Қ
АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ-ГУМАНИТАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Ақпараттық хат
Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде 2014 жылдың мамыр айының 16-17 жұлдызы аралығында «Әлемдік жаһанданудағы түркі өркениеті: мыңжылдықтар сабақтастығы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізіледі.
Конференция жұмысы келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
1. Орталық Азия мен Қазақстандағы түркі руникалық жазбалары: зерттелуі мен оқылуы;
2.Ұлы Жібек жолындағы мәдени мұралар және Ежелгі Тараздың тарихы мен археологиясы;
3. Әлемдік жаһандануда ұлттық-мәдени мұраның психология-педагогикалық мәселелері;
4. Түркі өркениетіндегі жаратылыстану, техникалық ғылымдардың дамуы мен көкейкесті мәселелері;
5. Заманауи түркі әлемінің мәдени құндылықтары және рухани сабақтастығы;
6. Түркі өркениетіндегі әлеуметтік-экономикалық және заңнамалық мәселелер.
Конференция қазақ, түрік, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.
Конференция материалдары баспадан шығу үшін келесі талаптарды қанағаттандыру қажет:
Баяндама мәтіні 5 парақтан аспауы және MS Word мәтіндік редакторы бойынша жазылған болуы керек;
Шрифті: Tımes New Roman немесе Tımes New Roman KZ, кегль -14, жоларалық 1 интервал болуы керек;
Парақтың параметрі: жоғарғы және төменгі – 20 мм, сол – 30 мм, оң – 15 мм, азат жол – 1 см;
Сол жақ жоғары бұрышында міндетті түрде УДК (ӘӨЖ) индексі қойылуы тиіс;
Бір жолдан кейін ортасынан баяндама тақырыбы БАС ӘРІПТЕРМЕН (қою шрифтпен) жазылуы керек;
Баяндама тақырыбы астына, бір жолдан кейін – парақ ортасында жай әріптермен автор (лар) - дың аты-жөні, тегі жазылуы керек (қою шрифтпен);
Астына, жұмыс істейтін мекеменің толық аты, мекен – жайы (қою шрифтпен) көрсетіледі;
Бір интервалдан кейін баяндама (мақала) материалдары келтіріледі;
Әдебиеттер тізімі еңбекте көрсетілу тәртібіне қарай мақаланың соңында жазылады. Сілтеме ретінде берілген мәтінде тік жақшаның ішінде әдебиеттер тізіміндегі нөміріне сәйкес нөмірмен көрсетіледі.
Конференцияға қатысу үшін ұйымдастыру комитетіне келесі құжаттар тапсырылады: Баспа түрінде баяндаманың бір данасы, электрондық түрде баяндама мәтіні және файлдың аты мен автордың фамилиясы көрсетілуі тиіс. Конференцияны ұйымдастыру жарнасы (1 мақала үшін) – 3000 теңге, магистранттар үшін 1500 теңге.
Материалдар 2014 жылы сәуір айының 20-шы жұлдызына дейін мына мекен-жайда қабылданады:
080000 Тараз қ, Желтоқсан 69 «Б»
Тараз инновациялық- гуманитарлық университеті
Редакция бөлімі. Байланыс тел: 8(7262) 51-83-12;
Қабылдаушы тұлға: Сайлаубекова Рабиға Лесбек қызы, srl12@mail.ru, ұ.т.: 87015619240; 87027126012
Электронды пошта арқылы жібергенде «Тақырып» бөлімінде: «ТИГУ конференциясына ______ дан (баяндамашының фамилиясы)» көрсетілсін.
Реквизиттер:
Мекеменің аты «Тараз инновациялық – гуманитарлық университеті»
Тараз қ., Желтоқсан 69б.
АО "АТФБанк"
РНН-211500236592
БИН -080640010161
ИИК-KZ13826H0KZTD2001876
БИК-ALMNKZKA
Кбе-17
ТІРКЕУ ҮЛГІСІ
1. Аты-жөні, тегі, (толығымен)_____________________________________________
2. Ғылыми дәрежесі:______________________________________________________
3. Мекеме:______________________________________________________________
4. Қызметі: _____________________________________________________________
5. Автордың мекен-жайы:________________________________________________
6. Телефоны, факс, e-mail_________________________________________________
7. Баяндама тақырыбы:___________________________________________________
8. Секция атауы:_________________________________________________________
МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУ ҮЛГІСІ
ӘОЖ 338.82
Туристік қызметтің бәсекеге қабілеттілігін бағалау
1Рахманова Ж.С.- тех.ғ.к,
2Сайлауова Ғ.Ж.- тех.ғ.к.
1Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті, Қазақстан Республикасы,Тараз қ.
2«Өрлеу» АҚ Ұлттық біліктілікті арттыру орталығы, Қазақстан Республикасы, Тараз қ.
Туристік қызметке қойылатын талаптар тұтынушыларды маркетингілік зерттеу негізінде анықталады. Бағалау үшін қажетті және жеткілікті көрсеткіштер тізімін негіздеу үшін, туристік қызметтің бәсекелестік қабілеттілігі нақты нарыққа және тұтынушылардың қатаң анықталған тобының талаптарымен тығыз байланысты екенін ескеру өте маңызды. Сондықтан, ол сатып алушы үшін мәнді қызығушылық тудыратын ғана көрсеткіштермен шартталады. Көрсетілген шектер сыртында қалатын, туристік қызметтің көрсеткіштері, бәсекелестік қабілеттілігін бағалау кезінде нақты жағдайларда оған қатынассыз ретінде қарастырылмауы керек [ 3].
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Адорно Т. В. К логике социальных наук // Вопр. философии. — 1992. — № 10. — С. 76-86.
2. Глухов В.А. Исследование, разработка и построение системы электронной доставки документов в библиотеке: Автореф. дис. канд. техн. наук. — Тараз, 2000. —18 с.
3. Марьинских Д.М. Разработка ландшафтного плана как необходимое условие устойчивого развития города (на примере Тараз) // Экология ландшафта и планирование землепользования: тезисы докл. Всерос. конф. (Иркутск, 11-12 сент. 2000 г.). — Новосибирск, 2000. — С.125-128.
Ұйымдастыру комитеті
Достарыңызбен бөлісу: |