Семинар-тренингте білім бе ру мазмұнын жаңарту жөніндегі мектеп үйлестірушілері, 5 пен



Pdf просмотр
бет21/22
Дата25.11.2018
өлшемі12 Mb.
#24558
түріСеминар
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

22

№23-24 (132-133) 19 июня 2018 г.

bilimdi_el@mail.ru

Читайте нас на сайте www.bilimdinews.kz



Компьютерлік технологиялар ғасы-

рында оқушылардың ақпараттық 

білігін дамыту мәселесі бұрынғы-

дан да өзекті. Заманауи оқушыға 

құйылатын ақпарат ағынын қалай 

жинауға, сақтауға, өңдеуге және 

жүйелеуге болады? Оқушыларға 

қойылған мақсатқа сәйкес келетін 

деректерді ұсыну үшін тәсілдерді 

таңдауды үйрету қажет – кестелер, 

схемалар, графиктер, диаграмма-

лар.

Графикалық  органайзер  –  бұл  идеялар 

мен  ойды  графика  түрінде  ұсыну.  Визуал-

дар,  яғни,  ақпаратты  визуалды  жақсы  есте 

сақтайтын  адамдарға  ақпаратты  ажырату 

үшін өте пайдалы. Олар түрлі идеялар мен 

ойлар  арасында  байланыс  орнатуға  көмек-

теседі. 


Графикалық  органайзерлер  оқушылар-

дың  игерілген  материалды  түсінуіне,  қолда-

нуына  ықпал  етеді.  Әсіресе  олар  визуалды 

есте жылдам сақтайтын балалар үшін тиімді,  

өйткені, олар ақпаратты нақты түсінуге көмек-

теседі.  Графикалық  органайзер  ақпаратты 

белгілі бір түрде ұйымдастыруға көмектеседі, 

олардың  көмегімен  түрлі  ойлар  мен  идея- 

ларды  түрлі  ассоциацияларға  жіктеуге  бола-

ды:  тұжырымдамалық  карта,  Венн  диаграм-

масы, график, диаграммалар, «БББ» кестесі, 

Т-кес тесі және т. б. 

Бұл  тақырып  Қазақстан  Республикасында 

орта  білім  беру  мазмұнын  жаңарту  аясында 

мұғалімдердің  біліктілігін  арттыру  курсының 

білім  беру  бағдарламасына  енгізілген.  «Гра-

фикалық органайзерлер» тақырыбын өткенде 

оқу  мақсатына  сәйкес  құрылған,  курс  тың- 

даушыларымен  сабақ  жоспарларында  ұсы-

нылған  мысалдардан  үзінділер  келтірілген. 

Графикалық  органайзер  сөзінің  мағынасына 

үңілетін болсақ, графика – жазу, ал органайзер 

–  күнтізбе  немесе  жинақ  сөзімен  мағыналас. 

Графикалық  органайзерлер  уақытты  үнемді 

пайдалануда,  визуалды  түрде  материалды 

еске  сақтауда  таптырмайтын  құрал  болып 

табылады.  Сонымен,  визуалды  органайзер-

лердің негізгі түрлері: 



Салыстыру  мен  салғастыруға  арнал- 

ған  графикалық  органайзерлер  (compare/

contrast organizers) екі не одан да көп нысан-

дардың  санаттары  арасындағы  ұқсастықтар 

мен  айырмашылықтарды  сәйкестендіру  үшін 

қолданылады:

–  Венн  диаграммалары  жиынтықтардың 

арасындағы бар мүмкін қисынды өзара қаты-

настарды көрсетеді;

–  T-диаграммалары  мәселенің  екі  жағын, 

мысалы,  «жақтаушы»  және  «қарсы»  дәлел-

дер,  артықшылықтар  мен  кемшіліктер,  фак-

тілер мен пікірлер;

– квадранттар екі тұжырымдамалар жиын-

тығы  арасындағы  өзара  байланысты  көрсе-

теді.

Венн  диаграммасы  –  оқушыларды  синтез 



/анализ/  бағалау  жоғары  деңгейдегі  ойлау 

қызметіне  әкелетін  салыстыра  білу  қабілетін 

дамытуда  қолданылады.  Эйлер-Венн  диа-

граммасы  кейбір  есептерді  оңай  шығаруға 

көмектеседі. 

Есеп: 110 оқушының 44-і ағылшын тілін, 50-і 

неміс  тілін,  49-ы  француз  тілін  оқиды.  Және 

13 оқушы – ағылшын және неміс тілдерін, 14 

оқушы  –  ағылшын  және  француз,  12  оқушы 

– неміс және француз тілдерін, ал 5 оқушы –  

үш тілді де оқиды. Қанша оқушы бір тілді ғана 

оқиды?  Қанша  оқушы  ешбір  тілді  де  таңда-

маған? 


Эйлер-Венн  диаграммасын  салу  арқылы 

ешбір  тілді  таңдамаған  оқушылар  санын 

анықтаймыз:

1-сурет – Венн диаграммасы: «Жиын»

Шешуі: 

Тек қана 1 тілді уйренушілір:

22 + 28 +30 = 80

Бірнеше тілді қатар оқитындар: 

8+9+7+5 = 29 

Ешбір тілді оқымайтындар:

110 – 80 – 29 =1 

T-диаграммалары мәселенің екі жағын, мы-

салы,  «жақтаушы»  және  «қарсы»  дәлелдер, 

артықшылықтар  мен  кемшіліктер,  фактілер 

мен пікірлер қарастырады.

«Т»  схемасы  –  графикалық  тәсілмен  

іздейміз  плюстер  және  минустерді  күнде- 

лікті  өмірде  белсенді  түрде  қолданылатын 

ақпаратты көрнекі түрде көрсететін тәсіл. 

Мысал: Дөңгелек диаграмма.

Артықшылығы

– әрбір шаманың жалпы көлеміндегі үлесін 

көрсету кезінде қолдануға ыңғайлы; 

– олар сырт қарағанда қызықтырады;

– жақсы есте сақталады.

Кемшілігі:

– оның бөліктерінің саны аз болған жағдай-

да көрнекі түрі сақталады;

–  деректердің  шамалы  өзгерістері  болған 

кезінде көрнекілік төмендейді. 

Иерархиялық органайзерлер (hierarchical 

organizers)  мәндерді  (нысандар,  элементтер, 

мағыналар,  ұғымдар)  олардың  дәрежелері 

мен/немесе ерекшеліктері негізінде деңгейлер 

бойынша  реттеуге  мүмкіндік  береді.  Сатылы 

визуалды органайзерлерге келесі жатады:

–  үшбұрышты  (пирамидалы)  диаграмма-

лар, олардағы деңгей (қабат) биіктігі оның са-

тыдағы  орнын,  ал  ені  сол  деңгейге  жататын 

элементтер санын көрсетеді;

–  бірнеше  негіздеме  бойынша  жіктеу  мен 

құрылымдарды  көрсету  үшін  қолданылатын 

ағаштар.

Иерархиялық  органайзерге  мысал  ретінде 

Паскаль  үшбұрышы  мен  9  ромбтық  жіктелім 

келтірілген. 

Бүгінгі  математика  тарихында  Ньютон  би-

номы тақырыбы саяси даму үстінде келе жа-

тыр. Ежелгі ғалымдар алғаш рет математика-

дағы белгілі бір әдемі сандар қатарын Паскаль 

үшбұрышы деп атады. Паскаль үшбұрышы – 

бұл үшбұрыш түрінде берілген шексіз сандар 

қатары. Әріптер арқылы өрнектелген екі сан-

ның қосындысы немесе айырмасы бином деп 

аталады (латынша «би» – екі, «ном» – мүше). 

Дәрежеленетін  биномды  осы  күні  Ньютон 

биномы  дейді.  Жайылып  жазылған  Ньютон 

биномының  әрбір  мүшесінде  өзіне  лайықты 

коэффициент  жолын  айтады.  Бір  дәрежелі  

биномның  коэффициенттері  1  және  1,  екі  

дәрежелі  биномдікі  1,  2,  1,  үш  дәрежелі  би-

номдікі 1, 3, 3, 1, төрт дәрежелі биномдікі 1, 4, 

6,  4,  1  болады.  Жоғары  дәрежелі  биномдар- 

дың  да  коэффициенттері  осылардың  ере-

жесімен  шығады.  Бином  коэффициенттерін 

төмендегідей үш бұрышты кескінде көрсетуге 

болады: 

Бұл  кескін  қазір  Паскаль  үшбұрышы  делі-

неді. Ол бойынша биномның кез келген дәре-

жесін анықтауға болады. Үшбұрыштың «бүйір 

қабырғалары»  ылғи  бірліктерден  құралған, 

басқа сандар өзінің екі «иығындағы» сандарды 

қосудан шыққан. Төбесіндегі 1 саны нөл дәре-

желі биномның коэффициенті. Ішкі екі қабыр-

ғада 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 сандары табиғи ретімен 

тұр. Бұлар бойынша аралықтағы сандар табы-

лады. Мәселен, алтыншы жолдағы 10 саны 4 

пен 6 сандарының, сегізінші жолдағы 21 саны 

6 мен 15 сандарының қосындысы. Тоғызыншы 

жолды  тапқанда  екі  шетіне  1  санын  жазып, 

олардың аралығына ретімен 8, 28, 56, 70, 56, 

28,  8  түсіреміз.  Әр  жол  (а+в)-нің  белгілі  бір 

дәрежесіне сәйкес. 

Кестені  көрсетілген  ереже  бойынша  одан 

әрі  құрастыра  беруге  болады.  Алгебра  кур-

сынан  қысқаша  көбейту  формулалары, 

оның  ішінде  екі  мүшенің  қосындысының 

квадраты  мен  кубы,  яғни,  (а+в)

2



2



+2ав+а

2



(а+в)

3



3

+3ав


2

+3а


2

в+в


белгілі. 

Егер осы екі мүшенің қосындысын кез кел-

ген  натурал  дәрежеге  шығару  формуласы 

қажет болса, онда оны жоғарыдағы формула-

лардың көмегімен қорытып шығаруға болады. 

Ал ең қызығы кез келген екі мүшенің нату-

рал дәрежесін шығаруда Паскаль үшбұрышын 

қолдану пайдалы. 

2-сурет – Паскаль үшбұрышы

3-сурет –«9 ромбтық жіктелім»

Тұжырымдамалық  органайзерлер  (con- 

ceptual  organizers)  тұжырымдама  немесе 

тұжырымдамалар  жиынтығының  мәнін,  оқы-

латын  тақырыптағы  басты  идеяларды  олар- 

ды  қолдайтын  негіздемелерді  (фактілер,  

сипаттамалар,  ерекшеліктер)  елестетуге  

мүмкіндік бере отырып, ашады:

– менталды карталар (зерде-карталары) бір 

орталық идеяға негізделген, ол идея онымен 

байланысты  санаттардан  тұратын  ағашқа  ұқ-

сас құрылымдар мен радиалды саты арқылы 

тәптіштеледі;

– тұжырым-карталары әртүрлі паттерндерді 

қолдана отырып, тұжырымдамалар жиынтығы 

арасындағы  аса  маңызды  өзара  байланысын 

айқын түрде көрсету үшін қолданылады;

– семантикалық желілер – графикалық но-

тация (және формалды тіл) тұжырымдамалар 

арасындағы семантикалық (мағыналық) өзара 

байланысты көрсететін заттар саласы білімінің 

үлгісін әзірлеуге арналған. 

Сабақ тақырыбы: Трапеция, оның түрлері 

мен  қасиеттері.  Трапеция  мен  үшбұрыштың 

орта сызықтары.

Оқу  мақсаты:  8.1.1.11  трапецияның 

анықтамасын, түрлерін және қасиеттерін білу



Әдіс:  «Тұжырымдамалық  органайзерлер» 

(тұжырымдамалар жиынтығы арасындағы аса 

маңызды өзара байланысын айқын түрде көр-

сету үшін қолданылады).



Қойылатын сұрақтар:

– Суреттегі трапециялардың үшбұрыштар-

мен байланысы қандай?

–  Суреттегі  трапециялардың  айыр-

машылықтары қандай?

– Келесі сөйлемдерді аяқтау: 



Тең бүйірлі трапеция дегеніміз . . .

Тік бұрышты трапеция дегеніміз . . .

4-сурет – Трапециялардың үшбұрыштар-

мен байланысы

Дескриптор: Білім алушы

– үшбұрыш түрлерін, элементтерін біледі;

– фигурадағы шартты белгілерді біледі;

– объектілердің ұқсастықтарын табады.



«Балық қаңқасы» әдісі. (Фишбоун)

Балық қаңқасы Жапонияда құрастырылған 

әдістердің  бірі.  «Фишбоун»  шығармашылық 

ойын, ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын да-

мытуға бағытталған. Балықтың басына: зерт-

телетін,  қаралатын,  талқыланатын  тақырып 

жазылады.

Оң жақ қабырға сүйектеріне: анықтаған про-

блема  себептері,  тақырыптың  негізгі  мазмұн-

дары мен түсініктері жазылады.

Сол  жақ  қабырға  сүйектеріне:  проблема-

ларды шешу жолдары, қарама-қайшылық ту-

дырушы кедергілер жазылады.

Балықтың  құйрығына:  анықталған  жұмыс-

тың  нәтижесі  мен  талданған  тақырыптың  қо-

рытындылау сұрағына жауап жазылады.



Сабақтың тақырыбы: Төртбұрыштар мен 

үшбұрыштардың аудандары. 



Оқу  мақсаты:  8.1.3.13.  Трапецияның  ау-

даны  формулаларын  қорытып  шығару  және 

қолдану.

Теңбүйірлі  трапецияның  диагоналы  пер-

пендикуляр  болған  жағдайда  ауданы  диаго-

налының  квадратының  жартысына  тең  екені 

дәлелдеп  көрсетілгеннен  кейін,  топта  дерек-

көздегі берілген дәлелдеуді талқылай отырып, 

келесі күрделі дәлелдеуге оқушылар ауытқып 

отырады.


Тапсырма:  Осы  дәлелдеуді  ескере  оты-

рып,  S=h2  формуласын  қорытып,  тұжырым  

жасаңдар  және  менталды  картаны  толты-

рыңдар.


Әр  топтан  бір  оқушыдан  тақтаға  трапеция 

ауданының төрт формуласынының біреуін қо-

рытып  шығарады.Топ  мүшелері  ақылдасып 

менталды картаны толтырады, интербелсенді 

тақтада корсетеді. Оқушылар дәлелдеулер мен 

формулаларды дәптерлеріне жазып отырады.



5-сурет  –  Балық  қанқасы.  Трапеция  ау-

даны  тақырыбы  бойынша  себеп-салдарлы,  

байланысы 

Дескриптор: Білім алушы

– трапецияның ауданы туралы теореманы 

дәлелдейді;

–  трапецияның  ауданы  туралы  салдарды 

тұжырымдайды;

– диагональдары перпендикуляр теңбүйірлі 

трапецияның ауданын диагональ арқылы өр-

нектейтін формуланы тұжырымдайды;

–  дереккөзді  пайдаланып  диагональда-

ры  перпендикуляр  теңбүйірлі  трапецияның  

ауданын дәлелдейді;

–  диагональдары  перпендикуляр  тең- 

бүйірлі  трапецияның  ауданын  биіктігі  

арқылы  өрнектейтін  формуланы  тұжырым- 

дайды;

– формулаларды символдармен жазады;



Балық басына тақырып жазылады. Оқушы-

лар проблемаларды анықтау және одан шығу 

жолдарын қарастырады. Балықтың құйрығына 

түйінді ой жазылады. 



Сабақ  тақырыбы:  Үшбұрыш  және  оның 

түрлері.


Оқу  мақсаты:  7.1.1.13  үшбұрыштардың 

түрлерін ажырату



Әдіс: «Гауһарлар иерархиясы»

1. Топтардағы оқушыларға бірнеше карточ-

ка беріледі. 

2.  Оқушылар  бұрынғы  білімдерін  еске  

түсіре  отырып  оларды  маңыздылық/ 

басымдығына  қарай  орналастырады.  

Оларды  тігінен  немесе  қатарлап  қоюға  бо-

лады.  Бірінші  басымдық  берген  карточ-

касын  жоғарыға  қояды,  бұдан  кейін  екі  

карточканы  екінші  орынға  қояды,  үш  кар-

точканы  үшінші  орынға  қояды.  Осылай  

гауһартас пішіні пайда болады. 

3.  Оқушылар  бір-бірімен  бітімге,  келісімге 

қол  жеткізуге  ұмтылуы  тиіс.  Сондықтан  олар 

карточкалардың  ретін  өзара  талқылап,  өз  

пікірлерін білдіреді. 

4.  Осы  тапсырманы  орындағаннан  кейін 

мұғалім әр топтан жауап алу жүргізеді.



6-сурет  –  «Гауһарлар  иерархиясы» 

Үшбұрыш түрлері

PISA  зерттеулерінің  нәтижелері  қазақстан-

дық  оқушылардың  бірқатар  маңызды  білік-

терінің  қалыптасуындағы  жетіспеушілігін  біл-

дірді:  түйін  сөздер  бойынша  ақпарат  іздеу; 

зерттеу жүргізу үдерістерін талдау; қолда бар 

мәліметтер  негізінде  болжам  жасау;  зерттеу 

мәліметтері  мен  ғылыми  фактілерді  түсін-

діру,  дәлелдер  мен  қорытындылар  негізінде 

жатқан зерттеу мәліметтері мен ғылыми фак-

тілерді анықтау; графикалық ақпаратты түсін-

діріп  беру,  бағалау  есептерін  және  шамалау 

жүргізу.  Осындай  тапсырмалар  арқылы  сыни 

ойлау  оқушыларды  ақпаратпен,  графикалық 

органайзерлермен жұмыс жасауға, жан-жақты 

тұрғыдан  кез  келген  жайды  талдауға,  баға- 

лауға, таңдау жасап, шешім қабылдауға бау-

лиды. 


Мәншүк НҰрҒазиНова, 

«Өрлеу» БаҰо» аҚФ БҚо бойынша 

ПҚ Баи аға оқытушысы

дамыту


Математиканы оқыту үдерісінде графикалық органайзерлерді қолдану



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау