Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық Үйлестіру-әдістемелік орталығЫ



жүктеу 10,32 Kb.
Pdf просмотр
бет50/62
Дата14.05.2018
өлшемі10,32 Kb.
#12510
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   62

149
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
ПЫСЫҚТАУ.  Оқыту  процесінде  оқушылардың  алған  білімі  мен 
дағдысын  бекіту,  тиянақтау,  жүйеге  келтіру  мақсатымен  бұрынғы 
өткен  материалға  қайта  оралу.  Пысықтау  оқу-таным  жұмысының 
кезеңі,  оқыту  процесінің  қажетті  құрауышы.  Сабақ  құрамында 
пысықтау  ерекше  орын  алады.  Оқып  өткен  материалды  пысықтау 
оқушылардың  алған  білімін  есінде  сақтап  қалуына  жәрдем  етеді. 
Материалды жиірек пысықтап, дұрыс жаттықпайынша тиянақты білім 
алу қиынға соғады. Пысықтаудың түрлері көп. Осыған байланысты әр 
кездегі пысықтау – қайталаудың көздеген мақсаты, қолданылу әдіс-
тәсілдері де түрліше. Пысықтаудың қай түрі болса да, оқушылардың 
білімін  тұрақтандырып,  оларды  өздігінен  шығармашылық  еңбек 
етуге, ізденуге үйретеді.
ПІКІРСАЙЫС (лат. discussio — зерттеу, қарау). Ұжымдағы әртүрлі 
көзқарастың,  ой-пікірдің  ортаға  салынып,  көпшіліктің  талқысына 
түсуі. Пікірсайыста қате көзқарастарды әділ сынап, жеңу көзделеді. 
Пікірсайыс түрлері: жиналыс, конференция, пікірталас және т.б.
ПІКІРТАЛАС (лат. disputо – айтысамын, сөйлесемін). Пікірсайыстың 
айқын көрінетін, кең таралған түрі. Пікірталастың тақырыбы нақты, 
көкейтесті  болумен  бірге,  ондағы  мәселе,  ұсынылатын  әдебиеттер 
қатысушыларға  күні  бұрын  таратылады.  Уақыт  тәртібі  сақталып, 
шебер жүргізуші тағайындалады. 
ПІКІРТЕРІМ, САУАЛДАМА. Сұрақтар арқылы мәліметтер жинау. 
Пікіртерім  әлеуметтану,  психология,  педагогика  және  т.б.  ғылым 
салаларындағы  зерттеулерде  қолданылады.  Пікіртерім  әдістемесі 
сауал қою және сұхбаттасу болып екіге бөлінеді.
- Р -
РЕЙТЕР  КЕСТЕСІ.  Сараптамалық  бағаның  бақылау  парағы, 
бұл  парақ  өлшеуге  жататын  және  нақты  бағасы  берілетін  бақылау, 
тестілеу талаптары мен параметрлерінен тұрады. Рейтер кестесі сөй-
леу  және  жазу  саласындағы  сөйлеу  өнімінің  сапалық  және  сандық 
сипаттамаларын (мазмұндық және формалды компоненттері) беруге 
және бағалауға мүмкіндік береді. Әдетте, рейтер кестесіне марапаттау 
балдары мен шегерім балдары да қамтылады.


150
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
РЕЙТИНГ (ағылш. rating – баға, тәртіп, классификация). Белгіленген 
шкала бойынша қандай да бір құбылыстың субъективті бағасын біл-
діретін  термин.  Рейтингтің  көмегімен  әлеуметтік-психологиялық 
нысандарды ортақ қасиеттері бойынша алғаш рет классификациялау 
жүзеге  асырылады.  Әлеуметтік  ғылымдарда  рейтинг  бағалардың 
көптеген шкалаларын құруға, атап айтқанда еңбек қызметінің әртүрлі 
қырларын бағалау негізі болады.
РЕПЕТИТОР (лат. repetitor – тексеретін адам). 1. Жеке немесе топпен 
оқытуға  және  компьютерлік  бағдарлама  негізінде  білімді  бақылауға 
арналған техникалық оқыту құралының бір түрі. 2. Әдетте, оқушыға 
курсты, сабақты меңгеруге көмектесетін, үйге келіп оқытатын мұғалім.
РЕПРОДУКТИВТІ  ЖАТТЫҒУЛАР.  Арналымы  бойынша  бөлінген 
жаттығу  түрі;  естіген  немесе  оқыған  нәрсені  айтумен  байланысты. 
Шығармашылық  репродукция  кеңейтумен,  тарылумен,  өзгертумен, 
жинақтаумен  және  т.б.,  яғни  бірқатар  ойлау  операцияларымен 
байланысты. Репродуктивті жаттығуларды орындау кезінде оқушылар 
ең алдымен мазмұнына назар аударады, сондай-ақ ол сөйлеу ойына тиісті 
жадыдан тілдік материалды алады. Репродуктивті жаттығулар – сөйлеу 
қызметінің барлық түрлерін оқытудың қажетті кезеңі болып табылады.
РЕПРОДУКТИВТІ-КРЕАТИВТІ  ОҚЫТУ  ӘДІСІ  (лат.  сгеаtio  – 
жа сам паздық).  Польшада  дайындалған  тілді  оқытудың  аралас  әдісі 
(Генцель,  1988),  сондай-ақ  Краков  жоғары  педагогикалық  мек-
тебінде  филолог  студенттерге  орыс  тілін  оқыту  кезінде  алғаш  рет 
қол данылған. Аталған әдіс бойынша оқыту (басқаша атауы мәтіндік-
когнитивті) сөйлеу дағдылары мен шеберліктерін қалыптастырудың 
басты көзі ретінде жазбаша мәтінге сүйене отырып, коммуникативті 
құзыреттілікті  қалыптастыруға  бағытталған.  Осы  тұрғыдан  алған 
кезде әдіс концепциясы М.Уэсттің әдістемелік идеяларына негізделеді 
(Основные направления..., 1972).
РЕФЕРАТ ( лат. referre — баяндау, хабарлау). Ғылыми еңбектің маз-
мұнын жазбаша қысқаша жазу немесе ауызша баяндау. Оқушыларды 
реферат жазуға орта сыныптан бастап үйрете бастау қажет.
РЕЦЕПТИВТІ  ЖАТТЫҒУЛАР.  Арналымы  бойынша  бөлінген 
жаттығудың бір түрі; аудару және оқу кезінде дайын тілдік материалды 


151
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
қабылдаумен байланысты жаттығулар. Сипаты жағынан рецептивті 
жаттығулар пассив емес: сөйлеуді қабылдау кезінде мнемоникалық 
процестер  (білу,  еске  түсіру)  де,  әртүрлі  ойлау  операциялары  да 
(анализ,  синтез,  тұжырымдама  және  т.б.)  қолданылады.  Рецептивті 
жаттығулар  шығармашылық,  белсенді  сипатта  болады.  Рецептивті 
жаттығулар тілдік және сөйлеу болуы мүмкін; олар сөйлеу қызметінің 
барлық түрлерін қалыптастыруға қажет.
РӨЛДІК  ОЙЫН.  Сабақ  барысында  ұжымдық  оқу  әрекетін  ұйым-
дастыру формасы, оның мақсаты – сөйлеу дағдылары мен шеберлік-
терін қалыптастыру және дамыту. Оқушыларға рөл бөлініп беріледі 
де, рөлдік ойынның тақырыбына сәйкес қарым-қатынас жасау жүзеге 
асырылады. Уақыт жоспарына сәйкес оқытушы мен оқушының өзара 
байланысын  басқарудың  тұтас  бір  циклін  білдіреді,  бұл  цикл  үш 
кезеңнен тұрады: рөлдік ойынды дайындау, оны өткізу, нәтижелерін 
ұжым  болып  талқылау.  Әлеуметтік-тұрмыстық  рөлдік  ойындар 
(мақсаты  –  әлеуметтік-тұрмыстық  қарым-қатынас  жасау  саласында 
өзге  тілде  сөйлеу  дағдылары  мен  шеберліктерін  қалыптастыру) 
және кәсіби педагогикалық (мақсаты – үйреніп жатқан тілде кәсіби 
қарым-қатынас жүргізу дағдылары мен шеберліктерін қалыптастыру, 
оқушылардың педагогикалық әдіс-тәсілдерін қалыптастыру) рөлдік 
ойындар  деп  бөлінеді.  Шын  мәнінде,  кәсіби  педагогикалық  рөлдік 
ойындар – іскер ойынның бір түрі, бұл маманның болашақтағы кәсіби 
қызметінің заттық және әлеуметтік мазмұнын қалыптастыру құралы 
болып табылады (Акишина, 1986; Арутюнов, 1989; Вербицкая, 1986).
- С -
САБАҚ.  1.  Бір  пәнді  оқытуға  арналған  оқу  сағаты.  2.  Оқушыға 
берілетін тапсырма. Сабақ – жалпы білім беретін орта мектептерде, 
кәсіби-техникалық және арнайы орта оқу орындарындағы оқытудың 
сыныптық-сабақтық  жүйесінде  оқу  сабақтарын  ұйымдастырудың 
негізгі  нысаны.  Оқу  жұмысының  нақты  белгіленген  көлемімен 
және  оның  белгілі  бір  уақыт  ішінде  (әдетте,  45  минут)  орындалу 
ретімен сипатталады. Сабақ-сабақ кестесі бойынша арнаулы сынып 
бөлмелерінде, оқу кабинеттері мен лабораторияларда, оқу-тәжірибе 
үлескілерінде өтеді.


жүктеу 10,32 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау