173
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
белгілер: мәтіндегі қатысымдық және тілдік бірліктерді есту,
қабылдау, түсіну және қолдану – іс жүзіне асады және сөйлесім
әрекетінде үздіксіз жетіліп отырады. Тыңдалымға арналған мәтін
әртүрлі ерекшелігіне сай таңдалады: 1) үйренетін тілдің айрықша
белгілері мен тілдік ерекшелігіне қарай; 2) тақырыбына қарай;
3) мазмұнына қарай; 4) қатысымдық бірліктердің құрылымына қарай.
Тыңдалым үйренушінің ынтасын арттыра отырып, тіл үйренуді өз
бетімен меңгеруге көп мүмкіндік жасайды.
ТІКЕЛЕЙ ОҚЫТУ ӘДІСІ. Табиғи әдіс негізінде пайда болған
шет тілін оқыту әдісі. XIX ғасырдың аяғы – XX ғасырдың басында
негізделген әдісті дайындауға психологтар мен лингвистер (В. Фиетор,
О. Есперсен), сондай-ақ әдіскерлер де (Ш. Швейцер, Г. Вендт, Э. Симоно
және т.б.) атсалысқан. Әдіс өкілдерінің мақсаты – оқушыларға тілді
практика жүзінде үйреткен кезде ауызекі тілде үйрету. Лексикалық
материалды таңдау қарым-қатынас жасау тақы рыптары арқылы
белгіленген, ал грамматикадан заманауи нормаға сәйкес келетін нәрсені
ғана оқу ұсынылған. Тікелей оқыту әдісін құрғандар индукцияны
қолдануға кеңес берді, яғни, оқушылар тілдік материалдарды бақылап,
өз беттерінше қорытынды жасап, жүйеге келтірулері тиіс. Тікелей
оқыту әдісі өкілдерінің лайықты еңбегі – ауызекі тілге, ауызекі тілді
оқыту әдістемесін құруға, тілдің дыбыстық жүйесін тиімді меңгеруге
мүмкіндік беретін фонетикалық жаттығулардың жүйесін әзірлеуге,
өзге тілдегі материалды семанти каландыру құралдары ретінде көрнекі
құралдарды пайдалануға атсалысқаны. Бұл әдіс бойынша, оқытушының
тілді меңгеру деңгейі жоғары болуы тиіс, ал тілді білетін адаммен жұмыс
істеген жағдайда өте жақсы жетістікке жетуге болады, бұл көпшілікке
арналған орта мектепте мүмкін емес. Орта мектеп жағдайында тілді
практикалық жағынан меңгерудің ең жақсы әдісі – коммуникативті әдіс
болып табылады.
ТІЛ ҮЙРЕНУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ОҚЫТУ ҚҰРАЛДАРЫ.
Тілді үйретуді ұйымдастыруды және сабақ өткізу барысында
қолданылатын, оқытушының кәсіби деңгейін көтеруіне ықпал етуді
қамтамасыз ететін оқу құралдары. Оларға оқытушының құралдары,
174
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
нұсқаулық материалдары, оның ішінде бағдарламалар, әдістемелік
құралдар, сондай-ақ оқу фильмдері, фонограммалар, компьютерлік
бағдарламалар және тағы басқалар болады. Бұл аталғандар оқу
құралдары кешендеріне кіреді.
ТІЛДЕРДІ САЛҒАСТЫРМАЛЫ ОҚЫТУ ӘДІСІ. Тілдерді салғас-
тырмалы оқу әдісінің түрі, туыс емес екі тілдің жүйелері арасындағы
айырмашылықтарды анықтау және салыстыру мақсатында құрылады.
Тілді саналы игеру барысында кең қолданылады.
ТІЛДЕСІМ. Сөйлесім әрекетінің барлық түрлерін қамтитын ерекше
құбылыс. Ол тілдік қатынастың ең маңызды көрсеткіші бо ла келіп,
оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалымның іс жүзінде тұтас
қолданылуына мүмкіндік жасайды. Тілдесім арқылы оқу, жа зу, тыңдау,
сөйлеуге үйрету жүзеге асады. Тілдесім – адамдардың қоғамдық-
әлеуметтік өмірде бір-бірімен тіл арқылы қарым-қатынасқа түсіп,
өзара пікірлесуінің нәтижесінде бірінің ойын бірі ауызша да, жазбаша
да түсінуі және оған жауап қайтаруы. Мұнда пікір алмасу ауызша
(айтылым) түрде де, жазбаша (жазылым) түрде де іске асып, белгілі бір
ақпарат адамдар арасындағы қарым-қатынасқа мүмкіндік туғызады.
ТІЛДІ МЕҢГЕРУ. 1. Белгілі бір тілді білетін немесе білмейтін
тұлғалардың тілді пайдалануы. 2. Шет тілін білу және тілді меңгеру
немесе қарым-қатынасқа түсу нәтижесінде тілді пайдалана білу
шеберлігі. Тілді меңгеру критерийі қарым-қатынас жасау жағдайына
сәйкес коммуникацияның тиімділігі болып табылады.
ТІЛДІ ОҚЫТУ БІРЛІКТЕРІ. Меңгерілетін ең аз құрылымдық-
функционалды бірлік. Сондай-ақ тілдік материалмен және өзара
байланысты мақсаттармен шектелген оқушылардың іс-әрекеттері
де тілді оқыту бірліктері болып саналады. Жаттығуды да қарапайым
тілді оқыту бірліктері ретінде санауға болады. Сөйлем, пікір, мәтін де
тілді оқыту бірлігі ретінде қарастырылады.
ТІЛДІ ОҚЫТУДЫҢ КОГНИТИВТІ ТЕОРИЯСЫ. Аудиолинг-
вал ды әдіске қарама-қарсы пайда болған оқыту теориясы. Тілді
оқытудың когнитивті теориясында оқушылар тілдің құрылымымен
танысады (ол үшін қажетті түсіндірмелер беріледі), содан кейін
175
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
сөйлеу дағдылары мен шеберліктерін қалыптастыру үшін қарқынды
түрде жаттығулар жүргізіледі.
ТІЛДІК ЖАТТЫҒУЛАР. Тіл бірліктері қолданылатын және дағды-
ларды қалыптастыратын жаттығулар. Арналымы бойынша бөлінген
жаттығу түрлері; аспектілі, аналитикалық, жаттықтыруға және тілдік
материалды қолдануды автоматтандыруға, сөйлеудің құрылымдық
компоненттеріндегі ауызша немесе жазбаша хабарламаларда түсінуге
және есте сақтауға бағытталған. Тиісті дағдыларды қалыптастыратын
фонетикалық, лексикалық, граммати калық жаттығулар деп бөліне-
ді. Тілдік жаттығуларды орындау кезінде оқушының назары бел-
гілі бір тілдік құбылысқа аударылады, аталмыш құбылыстың бас қа
құбылыстармен сигтагматикалық және парадигматикалық байла-
ныстары туралы түсінігі қалыптасады, біртіндеп тіл жүйесі туралы
ұғымы қалыптасады.
ТІЛДІК ҚОРЖЫН (фр. porter – кию + feuille – парақ). Оқушының
шет тілін меңгеру бойынша оқу әрекетінің тәжірибесін беретін
жұмыс материалдарының жиынтығы. Материалдардың мұндай
жиынтығы оқушылар мен оқытушыға жұмыс көлемін және оқушы
жетістіктерінің сипатын, тілді меңгеру деңгейін өз бетінше немесе
бірге талдауға және бағалауға мүмкіндік береді. Тілдік қоржын оқу
әрекетін өз бетінше бағалауға арналған құрал ретінде пайдаланылады.
Тапсырма, жобалар, баяндамалар, жазбаша жұмыстар және т.б.
тұрады (Коряковцева, 2001).
ТІЛДІК МАТЕРИАЛ. Тіл игеру барысында зерттелетін фонемалар,
әріптер, интонациялық құрылымдар, сөздер, сөз тіркестері, дайын
фразалар, грамматикалық формалар және құрылымдар және т.б.
Тілдік материал оқыту мазмұнының маңызды бөлігін құрайды және
оқу бағдарламасына енгізіледі.
ТІЛДІК ОЙЫН. Көңіл көтеру, қызыққа бату, сөздің әсерін күшейту
үшін қосымша әсерлер қолданылатын сөйлеу тәртібі, қарым-қатынас
ерекшеліктері. Әдетте, тілдік құралдарды түрлендірудің көмегімен
жүзеге асырылады. Түрлендіру нысаны, әдетте, сөз, сөйлем, тұрақты
лексика-грамматикалық құрылым сияқты тілдің таңба формасы
Достарыңызбен бөлісу: |