Шаймерденова гүлсана залқызы



жүктеу 4,93 Mb.
Pdf просмотр
бет27/48
Дата29.01.2020
өлшемі4,93 Mb.
#27669
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   48

66 
 
экзоцитоз  процестері  анықталмады,  олай  болса,  ие  цистасы  мен  жасушасы 
арасындағы зат алмасу молекулалық деңгейде жүргізіледі.  
Метроциттерге  апикальды  кешен  органелласының  жоқтығы  тән,  сонда 
цитокинез пелликула инвагинациясының арқасында жүреді. Аралық жасушалар 
құрылысы  жағынан  мерозоиттарға  ұқсас,  бірақ  метроциттердің  де  қасиетін, 
яғни  ыдырау  қабілетін  де  сақтайды.  Мерозоиттар  –  жыныстық  даму  кезеңіне 
дайындалған  паразиттің  жыныссыз  репродукциясының  соңғы  фазасы. 
Sarcocystіs түрі цистозоиттарының мұндай классификациясын В.М.Федосеенко, 
А.В.Левит  және  T.V.Beyer,  J.S.Grikenene,  N.V.Sidorenko  жасаған.  Цистозоит 
ядроларында  хроматин  конденсациясының  әртүрлі  деңгейі  байқалады, 
метроциттерде  өте  аз,  ал  мерозоиттарда  өте  көп.  Жүргізілген  зерттеу 
саркоцистаның  Sarcocystіs  cittellibuteonis  деген  жаңа  түрінің  Sarcocystіs  түріне 
тән барлық ультрақұрылымдық белгілері бар екенін көрсетті [97, 98].  
Толық жетілген цисталар саршұнақтарда залалданғаннан кейін 1,5-2 айдан 
кейін  анықталады.  Дамудың  ерте  кезеңдерінде  цисталық  қабырға  бірден 
құралып,  Sarcocystіs-тің  көптеген  түріне  тән  құрылымы  қалыптасады. 
Септаларды  құрайтын  негізгі  зат  мөлшері  азғантай,  олар    27-ші  тәулікте 
құралатын  септаларда  бір-бір  метроциттер  түзілген.  В.М.Федосеенконың 
мәліметтері  бойынша  цистада  мерозоиттардың  түзілуі  метроциттердің 
ыдырауына негіз болады, бұл метроциттердің қалған материалының бөлінуімен 
және  аралық  жасушалардың  мекенінің  түзілуімен  қатар  жүреді.  Септаларда 
тиісінше  трансформацияланған  бұл  материал  цистаның  негізгі  затын  толтыру 
үшін пайдаланылады. В.М.Федосеенко, А.В.Левиттердің айтуы бойынша 27-ші 
тәулікте Sarcocystіs cittellibuteonis цисталарында метроциттерден басқа аралық 
жасушалар мен мерозоиттардың аздаған мөлшері түзілген екен, 40-шы тәулікте 
цистозоит  мөлшері  көбейіп,  Sarcocystіs-ке  тән  цистозоиттардың  барлық  үш 
морфологиялық  түрі  және  үлкен  құмтышқаннан  бөлінген  Sarcocystіs  muris, 
Sarcocystіs sp., анықталды. В.М.Федосеенконың сипаттауы бойынша 27 және 40 
тәулікте  цисталардағы  метроциттер  Sarcocystіs  citellivulpes-іне  сәйкес  келетін 
әртүрлі түрлермен берілген. Аралық жасушалар эндодиогения арқылы бөлінеді, 
нәтижесінде  екі  мерозоит  түзіледі,  ал  27,  40  тәулікте  цисталарды  зерттеу 
метроциттерден,  аралық  жасушалардан  түпкілікті  ие  ағзасында  бірден 
жыныстық 
циклді 
жүзеге 
асыруға 
қабілетті 
мерозоит-гамонттарға 
репродукциялану  барысын  растайды.  Залалданғаннан  кейінгі  138-ші  тәулікте 
цисталар  толық  жетіледі  және  олардың  құрамында  көбіне  Sarcocystіs-ке  тән 
және  түпкілікті  иесінің  ішегінде  жыныстық  даму  кезеңіне  дайын  толық 
органоидтар кешені болады. Негізінен метроциттер мен аралық жасушалардың 
аздаған мөлшері циста полюстерінен анықталады. Sarcocystіs cittellibuteonis-тің 
эндогенді  даму  циклін  зерттеу  жөніндегі  эксперименттік  жұмыстар  бірдей 
мөлшерде 
жұқтырылған 
жағдайда 
гемогрегариндермен 
спонтанды 
инвазияланған  саршұнақтарға  жұққан  саркоцисталардан  біршама  жоғары 
болатындығын  көрсетті.  Гемогрегариндер  мен  саркоцисталар  –  Coccidia-ның 
бір  класс  тармағына  жататын,  қарапайымдылардың  туыстас  топтары. 
Гемогрегариндердің  спонтанды  жұғуы  саркоцисталардың  ары  қарай  даму 


67 
 
қарқынын  күшейтуге  әсер  етеді,  өйткені  ие  ағзасының  табиғи  шыдамдылығы 
мен иммунологиялық реактивтілігін төмендетеді.  
Зертханалық 
және 
ауылшаруашылық 
малдарына 
жүргізілген 
эксперименттік  жұмыстар  аралық  қожайында  тек  қана  жыныссыз  көбею  – 
шизогония, ал түпкілікті иеде жыныстық қатынас – спорогония іске асатынын 
көрсетті.  Саркоспоридиялардың  толық  тіршілік  циклдерінің  мәнін  ашқаннан 
кейін  аралық  иедегі  таксоплазма  сияқты  саркоцистоздарға  ға  жедел  және 
созылмалы  фазалар  енетінін  көрсетті,  оған  шизогонияның  екі  кезеңі  сәйкес 
келеді, цистаалды және циста кезеңі. Саркоцистоздың жедел белгісі алғаш рет 
залалданған  кезде,  организмде  жаппай  жыныссыз  көбею  орын  алғанда  жас 
жануарлардан  байқалады.  Ауру  жіті  өтіп,  өлімге  апаруы  мүмкін. 
Саркоспоридиялардың бұлшықетте даму кезеңі қалыптасқаннан кейін аурудың 
созылмалы  фазасы  орын  алады,  бұл  әдетте,  бұлшықет  цисталарын  зерттеу 
кезінде  байқалады.  Циста  алдыңғы  мерогония  жаппай  барлық  ішкі  орган 
қантамырының эндотелийінде өтеді және бір немесе екі генерацияны құрайды. 
Мысалы,    J.P.Dubeудің      анықтауында  Sarcocystіs  cruzi-де  шизонттардың  1-
генерациясы  7-20  күнде,  2-генерациясы  19-6  күнде,  Sarcocystіs  hirsuta-дa 
меронттардың  1-генерациясы  7-23  күнде,  2-генерациясы  15-23  күнде,  ал 
цисталар  25-75  күнде  Sarcocystіs  bovicanis-те  1-генерация  15-16  күнде,  2-
генерация  20-33  күнде,  қой  мен  иттердің  Sarcocystіs  sp.-да  1-генерация  6-19 
күнде, O’Donoghue Peter et. Al-дің   зерттеуінде  2-генерациясы 21-34 күнде, ал 
цисталар 41-134 күнде пайда болады. А.Ruiz, J.K.Frenkel мәліметтері бойынша, 
Sarcocystіs muris цисталары мысықтарға жұғу үшін 76 күн керек екен, ал Sela-
Perez et.al. және т.б. мәліметтеріне сәйкес 97-105 күн қажет.  
Алақоржынның  түпкілікті  иесі  полярлық  жапалақ  S.Rauschorum 
цисталарында  метроциттердің аздаған мөлшері 9 тәулікте анықталды, ал 21-ші 
күні  цисталардан  Friesen  et.al  мерозоиттар  табылды.  S.Rauschorum  тіршілік 
циклі бір R.Cawthorn et.al.циста аралық шизогония қамтиды Sarcocystіs dispersa 
цисталары  10-11  күндер  аралығында  түзілді.  12-ші  тәулікте  цистаалдыңғы 
мерозоиттармен  қатар  бір  немесе  одан  да  көп  метроциттері  бар  және  т.б. 
цисталарды  байқады.  S.  Rauschorum  цисталарының  дамуын  зерттеген  кезде 
олар  аздаған  мөлшердегі  метроциттермен  бірге  9-шы  тәулікте  анықталды,  ал 
21-ші  күні  цистадан  Friesen  et.al.  мерозоиттар  анықталды  S.  Rauschorum 
тіршілік циклі бір R.Cawthorn et.al. циста аралық шизогонияны қамтиды [99]. 
Саршұнақтың  Sarcocystіs  cittellibuteonis  цисталарының  ультрақұрылымын 
зерттеу 27 тәулікте цистаның құрамында метроциттер, аралық жасушалар және 
мерозоиттар  болғанын  көрсетті.  Әдебиеттегі  мәліметтер  мен  жеке  зерттеу 
мәліметтерін негізге ала  отырып, біз мынадай қорытындыға келдік, түпкілікті 
иесі  жыртқыш  құстар  болып  табылатын  саркоцисталардың  тіршілік  циклі 
қысқа,  яғни  түпкілікті  иелері  жыртқыш  сүтқоректілер  болып  табылатын 
саркоцисталарға  қарағанда  олардың  цистаалдыңғы  мерогониясы  бір  сатылы 
және  де  цисталардың  «жетілу»  уақыты  тым  қысқа.  Олар  екі  сатылы 
шизогониямен және цисталарының жетілу кезеңінің ұзақтығымен сипатталады.  


жүктеу 4,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау