Шаймерденова гүлсана залқызы



жүктеу 4,93 Mb.
Pdf просмотр
бет29/48
Дата29.01.2020
өлшемі4,93 Mb.
#27669
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   48

70 
 
болатындығы  анықталды.  Егер  түпкілікті  иесі  жыртқыш  құстар  болса, 
мерозоиттар  ұсақ,  саркоцисталардың  қабырғасы  жұқа,  жарық  микроскопымен 
қараған кезде көлденең ирексіз болады екен. Эксперимент жасау кезінде және 
саркоспоридиялардың  ықтимал  түпкілікті  иесін  таңдауда  бұның  практикалық 
маңызы зор.   
1.Саршұнақтан  саркоцисталардың  екі  түрі  анықталды:  Sarcocystіs 
citellivulpes  және  Sarcocystіs  cittellibuteonis  sp.  Nov.  Саркоцисталардың 
кеміргіштерге  жалпы  жұғуы  6,2%-ды  құрады  (зерттелген  338-дің  21-і). 
Зерттелген кеміргіштердің  5,5%-ы Sarcocystіs citellivulpes,  0,5%-ы Sarcocystіs 
cittellibuteonis    пен  залалданған,  саркоцистаның  екі  түрі  бірдей  кеміргіштердің  
0,4%-на  жұққан.  
2. Sarcocystіs cittellibuteonis sp. Nov. Цистасының қабырғасы жұқа әрі тегіс, 
ұсақ  мерозоиттары  бар.  Түпкілікті  иесі  ақсары  (Buteo  buteo).  Препатентты 
кезеңі 7-15 , патентті кезеңі 4-2 күн.  
27  тәулікте  бұл  түрдің  цисталық  қабырғасының  құрылымы  қарапайым, 
Sarcocystіs muris-ке ұқсас. 27-ші тәулікте цистада цистозоиттардың барлық үш 
морфологиялық түрі болды: метроциттер, аралық жасушалар және мерозоиттар. 
40-шы  тәулікте  цистозоиттар  саны  артады.  138-ші  тәулікте  цистада  жетілген 
мерозоиттар, сондай-ақ бір метроцит және аралық жасушалар болады.  
3.Аралық  ие  организміндегі  Sarcocystіs  cittellibuteonis  цисталарының 
дамуы  бір  сатылы  мерогония  түрі  бойынша  өтеді,  бұл  2  сатылы  мерогониясы 
бар  саркоцисталардың  басқа  түрлерімен  салыстырғанда  тіршілік  циклінің 
қысқартылған кезеңін анықтайды.  
4.Sarcocystіs cittellibuteonis цистасы және бұлшықет жасушасы арасындағы 
зат алмасу молекулярлық деңгейде жүріп жатады, өйткені эндо және экзоцитоз 
процестері  байқалмайды.  Паразиттің  ие  жасушасына  белсенді  әсер  ету 
аймақтары  циста  полюстері,  метроциттердің  жиналған  орындары  болып 
табылады, мұнда миофибрилдердің дегенерация процесі өтеді.  
5.Саршұнақтың 
Sarcocystіs 
cittellibuteonis 
цисталары 
мен 
цистозоиттарының ультрақұрылымдық ұйымдасуы түпкілікті ие жыртқыш құс 
жапалақ  болып  табылатын  үй  тышқанының  Sarcocystіs  dispersa-сына  ұқсас. 
Цистозоиттар  мен  цитоплазмалық  органелла  көлемдері  ұқсас,  алайда  бұл 
түрлер бір-бірінен тіршілік циклінің түрі бойынша ерекшеленеді.  
6.Үй  тышқанының  жаңа  түрі  Sarcocystіs  musmustellis  sp.  Nov.  Алғаш  рет 
сипатталды. Түпкілікті иесі аққұлақ (Mustela nivalis)  болып табылады, мысық 
саркоцистаның  бұл  түрін  қабылдамады.  Цисталардың  қабырғасы  жіңішке  әрі 
тегіс,  патенталды кезеңі 14, патентті кезеңі 20 күн.  
7.Түпкілікті 
қожайынның 
токсономиялық 
тиістілігіне 
қарай 
саркоцисталардың  кейбір  морфологиялық  белгілері  шұғыл  ерекшеленетіндігі 
анықталды.  Егер  саркоцисталардың  түпкілікті  иесі  жыртқыш  сүтқоректілер 
болса,  цисталарындағы  цистозоиттар  ірі,  саркоцисталардың  қабырғасы  жуан, 
бездері  бар  болады  екен.  Егер  саркоцисталардың  түпкілікті  иесі  жыртқыш 
құстар  болса,  мерозоиттар  ұсақ,  саркоцисталардың  қабырғасы  жұқа  әрі  тегіс 
болады  екен.  Бұл  заңдылықты  саркоцисталардың  даму  кезеңін  зерттеуге 


71 
 
арналған  эксперимент  жасау  кезінде  ықтимал  аралық  иені  таңдауда 
пайдалануға болады.  
Осы  аталған  зерттеу  жұмыстарының  орындалу  жолдары  мен  нәтижелері 
бойынша  жасалған  виртуалды  зертхана  жұмыстары  бойынша    материалдарға 
жұмысымыздың  келесі    бөлімдерінде  толық  тоқталатын  боламыз.    Зерттеу 
нәтижелері  бойынша    мәліметтер    алғаш  рет  біз  ұсынып  отырған 
«Кеміргіштердің  саркоспоридиялары»  тақырыбында  виртуалды  оқу-танымдық 
зертханасының электрондық әдістемелік нұсқаулығына ендірілді.   
Болашақ  биолог  мұғалімдер  мұндай  зерттеу  мәліметтері  нәтижесінде, 
кеміргіштердің  саркоспоридияларының  тіршілік  ерекшеліктері  туралы  жаңа 
материалдармен ғылыми-теориялық білімін толықтырумен қатар, олар болжам 
жасау,  шешім  қабылдап,    оның  себеп-салдарын  анықтау  біліктерін  меңгереді. 
Биология  ғылымындағы  жаңалықтарды    жүйелі  түрде  оқыту  студенттердің 
жалпы  биоалуантүрлілік  және  олардан    қорғанудың  алдын  алу    туралы 
көзқарастарын 
қалыптастырады, 
жеңілдетеді 
және 
кеміргіштердің 
саркоспоридиялары  туралы  білімін  терең  меңгеруіне  мүмкіндік  береді. 
«Кеміргіштердің  саркоспоридиялары»  тақырыбында  виртуалды  оқу-танымдық 
зертханасының электрондық әдістемелік нұсқаулығын   ұсынудың қажеттілігі, 
білім  берудің  негізгі  мақсаты  –  білім  мазмұнын  жаңартумен  қатар,  окытудың 
әдіс-тәсілдері  мен  әр  түрлі  құралдарын  қолданудың  тиімділігін  арттыруды 
талап  етеді.  Осы  орайда  ел  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  халыққа 
жолдауындағы  «Оқу  үдерісінде  ақпараттық  технологияларды  білім  беру 
саласын  жақсартуда  қолданыс  аясын  кеңейту  керек»    деген  міндеттер  қойған 
болатын.  Осы  аталған  міндеттерді  жүзеге  асыру  үшін    біз,      Қазақстан 
Республикасында  біртұтас  білімдік  ақпараттық  ортаны  құру,  жаңа  ақпараттық 
технологияны  пайдалану  Қазақстан  Республикасындағы  ақпараттық  кеңістікті 
әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыру дегенді негізге алдық [102]. 
Осы  бағытта    қазіргі  кезде  ғылымның  қарқындап  дамуына  байланысты 
әрбір  ғылым  негізінің  мазмұны  кеңейіп,  тереңдеп,  сәйкесінше,  оларды 
оқытудың  әртүрлі  әдіс-тәсілдері  де  пайда  болуда.  Сол  себепті  әр  пәнді  оқыту 
әдістемесі жеке ғылым саласы болып қалыптасып, ірге тасы қалануда.  
Солардың  бірі,    компьютерлік  білім  беру  саласындағы  шынайы  әлем 
нысандараның  тәртібін  үлгілеуге  көмектесетін  және  студенттерге    өздігінен 
жаңа  білім  мен  іскерліктерді  игеруге  көмектесетін    виртуалды  зертханалар  
педагогтардың назарын аударып отыр.  
Осылайша, осы заманғы   білім жағдайындағы виртуалды үдеріс оны жаңа, 
виртуалды  компьютерлік  технологиялар  деңгейге  шығара  отырып,   дәстүрлі 
білім  берудің  бай  педагогикалық  әлеуетін  пайдалануға  бағытталған.  Бұдан 
басқа,  виртуалды  ақпараттық-оқыту  зертханалары  жағдайында  оқу  үлгілері 
арқылы  білімнің  жаңа  салаларын  зерттеуде  болашақ  мамандардың    қоршаған 
орта  құбылыстарын  танып-білуде  өздігінен  жұмыс  істеу  қабілеті  артады,  өмір 
сүру  барысында  туындайтын  міндеттерді  шешу  жолдарын  өздігінен  табу 
мүмкіндігі  қалыптасады,  алынған  білімді  тәжірибе  жүзінде  пайдалануға 
даярлығы  артады.  Ендеше,  болашақ  мамандардың  өздігінен  жұмыс  істеуіне 


жүктеу 4,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау