Нұрсұлу МЫРЗАХМЕТ
Семинар-тренингте білім бе-
ру мазмұнын жаңарту жөніндегі
мектеп үйлестірушілері, 5 пен
7-сыныптармен жұмыс істейтін
педагогтер, облыстардың және
Астана, Алматы қалаларының
білім басқармалары басшы-
ларының орынбасарлары, об-
лыстық/қалалық/аудандық әдіс-
темелік орталықтар мен ка-
бинеттер басшылары, білім
бөлімдерінің мамандары қатыс-
ты. Жиналғандар жаңартылған
білім беру мазмұнын енгізу
және критериалды бағалау-
дың қорытындылары жайында
талқылады.
Елімізде жаңартылған білім
беру мазмұнына көшу сатысы
2016-217 оқу жылынан бастау
алды. Бүгінде бұл білім жүйесін-
дегі өзекті тақырып болып отыр.
Білім және ғылым вице-министрі
Асхат Аймағамбетовтың айту-
ынша, былтыр күзде жаңар-
тылған білім беру мазмұны
бойынша 1, 2, 5, 7-сынып-
тар оқи бастады. Алғашында
бұл бағдарламамен 1 сынып
оқыса, оның қатарына 5-7 сы-
ныптар қосылды. Жаңа бағдар-
лама осылайша 2020 жылға
дейін сатылап енгізіле бермек.
Биылғы оқу жылында жаңа
бағдарламаға тағы да 3, 6, 8-
сыныптар көшсе, келер жылы
оған 4, 9, 10-сыныптар қосы-
лады. Содан кейін 11-сыныпқа
енгізіледі. Ал дамыған мемле-
кеттер білім беру мазмұнын
өзгертуді осыдан 20-30 жыл
бұрын-ақ қолға алған екен.
Жаңашылдыққа ата-ана көз-
қарасымен баға берген вице-
министр Асхат Аймағамбетов:
«Жаңартылған білім беру маз-
мұны енгізілген уақытта балам
1-сыныпқа барған болатын, қа-
зір 2-сыныпты бітірді. Ата-ана
ретінде де бұл бағдарламаны
жақсы білемін, баламмен бірге
үй тапсырмасын орындап, шолу
жасап отырамын. Жалпы, бұл
бағдарлама өте тиімді.
Ғылыми-зерттеуіміз жаңаша
білім беру бағдарламасының
маңыздылығы мен тиімділігін
айғақтап отыр. 3 жылдың ішін-
де жаңа бағдарламамен оқыған
балалардың білімі екі есеге
өсіп отыр. Сонымен қатар, үл-
гірімді оқушы мен нашар оқи-
тын оқушы арасындағы айыр-
машылық екі есеге қысқарды.
Жаңа бағдарлама бойынша
тек оқулықтар емес, бағалау жүйе-
сі, сабақ оқыту жүйесі өзгеріп
жатыр. Өзгеріс енгізу әруақытта
да оңай тимейді, ол әрқалай қа-
былданады, оған уақыт та керек.
Бағдарламаның басты мақса-
ты – балаларымыздың бәсеке-
ге қабілеттілігін, функционалдық
сауаттылығын арттыру, бойына
сіңіру керек білімді, қасиеттер
мен құндылықтарды беру» дейді.
Ал аталған семинар-тренинг
мектепте енгізіліп жатқан жаңар-
тылған мазмұнның тиімділігі мен
кедергілері туралы ашық әңгіме
жүргізуге арналып отырғанын ай-
тады. «Өйткені, мұғалімдердің
мінін, пікірін, сұрақтарын тыңдап,
соларға жауап беру біз үшін өте
маңызды. Мұны әріптестерді жи-
нап алып, оларға баяндама оқып,
сол үшін қолдау-қопаштау көру
үшін өткізіп жатқан жоқпыз.
(Жалғасы 2-бетте)
сайтымыз : www.bilimdinews.kz email: bilimdi_el@mail.ru тел.: 8 (7172) 57-80-01, 8(701)5124250
«Білімді ел – Образованная страна» газетіне «Қазпочта» АҚ кез келген бөлімшелерінде жазылуға болады!
Подписка на газету «Білімді ел – Образованная страна» – в любом отделении АО «Казпочта»!
Газет сіздер үшін үлкен құрметпен басылады! Газета с любовью издается для вас!
сайтымыз : www.bilimdinews.kz
email: bilimdi_el@mail.ru
тел.: 8(7172) 254-770, 8(708)425-47-70, 8(701)512-42-50, 8 708 425 6340
Газета выходит при информационной поддержке Министерства образования и науки Республики Казахстан
№23-24
(132-133)
вторник
19 июня 2018
Республиканская образовательная общественно-политическая газета
б
www.bilimdinews.kz
индексі
64603
Жазылу
ерұлан МАҒЗЫМБекОВ, Қазақ-
стандық салалық білім және
ғылым қызметкерлері кәсіп-
одағының Жамбыл облыстық
ұйымының төрағасы: «Әлеумет-
тік бастамалар – болашаққа
жасалған батыл қадам»
О важных аспектах реализации проекта
«Бесплатное профессионально-
техническое образование для всех» –
интервью с директором департамента
технического и профессионального об-
разования Министерства образования
и науки насымжан ОсПАнОВОЙ
Шолпан МУРАТБАеВА, вице-президент
АО «Финансовый центр»: Актуальное
интервью нашей газете на тему реали-
зации Государственной образователь-
ной накопительной системы (ГОнс),
которая реализуется в казахстане с
2013 года
стр. 4
стр. 3
11 бет
Жаңартылған білім беру мазмұны талқыланды
Астанада Білім және ғылым вице-министрі
Асхат Аймағамбетовтың қатысуымен 2017-2018 оқу
жылының қорытындысы бойынша «Критериал-
ды бағалау жүйесі: тәжірибе, мәселелер, келешегі»
атты республикалық семинар-тренингі өтті. 2016
жылдан бері мектептерде сатылап енгізіліп жатқан
оқытудың жаңартылған мазмұнының тиімділігін
талқылауға 400-ге жуық білім саласының мама-
ны қатысты. Жаңа форматта өткен шарада жаңа
бағдарламаның артықшылығы мен кездесетін
кедергілерді жою мәселесі сөз болды.