Семинар-тренингте білім бе ру мазмұнын жаңарту жөніндегі мектеп үйлестірушілері, 5 пен



Pdf просмотр
бет12/22
Дата25.11.2018
өлшемі12 Mb.
#24558
түріСеминар
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22

13

№23-24 (132-133) 19 июня 2018 г.

bilimdi_el@mail.ru

Читайте нас на сайте www.bilimdinews.kz



Жуырда Бектауата 

шатқалының Ортаде-

ресін ауыл аймағында 

орналасқан Ақтоғай 

ауданының қала сыр­

тындағы «Факел» 

маусымдық сауықты-

ру лагерінде «Менің 

Отаным – Қазақстан» 

атты туристік­өлке-

тану экспедициялық 

жасақтарының облыс­

тық форумы өтті. Үш 

жүз адамды қамтыған 

үш күндік форумда әр 

команда зияткерлік 

ойындар кабинетін 

жабдықтауға арналған 

облыс әкімінің 1 мил-

лион теңгелік сертифи-

катына ие болды.

Ауқымды  іс-шараны  Қараған-

ды  облысының  білім  басқарма-

сы,  «Нұр  Отан»  партиясының 

облыстық  филиалы,  Қарағанды 

облысында  білім  беруді  дамыту-

дың  оқу-әдістемелік  орталығы, 

«Сарыарқа  дарыны»  АҒПО,  об-

лыстық  туристік  клуб  ұйымдас-

тырды.  Мақсат  –  экспедициялық 

жасақтардың  туристік-өлкетану 

қызметін белсендендіру, белсенді 

туризммен айналысу үшін тәжіри-

белік біліммен дағдыландыру.

Облыста  2013  жылдан  бастап 

«Жаңалықтар  әлемі.  Жас  сая-

хатшы.  Жас  ізденуші»  жобасы 

жүзеге асырылуда. 2018 жылдың 

қаңтарынан  бастап  жоба  «Руха-

ни  жаңғыру»  бағдарламасының 

«Тәрбие және білім» ішкі бағдар-

ламасының  «Өлкетану»  базалық 

бағыт  жобаларының  облыстық 

реестріне енгізілген.

«Жаңалықтар әлемі-2018. Жас 

саяхатшы.  Жас  ізденуші»  –  Қа-

рағанды облысында балалар мен 

жеткіншектер  туризмінің  дамуы-

на, отансүйгіштік пен азаматтыққа 

тәрбиелеуге, салауатты өмір сал-

тын  қалыптастыруға,  мазмұнды 

демалыс  ұйымдастыруға  бағыт-

талған  әлеуметтік  білім  беру  жо-

басы.


Форумға  20  команда,  облыс-

тың  18  аймағы  және  Сарышаған 

қаласы және «Дарын» мамандан-

дырылған  мектеп-интернатының 

командалары қатысты. 

Шығармашылық  жобаларды 

қорғау  бағытында  қатысушылар 

команданың  визиттік  карточка-

сын, «Біз – туристерміз» атты те-

атрландырылған көріністі назарға 

ұсынды.  Бұл  бағыттағы  бард 

әндердің  байқауы  тау  ұясында 

ұйымдастырылды.  Әдемі  алау 

тұтанды.  Тау  ұясындағы  алау 

жағу сәті балалардың есінде мәңгі 

сақталары  анық.  Әртүрлі  аспап-

тардың  сүйемелдеуімен  ән  шыр-

қаған  қатысушылардың  бойынан 

өршіл  рух  пен  жігер,  еліне  деген 

сүйіспеншілік байқалды. 

«Жаңалықтар әлемі-2018. Жас 

саяхатшы.  Жас  ізденуші»  ғылы-

ми-зерттеушілік  жобаларын  қор- 

ғау  бағытында  «Үздік  мектептік 

баспасөз басылымы», «Аймақтың 

тарихи  орындарына  экскурсия» 

атты  бейнерепортаж,  «Мектеп 

мақтанышы  –  жаңа  есімдер», 

«Туризмдегі PR» номинациялары 

бойынша сынға түсті.

«Өлкетану» бағытында «Туған 

өлке  соқпақтары»  атты  өз  ай-

мақтарында  жүзеге  асырылған 

туристік экспедицияларын таныс- 

тырды.  Онда  туристік  маршрут-

тың  картасы,  өлкетану  объек-

тілері, маршруттың ерекшеліктері 

мен маңыздылығы аталды.

Экологиялық  бағыттағы  «Эко-

логиялық  соқпақ  жол»  номина- 

циясында табиғатты қорғау тәсіл-

дері  мен  заманауи  экологиялық 

мәселелерді шешу жолдары бой-

ынша жобалар қорғалды.

«Туристік  дағдылар  мен  білік-

тер» және «Комбинацияланған ту-

ризм» сайыстары – туристік бағыт 

бойынша ұйымдастырылды. 

Бұл  бағытта  қатысушылар  ту-

ристік шатыр орнатып, түйіндерді 

байлап, алау жақты. Сонымен қа-

тар, рюкзак дайындау, тауға өрме-

леу,  велосипедті  мәнерлеп  тебу, 

№1  және  №2  кедергілер  ала-

бынан өту, алғашқы медициналық 

көмек  көрсетуден  біліктіліктерін 

танытты.  Комбинацияланған  ту-

ризмде  командалар  тауға  жар-

ты  күнге  кросс-саяхат  жасады. 

Кросс-саяхатта  карта  және  ком-

паспен жұмыс жасау, топография, 

туристік  тактика  мен  техника, 

алғашқы медициналық көмек көр-

сету элементтері қамтылды.

Сонымен қатар, форум аясын-

да  оқушылар  үшін  семинар-тре-

нингтер  ұйымдастырылды.  Се- 

минарлар «Нұр Отан» партиясы-

ның  облыстық  филиалы,  «Жас 

Отан» ЖҚ мен «Дәstur is trend» ҚҚ 

қолдауымен партиялық «Белсен-

ді жастар саясаты» – «Бес асыл 

іс» және «Үш тілге көшу» жобала-

ры аясында өткізілді. «Бес асыл 

іс»  жобасы  шеңберінде  жүргізіл-

ген  семинарларда  көшбасшы 

болу,  тілдерді  үйрену,  ұлттық 

салт-дәстүрлердің  мән-мағына-

сына  үңілу,  ұлттық  тағамдарды 

дайындау  секілді  тақырыптар 

басшылыққа  алынған.  Жоба 

«Талап»,  «Еңбек»,  «Терең  ой», 

«Рахым»,  «Қанағат»  атты  бес 

бөлімге бөлінген.

Үш  күнге  созылған  ауқым-

ды  іс-шараның  жабылу  салта-

натында  Ақтоғай  ауданының 

әкімі  Салтанат  Әбеуова,  білім 

беруді  дамытудың  облыстық 

оқу-әдістемелік 

орталығының 

директоры Гүлсім Қожахметова, 

профессор,  техника  ғылымда-

рының  кандидаты,  білім  беру 

саласының ардагері Сәбит Қон-

таев, облыстық туристік клуб ди-

ректоры Сергей Кистанов бала-

лар  қойған  қызықты  сұрақтарға 

тұшымды жауап берді.

300  адамды  қамтып,  5  бағыт, 

11 номинация бойынша өткізілген 

сайыстар  қорытындысы  нәти-

жесінде  1-орынды  Ақтоғай  ауда-

нының  командасы  қанжығасына 

байлады.  2-орынға  Балқаш  қа-

ласының  командасы  ие  болса, 

3-орын  Саран  қаласының  коман-

дасына бұйырды. Жеңімпаздар ку-

боктар және бағалы сыйлықтарға 

ие болды. Ал қалған қатысушы ко-

мандалар  туризм  және  өлкетану 

бағыттары  бойынша  номинация-

лармен марапатталды. 

Форумға  қатысқан  барлық  ко-

мандаға  Қарағанды  облысының 

әкімі  Ерлан  Қошановтың  атынан 

«INTELLECTUM»  кабинетін  жаб-

дықтауға 1 миллион теңгелік сер-

тификат табысталды. Салтанатты 

іс-шарада Ақтоғай ауданы «Әуен» 

ансамблінің  бүлдіршіндері  өнер 

көрсетіп,  көрермендердің  ыстық 

ықыласына бөленді.

Айнұр ЕГІНБАЙ

Қарағанды

туған жер



Қарағанды облысында туристік-өлкетану  

экспедициялық жасақтарының форумы өтті



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау