143
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
жасай білу), ұйымдастырушылық (шәкірттерін әр алуан қарекет
түрлеріне еліктіріп, тарта білу, қатысушылардың бәрін біріктіріп,
олардың мүдделерін қойылған мақсатты орындауға бағыттай білу),
перцептивтік (баланың ішкі жан дүниесін ұғына білу, олардың сезімдері
мен жай-күйін түсіне білу, эмпатияға қабілеттілік), болжамдаушылық
(педагогикалық көрегендік жасай білу, педагогикалық қызметтегі
өзара әрекеттестік нәтижелерін болжай білу), суггестивтік (мұға-
лімнің эмоциялық, ерік-жігерлік иландырушылық ықпалы, нық
айтыл ған жігерлі сөзбен қажетті әсер нәтижесіне жете білу қабілеті),
экспрессивтік (мұғалімнің өзінің білімі мен сенімдерін эмоциямен
әсерлі етіп айтып жеткізе білуі, артистизмі, дауыс ырғағы, ым-ишара,
оңтайлылық элементтерін жетік меңгеруі).
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА. Жоғары және орта педагоги ка-
лық оқу орындарындағы кәсіптік оқыту түрі, болашақ мұғалімдерді
практикалық даярлау. Педагогикалық практика педагогтің кәсіптік
іс-әрекетіне жақын жағдайда өткізіледі. Педагогикалық практика
процесінде болашақ мұғалімдердің өз кәсібін меңгеруі кемелдене
түседі. Студенттер нақты практикалық іс-әрекетке кіріседі, лауазым-
дық міндетін орындаумен тікелей танысады және мұғалімнің кәсіптік
мінез-құлық логикасын меңгереді.
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ СЫНЫПТАР. Жоғары сыныптағы қабілетті
оқушыларды педагогикалық әрекетке даярлайтын сыныптар.
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ. Педагогтың оқыту және күн-
делікті оқу-тәрбие жұмысы барысында ие болатын практи ка лық білім,
дағды, шеберліктерінің жиынтығы. Оқыту техноло гияларын игеру
оқытушының кәсіби шеберлігінің негізін құрайды. Педагогикалық
тәжірибе педагогика ғылымы мен лингводидактиканың қайнар көзі
болып табылады.
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕНІ ЕНГІЗУ. Басқа педагогтардың
педагогикалық жаңалықтарды, идеяларды пайдалануын қамтамасыз
ететін шаралар жүйесі. Біліктілікті арттыру жүйесі, бағдарламалар
басып шығару, директивті құжаттар арқылы жүзеге асады.
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕНІ ҚОРЫТУ. Педагогикалық
жалпы сипаттағы ойлар мен тұжырымдарды, жекелеген фактілер мен
145
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
Практикалық жұмыстарды жүйелі түрде орындау – анализ,
синтез, салыстыру, жалпылау, оқытудағы теория мен практиканың
байланысы, оқушылардың дербестілігі мен танымдық күшінің да-
муы сияқты ойлау амалдарын меңгерудің маңызды құралы. Прак-
тикалық жұмыстар білімді бекітуге және нақтылауға себепші
болады. Оқытудың бастапқы сатысында практикалық жұмыстар
жаттықтырушы сипатта болады. Жұмыстың күрделілігі біртіндеп
өзгереді: оқушылар көп уақыт алмайтын оңай тапсырмалардан
күрделі тапсырмаларды орындауға көшеді. Тиісті дағдыларды
меңгергеннен кейін оқушылар практикалық жұмысты өз бетімен
жүргізулеріне болады.
ПРАКТИКАЛЫҚ ОҚЫТУ. Оқушы мен оқытушының тікелей
бірлескен іс-әрекеті арқылы жүзеге асатын оқытудың ең көне түрі.
Ол баулу арқылы оқытуға негізделгендіктен, негізінен өндірістік
еңбекте жиі қолданылады.
ПРАКТИКАЛЫҚ ТАПСЫРМА. Теориялық білімін практикада
іске асыру үшін берілетін тапсырма. Практикалық тапсырмаға
лабораториялық жұмыс,
тәжірибелік жұмыс, т.б. жатады.
ПРАКТИКУМ. Оқу процесін ұйымдастыру нысаны; оқушылардың
практикалық және лабораториялық жұмыстарды өз бетімен орындауы.
Оқу курсының ірі бөлімін тәмамдағанда немесе оқу кезеңінің
соңында өткізіледі. Еңбек практикумының мазмұны мен түрі жалпы
білім беретін мектептегі еңбек оқуының профиліне сәйкес келеді.
Арнайы орта және жоғары оқу орындарындағы практикум мамандық
профиліне сәйкес келеді. Практикумға кіретін жұмыстар тізімі оқу
бағдарламасы бойынша анықталады; әр сабақта оқушылардың же-
ке тобы график бойынша әртүрлі жұмыстар орындайды. Прак-
тикум өткізер алдында нұсқау өткізіледі. Жұмыс орындау бары-
сында мұғалім құрал-жабдықтың дұрыс таңдап алынуын, оның
дайындалуын қадағалайды, қажет болған жағдайда оқушыларға
көмектеседі, қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын және
еңбектің ұтымды ұйымдастырылуын бақылайды.
ПРЕЗЕНТАЦИЯ (лат. praesentatio – көрсету, ұсыну). Оқудың жаңа
тілдік материалмен жұмыс істеу кезеңі. Презентация барысында