152
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
САБАҚ БАРЫСЫ. Сабақты жүргізу тәртібі. Сабақ мазмұнын іске
асыратын әдіс-тәсілдерді қолдану.
САБАҚ БЕРУ ӘДІСІ. Оқытушының жаңа материалдарды баяндауы
үшін және оны меңгеріп алу мен меңгеру кезінде бақылауды
ұйым дастыруы үшін қолданылатын оқыту әдісі. Сабақ беру әді-
сіне мыналар жатады: көрсету, түсіндіру, бекітуді ұйымдастыру,
қолдануды ұйымдастыру (тәжірибеде), сұрақ түріндегі бақылау және
жазба жұмыстары, соның ішінде мәтіндерді тексеру.
САБАҚ БЕРУ ТӘЖІРИБЕСІН ҮЙРЕНУ МЕН ЖАЛПЫЛАУ.
Шетел тілін оқытуда кең таралған зерттеу тәсілдерінің бірі. Әдіс-
теме тарихында сабақ беру тәжірибесін ғылыми тұрғыдан жалпылау
нәтижесінде оқу барысын ұйымдастырудың ерекшеліктері ажыратыл-
ған мысалдары жеткілікті. Сабақ барысында фонетикалық жаттығу,
рөлдік ойындарды қолдану озық тәжірибеден туындай отырып
заманауи тіл сабағының органикалық бөлігіне айналды.
САБАҚ ЖОСПАРЫ. Өткізілетін сабақтың берілу жүйесі. Сабақтың
тақырыбы, мақсат-міндеттері, сабақта пайдаланылатын көрнекіліктер
мен техникалық құралдар, оқушылардың меңгеретін білік, білім,
дағдылары, пайдаланылатын әдебиеттер тізімі, сабақтың мазмұны
қамтылады.
САБАҚ КЕЗЕҢДЕРІ. Біркелкі дербес сабақ бөлігі, сабақ мақсатының
жалпы мақсатқа аралық қатынасы. Әдістемелік әдебиеттерде сабақ
кезеңдерінің келесі түрлері жиі айтылады: сауалнама, бақылау, жаңа
материалдарды меңгеру, үйрететін және тілдік жаттығулар. Соңғы
жылдары сабақ кезеңдерін бір кезеңнен басқа кезеңдерге жасанды
түрде бөлмей, біріктіруге болады: жаңа материалды түсіндіру оның
бекітілуімен байланысты болады. Сабақ негізгі мақсатты бағытталған
жаттығуларды орындаудан, үйренушілердің тілін дамытудан тұрады.
САБАҚ МАЗМҰНЫ. Әрбір тақырып бойынша қамтылатын
материалдар, оны оқытудың әдістері, сабақтағы жеке-дара және
ұжымдық жұмыстар.
САБАҚТЫ ТАЛДАУ. Мектептегі сабақты талдай отырып бағалауға
арналған әдістемелік жұмыстың бір түрі. Сабақ талдауда мұғалім
153
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
жұмысын мектеп әкімшілігінің басқаруы барысында, мұғалімнің
тәжірибесін қорытып, білімі мен біліктілігін арттыру құралы ретінде
жүргізіледі. Сабақ талдауда мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеті
тұтастай ескеріледі. Сабақ талдау жұмысы барысында ескерілетін
негізгі мәселелер: оқытудың мазмұны (оқу бағдарламасына сәйкес-
тілігі, оқытудың бірізділігі, толықтығы, әдістемелік деңгейі және т.б.);
сабақ құрылымы (сабақ мазмұнын қамтуы, оның жеке бөліктерінің
өзара үйлесімді байланысы, уақыттың тиімді пайда ланылуы және
т.б.); оқыту әдістері (сабақтың мазмұны және оның оқушылардың
жас ерекшелігіне сәйкестілігі, білімнің саналылығы мен беріктілігін
қамтуы, оқушылардың өзінділігі мен белсенділігі, оқушылардың
жеке ерекшелігін ескеруі және т.б.); оқушылардың тәртіптілігі,
мұғалім жұмысының стилі; сабақ нәтижесі (жоспардың орындалуы,
мақсаткерлігі, уақытты үнемді пайдалануы, сабақтың тәрбиелік және
білімдік әсерлері және т.б.).
САБАҚТАН ТЫС ОҚУ САБАҚТАРЫ. Оқушылардың сабақта
алған білімдерін жетілдіру үшін немесе өздігінен білімін жетілдіру
үшін жүргізілетін қосыша факультативтік, семинар және т.б. сабақтар.
САБАҚТЫ ЖИНАҚТАУ ЖӘНЕ ОҚЫҒАНДЫ ЖҮЙЕЛЕУ.
Сабақта берілген білімді сұрақ бере отырып пысықтау, жинақтау,
жүйелеу.
САЛЫСТЫРУ. Ойлаудың логикалық тәсілдерінің бірі. Адамның
ойлауы әрқашан талдаудан және синтезден басталады. Ойлау – түйсік
пен қабылдаудағы талдау мен синтездің жаңа мазмұнға ие болған
түрі. Талдау дегеніміз – ой арқылы түрлі заттар мен құбылыстардың
мәнді жақтарын жеке бөлшектерге бөлу. Синтезде ой арқылы заттың,
құбылыстың барлық элементтері біріктіріледі. Талдау мен синтез
бірімен-бірі тығыз байланысты құбылыстар. Осылардың негізінде
салыстыру деп аталатын ой операциясы пайда болады. Салыстыруда
заттардың ұқсастығы, айырмашылығы айқындалады. Заттарды,
бейнелерді, ұғымдарды салыстыру тұрғысындағы тапсырмалар ой-
лау дың дамуы мен оның кінәраттарын психологиялық зерттеулерде
кеңінен қолданылады. Салыстыруда адамның нені негіз етіп алатыны,
154
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
бір объектіден екіншісіне өтудің жеңілділігі және т.б. жағдайлар
талданады.
САНАМАҚ. Балаға сан үйрету үшін айтылатын тақпақ: әрі сан
үйретеді, әрі заттың атын үйретеді.
САНДЫҚ ӘДІСТЕР. Тіл мен сөйлеуді зерттеуде қолданылатын
есептік және өлшемдік әдістер. Математикалық статистикаға
сүйенетіндіктен, оларды статистикалық әдістер деуге де болады.
Сандық әдістер тіл білімінде кез келген деңгейдегі тіл бірліктерін
талдау үшін қолданылады. Тіл білімі саласында сандық әдістерді
қолдану оларды басқа ғылым салаларында пайдаланудан ерекше
емес. Мысалы, эксперименталдық фонетикада қолданылатын мате-
ма тикалық аппарат физикада да қолданылады. Сандық әдістер тіл
жүйесінде өте аз қолданылады, негізінен лексикада сөздіктердің
эти мологиялық құрамын, сөзжасам процесін, полисемия түрлерін
талдауда және салыстырмалы-тарихи тіл білімінде пайдаланылады.
Сандық әдістерді қолданудың негізгі объектісі — сөйлеу, дәлірек
айтқанда, мәтін. Сандық көрсеткіштер мәтіндер туралы ақпар бе-
реді. Сандық әдістерді мәтінге қолдану тілді зерттеуге жол ашады,
себебі есептеу объектісі болып табылатын мәтін элементтері тіл
бірліктерімен қарым-қатынаста болып келеді. Статистикалық
әдістерді дистрибутивтік талдаумен біріктіру дистрибутивтік статис-
тикалық талдаудың негізіне жатады. Мұндай жағдайда тіл бірліктері
және олардың қарым-қатынасы осы талдау процесінде анықталады.
Сандық әдістерді тіл білімінде кең көлемді мәтіндерді зерттеуде
қолдануға болады. Мұнда ЭЕМ арқылы дайындалып сақталған
мәліметтердің (жиілік сөздіктер, барлық контекстегі сөздер жазылған
сөздіктер) мәні зор болмақ.
САРАЛАП ОҚЫТУ. Бір сыныпта әртүрлі үйренушілерді орна лас-
тыруға арналған әртүрлі тәжірибелік сабақтар. Мысалы, үйрену-
шілердің әртүрлі қабілеттері мен қызығушылықтарына байланысты
білім деңгейлерін қанағаттандыру үшін қажеттілігіне сәйкес нұсқау-
лықтарды өзгерту.
САРАЛАУ (лат. differentia – айырмашылық, ерекшелік) ТӘСІЛІ.
Әдістеменің жалпы оқыту принципі әртүрлі әдістер мен тәсілдерін
Достарыңызбен бөлісу: |