Шаймерденова гүлсана залқызы



жүктеу 4,93 Mb.
Pdf просмотр
бет28/48
Дата29.01.2020
өлшемі4,93 Mb.
#27669
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   48

68 
 
Жыныстық  процесс  және  спорогония  түпкілікті  ие  ағзасында  өтеді. 
Бұлшықет цисталарын жегеннен кейін цистозоиттар ішектің жіңішке бөлігінің 
эпителийлі жасушасына еніп, содан кейін эпителиалды қабатқа өтеді, ол жерде 
бірден  макро  және  микрогамонттарға  айналады.  Ұрықтандырылған 
макрогаметтер  ооцисталарға  айналып,  ішек  қабырғасында  споруляцияланады. 
Ооцистаның қабығы жұқа, жиі жыртылып кетеді, сондықтан да спороцисталар 
еркін  жатады.  Түпкілікті  иенің  ішегіндегі  мерозоит-гамонттардың  дамуында 
репродукция  фазасы  жоқ,  бұл  оның  жеке  ағзалардың  токсоплазмаларынан 
ерекшелігі.  Сарышымшықтың  бұлшықет  цисталарындағы  цистозоиттардың 
гаметоциттерге дамуы, әрі қарай тінде ооцисталардың қалыптасуын  Beyer  T.V 
бақылады. Осы ережені A.O.Heydorn, М.Rommel растады [100].  
Мерозоиттардың  мысықтың  аш  ішегінің  эпителий  жасушаларына  ену 
процесін  және  ит  бүйрегінің  таратылған  жасушаларын  R.Entzeroth 
ультрақұрылымдық  деңгейде  бақылады.  Ол  мерозоит  плазмалеммасы  мен  ие 
жасушасының  мембранасы  аймағы  арасында  тығыз  контактінің  түзілгенін 
байқады,  содан  кейін  ол  ішке  қарай  инвагинацияланады.  Автор  цитоплазмада 
«тығыз  түйіршіктер»  деп  аталатын  мерозоиттардың  бар  екенін  көрсетті, 
олардың сөлі роптриден және микронемадан ерекшеленеді. Бұл түйіршіктердің 
құрамы  бүйір  аудандарда  экструзирленіп,  ооциста  қабығының  мембранасын 
түзу  үшін  пайдаланылатындығы  анықталған.  Осы  сияқты  электронды  тығыз 
түйіршіктер Sarcocystіs cittellibuteonis мерозоит-гамонттарында көрсетілген.  
Sarcocystіs  түрінің  өкілдері  –  облигатты,  жасуша  ішіндегі  паразиттер, 
сондықтан  да  паразиттің  ие  жасушасына  енуі  туралы  мәселе  аса  маңызды 
болып табылады. Зерттелген Apicomplex-тің көпшілігінің жасуша ішілік дамуы 
«паразитофорлы  вакуоль»  деп  аталатын  цитоплазманың  залалданған 
жасушасының  ішкі  шектелген  кеңістігінде  жүзеге  асады  деген  көпшілік 
мойындаған  пікір  бар  және  де  оның  түзілуін  толықтай  R.Entzeroth  бақылады,  
бұл  мәселе  Т.В.Бейердің  монографиясында  жақсы  жазылған.  Оның  пікірінше, 
Sarcocystіs-тің  бұлшықет  ішіндегі  цистасы  да  паразитофорлы  вакуоль  болып 
табылады,  оның  түзілуіне  роптрия  мен  зоит  микронемасының  сөлі  әсер  етеді, 
осы мембрана негізінде цисталық қабырға құрылады.  
Sarcocystіs  dispersa  цисталарының  қалыптасуының  бастапқы  кезеңдерін 
зерттеген  кезде  В.М.Федосеенко  енген    цистаалды  мерозоиттарының  және 
лейкоцитарлы  мен  бұлшықет  жасушаларының  айналасында  паразитофорлы 
вакуольдардың  жоқтығын  анықтады.  Циста  алдыңғы  кезеңнен  цисталық 
кезеңге  өту  фазасында  цистаалдыңғы  мерозоиттың  жасуша  құрылымы  қайта 
құрылады,  соның  нәтижесінде  полярлы  емес  жасуша  метроцит  түзіледі,  яғни 
цистаның  түзілуі  циста  алдыңғы  мерозоит  деңгейінде  паразитофорлы 
вакуольдің  қатысуынсыз  жүреді.  Sarcocystіs  cittellibuteonis  цисталарының 
айналасындағы  саркоплазмалардың  түрленуі  бойынша  жанама  мәліметтер, 
әсіресе  миофибрилдердің  паразиттелуінің  құрылымынсыз  аймақ  материалына 
көшу морфологиясы циста полюстерінде осы қалыппен үйлеседі.  


69 
 
Үй  тышқандары  биік  таулы  жерлерден  басқа,  Қазақстанның  барлық 
жерлерінде  кездеседі,  көбіне  адамдар  мекендеген  жерлерде,  сондай-ақ  елді 
мекендерден тыс жерлерде де тіршілік етеді.  
Біз  зерттегенге  дейін  үй  тышқандарында  болатын  саркоспоридиялардың 
төрт түрі белгілі болды, олардың түпкілікті иелері да әртүрлі.  
Үй тышқандарының біз зерттеген саркоцисталары жарық және электронды 
микроскоппен  қараған  кезде  морфологиялық  жағынан  Sarcocystіs  muris-ке 
ұқсас. Морфологияны толық қарастырған кезде сипатталған саркоцисталардың 
цисталық  қабырғасы  Sarcocystіs  muris-ке  қарағанда  айтарлықтай  қалыңырақ, 
мерозоит  көлемі  аз,  спороцисталарының  орташа  көлемі  көбірек  болды. 
Зерттелген  саркоспоридиялардың  жеке  түрге  бөлінуінің  негізгі  факторы 
тіршілік  циклінің  ерекшеліктері  болып  табылады,  үй  мысықтарына  жетілген 
саркоцисталар  берілген  кезде  жануарлар  көбіне  спороцисталарды  бөліп 
шығармаған,  ішектің  жұқа  бөлігінің  қырнамасынан  да  анықталмады,  яғни 
мысықтардың ағзаларында паразиттің жыныстық даму фазасы жүрмеген. Басқа 
ықтимал  түпкілікті  ие  ретінде  біз  аққұлақты  пайдаландық,  сонда  Sarcocystіs 
musmustellis-тің  түпкілікті  ие  екені  анықталды.  Олай  болса,  паразиттердің 
олардың  иелерімен  облигатты  байланысы  теңдестірілген  паразит  ие  қарым-
қатынастардың  қалыптасуына  әкеп  соқтырды,  оның  мәні  ие  мен  паразиттің 
өзара  қарым-қатынас  сипатын  талдау  кезінде  ғана  емес,  сондай-ақ  иеаралық 
қарым-қатынастарды:  жыртқыш  және  құрбан  қарым-қатынастарын  қоса 
алғанда,  ие  экологиясының  спецификалық  ерекшеліктерін  түсіндіруде  болып 
табылады.  
Біз  Алматы  зооорталығынан  әртүрлі  уақытта  алынған  84  ақ  тышқанды 
спонтанды  жұғу-жұқпауға  тексерді.  Саркоцисталар  зооорталықтың  жеке 
тұлғалардан  сатып  алған  легінің  ішінен  екі-ақ  тышқаннан  табылған.  T.Smith 
және  W.E.Heston  мәліметтері  бойынша,  зертханалық  тышқандардың  60%-ына 
саркоцисталар  жұққан.  Қазіргі  таңда  арнайы  комбикормдарды  пайдалана 
отырып  зооорталықтарда  өсірілген  ақ  тышқандарға  саркоцисталар  жұқпаған, 
сондықтан  да  саркоцисталармен  эксперименттік  жұмыс  жүргізуді  сенімді  деп 
санауға болады [101].  
Саркоцисталардың  даму  циклі  паразиттің  осы  түрінің  аралық  және 
түпкілікті 
иелерінің 
трофикалық 
байланыстарына 
байланысты. 
Саркоцисталардың  аралық  иелері  көбінесе  шөп  жейтін  сүтқоректілер,  құстар 
мен  бауырымен  жорғалаушылар,  ал  түпкілікті  иелері  –  жыртқыш 
сүтқоректілер,  құстар  мен  бауырымен  жорғалаушылар,  олар  паразиттерді 
жемтігімен  –  аралық  иелерімен  бірге  қабылдайды,  олардың  ағзасында 
паразиттің жыныссыз кезеңі дамиды.  
Саршұнақ,  үй  тышқаны  саркоцисталарының  морфологиясы  мен  даму 
кезеңін  зерттеу  және  әдебиеттегі  мәліметтерді  талдау  түпкілікті  иесінің 
токсономиялық  тиістілігіне  қарай  саркоцисталардың  кейбір  морфологиялық 
белгілері шұғыл ерекшеленетіндігін көрсетті. Егер саркоцисталардың түпкілікті 
иесі  жыртқыш  сүтқоректілер  болса,  аралық  иесі  бұлшықеттеріндегі 
саркоцисталардың  қабырғасы  жуан,  көлденең  ирегі  бар,  мерозоиттары  ірі 


жүктеу 4,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау