Шаймерденова гүлсана залқызы



жүктеу 4,93 Mb.
Pdf просмотр
бет34/48
Дата29.01.2020
өлшемі4,93 Mb.
#27669
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   48

81 
 
-  бар жүйенi  жаңа  бiлiммен толықтыру;   
-  алынған бiлiмдi жаңа теориялық тұрғыдан қайта тұжырымдау; 
-  бiлiм  мен  әр  түрлi    iс-әрекеттердi  түрлi  жағдаяттарға  (тасымалдау)  
қолдану. 
Виртуалды  зертханалық  жұмыстарды  құру    жөнiндегi  бiздiң  жұмысымыз  
келесi  алгоритм  бойынша iске асырылды. 
«Кеміргіштердің  саркоспоридиялары»  тақырыбында  виртуалды  оқу-
танымдық 
зертханасының 
электрондық 
әдістемелік 
нұсқаулығын   
құрастырудың  алғы  шарттарына  сүйене  келе,  «Виртуалдық  зертханалардың»   
келесідей  4  модуль тізбелерін ұсынамыз. 
1.  Кокцидиоздардың  диагностикасының  зертханалық  әдістерін  меңгеру. 
Фюллеборн әдісі; 
2. Дарлинг әдісімен кокцидий ооцисталарын  қарау; 
3. Микроскопиялық әдіс; 
4. А.Козелкин әдісімен цисталық мерозоиттар құрылымын анықтау [110-112]. 
 Әрбір  модуль  аяқталған  оқу  бірлігін  құрайды,  «Кеміргіштердің 
саркоспоридиялары»  тақырыбында  виртуалды  оқу-танымдық  зертханасының 
атқаратын  білім  беру  міндеттерін  нақтылайтын  модульдің  мақсаты,  мазмұны 
жоспарланған  нәтижелері  (модульді  оқып-үйрену  кезінде  қалыптасатын  білім, 
білік, дағдыларға қойылатын талаптар) болуы тиіс (кесте 14). 
 
Кесте  14  –  Кокцидиоздардың  диагностикасының  зертханалық  әдістерін 
меңгеру. Фюллеборн әдісі (1-модуль) 
 
Мақсаты 
Кокцидиоздардың 
диагностикасының 
зертханалық 
әдістерін  және    Фюллеборн  әдісі бойынша    виртуалдық 
зертхана мазмұныны ашу 


Қажетті 
құрал-
жабдықтар 
Микроскоп, ас тұзы, мақта, дәке, жіңішке сым ілгіштер, 
су,  зерттейтін  жануардың  нәжісі  (фекалий),  келісап, 
петри  табақшасы,  шыны  таяқшалар,  колбалар,  заттық 
және жабын әйнектер 
Модульдің  негізгі 
мазмұны 
Фюллеборн  әдісі.  Фюллеборн  әдісі  бойынша  үй 
тышқандарының  нәжісін  (фекалий)  зерттеу.  Бұл 
қарапайым және практикада кеңінен қолданылатын әдіс. 
Ол  үшін  алдын  ала  қаныққан  ас  тұзы  ерітіндісін 
(меншікті салмағы 1,18) дайындайды.  
Ас  тұзының  қаныққан  ерітіндісін  әзірлеу  үшін  1  л  суға 
350  г  ас  тұзын  салып,  жарты  сағат  қайнатады. 
Дайындалған 
ас 
тұзы 
ерітіндісін 
бөлме 
температурасында суытып, мақтамен сүзеді.  
Зерттеуге 5-8 г нәжіс алып, оны шыныаяққа салады да,  
 


82 
 
14 - кестенің жалғасы
 


 
аздап  тұз  ерітіндісін  қосады.  Сонан  соң  оны  таяқшамен 
(құмалақтарды  келісаппен)  әбден  езеді.  Нәжіс  (фекалий) 
қойыртпағына тұз ерітіндісін қосып (флотациялық сұйық 
пен  нәжістің  қатынасы  20:1  шамасындай  болғанша) 
сұйылтады  да,  таяқшамен  тағы  араластырады.  Нәжіс 
езіндісін  торкөзді  сүзгішпен  (дәке  немесе  темір  сүзгіш) 
қайта  сүзеді  де,  таза  шыны  ыдысқа  құйып  (ауызы  тар, 
мойыны  жіңішке  шыны  колбалар),  30-40  минут  бойы 
тұндырады.  Осы  мерзім  ішінде  құрт  жұмыртқалары 
сұйықтың бетіне қалқып шығады. Оларды сұйық бетінен 
сым  ілмешектермен  (2-3  тамшы)  іліп  алып,  заттық 
шыныға  тамызып,  бетін  жабын  әйнекпен  бастырып, 
микроскоппен анықтайды 
Сабақты 
ұйымдастыру 
формасы 
Диалог сабақтар және зертханалық  сабақтар 
Нәтижесінде 
Білім алушылардың: 
«Кокцидиоздардың 
диагностикасының 
зертханалық 
әдістерін меңгеру»  зертханасының  мазмұнына қатысты: 
-  ооцисталардың  бәрі  жұқа,  болар-болмас  байқалатын 
қабығы  бар  (әрқайсысында  4  спорозоит  бар  2 
спороциста)  изоспороидты  құрылымды  және  де  ол  жеке 
спороцисталарға оңай бөлінетіндігі туралы білімі мен; 
-  пішіні  жұмыртқа  тәрізді,  бір  жағы  айтарлықтай 
қарапайым  болады  және    ооцисталардың  көлемі  мен  
ұзындығы 18,9-19,8 мкм, ені 14,8-15,3 мкм болатындығы 
туралы біліктері қалыптастады 
 
Біздің  зерттеуіміздің  мақсат-міндеттеріне  сәйкес    Virtual  Lab    үлгісі 
бойынша кеміргіштердің саркоспоридиялары түрлерінің дамуын, биологиялық 
ерекшеліктерін зерттеудің лабораториялық жұмыстары дайындалды. Ол туралы 
диссертациялық жұмыстың 1.2 бөлімінде толық  танысуға болады.  
Біздің  ұсынып  отырған    модуль  бойынша  виртуалды  зертханалық  
жұмыстарды  орындау алгоритмін  келесі суреттерден  көруге  болады.  
Мұнда  жұмыстың  барысы  және  виртуалды  зертхананың  орындалу 
алгоритмін  толық  көруге  болады.  Толық  нұсқасы  диссертациялық  жұмыстың 
қосымшасында берілді ( қосымша Ә).   
 
 


83 
 
А)
 
 
 
 
ә) 
 
б) 
Сурет 19 – Кокцидиоздардың диагностикасының зертханалық әдістерін 
меңгеру. Фюллеборн әдісіне арналған виртуалды зертханалық  жұмыстың 
электрондық  нұсқасы  (а, ә, б) 


84 
 
Екінші модульді оқып-үйренуге 1- сағат уақыт бөлінеді. Оны жүргізу реті 
төмендегідей: 
1.  Білім  алушыларды    сабақтың  мазмұнымен,  оны  өткізу  формаларымен 
таныстыру. 
2.  Білім  алушыларды  диалог-сабаққа  жұмылдыру:  алдымен  2-3  студенттен  
«сарапшы» тобын құру, қалған топтағы студенттер сұрақтарға кезекпен жауап 
береді, «сарапшылар» жақсы сұрақ қойған және дұрыс жауап берген топтардың 
жұмысына баға береді.15- кесетеде «Дарлинг» әдісімен кокцидий ооцисталарын  
қарау тақырыбы бойынша модульі берілген.   
 
Кесте  15 – Дарлинг әдісімен кокцидий ооцисталарын  қарау (2-модуль) 
 
Мақсаты 
Дарлинг  әдісімен  кокцидий  ооцисталарын    қарап 
нәтижесін шығару 


Қажетті 
құрал-
жабдықтар 
Микроскоптар,  центрифуга,  стакандар,  пробиркалар, 
илеуіш,  кюветтер,  затты  және  жабын  шынылар, 
шыны  таяқшалары,  сымды петли, пинцеттер,  ооцист 
кокцидийлердің 
суреттері, 
натрий 
хлоридінің 
ерітіндісі,  глицерин,  зерттелетін  жануардың  нәжісі, 
қаныққан ас тұзы  
Модульдің 
негізгі 
мазмұны 
Дарлинг  әдісінде  шөгеру  және  флотациялау 
амалдары қатар қолданылады. Алдымен 3-5 г нәжісті 
немесе 
құмалақты 
шағын 
көлемдегі 
сумен 
араластырып 
езеді, 
қойыртпақты 
сымторлы 
сүзгішпен  сүзіп,  центрифугалық  пробиркаға  құяды. 
Центрифугада қарама – қарсы орналасқан пробиркаға 
да  нәжіс  сүзбесін  немесе  су  қосып,  олардың 
салмағын теңестіреді. Онан соң пробиркаларды 3000 
айналым/мин  жылдамдықпен  5  минут  центрифуга 
аспабымен 
айналдырады 
(бұл 
кезде 
құрт 
жұмыртқалары  тұнбаға  шөгеді).  Одан  кейін  тұнба 
бетіндегі  сұйықты  төгіп  тастап,  тұнбаға  тепе-тең 
мөлшерде  тығыздығы  1,205  кг/м  глицерин  және 
қаныққан  ас  тұзы  ертінділерін  қосып  дайындаған 
Дарлинг 
сұйығын 
құяды.  Тұнбаны 
Дарлинг 
сұйығымен 
жақсылап 
араластырады. 
Сыртқа 
төгілмейтіндей  етіп  шайқап,  1000  айналым/мин 
жылдамдықпен  3  минут  айналдырады.  Мұндайда 
нәжіс сұйығындағы құрт жұмыртқалары қалқып,  
сұйық  бетіне  шығады.  Оларды  темір  тұзақшамен 
сұйық  бетінен  сыдырып  алып,  заттық  шыныға 
тамызады, 
үстін 
жабын 
әйнекпен 
жауып, 
микроскоппен қарайды 


жүктеу 4,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау