Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық Үйлестіру-әдістемелік орталығЫ



жүктеу 10,32 Kb.
Pdf просмотр
бет52/62
Дата14.05.2018
өлшемі10,32 Kb.
#12510
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   62

155
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
оқыту  мақсатына  қарай  сөйлеу  қызметі,  оқу  кезеңі,  тілдік 
материалдарды  игеру,  үйренушілердің  жасы  және  т.б.  түрлері 
жасалады.
САТЫЛАП ОҚУ. Тілді меңге рудің белгілі бір деңгейіне бағдарланған 
оқу.  Оқытудың  бастапқы  кезеңінде  арнайы  құрастырылған  немесе 
бейімделген  мәтіндер  ұсынылады.  Оқытудың  кейінгі  кезеңінде 
түсініктемелермен берілген түпнұсқалық мәтіндер қолданылады. 
САУАТТЫЛЫҚ.  Адамның  туған  (үйренетін)  тілдің  нормаларына 
сәйкес  оқу  және  жазу  дағдылары  мен  шеберліктерін  меңгерудің 
белгілі бір деңгейі. Адамның әлеуметтік-мәдени тұрғыдан дамуының 
негізгі көрсеткіштерінің бірі.
САУАЛНАМА  ЖҮРГІЗУ.  Сауалнаманың  көмегімен  зерттеудің 
қосымша әдісі. Сауалнама жүргізу барысында тұлғаға немесе тұлғалар 
тобына ауызша немесе жазбаша жауап беру үшін ашық (еркін жауап 
беріледі) немесе жабық (ұсынылған бірнеше пайымдаманың біреуін 
таңдау  керек)  сұрақтар  ұсынылады.  Сауалнама  жүргізу  тұтас  және 
іріктеп, жеке және топқа, ауызша және жазбаша түрде болуы мүмкін. 
Зерттеудің  бұл  түрі  айтарлықтай  субъективті,  сауалнамаға  жауап 
берушілер  көп  болған  жағдайда  салыстырмалы  түрде  объективті 
белгілерге ие болады. Қазіргі таңда оқу жылының соңында оқытушы 
мен  оқу  процесінің  сапасын  бағалау  мақсатында  жүргізілетін 
сауалнама кеңінен таралған.
СЕМАНТИКА  (көне грекше: σημαντικός - таңбалаушы, білдіруші) – 
1) тілдің қандай бір бірлігі (сөз, сөздің грамматикалық формасы, сөз 
тіркесі, сөйлем) арқылы берілетін ақпараттың мазмұны; 2) тіл білімінің 
осы мазмұнды, ақпаратты зерттейтін саласы; 3) семиотиканың негізгі 
бір саласы.
СЕМАНТИКАЛЫҚ  КАРТА.  Сабақта  талқыланатын  тақырып 
немесе мәселе бойынша графикалық тұрғыдан жүйелі әрі логикалық 
байланысты ұғымдар түріндегі мағыналық кешен. Өткен материалды 
бекіту үшін және сөйлеуді дамыту үшін пайдаланылады. Мағыналық 
кешеннің негізін басты ұғым – кілт сөз құрайды, онымен ұқсастырылып 
тақырып  бойынша  жақын  лексика-грамматикалық  материал  таңда-


156
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
лады.  Тіл  үйрету  сабақтарында,  сондай-ақ  «миға  шабуыл»  кезінде 
семантикалық карта құру шығармашылық тапсырманың тиімді түрі 
болып  табылады,  оқушылардың  семантикалық  ассоциация  құру 
әдістері  іске  асырылады,  өткен  материал  бекітіледі,  мағыналық 
кешенге  кіретін  тілдің  жаңа  бірліктерінің  арқасында  ол  кеңейеді. 
Мысалы,  «Азық-түлік»  (кілт  сөз)  тақырыбы  бойынша  оқушыларға 
сөздер  таңдап,  оларды  қатыстырып  сөйлем  құрау  ұсынылады, 
сонымен қатар не, қайда, қалай, оны немен жейміз, тамақты қалай 
дайындаймыз,  дүкеннен  қандай  азық-түлік  сатып  аламыз  деген 
сұрақтарға жауап береді (Конышева, 2006; Woodward, 1987).
СЕМЕСТР ( лат. sēmestris (*secsmestris) – алты айлық). Жоғары және 
арнайы орта оқу орындарындағы оқу жылының жартысы. Семестр 
біткенде студенттер сынақ және емтихан тапсырады.  
СЕМИНАР  (лат.  semeiotike  –  орда,  ұя).  Оқу  орнында  қандай  да 
бір  арнаулы  пән,  тақырып  бойынша  өткізілетін  топтық  сабақтар. 
Оқушылар  тобы  белгілі  бір  мәселені  тереңдетіп  оқыту  барысында 
өздігінен, оқытушының бағыты бойынша хабарламалар, баяндамалар 
және  рефераттар  дайындайды,  оны  ұжым  болып  талқылайды. 
Семинар – сөйлеудің ғылыми стилін дамытудың, ойды реттеп, дәл 
жеткізудің, пікірталас тудыра білу шеберліктерін қалыптастырудың 
тиімді формасы.
СЕССИЯ  (лат.  Sessio  -  мәжіліс).  Оқу  кезеңінің  соңындағы  сынақ, 
емтихан алатын уақыт.
СИНТЕТИКАЛЫҚ ОҚУ. Жылдам оқуды психологиялық тұрғыдан 
мақсат етуді ескергенде, мазмұнды ашу тәсілі бойынша оқудың бір 
түрі. Синтетикалық оқу лексикалық және грамматикалық материалды 
берік меңгеру, беймәлім сөздерді мәнмәтінге қарап және формалды 
белгілер, сөзжасам элементтерінің семантикасы, сөйлемдегі сөздердің 
қолданысы  бойынша  ажырату  шеберлігі,  сондай-ақ  жеке  айтылған 
бөліктерден бүтін нәрсе құрастыру шеберлігі негізінде құрылады.
СИПАТТАМА,  СИПАТТАУ.  1.  Сөйлеудің  функционалды-мағына-
лық типінің бірі, тілдік қатынас бойынша ойды білдіру тәсілінің бірі; 
Сипаттама  объектілері  зат  болып  табылады,  олардың  уақыт  және 


157
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
кеңістікте  құбылыстарда,  сапада,  жай-күйде  орналасуы.  Сипаттама 
құралдарымен сөйлеуші немесе жазушы ұсыныста тыңдаушы немесе 
оқушы ұғымында сипаттама затының бейнесін (образын) жасайды. 2. 
Тіл жүйесінде грамматика мен оқулықтарды сипаттау тәсілі. Мұндай 
сипаттама функционалды немесе формалды, толық, толық емес, тіл 
өкілдеріне немесе шетелдіктерге есептелген, тілді үйренуші болуы 
мүмкін.  Тілді  сипаттама  оқыту  кезеңдері  мен  оқыту  мақсатының 
міндеттері анықталуы тиіс.
СИТУАЦИЯЛЫҚ  ОҚЫТУ  ТҮРІ.  Оқыту  процесі  нақты  өмірде 
немесе  оқытушының  ұйымдастыруымен  туындайтын  бірнеше 
жаратылыстану  немесе  оқу  жағдаяттарына  негізделген,  шет  тілін 
оқыту түрі. Сонымен қатар оқыту тілді меңгерудің табиғи жағдайына 
ұқсас  болады,  ал  сабақ  барысында  нақты  қарым-қатынас  жасау 
жағдайлары  құрылады.  Ситуациялық  оқыту  түрінің  айтарлықтай 
белгілі  тәсілі  жеделдетілген  әдістердің  бірнеше  нұсқалары  болып 
табылады,  мұндай  тәсілдер  аясында  оқушылар  алғашқы  сабақтан 
бастап  рөлдік  ойындарға  қатысып  оқу  курсының  кейіпкерлерінің 
рөлін ойнайды (Вайсбурд, 2001).
СЛАЙД (ағылш. slide). Арнайы жиектемеге салынған, мөлдір негізді 
ақ-қара  түсті  немесе  түрлі  түсті  бейне.  Диапроектордың  көмегімен 
экранға көрсетуге арналған. Тіл үйрету кезіндегі тиімді оқыту құралы 
және танымдық ақпарат көзі болып табылады. Слайд композиция (яғни, 
тақырыптық жағынан ұйымдастырылған бейнелер) түріндегі слайдтар 
жиынтығы оқу кешендерінің құрамына енеді немесе өз бетінше оқитын 
оқу құралдарының (диакурстардың) негізін құрайды. Диафильмдермен 
салыстырғанда, слайдтың ерекшелігі – бейне жиектемемен қорғалып 
тұрады,  демек,  ұзақ  уақыт  сақталады,  сондай-ақ  оқытушы  слайдтар 
топтамасынан сабаққа керектісін таңдап ала алады.
СӨЗБЕ-СӨЗ  АУДАРМА  –  аударманың  түрі;  ана  тілі  және  шет 
тілдеріндегі  тілдік  құбылыстарды  салыстырып,  мәтіндегі  лексикалық 
және грамматикалық бірліктердің тереңірек енуіне мүмкіндік беретін, 
бір тілден екінші тілге сөзбе-сөз аудару арқылы жасалатын тілдік бірлік.
СӨЗДІК ДИКТАНТ. Сөйлем емес, сөздер ғана оқылатын, есту немесе 
көру  диктантының  түрі.  Сөздік  диктант  оқушылардың  назарын 


жүктеу 10,32 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау