Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
ДИАЛОГТІК ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Мырзагалиева Сандигул Сандигалиевна
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы,
Қараой мектеп-бала бақшасының
ағылшын тілі пәні мұғалімі
Жеке тұлғалықтың мәні оның қажеттілігі мен қызығушылығын қанағаттандыруға, баланың
өзіне ғана тән тұлғалық сапаларын, өзіндік даму реакциясын анықтау, мұғалім пен оқушы, оқушы мен
оқушы арасындағы өзіндік қарым –қатынасты қалыптастыру- бүгінгі күннің талабы болып отыр.
К.Ушинский «Мұғалім-өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді
тоқтатысымен оның мұғалімділігі жойылады»,- деген даналығында. Сондықтан әрбір ұстаз білім
беру барысында үздіксіз ізденуде болуы шарт. Мұғалімдерге арналған нұсқаулықта (Strong, Ward
&Grant, 2011) атап көрсеткендей, мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға
– мұғалім болуы керек [МАН, 9- бет]. Екінші кезең - «Мектептегі тәжірибе» кезеңінде зерттеу
тақырыбымды «Ағылшын тілі пәніндегі диалогтік оқытудың тиімділігі
» деп алып, Диалогтік
оқыту әдісін қолдана отырып, ағылшын тілі пәніндегі тиімділігін анықтау мақсатын көздедім. Осы
мақсат негізінде орта мерзімді жоспар негізінде қысқа мерзімді жоспар құрып, диалогтік әдіс-тәсіл
арқылы ынтымақтастықпен топтық жұмыс жасауға үйретуді, сын тұрғысынан ойлау арқылы ойлау
қабілеттерін арттыруды міндеттедім. басты міндеттер болып табылды.
Болжам: «Егер ағылшын тілі сабағына диалогтік оқытуды енгізетін болсақ, онда оқушылардың
сөздік қоры молайып, пәнге қызығушылықтары артады. Өйткені, Мерсер мен Литлтон зерттеуінде
«диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне
үлес қосады»деп тұжырым жасаған. Сондықтан «Ағылшын тілі пәніндегі диалогтік оқытудың
тиімділігі
» мақсатындағы міндеттерім:
- Диалогтік оқытудың тиімділігін анықтау мақсатында әріптестермен іс- тәжірибе алмасу;
-Диалогтік оқыту әдісінің тиімді жолдарын анықтау мақсатында жұмыстар жүргізу;
- Оқушылардың іс- әрекетін зерттеу. Осы мақсат- міндет негізінде күтілетін нәтиже:
«Диалогтік оқытудың ағылшын тілі пәнінде тиімді жолдары анықталады.»деп күтілетін
нәтижені анықтап алдым.
Шeтeлдiк ғaлымдaрдың зeрттeу нәтижесiндe күндeлiкті сaбaқтa қoлдaнылaтын «диaлoгтiк
oқытy» мoдyлiнiң мaңызы зор тaбыстaрғa жeткiзeтiнiн дәлeлдeгeн. Мысaлы, Мepcep мен Литлтoн
(2007) өз eңбeктepіндe диaлoг caбaқтa oқушылaрдың қызығyшылығын apттыpyмeн қaтap, oлapдың
бiлiм дeңгeйiнiң өсуiнe дe үлeс қoсaтындығын aтaп көрсeтeдi. Выгoтскийдiң oқытy мoдeлi oқyшы
диaлoг құрy нәтижeсiндe бiлiм aлaды дeп жopaмaлдaйды. Сoндықтaн, oқyшының бiлiм дeңгeйiн
дaмытyға әлeумeттiк көмeк көрсeтyдe мұғaлiмнiң рөлi epeкшe. Oқyшылaрдың көбiрeк бiлeтiн бaсқa
aдaмдaрмeн, бұл рөлдeрдe сыныптaстaры мен мұғaлiмдeр бoлyы мүмкiн, диaлoг жүргiзy мүмкiндiгi
бoлғaн жaғдaйдa, oқытy жеңіл болмақ. Талданатын идеялар оқушы түсінігінің нақты бөлігі
бoлмaғaнымeн, ЖAДA aяcындa қapacтыpылғaндықтaн oқытy тaбыcты бoлмaқ [МAH, 98- бет].
Мен 6-сыныпта өткен сабақта оқушыларды 5 оқушыдан 10 оқушыны екі топқа бөлу арқылы өткіздім.
Онда шет тілі болғандықтан міндетті түрде тіл үйрену үшін тақырыптық диалогтар беріледі. Сол
диалогты оқушылар оқып, өз бетімен оқып, түсініп, аударуға және өз ойларын еркін жеткізуге
бағытталған жаттығулар орындады.
Т. Аяпованың «Ағылшын тілі» оқулығының соңғы тараулары бойынша «Астанаға барғым келеді»,
«Каникулда қай жаққа барғың келеді?», «Каникулды қалай өткізгің келеді?» тақырыптары бойынша
сабақ өткізгенде «Астана қандай қала?», «Кім Астанада болды?», "Кім Астанаға барғысы келеді?"
деген сұрақпен бастадым. Оқушылар бар мүмкіндігінше жауап берді. Топтастыру стратегиясы
бойынша «Астана» сөзі жазылған ментальді карта арқылы екі топқа бөлінген оқушыларға «қандай
ассосация береді соны жазыңдар» деп жазғыздым. Олар ментальді карта жасауда «Әдемі қала, жаңа
қала, Елорда, Хан шатыр, Байтерек, Пирамида» деген сөздерді қамтыған.
Осы ментальді карта толтырып болғаннан кейін осы сөздерді ағылшын тілінде айтайық деп сөйлеуге
жетеледім. Оқушылар екі топта осы сөздерді ағылшын тіліне аударып, ағылшын тілінде «Astana is the
304
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
capital of Kazakhstan», «Astana is new city», «Аstana is the modern city», «The Monument of Baiterek is
new builbing» деген сөйлемдерді құрады.
Мерсердің әңгіменің үш түрін- әңгіме- дебат, кумулятивті әңгіме, зерттеушілік әңгімелерді
сабағымда қолдана отырып, қарым-қатынас орната білдім. Менің диалогтік оқыту арқылы сын
тұрғысынан ойлауды дамытудағы көздеген мақсатым, оқушылар көптеген жағдайда өз ойларын ашық
айтуға жасқанады. Қазақ халқының менталитетінде үлкеннің алдын орап сөйлеуге, үлкендердің сөзіне
араласуға тиым салынады. Бұл тежеу кейбір балаға ортаға шығып сөйлеуіне кедергі туғызады.
Диалогтік оқытуды қолдана отырып, сын тұрғысынан ойлау арқылы мәдениетті сөйлеуге, ұшқыр
ойлауға, белгілі бір тақырыпты толыққанды ашып, шегіне жеткізе отырып, көз жеткізуге, нақты
мәліметтерді қамту арқылы өз ойларын еркін жеткізуге үйрету болатын.
Диалогтік оқыту әдісінің бірі – сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі
сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың білім
алуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. (МАН, 40-бет). Осы зерттеуге сәйкес мен
І кезең: диалогпен танысу;
ІІ кезең: диалогті жаттау;
ІІІ кезең: диалогті қойылымға айналдыру, яғни сөйлесім іс-әрекетін қойылым іс-әрекетімен
ұштастыру жұмыстарын ұйымдастырдым. Оқушылар ашық диалогке көшіп, өз ойларын еркін, ашық
жеткізе білді. Қай жаққа саяхат жасаған тиімді, «өз еліңе саяхат жасаған тиімді ме, шетелге саяхат
жасаған тиімді ме?» деп оқушыларды әңгіме-дебатқа шақырдым. І топтағы оқу озаты- Ақжайнақ
«шетелге саяхат жасаған жақсы, бірақ өз еліңнен бастаған жақсы, өйткені өз еліңнің жерін, тарихын
білмеген адам, өзге елдің тарихын, жерін танып жарытпайды деген пікір айтса», ІІ топтағы оөу
екпіндісі- Нұрқан «Әр адам өз елінің, туған жерінің тарихын білу керек, әрине өз еліңнің жерлеріне
білген жақсы, алайда шетелге барып келген адам ғана өз елінің қадірін түсінеді. Шетелді көріп
мәдениетімен танысудың орны бір бөлек. Ел көресің, жер көресің. Шетелде демалғанның жөні бөлек
деп ойлаймын» деген пікір айтты. ІІ топтағы оқу үлгерімі төмен- Мейрамбек «Мен шетелге барғым
келеді. Ондағы адамдармен танысқым келеді» деп жауап берді. Бұрын сабаққа көп қосылмайтын
Мейрамбек топтық жұмыста өзінің белсенділігін көрсете бастады. Бірнеше оқушылардың пікірі
тыңдалды. Пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы іске асады, дегенмен оны оқушылар
бірлескен зерттеу барысында да анықтай алады (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 104- бет) деген
ережесін осы жерде растауға болады.
Мерсердің зерттеуіндегі әңгіме түрінің бірі басқаға бағыттау арқылы «Тағы қандай идеялар
қосуға болды?» деген сұрақтарға оқушыларды сөйлетіп, бір- бірімен байланыс орната отырып, тілдік
қорларын молайтуға тырыстым. Басқаға бағыттау барысында оқушының дұрыс емес сұрақтарына
басқа оқушыларға бағыттау арқылы «тағы кімнің қандай пікірі бар?» деп ойларын ортаға салдым.
Сабақты өткізу барысында жаңа тақырып бойынша ынтымақтастыққа бағыттауда жұмыстар
жүргіздім. Оқушыларға «Каникулда қай жаққа барғың келеді?» Тыңдауға арналған мәтінді оқып,
оқушылар түсінгені бойынша өздері топта талқылады. Сонан соң берілген постерге нақты тіректерді
бейнелеу ұсынылып, уақыт берілді. Жұмыстарын аяқтаған соң бір-біріне постерлерін ұсынып,
бейнеленген суреттер бойынша ағылшын тіліндегі тыңдалым бойынша мәтінді қазақша айтып береді.
Оқушының қаншалықты түсінгенін осы сөйлеу арқылы түсінуге болады. Диалогтік қарым-қатынаста
ситуацияны бірге талқылап, өзекті мәселені бірге шешуге мүмкіндік туады, яғни барлық
қатысушылардың белсенділігін арттырады. (А.Ш.Орақова, 2009). «Каникулды қалай өткізгің келеді?»
тақырыбы бойынша оқушыларға берілген жаттығулар бойынша сөйлемдерді бөліп беріп, сол
сөйлемдерді аудырып, оқушылардың каникулды қалай өткізгісі келетіні туралы толық ақпаратты
қамтып алдым. Екі топ бір-бірімен ағылшын тілінде сұрақ-жауап қойып диалог түрінде сөйлесті.
Мұнда оқушылардың жаңа сөздерді есте сақтауы, сөздерді түсіне отырып, тиімді қолдануы кезінде де
оқушылардың қабылдау қабілеттеріне көңіл бөліп отырдым. Диалог арқылы сөйлескен екі топ
түсінгендері бойынша постер жасап, сол сөйлемдерді пайдаланып, өздерінің каникулды қалай
өткізгісі келетіні туралы әңгімелеуге машықтанды.
«Астанаға барғым келеді», «Каникулда қай жаққа барғың келеді?», «Каникулды қалай өткізгің
келеді?» Үй тапсырмасын бере отырып, оқушылардың сабақта не түсінді, нені түсінген жоқ, қандай
сұрақтар туындады, стикерлерге рефлексия жаздырып алдым. Сабақтан соң оқушыларға рефлексия
305
Достарыңызбен бөлісу: |