Семинар-тренингте білім бе ру мазмұнын жаңарту жөніндегі мектеп үйлестірушілері, 5 пен



Pdf просмотр
бет11/22
Дата25.11.2018
өлшемі12 Mb.
#24558
түріСеминар
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22

12

№23-24 (132-133) 19 июня 2018 г.

bilimdi_el@mail.ru

Читайте нас на сайте www.bilimdinews.kz



Бүгінгі жас – болашақ 

Қазақстанның жан-

ды бейнесі. Кез келген 

мемлекеттің болашағы 

– білімді, өнегелі де, 

өнерлі жастар. Өнерлі 

жастардың алаңсыз 

білім нәрімен сусында-

уына барынша жағдай 

жасап келе жатқан 

кәсiби бiлiм беру орда-

ларының бірі – «Өнер 

колледжі – музыка-

лық-эстетикалық бейін-

дегі дарынды балаларға 

мамандандырылған 

мектеп-интернат» 

кешеніміз. Бұл – кәсіби 

орындаушылар, ән-

шілер, актерлер, хоре-

ографтар және сурет-

шілерді дайындайтын 

өңіріміздегі жалғыз, 

бірегей оқу орны. 

Өнерлі  де  талантты  жастарға 

жол  сілтеп,  үміттерін  үкілеп,  қа-

наттарын қатайтып отырған Өнер 

кешені  ұстаздарының  еңбектері 

өлшеусіз. Кешенімізде жоғары ше-

берлігімен  танымал,  «Мәдениет 

Қайраткері» төсбелгісінің 11 иегері 

қызмет  атқаруда.  В.Ф.  Динкина, 

Е.М.  Мещеркина,  Т.Қ.  Күдерова, 

А.В.  Подольян  сияқты  тәжірибесі 

мол,  кәсіби  біліктілігі  жоғары  ұс-

таздардың  жұмысының  айғағы  – 

студенттердің  биік  шыңдардан 

көрінуі.  Жас  оқытушыларымыз 

да  кәсіби  шеберліктерін  үнемі 

шыңдап келеді. Б.А. Ильясов, Р.К. 

Синтиков, М.С. Сапарқұлова, Б.Р. 

Шамбетов – кәсіби байқаулардың 

жеңімпаздары.  Кескіндеме  ма-

мандығының  оқытушылары  А.М. 

Тюрин, Р.Б. Абдрафиков – ҚР Су-

ретшілер Одағының мүшелері. 

Тәжірибесі  мол,  жоғары  білікті 

кәсіби  ұстаздарымыз  оқушылар-

дың  өнерін  шыңдап,  ары  қарай 

дамытып,  жетілдіріп  тұрады. 

Білім  алушыларымыз  сан  қырлы 

өнерімен мамандандырылған ха- 

лықаралық,  республикалық,  об- 

лыстық байқауларда, фестиваль-

дерде  жүлделі  орындарды  ие- 

леніп  келеді.  Биылғы  2017-2018 

оқу  жылында  Кешеннiң  60-тан 

астам білім алушысы түрлі деңгей-

дегі додаларда жеңіске жетті. Мұн-

дай  нәтижелерге  жету  ұжымның 

үйлесімді  жұмыс  істеуінің  арқа-

сында ғана мүмкін болды. Ал сол  

ұжымды  тиімді  басқарып  отыр-

ған  білікті  басшы,  үлгілі  ұстаз, 

ҚР  Мәдениет  қайраткері,  педа-

гогика  ғылымының  кандидаты, 

колледжіміздің  түлегі,  Кешен  ди-

ректоры  –  Р.Ә.  Кашенова.  Роза 

Әбутәліпқызы  –  Еуропа  ректор-

лар  клубының  құрметті  мүшесі. 

Директор  жетекшілігімен  Кешен-

де облыстың ең үздік мамандары 

жұмыс iстейдi. «Ұстазы мықтының 

ұстамы  мықты»  демекші,  Роза 

Әбутәліпқызы жеке үлгісімен сту-

денттерді жеке және кәсіби тұрғы-

дан  өсуге,  музыкалық  талғамда-

рын  жетілдіруге,  жаңа  заманауи 

шешімдер іздеуге, жаңа шыңдар-

ды бағындыруға ынталандырады. 

2011 жылы Оксфорд қаласын-

да  өткен  «ХХІ  ғасыр  көшбасшы-

сы»  халықаралық  Саммитінде 

әлемнің  53  елінің  кәсіби  музыка-

лық  оқу  орындары  арасынан  Ке-

шенімізге  «EUROPEAN  QUALITY 

AWARD»  −  «Еуропалық  сапа» 

халықаралық  беделді  марапаты 

берілді.  Мұндай  үздік  марапатқа 

тек қызметтері жоғарғы сапа көр-

сеткіштеріне  және  бәсекелестік 

қабілеттілігіне  сәйкес  келетін 

ұйымдар  белгіленеді.  Бұл  –  біз  

үшін үлкен мақтаныш. 

Әр оқу орнының өз келбеті бар. 

Оқу  орнының  келбеті  дегеніміз  – 

ол  ең  алдымен,  сол  мекемеде 

елеулі еңбек сіңіріп жүрген маман-

дары  мен  сол  оқу  орнын  бітіріп, 

мәдениеті  мен  өнерінің  дамуы-

на  үлес  қосып  жатқан  түлектер. 

Бүгінде  Кешенімізде  білім  алып, 

өнерімен  облысқа,  республика-

мызға,  шетелге  де  танымал  бо-

лып жүрген түлектеріміз аз емес. 

Солардың  бірі  –  жақында  ғана 

71-ші Канн кинофестивалінде «Ең  

үздік  әйел  рөлі  үшін»  әлемдік 

беделді  сыйлыққа  ие  болған  

Самал Еслямова. 

«Актерлік  өнер»  мамандығы-

ның  2004  жылғы  түлегі  –  Самал 

Еслямованың  ресейлік  режиссер 

Сергей  Дворцевойдың  «Ayka» 

драмасында басты рөлді сомдап, 

71-ші  Канн  кинофестивалінің 

«Ең  үздік  әйел  рөлі»  номинация-

сын  жеңіп  алуы  –  ауыз  толты-

рып  айтарлық  керемет  жеңісіміз. 

Бұл  жеңіс  Кешеннің  ғана  емес, 

бүкіл Қазақстанның мерейін асы-

дарын

реклама


Өнерлі өрге жүзер

рып отыр. Бұған дейін де Самал 

«Тюльпан»  фильмінде  басты 

рөлді сомдады. Бұл туынды 2008 

жылы  Канн  фестивалінде  «Ерек-

ше  көзқарас»  конкурсының  бас 

жүлдесін,  әділ-қазылардың  және 

Францияның  білім  министрлігінің 

жүлдесін жеңіп алған еді.

Осындай  беткеұстар  түлек-

теріміздің  арасында  «Қазақстан 

дауысы», «МузАрт-Live» мега-жо-

басының  финалисі  атанған  қазақ 

эстрадасының әншісі Иса Әлимұ-

саев бар. Ол – «Ән салу» маман-

дығының 2015 жылғы түлегі. 

Одан бөлек, «Ән салу» маман-

дығының  түлегі,  Халықаралық 

және  республикалық  байқаулар-

дың  лауреаты,  Қазақстанның  ең-

бек  сіңірген  Мәдениет  қайраткері, 

Ертіс  концертінің  жетекші  жеке 

орындаушысы,  оқытушы  Вяче-

слав  Ткач,  сондай-ақ,  сопран, 

«Ән  салу»  мамандығының  түлегі, 

бірқатар  халықаралық  байқаудың 

лауреаты, жеке жобалар мен білім 

беру бағдарламаларының авторы, 

Ресей  Федерациясының  еңбек 

сіңірген  әртісі,  «Петербург  кон-

церті» МКФМ жетекші солисі Ири-

на Мкртичева және сопран, «Хорға 

дирижерлік  ету»  мамандығының 

түлегі, Ресей Федерациясының ең-

бек сіңірген әртісі, «Алтын маска» 

сыйлығының  екі  мәрте  лауреаты, 

Новосибирск  театрының  жүлде-

гері, Новосибирск музыкалық теа-

трының  жетекші  солисі,  оқытушы 

Вероника  Гришуленконы  мақта-

нышпен айта аламыз.

Солардың  қатарында  Ирина 

Морева  мен  Нұрлан  Тайиров  та 

бар. Ирина Морева – сопран, «Ән 

салу» мамандығының түлегі, опе-

ра әртісі, Халықаралық байқаулар-

дың лауреаты. Бүгін Үлкен Театр-

дың және Галина Вишневскаяның 

Опера әндері орталығының солисі. 

Нұрлан  Тайиров  –  суретші,  «Кес-

кіндеме»  мамандығының  түлегі, 

Храмар өнеріндегі (мозаика, икона 

жазбалары)  жеке  және  қоғамдық 

ғимараттардың  қасбеті  мен  инте-

рьерін кескіндеу, сурет салу және 

графика саласында жұмыс істейді, 

Кәсіби  конкурстар  лауреаты,  БР-

ШҚҰ Ресей Суретшілер Одағының 

Новосібір  облыстық  филиалының 

жастар қауымдастығының мүшесі.

Өнер  әлемінде  өрге  жүзген 

дарынды жастарымыз бен түлек-

терімізге  өнер  жолында  толағай 

табыс пен шығармашылық шабыт 

тілейміз!

Әлия ӘСКЕРОВА,

«Өнер колледжі – 

музыкалық-эстетикалық 

бейіндегі дарынды балаларға 

мамандандырылған МИ» 

кешенінің оқытушысы

Петропавл қаласы

Солтүстік Қазақстан облысы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау