Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
(6а-15)·(2а+1)
(х+6)·(х+5)
Қорытынды. Оқушылардың есеп шығару жолдарын дұрыс пайдаланғандығын қадағалап оларды
бағалау барысында кубизм сұрақтарын қойып олардың бағаларын толықтырамын. Жіберілген
қателерді оқушылардың өздеріне тексертемін.
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------
«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
№24 «А» бастауыш қазақ мектебі» ММ
Ергалиева Ментай Амановна
бастауыш сынып мұғалімі
Дүниетану 11.04.2013.
Сабақтың тақырыбы: Жолаушы
Сабақтың мақсаты: Жол ережесін,белгілерін есте ұстай білуге үйрету. Жолда жүргенде жол
ережесін сақтап,оң жақпен жүруге тәрбиелеу.
Жолаушы туралы түсінік беру, көлік түрлерімен таныстыру
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,слайдтар
Не білу керек: Жолаушының ережелерін білу
Не істей білу керек: Жолаушы болған кезде ережелерді орындай білу керек
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру
Сәлемдесу
2. Үй тапсырмасы (ауызша)
Ашық тест (жазбаша)
Ашық тест 1 -сынып
Р/с
Сұрақтары:
Жауабы:
1
Көше дегеніміз
не?
Көлік жүретін жолдар
2
Көше қиылысы дегеніміз не?
Көшелердің бір-бірін қиып өтуі
3
Қаладағы көлік түрлері қандай?
Троллейбус,автобус,
поезд,машина,ұшақ
4
Ауылдағы көлік түрлері қандай?
Ат,ат арба,ат шана,
Трактор,түйе,комбайн
5
Бағдаршамның міндеті не?
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің
жолдан дұрыс өтуін реттеп тұрады
Ситуация: 1. Аян үйден шығып мектепке қарай келе жатыр.Жолдан өтіп бара жатқанда
танымайтын адам машинасын тоқтатып,кел,балақай баратын жеріңе апарып тастайын деді.
Аян не істеуі керек?
2. Аян мектепке келді.Мектепте мына сөздерді көріп ойланып қалды.Көмектесейік.Мына сөздердің
мағынасына сәйкес еместерін алып тастайық.
Қарға,жолбарыс,торғай
Балға,орындық,күрек
Түйе,лақ,жылқы
Қызанақ,алма,сәбіз
Дәптер,уық,кітап
Қасқыр,түлкі, шымшық
Ыдыс,мұғалім,тігінші
Осы артық сөздерді қосып оқығанда бүгінгі тақырып шығады «Жолаушы»
1.Жолаушы деген кімдер?
2. Жолаушы немен жүреді?
322
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
3.Көліктер не үшін керек?
4.Қала мен ауылдағы көліктерді атай аласыңдар ма?
5.Ал өздерің осы көліктердің қайсысына міндіңдер?
Үйден мектепке дейінгі жол: 1.Хамзаева Лана (машина)
2.Кылышбаева Аружан (поезд)
3. .Диас (автобуспен қалай келетінін айтады,түсіндіреді)
4. Мурзагалиева Аружан (микроавтобус)
Мәтінмен жұмыс:
Түсініксіз сөздерді белгілеп отырыңдар,мен түсіндіремін
-
Іштей оқу (өз беттерімен)
-
Дауыстап оқу (мұғалім немесе оқушы)
-
Дауыстап оқу (кезекпен)
-
Теріп оқу : 1. көлік туралы айтылған сөйлемдерді тап
2. Жолаушылар не себептен жолға шығатыны туралы айтылған сөйлемдерді тап
3. Ұшақ туралы айтылған сөйлемді тап
4. Нақыл сөзді тап
Сөздік жұмыс.
Ат-арба – жаз мезгілінде атқа арбаны жегу
Ат-шана – қыс мезгілінде атқа шананы жегу
Мәтін мазмұнымен жұмыс:
1.Жолаушылар қайда барады? (алысқа сапар шегеді)
2.Олар немен жүреді? (машинамен,атпен,түйемен,жазда ат-арбамен,қыста ат-шанамен)
3.Олар не үшін жолаушылайды? (біреулер алыстағы туыстарына қыдырып барады,біреулер сауда
жасау үшін барады)
4.Алыс жерлерге қандай көлік түрлерімен барады? (ұшақпен немесе пойызбен)
5.Алыс ауылдар мен қалалар арасына нелер жатады? (автобус)
6. Баратын жеріңе тез жету үшін қандай көлікпен жүрген тиімді?
Неге олай деп ойлайсың?Себебі ұшақпен тез барасың.Бірақ бағасы қандай болады? (бағасы
қымбат,оны кез-келген адамның қалтасы көтере бермейді.ал автобуспен,пойызбен жүру ұзақ болса
да,бағасы арзан)
Есте сақтап жазу: Ұшақ, пойыз, автобус, кеме, түйе, жол, жолаушы, машина, жылқы, ұшақ, алыс
жерлер, ат-арба, ат-шана.
2-3 оқушыға жазғандарын оқыту
Ойын «Мен қайда баруым керек?»
Мен пойызға мінуім керек,қайда барамын? (темір жол вокзалына)
Мен ұшақпен ұшуым керек,қайда барамын? (әуежайға)
Мен автобуспен ауылға барғым келді,қайда барамын? (автовокзалға)
Біздің қалада қандай қатынас көлік түрлері бар?
(Ұшақ,автобус,пойыз,троллейбус)
Ал жолға шыққан жолаушыларға қандай тілек айтылады?
(Жолдарың болсын,сапар оң болсын!)
Ойын «Мен қайда баруым керек?»
-
Әуежайдағы ұшақты күтіп отырған баланың ұйықтап отыруы
-
Автобустағы баланың үлкенге жол беруі
Суретке қорытынды: 1.Жолға шыққанда мұқият болу керек,әйтпесе жүгіңді,ақшаңды ұрлап кетуі
мүмкін немесе кететін уақытыңнан қалып қоюың мүмкін.
-
Автобуста үлкен кісілерге жол беру керек.Өйткені олардың аяғы ауырады,көп тұра
алмайды,бұл үлкенге құрмет деп аталады
323
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
«Менің жолаушылап барған жерім»
Шетелге барған оқушылар әңгімесі:
XXVI. Дария (Турция)
XXVII. Аян (Египет)
XXVIII.
Алимжан (Турция)
XXIX. Айнұр (Зеренді)
Қорытынды бөлім: «Мен жолаушы болсам...»
Әр бала өзі жолаушы болса қайда баратыны туралы айтып өтеді немесе жазып береді
Сабақта не білдік? Жолаушы болған кезімізде заттарымызға ие болу. Қоғамдық орындарда
автобуста,пойызда өзімізді дұрыс ұстап,басқаларға кедергі жасамау.
324
Достарыңызбен бөлісу: |