96
- виртуалды зертханалық жұмыстарды тиімді пайдалануға деген
қызығушылықтары;
- оқу материалдарын зерделеуде өз бетімен қажет ақпараттарды
жинастыруда, әртүрлі тәсілдерді қолдана алуға құндылық ретінде
жауапкершілікпен қарауы арқылы сипатталады.
Білім алушылардың виртуалды зертханалық жұмыс арқылы биологиялық
нысандарды тиімді пайдаланудағы оқу білікті игеруінің когнитивті өлшемдері
білім алушылардың оқу материалын есте сақтау қабiлетiне, яғни, олардың
естерiнде сақталған материалдардың көлемiне байланысты оқу материалдары
мазмұнының мақсатын, міндеттерін, формалары мен құралдарын ажыратумен
анықталды. Зерттеу барысында виртуалды зертхананы тиімді пайдаланудың
когнитивті өлшемдерін анықтамас бұрын жалпы білім мазмұнының бір бөлігі
ретінде білім алушылардың биологиялық білімдері диагностикаланды.
Мысалы, тәжірибелік жұмыстарды «Кокцидиоздардың диагностикасының
зертханалық әдістерін меңгеру» және «Фюллеборн әдісі», мұнда алдымен білім
алушыларға «кокцидиоз», «Фюллеборн әдісі» ұғымдары бойынша теориялық
біліктерді қалыптастырудағы амалдық-әрекеттік өлшем білікті практикада
қолданудағы толықтығы, өзара байланысы көрсеткіштерімен сипатталады.
Айқындау эксперименті кезеңінде білікті практикада қолданудағы толықтығы,
өзара байланысы көрсеткіштері диагностикаланды, ал нәтижелігі көрсеткішіне
диагностика жасалынбады, себебі, уақыт көлемінің аздығы мен тапсырманың
тест сұрақтары арқылы берілуіне байланысты болды. Тест сұрақтарының
соңында білім алушыларға паразитология ғылымының зерттелуі мәселелеріне
баға беру тапсырмалары берілді. Оның нәтижелерін диагностикалау
көрсеткіштеріне сүйенсек паразитология ғылымының зерттелуі мәселелеріне
толық сипаттама бере алған да, ал паразиттердің үнемі немесе уақытша
тіршілік ортасы ретінде қолданылатын және қорек көзі болып табылатын ағза
екендігін және споралылардың паразиттік тіршілік етуіне байланысты ерекше
белгілерін сипаттауда білім алушылардың білім деңгейлерінің төмен
екендіктері байқалды.
Зерттеу нәтижелерін қорытындылай келе, айқындау экспериментінің
нәтижесінде оқу іс-әрекетінде білім алушылардың биологиялық білімдерінің
қалыптасу жағдайы айқындалды:
- диагностика көрсеткендей көптеген білім алушылардың кеміргіштердің
саркоспородия түрлері туралы білімді толық меңгеріп, виртуалды зертханалық
жұмыстарды пайдалануға деген қызығушылықтары, оның қаншалықты қажет
екендігіне жауапкершілікпен қарау сезімдері толық қалыптаспаған;
- оқу материалдарында кокцидиоздарға диагностика жасау білім қорының
аздығы, олардың жүйесіз берілуі айқындалды, оны ары қарай кеңейтіп,
тереңдетіп беруге базалық зоологиялық білім мазмұны негіз болатындығы
анықталды;
- оқу материалдарында білім алушылардың іс-әрекетін көрсететін
тапсырмалардың
аздығы,
олардың
бір-бірімен
байланысы
немесе
сабақтастығының жүйесіз берілуі айқындалды;
97
- виртуалды зертханалық жұмыстарын тиімді қолдану өлшемдеріне талдау
жасауда білім алушылардың білімді, оның бастапқы, продуктивті,
шығармашылық деңгейлерінде жеткіліксіз меңгергендіктері байқалды.
Тәжірибенің екінші қалыптастыру кезеңі 2014-2015 жылдар аралығын
қамтыды.
Білім алушылардың білімдерін қалыптастыру технологиясын жүзеге
асыру виртуалды зертханалық жұмыстарды жасау кезеңдеріне сәйкес
құрылды. Бірінші кезең – оқу іс-әрекеттерін ұйымдастыру кезеңі, екінші –
оқыту құралдарын жасау, үшінші – болашақ биолог мұғалімдерді даярлауда
виртуалды зертханалық жұмыстарды тиімді пайдалануды тексеру, түзету
енгізу және т.б.
Оқу іс-әрекеттерін ұйымдастыру кезеңінде болашақ биолог мұғалімдерді
даярлауға арналған «Кеміргіштердің саркоспоридиялары» тақырыбында
виртуалды оқу-танымдық зертханалық жұмыстың электрондық нұсқаулығы
жасалып эксперименттен өткізу мақсатында жұмыстар жүргізілді.
Білім беру жүйесін дамытудың заманауи үрдістері оқу үдерісіне
компьютерлік технологияларды ендіруді көздейді, қоғамдық өмірдің барлық
салаларына белсенді түрде қатысатын, өздігінен жұмыс істей алатын,
шығармашылығы мол тұлғаны қалыптастыру ЖОО негізгі міндеттерінің бірі
,
олай болса, білім алушылардың өз бетімен жұмыс істеу іскерліктерін
қалыптастыруда
виртуалды
оқу-танымдық
зертханалық
жұмыстың
электрондық нұсқаулығын жасау қажеттілігі туып отыр.
«Кеміргіштердің саркоспорлиялары» тақырыбына жасалған виртуалды
оқу танымдық зертханалық жұмыстың мақсаты
–
теориядан алған білімін
тереңдету, әр түрлі көлемдегі өлшеуіш құралдармен жұмыс жасауды оқыту,
әдістерімен
таныстыру,
жинау
технологияларын
үйрету
және
эксперименталдық мәліметтерді өңдеу, нақты зертханалық жұмыс дағдыларын
дамыту болып табылады.
Осы аталған нұсқаулық мазмұнына, споралылар типі – Sporozoa,
ғалымдардың ашқан жаңалықтары, саркоспордиялар
–
Sarcocystіs, үй
тышқандарының
(Mus
musculus)
саркоцисталары,
кеміргіштердің
саркоспоридияларымен залалдану жолдарын және қоздырғыштарының
морфологиясын анықтау атты дәрістік тақырыптар және кокцидиоздардың
диагностикасының зертханалық әдістерін меңгеру. Фюллеборн әдісі, Дарлинг
әдісімен кокцидий ооцисталарын қарау. Микроскопиялық әдіс, А.Козелкин
әдісімен цисталық мерозоиттар құрылымын анықтау тақырыбы бойынша
электрондық виртуалдық зертхана тақырыптары енді.
Сонымен, біз, ұсынып отырған электронды нұсқаулыққа 5 сағат дәрістік
материалдар және 4 сағат виртуалды зертханалық жұмыстар қамтылды. Оқыту
формасы дәріс-зертхана жүйесі түрінде жүргізіледі. Оқытудың дәріс-зертхана
жүйесі оқу үдерісінде дәстүрлі емес оқыту формаларын кеңірек қолдану
арқылы болашақ биолог мамандарының оқу үдерісіне саналы түрде
белсенділікпен қатынасуына, олардың өз іс-әрекеттерін өздері жоспарлауына
мүмкіндік туғызады. Нәтижесінде білім алушылардың ақпараттық
Достарыңызбен бөлісу: |