5
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
- А -
АБАЙТАНУ САБАҒЫ. Республикамыздың жоғары оқу орын-
дарында студенттерді ұлы ақынның әдеби мұрасымен тереңдей
таныстыру үшін өтілетін арнайы семинар-сабақ. 1942-1943 оқу жы-
лында ҚазМУ-дың филология факультетінде М.Әуезовтің же тек -
шілігімен ұйымдастырылған. Абайтану сабағында М.Әуезов не гі-
зінен ақынның шығармаларын оқып-білу, мән-мағынасын терең мең-
геру, оны өз бетімен талдау арқылы ой қорыту, оған сын пікір айту,
реферат жаздыру, баяндама, қосымша баяндама жасату жолдарына
ерек ше мән берген. Қазіргі кезде абайтану сабақтары білім беру меке-
мелерінің барлық оқу сатыларында жүйелі жүргізіліп келеді.
АВАНГАРДТЫ ПЕДАГОГИКА. Педагогикалық идеялар мен инно-
вациялық
жаңалықтар жасалып, тексеруден өткізетін педагогика.
АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ. Автомат тан-
дыруға және жекелеп оқытуға арналған компьютер базасына орна-
тыл ған техникалық, бағдарламалық қамтамасыз етілімнің өзара
бай ла нысқан кешені. Автоматтандырылған оқыту жүйесінің линг-
вис тикалық және бағдарламалық қамтамасыз етілімі дегеніміз –
компью термен тілдесуді қамтамасыз ететін арнайы бағдарламалау
тіл де рінің жиынтығы. Автоматтандырылған оқыту жүйесінің кө ме-
гімен: 1. оқушылардың бастапқы деңгейі, дағдылары, епті лік тері,
олардың жеке басының ерекшеліктері анықталады; 2. оқу мате риалы
ұсынылады; 3. материалды меңгеру сапасына қоры тынды бақылау
жүр гізіледі; 4. оқушылардың танымдық қызметін басқа ру жолға
қойылады; 5. оқушылардың оқу материалын меңге ру про цесінің
көрсеткіштері тіркеліп, статистикалық анализ жаса ла ды. Автомат-
тандырылған оқыту жүйесінің техникалық жабдықтарына ЭЕМ,
оқу құралдарымен жабдықталған оқушы мен оқытушының жұмыс
орын дары ЭЕМ-нің жұмыс орындарымен байланыс желісі жатады.
Автоматтандырылған оқыту жүйесінің лингвистикалық тұрғыдан
қамтамасыз етіліміне оқушылардың оқыту бағдарламасына сәйкес
компьютер арқылы бір-бірімен тілдесуін қамтамасыз ететін тілдер
жатады. Автоматтандырылған оқыту жүйесінің бағдарламалық
6
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
тұрғыдан қамтамасыз етілімі – автоматтандырылған оқыту жүйесіне
жүктелген қызметтерді жүзеге асыратын ЭЕМ бағдарламалары жа-
тады. Автоматтандырылған оқыту жүйесінің ұйымдастырылуы жа-
ғы нан қамтамасыз етілуі оның жұмысын реттейтін әртүрлі құжат та -
ма лардан тұрады.
АВТОРЛЫҚ МЕКТЕПТЕР. Оқу-тәрбие мекемесі. Мұн дай мектеп тің
қызметі авторы немесе авторлары сол мектепті құрушы ұжым болып
табылатын психологиялық-педагоги калық тұжырымдамаға негіз де леді.
АҒЫМДАҒЫ БАҚЫЛАУ – сабақ барысында жүргізілетін күн де-
лік ті бақылау.
АЙЗЕНК ТЕСТІ. Адамның ақыл-ой қызметінің әртүрлі аспектілерін,
сондай-ақ математика мен тілдерді меңгеру саласындағы арнайы қабі-
леттерінің дамуын бағалауға арналған ең танымал интеллектуалды
тесттердің бірі.
АЙТЫЛЫМ. Сөйлеу біртұтастығына ие және өзекті бөлшектер
арқы лы анықталатын сөйлеу актісі құрамындағы сөйлеу қарым-
қаты насының бірлігі. Айтылым қарапайым сөйлемнің үлгісіне емес,
сөй лем ге және хабарламаға сәйкес келеді (сөз-сөйлем, диалогтік сөй-
леудегі жауап қайтару репликасы). Кейде бұл термин «сөйлемнің»
орнына қолданылады. Бірақ сөйлем тіл бірлігі ретінде – формалды
тұрғыдан қарастырылса, сөйлеу бірлігі ретінде – мағыналық тұрғы-
дан қарастырылады. Айтылым әдетте, мағыналық тұрғыдан қарас-
тырылады. Қазіргі таңда айтылымды талдау барысында лингво ди-
дак тикада дискурс термині жиі қолданылады.
АКАДЕМИЯЛЫҚ ҚАРЫЗ. Оқушының бір оқу жылындағы
немесе семестрдегі оқу кезеңінде қандай да бір оқу пәнінен болған
аттестациядан қанағаттанарлықтай нәтиже бермеуі.
АКСЕЛЕРАЦИЯ (лат. acceleratio – жеделдету). Соңғы жүз жыл да
байқалған балалардың жеделдетілген дамуы. Оны бірқатар биоло гиялық
және әлеуметтік факторлардың әсері арқылы түсіндіруге бо ла ды.
АЛГОРИТМ (лат. аlgorithmi – ортаазиялық математик аль Хорезми
есімінің формасы). Тапсырмаларды шешудің белгілі бір ережелер
жиынтығы; бірдей тапсырмаларды шешуге бағытталған белгілі бір