Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Үй тапсырмасын сұрау: Б. Әбіловтің «Қанат пен Жанат» әңгімесін үйден оқып келдік. Кімдер
әңгіменің мазмұнын айтуға дайындалып келді?
Әңгіменің мазмұнын 1-2 оқушыға айтқызамын.
Сұрақтар арқылы пікірлерін айтқызу:
1.Қанат пен Жанаттың әрекеттері туралы не айтар едіңдер.
2.Қанат домбыраны үйрену ниетіне қалай жетті?
3.Талаптыға нұр жауар, Талаптансаң , алмайтын асу жоқ деген сөздердің мағынасын қалай
түсінесіңдер?
4.Талапты бала қандай болады , деп ойлайсыңдар?
Дәйексөз: Талаптан да білім мен өнер үйрен,
Білімсіз, өнерсіз болады ақыл тұл.Ш. Құдайбердіұлы
Оқушылардың жауаптарын тыңдау, түйіндеу.
Жаңа ақпаратты оқыту.
Адам өмірден өз орнын табуда талапты, қабілетті, еңбекқор, ізденгіш болуы қажет.
Адам өзінің ынта- ықыласы, жігері және талмас талабы арқылы көздеген мақсатына жете алады.
Жаңа ақпарат бойынша түсінгендерін айтқызу.
Шығармашылық жұмыс:
Төменде берілген сөздерден талапты балаға тән қасиеттер- ді тауып , айтып беріңдер. Күн шуағымен
бейнелеңдер.
Ізденгіш, енжар, ұмтылғыш, талантты, жалқау, ұқыпты, қабілетті, еңбекқор, өнерлі, әдепті, сабырлы,
табанды.
Ойын: «Домино».
Дәптермен жұмыс. Топтық жұмыс.
Талапты баланы неліктен құсқа, тұлпарға, тауға теңейді?
XXIII. топ: Талап- тұлпар, білім- сұңқар.
XXIV. топ: Талапты бала-талпынған құстай,
Құмары қанбас аспанға ұшпай.
XXV. топ: Талпынған тау асар.
Мақал туралы түсініктеріңді жазыңдар.
Әр топтан 1-2 балаға оқыту.
Топпен ән айту. «Бала тілегі» Сөзін жазған: С. Молдасанұлы Әнін жазған: Ф.Лұқпанова
Қорытынды: Балалар, сендер бүгін талаптанудың адамның өмірінде маңызды құндылық екенін
білдіңдер.Мен білемін сендердің бәрің талаптысыңдар.Сол талаптарыңмен қанаттарың талмай биікке
самғап , елімізге, халқымызға, өзімізге пайдалы іс істейді деп ойлаймын. Мен сендерге әр түсті
жүрекшеге жақсы тілегімді жазып келдім, өздерің қалаған түстен ала қойыңдар.
Үй тапсырмасы: Мен талапты баламын. Өлеңді жаттау.90-91-бет.
Дәптердегі мақалдар туралы түсінгеніңді жаз. 24-бет
Тыныштық сәті: Баяу музыка қою.
Көзімізді жұмып, ыңғайланып отырайық. Бүгінгі сабағымызда қандай жақсы нәрсе үйрендік еске
түсіріңдер. Өз талаптарыңмен қандай мақсатқа жететініңді ойлаңдар. Өмірде саған жақсылық
ойлаған адамдардың бәріне ризашылық білдір. Ал енді жайлап көздеріңді аша қойыңдар.Сау
болыңдар.
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Атырау облысы, Атырау қаласы
№34 лингвистикалық мектеп-гимназиясы
Дәулетова Шархат Ермекқызы
Бастауыш сынып мұғалімі, жоғары санатты
Сабақтың тақырыбы: «Сұраулы сөйлем. Пысықтау сабағы»
Мақсаты: Оқушыларға сұраулы сөйлем жасайтын көмекші сөздер туралы түсінік беру.
313
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын, танымдық белсенділігін дамыту.
Тәрбиелігі: Елін, жерін сүюге тәрбиелеу, патриоттық тәрбие беру.
Типі: Білімді бекіту.
Түрі: пысықтау сабағы.
Әдісі: Сұрақ-жауап, ойын, көрнекілік, сатылай кешенді талдау технологиясы.
Көрнекілігі: мультимедия экраны.
Сабақтың жүрісі:
5)
Ұйымдастыру а) Амандау
Ә) Психологиялық дайындық
А) Сәлеметсіздер ме қонақтар!
Қайырлы күн, достым!
Қайырлы күн құрбым!
Сәрсенбінің сәттә күні,
Қуанышқа болсын толы.
Ә) Әрбір адам- досым, сыныптасым
Әрбір сабақ – оқу іздену
Әрбір ісім – тірлік, тірекі адалдық
Әрбір сөзім – шындық, бірлік, адалдық.
-Балалар, қазір қай ай?
-Желтоқсан.
-1 желтоқсан қандай мереке болып аталып өтіледі?
- Еліміздің тұңғыш президенті күні.
- Желтоқсан айында тағы қандай мереке бар?
- 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні.
- Тәуелсіздік жолында құрбан болған жастар кімдер еді?
- Ноғабайұлы Қайрат, Асанқызы Ләззат, Сыпатайұлы Ербол, Мұхамеджанқызы Сәбира.
- Ендеше сол желтоқсан құрбандарын 1 минут үнсіз еске алайық.
- Жақсы отыра қойыңыздар.
ІІ. Пысықтау «Сөйлем».
А) Ойын «мен бастаймын, сен жалғастыр».
1. Сөйлем аяқталған....(ойды білдіреді)
2. Сөйлем сөзден......(құралады)
3. Сөйлемдегі сөздер....(бөлек жазылады)
4. Сөйлемнің бірінші сөзі....(бас әріппен жазылады)
5. Сөйлемнің соңына...... (нүкте қойылады)
6. Хабарлы сөйлемнен кейін.....(нүкте қойылады)
7. сұраулы сөйлемнен кейін.....(сұрақ белгісі қойылады)
Ә) «Сөйлем» сөзіне фонологиялық талдау жасау
1. Айтылу, жасалу, жазылу жолдарына қарай:......
Себебі, ...
2. Буын ... Себебі, ...
3. Тасымал ... Себебі, ...
Сөйлем
4. екпін
5. буын үндестігі ..... Себебі, ....
6. Дыбыс үндестігі .. Себебі, ....
ІІІ. Жаңа сабақ. Пысықтау сабағы.
А) Күннің жадын жазу
Ә) Көркем жазу. С с
1. Сурет арқылы (көрсетілген сурет бойынша мысал жазу).
Бұл ат па?
314
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
-Балалар, бұл сөйлемдерде жазылуы басқа, бірақ естілуі сөздер бар ма?
- Атпа ? Ат па?
-Дұрыс . қай сөйлемде па, бірге жазылады ?
-Бірінші.
-Бұл қандай сөйлем?
-Хабарлы.
-Хабарлы сөйлемдегі атпа сөзі қимылды білдіріп тұр. па – жұрнақ . сөзбен бірге жазылады.
-Екінші сөйлемде па қалай жазылып тұр?
-Бөлек.
-Бұл, сұраулы сөйлем болады, па – көмекші сөз, сұраулық мағына беріп тұр.
IV. Салыстыру.
а) Оқулықтағы 1 жаттығу ауызша орындалады, оқушылар кезек тесе оқиды.
Бүгін кинога барма. Сенде қарындаш бар ма ?
Ініңнің қасынан кетпе. Олар кетіп пе?
Сабаққа кешігіп келме. Бүгін досың келе ме?
Бірінші бағандағы сөздерге ма, пе , ме жұрнақтары бірге жазылып қимылды білдіріп тұр.
Екінші бағандағы сөздерге ма, пе, ме бөлек жазылып, көмекші сөздер қызметун ақтарып,
сұраулы сөйлем жасап тұр.
Ереже: оқу, дауыстап
Сұраулы сөцлем жасаитын ба, бе, ма, ме, па, пе бөлек жазылады.
Мысалы: Олар қаладан келді ме? Тапсырманы жаздың ба?
V. Дәптермен жұмыс. 2-жаттығу.
а)Берілгенін оқу. Сөилем соңындағы ма, ме, па, пе, ба, бе бірге жазыла ма, бөлек жазыла ма?
Жақшаны ашып, дұрысын жаз.
Түскі тамаққа кешікпе. Орталыққа кеткендер келіп пе? Айтқанды түсіндің бе? Қараңғыға қалма. Күн
суытты ма? Әрқашан қатарыңнан қалма. Қосымша сабақақа қалды ма?
ә) 3 –жаттығу. Парақшамен жұмыс. Берілген хабарлы сөилемді сұраулы сө»лемге айландырып жазу.
1.Таң атты.Күн шықты.
2. Қанат ерте тұрды.
3.Қоңырау соғылды.
4.Сабақ басталды.
Сабақ қызықты өтті.
5.Сабақ аяқталды.
Балалар үйлеріне көңілді қайтты.
б)Ойын «Не қажет?».
Сурет арқылы не қажет екенін табу.Хабарлы және сұраулы сөйлем құрау.
315
Достарыңызбен бөлісу: |