Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық Үйлестіру-әдістемелік орталығЫ



жүктеу 10,32 Kb.
Pdf просмотр
бет46/62
Дата14.05.2018
өлшемі10,32 Kb.
#12510
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   62

137
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
оқушы мен оқытушы арасындағы диалог болып табылады. Іс жүзінде 
қарым-қатынасқа түсу жағдайларын имитациялайтын ойындар кеңінен 
пайдаланылды, сондай-ақ оқытушылар мен оқушылар орындаған іс-
әрекеттерге  түсініктемелер  берілді.  Аталмыш  оқыту  әдісі  ХХ  ғ.  20-
30  жж.  айтарлықтай  танымал  болды  және  ауызекі  сөйлеудің  кіріспе 
курстарында жүзеге асырылды (Гез, Фролова, 2008; Миролюбов, 2002).
ОҚЫТУДЫҢ  ТАЛДАУ-ИМИТАТИВТІ  ӘДІСІ.  Материалды 
талдау  (жете  түсінген)  сәтін  және  оның  еліктеу  кезін  құрайтын 
әдіс.  Оқытушы  кестесін,  артикуляция  сызбасын  қолдана  отырып 
материалды түсіндіре бастайды. Бір уақытта дыбыстық үлгі беріледі. 
Түсіндірме мен көрсетілімнен кейін ғана тіл үйренушілер дыбыстық 
үлгіні еліктеп айтады.
ОҚЫТУДЫҢ ТӘРБИЕЛІК МАҚСАТЫ. Әртүрлі жанрдағы мәтін-
дермен жұмыс істеу, оқушылармен әңгімелесу, фильмдер,  қойы лым     -
дар көру, аудиториядан тыс жұмыстар жүргізу сияқты жұмыстар жүр-
гізу барысында жүзеге асатын шет тілдерін (практикалық, дамытушы 
және жалпы білім беретін тілмен қатар) оқыту мақсаттарының бірі. 
Тұлғаның  дүниетанымы,  ойлау,  есте  сақтау  қабілеті,  адамгершілік 
және  эстетикалық  көзқарастары,  мінез-құлық  белгілері,  өз  бетінше 
білім  алу  және  тәрбие  алудағы  қажеттіліктер  сияқты  қасиеттері 
жан-жақты  дамыған  кезде  ғана  жүзеге  асады.  Оқытудың  тәрбиелік 
мақсаты оқушының жасын, қызығушылығын _және деңгейін ескере 
отырып, оқытудың барлық мақсаттарын кешенді түрде жүзеге асыру 
кезінде ғана іске асады.
ОҚЫТУДЫҢ  ҰЙЫМДАСТЫРУ  ФОРМАСЫ.  Белгіленген  тәр-
тіп пен және белгілі бір режимде жүзеге асырылатын оқытушы мен 
оқушының бірлескен қызметінің сыртқы көрінісі. Оқытудың ұйым-
дастыру  формасы  оқытудағы  жеке  және  топ  болып  оқудың  арақа-
тынасын, оқушылардың танымдық қызметтегі белсенділік деңгейін, 
осындай қызмет бағытындағы оқытушыны белгілейді. Жоғары оқу 
орнындағы  оқу  түріне  қатысты  мынадай  оқытуды  ұйымдастыру 
формалары  болады:  аудиториядағы  практикалық  сабақ  (сабақ), 
аудиториядан  тыс  практикалық  сабақ,  лабораториялық  сабақ, 


138
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
дәріс,  кеңес  алу,  семинар,  коллоквиум,  оқу  практикасы,  сынақ, 
емтихан, әңгімелесу. Оқытудың ұйымдастыру формасы оқыту жүйе-
сінің  компоненттері  болып  табылады.  Оқытуды  ұйымдастыруда 
оқытушының басқарушылық рөлі басым тұру керек. Кейде мұндай 
оқыту түрін басқарып оқыту (ағылш. other-directed learning) немесе 
өзін-өзі  басқарып  оқыту  ретінде  қарастырылатын  оқушылардың 
өзіндік қызметі (ағылш. Selfdirected learning) деп атайды.
ОҚЫТУДЫҢ  ЭВРИСТИКАЛЫҚ  ӘДІСІ.  Тілдерді  оқыту  әдісі 
(1-ші  мағынасында).  Оқытушы  оқушылардың  тілді  талдау  негі-
зінде  жаңалықты  өз  бетінше  ашуларына  итермелейтін  арнайы 
таңдалған сұрақтарды пайдалануын қарастырады. Сабақ барысында 
оқушылар бұрын игерген сөйлеу тәжірибесіне сүйене отырып, жаңа 
ұғымдарды тудырады, грамматикалық анықтамалар мен ереже лерді 
қалыптастырады.  Әдетте,  оқытудың  эвристикалық  әдісі  оқушы-
лардың тілдік міндеттерді шешу, рөлдік ойындарға қатысу, жазбаша 
және  ауызша  жаттығуларды  орындау  сияқты  белсенді  танымдық 
қызметінің  басқа  да  түрлерімен  ұштастырылады.  Көбіне  индукция 
принципі бойынша жаңа материалды түсіндірумен үйлестіріледі.
ОҚЫТУШЫ.  Орта  мектептер  мен  жоғары  оқу  орындарында  са-
бақ,  лекция,  семинар,  лаборатория  жұмыстарын  басқаратын  оқу 
мәндерінің маманы.
ОҚЫТУШЫҒА  АРНАЛҒАН  КІТАП.  Жалпы  оқулыққа  және 
оқулықтағы  әрбір  сабаққа  жеке-жеке  берілген  әдістемелік  пікірден 
тұратын  оқу  кешенінің  компоненті.  Оқытушының  оқыту  қызметін 
басқару  функциясын  жүзеге  асырады.  Жұмыс  істеу  тәсілдері  мен 
формаларын, педагогикалық процесті ұйымдастыру тәсілдерін оқы ту-
шының ойына түсіреді, осылайша оқытудың жалпы деңгейін арттыруға, 
педагогтің әдістемелік сауаттылығын арттыруға ықпал етеді.
ОҚЫТУШЫЛАРДЫҢ  БІЛІКТІЛІГІН  СЫРТТАЙ  АРТТЫРУ. 
Көптеген  елдерде  кеңінен  қолданылатын  және  оқытушыларды 
дайын даудың  ұлттық  жүйесінің  компоненті  болып  табылатын  бі-
ліктілігін  арттыру  мақсатында  оқытушыларды  оқыту.  Оқытушы-
лардың  біліктілігін  сырттай  арттыру  жүйесіне  тыңдаушылардың 


139
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
оқу  материалдарымен  жеке  жұмысы  және  күндізгі-сырттай  оқу 
сессияларына  қатысу  кіреді.  Оқытушылардың  біліктілігін  сырттай 
арттыру  міндеттері  мамандықтарына  профильді  және  жалпы  білім 
пәндерін тыңдаушылардың оқуы кезінде жүзеге асырылады.
ОҚЫТУШЫНЫҢ ОҚУ САБАҒЫНДАҒЫ ТІЛІ. Оқу сабағындағы 
оқытушының дидактикалық тілі.
ОҚЫТУШЫНЫҢ  ОҚЫТУ  ФУНКЦИЯСЫ.  Түсіндіру,  көрсету 
және  бекіту  сияқты  оқыту  әдістерінен  көрініс  табатын  оқытушы 
қызметтерінің  бірі.  Түсіндіру  және  көрсету  кезінде  жаңа  ақпарат 
ұсынылады,  сондықтан  да  оқытушының  ақпарат  беру  қызметін 
оқытатын қызмет компоненті ретінде қарастырған жөн. Бекіту кезінде 
оқушылардың  іс-әрекеттері  бағаланады,  мұндай  жағдайда  бағалау 
қызметі оқушы қызметінің компоненті ретінде қарастырылады.
ОЛИМПИАДАЛАР  (грек.  оlympias,  оlympiados).  Айтарлықтай 
дайындалған  және  дарынды  оқушыларды  анықтауға  ықпал  ететін, 
оқушылардың  әртүрлі  пәндер  бойынша  жарысуы.  Олимпиада 
оқушылардың  білімдері  мен  қабілеттіліктерін  тексеріп,  сыни 
тұрғыдан  бағалауға  мүмкіндік  береді.  Олимпиада  өткізу  үшін  құ-
ры латын пән комиссиясы олимпиадаға арналған тапсырмалар, әдіс-
темелік  нұсқаулықтар  дайындап,  жеңімпаздарды  анықтайды,  олар 
дипломмен  марапатталады  (мұндай  диплом  кейбір  жоғары  оқу 
орындарына түскен кезде талапкерлерге басымдық береді).
- Ө -
ӨЗ  БЕТІНШЕ  ОҚУ.  Оқытушының  тікелей  қатысуынсыз,  өз 
бетінше білім алу процесі. Өз бетінше оқудың мақсаттарын жүзеге 
асыру  үшін  өздігінен  үйрететін  кітаптар,  тілдескіштер,  фоно  және 
бейнефонограммалар  мен  компьютерлік  бағдарламалар  пайда-
ланылады. Шет тілін өз бетінше меңгеру үшін, көбіне тілдескіштер 
пайдаланылады.  Тілдескіштердің  үш  түрі  болады:  оқуға  арналған, 
салалық  және  туристік.  Кейбір  тілдескіштер  компакт-дискілермен 
жабдықталған, бұл ауызекі тілді іске қосуға көмектеседі.
ӨЗАРА  ОҚЫТУ.  Топпен  оқыту  әдісі.  Оқыту  ісі  барысында  білім 
алушылардың әрқайсысы топтың өзге мүшесіне бір мезгілде мұғалім 


жүктеу 10,32 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау