14
№23-24 (132-133) 19 июня 2018 г.
bilimdi_el@mail.ru
Читайте нас на сайте www.bilimdinews.kz
Мемлекет басшысы
Нұрсұлтан Назарбаев-
тың «Болашаққа
бағдар: рухани жаңғы-
ру» мақаласымен
оқып танысу әрбір Қа-
зақстан азаматының
міндеті. Мақаламен
таныса отырып, ал-
дымызға нақты мақ-
сат қоюымыз керек.
Елбасымыз алдымыз-
ға нақты міндеттер
мен мақсаттар берді.
Соларға жету жолын-
да дұрыс бағдар таба
білуіміз қажет.
«Ал ол мақсатқа жету үшін
біздің санамыз ісімізден озып
жүруі, яғни, одан бұрын жаңғырып
отыруы тиіс. Бұл саяси және эконо-
микалық жаңғыруларды толықты-
рып қана қоймай, олардың өзегіне
айналады», – дейді Президентіміз
Н.Ә. Назарбаев. Рухани жаңғы-
руды әр адам өзінен және туып-
өскен жерінен бастау керек. Біз
өзіміздің рухани құндылықтары-
мызды, рухани байлықтарымызды
жоғалтпауымыз керек. Әрбір адам-
ның, әр қоғамның, елді-мекеннің
ерекше, баға жетпес өз рухани бай-
лықтары бар. Біз осы құндылықтар-
ды жетілдіріп, қазіргі заман тала-
бына сай оңтайлай білуіміз тиіс.
Мемлекетіміз дамыған елдердің
қатарына қосылуы үшін экономи-
камыз бен мәдениетімізді жетіл-
діруіміз керек. Ол үшін әлемдік
дамыған технологиялар мен мәде-
ниетті оқып, меңгеру заман талабы.
Мемлекет басшымыз ұсынып
отырған латын әліпбиіне көшу
мәселесі осыны меңзеп отыр. Ла-
тын әліпбиіне көшу арқылы біз
әлемдік ғылым саласын игеруде
көптеген мүмкіндікке ие бола-
мыз. Басқа әлеммен байланыс
орнатуға жағдай жасаймыз.
Халқымыздың «Жеті жұрт-
тың тілін біл, жеті түрлі білім біл»
деген сөзінің мағынасы осында.
Басқа тілдерді меңгере отырып,
біз көптеген артықшылыққа ие
боламыз. Сол себепті де, қазір-
гі таңдағы үштілділік мәселесі
де осы заманғы талаптардың
бірі десек артық болмас. Ағылшын
тілі – әлем сөйлейтін тіл. Бірақ
тілді үйренеміз деп, өз ата-баба-
мыздан келе жатқан туған тілі-
мізді ұмытуға ешқандай құқымыз
жоқ. Қадыр ағамыз «Өзге тіл-
дің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»
деп айтқандай, ана тіліміз – қазақ
тілі бірінші орында болуы тиіс,
өскелең ұрпақты солай тәрбие-
леуіміз керек.
Рухани жаңғырудың негізгі
бір бағыты – ол ұлттық жаңғыру.
Ол дегеніміз – ұлттық мәдениет-
ті, ел ішінде берекебірлікті сақтай
отырып, бәсекеге қабілетті мем-
лекетке айналу. «Сонымен бірге,
жаңғыру ұғымының өзі мейлін-
ше көнерген, жаһандық әлеммен
қабыспайтын кейбір дағдылар
мен әдеттерден арылу дегенді
білдіреді», – деді Н.Назарбаев.
Яғни, жаһандық даму үдерісін-
де, әлемдік сахнаға өзіміздің төл
туындымызды ұсынуымыз керек.
Яғни, өзіміздің ұлттық кодымыз
болу керек. Ұлттық код – халқы-
мыздың сан ғасырлық, атадан
балаға мирас болып келе жатқан
рухани байлығы, тілі, өнері, әдет-
ғұрпы мен салт-дәстүрі. Міне,
осындай баға жетпес бай құн-
дылықтар қазақ халқының ұлттық
мұрасы. Елбасы: «Ұлттық код,
ұлттық мәдениет сақталмаса,
ешқандай жаңғыру болмайды.
Алға басу үшін ұлттың дамуына
кедергі болатын өткеннің кер-
тартпа тұстарынан бас тарту ке-
рек» деген болатын.
Еліміздің бәсекеге қабілетті
мемлекетке айналғанын қаласақ,
білімді, тәрбиелі, өнегелі ұрпақ
тәрбиелеуіміз керек. Ал ол үшін
тынбай еңбек ету қажет. «Жұмы-
ла көтерген жүк жеңіл» демекші,
барлығымыз еліміздің дамыған
мемлекеттер қатарына кіруіне бір
адамдай атсалыссақ, алынбайтын
белес жоқ. Іргелі елге айналу –
ата-баба арманы.
Әсет Әнуарбеков,
арнайы санаториялық
үлгідегі №15 МИ
тарих пәнінің мұғалімі
наурызбай ауданы
«Мектеп – кеме,
білім – теңіз»
демекші, тағы да
бір оқу жылын
артқа тастадық.
Биыл ең алғаш
ашылып, 600-ге
жуық баланы
қабылдап алған
№1 орта мек-
тебінде тәлім-тәр-
бие беріп отырған
біздің ұжым, тәр-
биеленіп жатқан
оқушылар көпте-
ген жетістіктерге
жетті.
«Білім мен тәрбие егіз»
дейді, бірақ атақты ғұла-
ма әл-Фараби: «Адамға
ең бірінші білім емес, тәр-
бие берілуі керек, өйткені,
тәрбиесіз берілген білім
баланың болашағына үл-
кен қауіп әкеледі» деген
екен. Міне, осы орайда
жетістігімізге
тоқталғым
келеді. Биыл аудандық
білім бөлімінің басшысы,
ойы орамды, сөзі нақты,
бала тәрбиесін алдыңғы
қатарға қоятын Бәтес Ама-
нова ұстаз беделін көтеру
мақсатында, «Болашаққа
бағдар: рухани жаңғыру»
аясында «Үздік сынып
жетекші-2018» байқауын
ұйымдастырды. Біздің мек-
теп ұжымы да бұл шара-
дан тыс қалған жоқ. Әріп-
тесім бастауыш сынып
мұғалімі Алия Бекходжае-
ва жүзден жүйрік шығып,
аудандық байқауға жі-
берілді. Әрдайым шәкірт-
терінің болашағын ойлай-
тын, ұстаздарының еңбегін
бағалап, қолдаушыларым
да, отбасым да ұстазда-
рым мен әріптестерім деп
жүретін мектеп басшысы
Ардақ Қырықбайдың қол-
дауымен шығармашылық
топ құрылып, дайындық
жүргізілді.
Шығармашылық
топ
құрамында білімді де,
білікті ұстаздар, тәрбие
ісінің меңгерушісі Салта-
нат Анапияева, педагог-ұй-
ымдастырушы Эльмира
Уркумбаева,
ұстаздар
Аида Ағыбаева, Гүлми-
ра Сералиева, Майра
Абдрахманова, Күлзинат
Қоңырбаева бар білімдері
мен өз ойларын ортаға
салып, жан-жақты дайын-
дық жасалды. 100-ге жуық
мектеп арасында өткізіл-
ген бұл додада әріптесім
Алия жүлделі 1-орынды
иеленіп, облыстық байқау-
ға жолдама алды. Облыс-
тық байқауға жолданған
ұстазға сәттілік тілейміз.
Міне, осындай мұғалімдер
арқасында шәкірттеріміз
жан-жақты тәрбие алып,
білім мен өнерді ұштасты-
рып келеді.
Шәкірттеріміз білім жа-
ғынан олимпиада, ғылыми
жобадан жүлделі орын-
дарды алса, спорт, өнер
жағынан да құр алақан
емеспіз. «Болашаққа бағ-
дар: рухани жаңғыру» ая-
сында жаңартылған білім
мазмұнына сәйкес бәсеке-
ге қабілеттілік тақырыбын-
да білім беріп жатқан ұс-
таздар мен біздің мектептің
білім алушылары әлі де
биіктерді бағындыратыны-
мызға сеніміміз мол.
бибінұр бӨДенбаева,
№1 оМ бастауыш
сынып мұғалімі
Шелек ауылы
еңбекшіқазақ ауданы
Мұхтар Әуезов айтқандай,
халықты халықпен, адамды
адаммен теңестіретін білім.
Сондықтан жастарға заман
талабына сай кәсіби білім
беру, технологияларды тиімді,
жүйелі қолдану − маңызды
міндеттердің бірі. Соның ішін-
де, дамыта оқыту идеясына
негізделген модульдік техноло-
гияға тоқталмақпын.
бақыт ШаМығұлова,
бақанас аграрлы-индустриалдық
колледжінің
өндірістік оқыту шебері
балқаш ауданы
Жалпы модульдік оқыту технологиясы
Қазақстан Республикасының жалпы және
нақты стандарт біліміне негізделеді. Мо-
дульдік технология дегеніміз – студенттердің
ішкі мүмкіншілігіне, қабілетіне қарай өз
бетімен ізденуіне, әрекет етуіне лайық-
талған дидактикалық құрылым, адамның
өзін-өзі дамыту жолы.
Ал оқу-жұмыс бағдарламасы – оқыту
мен бақылауды әдістемелік жағынан дұрыс
жоспарлауды, сондай-ақ, теориялық және
практикалық сабақтардың, өндірістік оқу мен
кәсіптік практиканың модуль шеңберінде
байланысын қамтамасыз етеді.
Модульдік оқытудың өзегі – оқу модулі.
Оқу модулі ақпараттардың аяқталған бло-
гынан, бағдарламаны табысты жүзеге асыру
үшін берілген оқытушының нұсқауларынан
және студенттердің іс-әрекетінің мақсаты,
бағдарламасынан тұрады.
Модульдік оқытуды қолдану арқылы
мынандай жетістіктерге қол жеткізуге бола-
ды: уақыт үнемделеді, сабақтың сапасын
көтереді, оқу әдісі мен құралдарын таңдауға
мүмкіндік тудырады, студенттердің белсен-
ділігі мен қызығушылығын арттырады. Сон-
дықтан студенттің оқу үлгерімі көтеріледі.
Модульдік оқытуда интерактивті тақта
мүмкіндіктерін пайдалану: қажетті сызба-
ларды, электронды оқулықты, зертханалық
тәжірибелік тапсырмалар орындау кезінде
уақытты ұтымды пайдалануға мүмкіндік
береді. Модульдік оқытудың ерекшелігі
– оқытушы көп сөйлегеннен гөрі, студент-
терге ойын айтуына көбірек мүмкіндік бе-
реді. Тағы бір ерекшелігі, бағалау парағын
қолдану. Сабақ барысында студенттер-
мен жеке, топпен жұмыс жасалуы керек.
Олар ескерусіз қалмас үшін әр жұмысқа
балл қою арқылы қорытынды баға қойыла-
ды. Қазіргі таңда жастарға тек білім беріп
қана қоймай, сонымен қатар, оларды өмір-
ге қажетті, өз болашағына азық болатын
тәрбие беру керек.
Қорыта айтқанда, жаңа бағдарламаның
мәні – студенттердің функционалдық сау-
аттылығын қалыптастыру. Оқытушы өз мін-
детін тек оқыту, түсіндіру емес, ең алдымен
студенттердің оқу еңбегін, танымдық оқу
іс-әрекетін сауатты ұйымдастыру, басқару
деп білуі тиіс. Сондықтан аталған педагоги-
калық технологияларды ойлау мен ұштас-
тыра білу, білім алуға бағыттайтын оқыту
жолы. Әрбір оқытушы, оқу-тәрбие үрдісінде
модульдік технологияны пайдаланса сабақ
сапасы жақсара түсіп, студенттердің пәнге
деген қызығушылығы артары сөзсіз.
алматы облысы
рухани жаңғыру – болашаққа нық қадам!
білім мен тәрбие – егіз
Модульдік оқыту – заман талабы