтырылуда.
Дәстүрлі зертханалық жұмыс пен виртуалды зертханалық жұмыс
арасындағы айырмашылық төмендегі 13-кестеде келтірілген.
Достарыңызбен бөлісу: |