146
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
оқушылар жаттығуларды орындау нәтижесінде алған материалын
бекіту үшін, тілдік құбылыстың негізгі сипаттарымен танысулары
тиіс (формасы, мағынасы, қолдану ережесі).
ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУ (ағылш. problem education). Проб-
лемалық оқыту дегеніміз – оқытушының басшылығымен проб-
лемалық ситуацияларды туғыза отырып, оны шешу жолында сту-
дент тердің белсенді дербес іс- әрекетін қалыптастыру, мұның
нәтижесінде білім, біліктер мен дағдыларды шығармашылықпен
игеру, ақыл-ой қабілеттерінің дамуы іске асады. Проблемалық
оқытудың мақсаты ауқымды: ғылыми таным нәтижелерін меңгеріп
қана қоймай, оны алудың жолдарын игеру; студенттің танымдық
дербестігін қалыптастыру және шығармашылық қабілеттерін
дамыту; білім, білік, дағды жүйелерін меңгеру және дүниетанымды
қалыптастыру. «Проблемалық оқыту» ұғымы 20-30 жж. кеңес және
шетел мектептерінде кеңінен тарады. Проблемалық оқыту американ
философы, психолог және педагог Джон Дьюидің (1859-1952)
теориялық кағидаларына негізделеді. Д.Дьюидің философиялық
және психологиялық көзқарастары бойынша адам қиыншылықтарға
кездескенде шешім іздеп, әртүрлі жолдарын қарастыра бастайды.
Д.Дьюидің тұжырымдамасында мына сатыларды атайды: қиындықты
сезіну; оны табу және анықтау; оны шешудің жорамалын жасау;
іс-тәжірибе арқылы жорамалды тексеру мен басқалар. Кейіннен
«қиындық» термині «проблема» деп атала бастады. Педагогикалық
әдебиеттерде бұл құбылыстың бірнеше анықтамалары бар. Айталық,
«проблемалық ситуация» мен «оқу проблемасы» проблемалық
оқытудың негізгі ұғымдары. Оқу проблемасы - ақыл-ой ізденісінің
бағытын анықтайтын, қызығушылықты оятатын меңгеру процесінің
логикалық - психологиялық қарама-қайшылықтарының көрінісі.
Педагогикалық проблемалық ситуациялар белсенді әрекет бары-
сында, танымдық жаңалығын, маңыздылығын баса көрсететін оқы-
тушының қоятын сұрақтарының көмегімен туады. Проблемалық
ситуациялар оқу процесінің барлық кезеңдерінде түсіндіру, бекіту,
бақылау барысында туады. Оқытушы ерекше әдістемелік тәсілдерді
147
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
пайдалана отырып, проблемалық ситуацияларды тудырады: ол
қарама-қайшылықты тудырады да, одан шығудың жолын табуды
студенттердің еншісіне қалдырады; бір сұраққа әртүрлі пікір білдіреді;
студенттерді салыстыруға, топшылауға, фактілерді сәйкестендіруге
итермелейді; анық сұрақтар қояды (негіздеуге, айғақтауға, логи-
калық талқылауға); проблемалық теориялық және практикалық тап-
сыр маларды анықтайды; проблемалық тапсырмалар қояды (әдейі
қате жіберілген, уақыты шектелген, сұрағы анық емес және т.б.).
Проб лемалық оқыту барлық жағдайда бірдей тиімді бола алмайды.
Практикада көрсеткендей проблемалық оқыту процесі танымдық
белсенділікті дамытуда, жаңа білімді меңгеруде студенттердің әртүрлі
білім деңгейін анықтап отыр. Шығармашылықтың түріне сәйкес
проблемалық оқытудың екі түрін бөліп айтуға болады: біріншісі,
теориялық шығармашылық студенттің өзі үшін жаңа ережені, заңды,
теорияны ашады. Мұның негізінде теориялық оқу проблемаларын қою
және оны шешу дағдыланады; екіншісі, практикалық шығарма шылық:
студенттің меңгерген білімін жаңа ситуацияда қолдануы, құрастыруы,
ойлап табуы негізінде практикалық оқу проблемаларын қою және
оны шешу мақсат көзделеді. Проблемалық оқытудың барлық түрі
студент іс-әрекетінің шығармашылығымен, проблеманы шешудегі
ізденіспен сипатталады. Оқытушы мен студенттің өзара әрекетінің
сипатына қарай проблемалық оқытудың төрт деңгейін анықтауға
болады: өзіндік емес белсенділік деңгейі - оқытушының тү сін діруін
қабылдауы, проблемалық ситуация жағдайында ақыл-ой әрекетінің
үлгісін меңгеруі, оқушының өзіндік жұмысты орындауы, ауызша
жауап беруі; жартылай өзіндік белсенділік деңгейі - меңгерген білімді
жаңа ситуацияда қолдана алуы, оқытушының қойған проблемасын
шешуі; өзіндік белсенділік деңгейі - студент тапсырманы өздігімен
орындауы, жаңа ситуацияда қолдануы, кұрастыруы, жорамалдарды
дәлелдеуі, өзіндік пікір айтуы; шығармашылық белсенділік деңгейі
- студент логикалық талдауды қажет ететін өзіндік жұмыстарды
орындайды, жаңа амалдарды ашады, дербес шешім шығарып топшы-
лайды, психологиялық мәселелерді шешу жолдарын ұсынады.
148
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
ПРОБЛЕМАЛЫҚ СҰРАҚ. Оқушыны танымдық әрекетке тарту
мақсатында қойылатын сұрақ. Мысалы, химия сабағында «Су» деген
тақырыпты өткен кезде мұғалім оқушыларға мынадай проблемалық
сұрақ қоюына болады: су сұйық зат, ол зат пен оттектен тұрады, сутек
те, оттек те жанады. Олай болса, теңізді неге жағуға болмайды?
ПРОБЛЕМАЛЫҚ ТАПСЫРМА. Оқушыны күрделі танымдық-
ізденістік іс-әрекетке жұмылдыру мақсатында берілетін тапсырма.
Проблемалық тапсырма оқушының ойлау қабілетіне, пайымдауына,
өз бетінше ізденуіне әсер етеді.
ПРОЕКТОР (лат. projector – алдыңа көрсету). Негатива, диапозитив,
фотосурет (үлкейтілген, кішірейтілген немесе шынайы түрінде)
бейнесін экранға бейнелейтін оптикалық аспап.
ПРОПЕДЕВТИКАЛЫҚ (грек. propaideuō – алдын ала оқытамын)
КУРС. Белгілі бір пәнді терең оқуды ескертетін, сығылған және
қарапайым түрде баяндалған дайындалған кіріспе курс. Шет
тілін үйретудің бастапқы кезеңінде қысқа ғана сабақ мерзіміне
есептелген, мақсаты студенттердің жаңа әлеуметтік-мәдени орта-
сына бейімделуіне көмектесу және үйренген тілді күнделікті
қарым-қатынас барысында пайдалануға бейімделуге үйрету болып
табылатын сөйлеуге бейімделу курсы түрінде өткізіледі.
ПРОСПЕКТ (лат. prospectus – түр, шолу). Жазбаша хабарлама түрі,
ойды мақалада, кітапта алдағы уақытта жазбаша баяндау жоспары.
ПРОФИЛЬДІК ОҚЫТУ. Мектепте, әдетте, жоғары сыныптарды
оқуға мамандандыру, мысалы, гуманитарлық сыныптар, матема-
тикалық сыныптар, экономикалық сыныптар, шет тілін тереңдетіп
оқитын сыныптар. Профильдік оқыту оқушылардың кәсіби бағытына
қарай ұйымдастырылады.
ПСИХОЛИНГВИСТИКА - (көне грек тілінен psyche – жан, лат.
lingue- тіл) - жалпы, ой, сезім, түйсік, елес, қабілет, мінез, әдет, қарым-
қатынас сияқты психикалық әрекеттердің тілдік жүйедегі көрінісі,
яғни, психология мен лингвистиканың аралығындағы ғылым саласы.
Ол сөйлеу процесін, оның мазмұны, коммуникативті рөлі, сөздің ойға
қатысы тұрғысынан зерттейді. Психолингвистиканың негізгі бағыты
- қазіргі кездегі инженерлік психология, нейро және патопсихология,
шетел тілдерін оқыту міндеттерімен ұштасуда.
Достарыңызбен бөлісу: |