Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық Үйлестіру-әдістемелік орталығЫ



жүктеу 10,32 Kb.
Pdf просмотр
бет1/62
Дата14.05.2018
өлшемі10,32 Kb.
#12510
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ 
МИНИСТРЛІГІ
ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ЖҰМЫС КОМИТЕТІ
Ш.ШАЯХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ 
ҮЙЛЕСТІРУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫ
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
АСТАНА, 2016


Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің 
тапсырысы бойынша
 «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 
2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»  
аясында шығарылды
Пікір жазғандар: Н.Құрман, педагогика ғылымдарының          
 
                        докторы, профессор.
                                А.Әділбек, филология ғылымдарының 
                                кандидаты, доцент.
Әдіскер  анықтамалығы  /  Құрастырған:  Б.Қапалбек 
А.Кеңесова, А.Жұмағұлова.  - Астана, 2016. – 195 б.
Анықтамалықта    әдістемеге  қатысты  маңызды  терминдер 
мен  терминдік  тіркестер  қамтылып,  оларға  ғылыми  сипат-
тамалар  берілген.  Бұл  –  тілді  оқыту  әдістемесіне  арналып 
әзірленген  қазақ  тіліндегі  алғашқы  анықтамалық.  Кітап 
әдіскерлерге,  жоғары  оқу  орындарының  оқытушылары  мен 
мектеп мұғалімдеріне және осы салада ізденушілерге арналған.
   
 
 
 
 
   © Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси 
   
 
 
 
        жұмыс комитеті
                                                             ©  Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді 
                                                              дамытудың республикалық үйлестіру-
                                            әдістемелік орталығы, 2016
Ә 17
ӘОЖ 81´25 (035)
          Ә 17
ISBN 978-601-7504-39-7
ISBN 978-601-7504-39-7
ӘОЖ 81´25 (035)


3
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
АЛҒЫ СӨЗ
«Тіл  -  өлшеусіз  қазына,  өрісі  кең  әлем»  деп  халқымыз  тегін 
айтпаған.  Өйткені  тіл  арқылы  адамзат  қарым-қатынас  жасап, 
көкірегіндегі көрікті ойын сөзбен сомдайды. Тіл байлығы мол адам-
ның  ойлау  қисыны  да  жақсы  дамитынын,  өмірдің  қысылтаяң 
сәтінде  дұрыс  жолды  таңдай  алатынын  замана  дәлелдеумен 
келеді.  Бүгінгі  ғылым  мен  техника  қарыштап  дамыған  заманда 
да  тіл  үйренуге  деген  талпыныс  артпаса,  бәсеңдеген  жоқ.  Жаңа 
технологияларды  пайдалана  отырып  тілді  үйрету,  мемлекеттік 
тілді насихаттау мәселелері күн санап өзектілігін арттырып келеді. 
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы                                  
№ 110 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тіл дер ді 
дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемле кеттік 
бағдарламасының  басты  міндеттерінің  бірі  ретінде  мемлекеттік 
тілді оқытудың әдіснамасын жетіл діру және стандарттау мәселесі 
алынған болатын.
Мемлекеттік  тілдің  өрісін  кеңейту,  оның  әлеуетін  арттырып, 
қоғам өмірінің қай саласында болмасын кеңінен қолданыс табуына 
жағдай  жасау    бүгінгі  күннің  өзекті  мәселелерінің  бірі.  Сіздерге 
ұсынылып отырған «Әдіскер анықтамалығында» мемлекеттік тілді 
оқы ту әдістемесіне қатысты  қолданылатын  терминдер іріктеліп 
алынып,  олардың  ғылыми  анықтамалары,  мағыналары,  қосымша 
сипаттары  беріледі.  Анықтамалық  өзінің  мазмұны,  мақсаты  мен 
міндеті жағынан қазақ тілін оқыту әдістемесі саласындағы тер-
миндердің  анықтамалығы  болып  табылады.  Анықтамалықты 
тү зуде, оның материалдарын сараптауда қазақ тілін оқыту әдіс-
темесіне  қатысты  дәстүрлі  әдіс-тәсілдерге  қоса  жаңа  үрдістегі 
әдіс-тәсілдерді  толықтай  қамту  негізгі  ұстанымдардың  бірі 
ретінде  алынды.  Тілімізді  кемелдендіретін,  жетілдіретін,  оның 
бейнелілігі  мен  тереңдігін  көрсететін  саланың  бірі  терминология 
саласы екенін есте сақтай отырып, жинақ авторлары лингвистика, 
педагогика,  психология,  экономика  және  басқа  да  салаларға  тән 


4
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
терминдердің  қазақ  тілін  оқыту  әдістемесімен  өзара  ұштасып 
жататын тұстарын қамтып өтеді. 
Еліміз  тәуелсіздік  алғалы  ұлттық  терминология  кеңістігінде 
терминдерді аудару мәселесіне байланысты тың ойлар талқылануда. 
Әсіресе, салалық терминдерді аудару  мәселелеріне қатысты нақты 
мемлекеттік  көзқарас    орнығып  келеді.  Анықтамалықта  мақсат-
міндеттері межеленген бұл саланың өзекті мәселелері төңірегіндегі 
дәйекті  пікірлер  ескеріле  келіп,  оқу  үдерісінде  жиі  қолданылатын 
терминдер мен терминдік тіркестердің мағыналары ашылған. Оқыту 
үдерісінде ғылым мен техниканың жетістіктеріне байланысты күн 
санап  еніп  жатқан  жаңа  терминдердің  дефинициясы  келтірілген 
бұл еңбекті ғылыми-практикалық мақсатта да қолдануға болады. 
Бұл  еңбекті  өзінің  сипаты  жағынан  әрі  анықтамалық,  әрі 
оқу  құралы  деуге  болады.  Себебі  оның  мазмұны  мен  құрылымы 
тіл  үйренушілердің  академиялық  білімін  толықтырумен  бірге, 
әдіскерлерге  тіл  үйрету  барысында  қажетті  әдіс-тәсілдерді 
пайдалануға да мүмкіндік береді. Анықтамалықта терминдер әліпби 
тәртібімен  беріліп,  көпмағыналы  терминдердің  анықтамалары 
нөмірленіп көрсетілген. 
Қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру мақсатында әзірленген 
еңбекті  құрастыру  барысына  тілші  ғалымдар,  әдіскерлер,  сала 
мамандары тартылды.
Құрметті  оқырман,  қазақ  тілін  оқыту  әдістемесі  саласының 
бұл анықтамалығы қазақ тілін меңгерушілердің пайдалы көмекшісі 
болады деген сенімдеміз. 


жүктеу 10,32 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау