Семей ќаласы аумаєыныѕ


Тіркелген жұмыссыздар санының өзгеру динамикасы



жүктеу 5,64 Mb.
бет13/24
Дата16.02.2018
өлшемі5,64 Mb.
#9931
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24

Тіркелген жұмыссыздар санының өзгеру динамикасы

Сур. 32
Күшті және әлсіз жақтарын анықтау үшін SWOT- талдау жүргізілді:



Күшті жақтары:

1. 2007 жылдан 2009 жылға дейін еңбекпен қамтылған тұрғындардың саны 3,7 мың адамға, 145,0 мың адамнан 148,8 мың адамға өсті;

2. жұмыссыздық деңгейі 0,2 пайыздық көрсеткішке төмендеп, 8,1% құрады;

3. әлеуметтік әріптестік дамып келеді, Семей қаласы әкімшілігі, кәсіподақтар төрағаларының кеңесі және «Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Атамекен», өнеркәсіпшілер кеңесі, «Шағын және орта бизнес кәсіпкерлері» қоғамдық бірлестігі арасында 2008-2010 жылдарға арналған үш жақты келісім жұмыс істеуде, мемлекеттік кәсіпорындарды қоса есептегендегі ұжымдық келісім шарттарға қол қойған кәсіпорындардың саны өсті: ірі кәсіпорындардың – 81℅, орта кәсіпорындардың - 89,9%, шағын кәсіпорындардың - 31,0%;

4. пилоттық жобаларды жүзеге асыру басталды: аз қамтамасыз етілген жұмыссыздарды кедейшілік жағдайдан шығару бойынша оқушы жұмыс орындарын құру және экологиялық туризмді ұйымдастыру.

Әлсіз жақтары:

1. Еңбек нарығында жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың сәйкес келмеуі, мұнда ең көп сұранысқа ие мамандықтар дәрігерлер, газэлектро дәнекерлеушілер, слесарь-сантехниктер, құқық қорғау органдарында қызмет еткен күзетшілер, электриктер, жол жұмысшылары;



  1. еңбекпен қамту саласындағы жұмыс істейтін бағдарламалардың мерзімінің қысқалық сипаты (2009-2010 жылдардың «Жол картасы»), олар проблеманы шешуге жүйелі және кешенді көзқарасты қарастырмайды.

Мүмкіндіктер:

  1. Жұмыссыз тұрғындарды кәсіптік даярлау мен қайта даярлау бағдарламаларын жұмыс берушілер қойған талаптарға сәйкес етіп жетілдіру;

  2. аймақта дайындау жүргізілмейтін мамандықтар бойынша шет елдік жұмыс күштерін тарту;

  3. ауылдық жерлердің тұрғындарына басымдық бере отырып жұмыссыз азаматтардың кәсіпкерлік белсенділігін дамытуға көмек көрсету.

Қатерлер:

  1. Кәсіпорындар мен мемлекеттік салада бос жұмыс орындарының қысқаруы салдарынан жұмыссыздарды еңбекке орналастыру мүмкіндіктерінің шектеулі болуы.


2.2.2.6 Тілдерді дамыту

Аймақтың тілдер саясаты саласында дамуы ұлттық бірлікті, мемлекеттік тілдер саясатын пәрменді ақпараттық қамтамасыз ету, қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық татулықты нығайтуға бағытталған.

Қаланың мемлекеттік органдарында 2001-2010 жылдарға арналған тілдерді дамытумен қызмет етуінің мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді, оларда қажетті жағдайлар жасалынып, мемлекеттік тілдің қызмет етуін материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету мәселелері шешілген. Мемлекеттік тілді жетік меңгермеген мемлекеттік қызметкерлер үшін қазақ тілі курстары ұйымдастырылған.

2007 жылы мемлекеттік пединститут жанындағы мемлекеттік тіге оқыту бойынша орталықта 145 мемлекеттік қызметкер оқытудың түрлі деңгейлері бойынша курстардан өтті, 2010 жылы олардың саны өсіп, 327 тыңдаушыны құрады.

Семей аймағында қаланың түрлі мекемелерінде 2007 жылы қазақ тілін оқып-үйрену бойынша 95 үйірме жұмыс істеді, олар 2000 тыңдаушыны қамтыды, 2010 жылы 194 үйірмеде 5000 тыңдаушы мемлекеттік тілді үйренді.

Аймақтың 74 мектебі негізінде 2007 жылы 44 үйірме ұйымдастырылды, олар 1100 ересек тыңдаушыларды қамтыды, 2010 жылы 144 үйірме жұмыс істеп, 3500 тыңдаушыны қамтыды.

Аймақтың жалпы білім беретін мектептерінде қазақ ұлты өкілдерінің 75 пайызы мемлекеттік тілде оқиды. 18 балабақшада қазақ ұлтының балаларының 83 пайызы мемлекеттік тілде оқытылып, тәрбиеленеді.

Ересек тұрғындарды оқытудың сапасын арттыру үшін қаланың жоғары оқу орындарының ғалымдары құрастырып, бекіттірді: ересектерге арналған оқу құралы, қазақ және ағылшын тілдеріндегі 1 деңгейдегілерді оқытуға арналған электронды оқу құралы, 2003 жылдан 2008 жылға дейін Терминком бекіткен салалар бойынша терминдер жинағы.

Мемлекеттік тіл саясаты бойынша ақпараттық орталықтар ролін атқарып келе жатқан қаланың мемлекеттік органдарының сайттары жұмыс істеп келеді.

Қалада қазақ тілінде таралымы 76 мың дана 25 басылым, орыс тілінде таралымы 94 мың дана 34 басылым басылып шығарылады. Мемлекеттік тілдер саясатына қатысты БАҚ-тарда жарияланған мақалалар саны 2007 жылы - 39, 2010 жылы - 56 дананы құрады.

Бөлім қызметкерлері мемлекеттік тілдер саясаты мәселелері бойынша теледидардан және «Радио-7» тікелей эфирінен болатын бағдарламаларға қатысып келеді.

Қаланың мемлекеттік органдарында 2007 жылы құжат айналымының жалпы көлемінде қазақ тілінің үлес салмағы 36% құраса, 2010 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 86,8% құрайды.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қазақ тілін меңгерудің орташа деңгейі 2007 жылмен салыстырғанда (57%) өсті және оқытудың барлық орталықтарының мәліметтері бойынша 65% құрады.

Алайда қол жеткен нәтижелерге қарамастан қоғам өмірінің барлық салаларында мемлекеттік тіл мүмкіндіктерін жүзеге асыру деңгейі әлі де жеткіліксіз екендігін атап өтуіміз қажет. Қызмет көрсету саласы қызметкерлері арасында қызметтік міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті деңгейде мемлекеттік тілді игерген мамандар саны жеткіліксіз. Мемлекеттік тілде оқытатын мектептер мен балабақшаларының қажеттіктері бар. Мемлекеттік тілді оқыту бойынша үйірмелер желісін арттыру қажеттігі бар.

Аймақта қоғам өмірінің барлық негізгі салаларында тілдік құрылыс процессін одан әрі дамыту мен тереңдету үшін алғышарттар жасалынған. Бұған мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың қоғамды толық алғандағы бір мақсатқа жұмылдырылған күштерін үйлестірудің нәтижесінде қол жеткізілді. Тілдік құрылыс өмірінің дамуының оптималды болуы аймақ өмірінің ең әлеуметтік маңызды жақтарының бірі болып табылады, себебі қоғамдағы азаматтық келісімді нығайтуға, оны одан әрі біріктіре түсуге, этнолингвистикалық және мәдени қажеттіктерді толыққанды жүзеге асыруды қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Мемлекеттік органдардың оптималды қызметтік – лингвистикалық кеңістік құру бойынша қызметі бірнеше жағдайлармен байланысты өрбуде.

Біріншіден, аймақтың дамуының жаңа кезеңінде тілдерді дамыту саласында жаңа көзқарастарды қалыптастыру мәселелері ерекше көңіл аударуды талап етеді. Бірінші кезекте одан әрі тұрақты даму үшін аймақ тұрғындарының ұлт алдында тұрған стратегиялық мақсаттарды бірыңғай ұғынуы негізінде бірлесуі қажет.

Екіншіден, қоғам өмірінің барлық салаларының бәсекеге қабілеттілігінің артуы салдарынан әлемдік саяси-экономикалық жүйеде Қазақстанның ролінің өзгеруі.

Қолданыстағы заңдарға сәйкес орыс тілі ресми тіл ретінде қоғам өмірінің барлық салаларында мемлекеттік тілмен бірдей қолданылады. Орыс тілінің жалпы мәдени қызметі сақталып дамып келеді.

Сондай-ақ ағылшын тілін оқып-үйренуге жағдай жасалынуда. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде ағылшын тілін оқып-үйрену бойынша 2 топ құрылған, оларда 26 тыңдаушы бар. Ағылшын тілін оқып-үйрену аймақтың жалпы білім беретін орта мектептерінің барлық оқушылары үшін міндетті болып табылады.

6 этномәдени орталықтарда ана тілдерін дамыту мен оқып-үйрену бойынша үйірмелер жұмыс істейді, олардың барлығы қалалық бюджет есебінен қаржыландырылады. Кешкі мектептерде 2007 жылы ана тілдерін 102 тыңдаушы оқыған болса, 2010 жылы - 118 тыңдаушы оқыды.

Сонымен қатар қалада төрт жеке меншік нысанындағы оқу орталықтары жұмыс істейді, оларда орыс, қазақ, неміс, ағылшын, қытай, араб тілдері оқытылады, олар 2000 адамнан көп тыңдаушыны қамтиды.

Жалпы алғанда 2007-2010 жылдары қаржыландыру көлемі 12 млн. 706 мың теңгені құрады: 2007 жылы - 2 млн. 829 мың теңге, 2010 жылы қалалық бюджеттен 3 млн. 564 мың теңге бөлінді.

Күшті және әлсіз жақтарды анықтау мақсатында SWOT- талдау жүргізілді:



Күшті жақтары:

1. Мемлекеттік және өзге тілдерді оқытудың инфрақұрылымы кеңейтілді;

2. мемлекеттік тілді оқытудың әдістемелік қамтамасыз етілу жүйесі құрылды;

3. мемлекеттік тілді оқыту процесіне жаңа ақпараттық технологияларды құру мен енгізу қамтамасыз етілді;

4. мемлекеттік тілде іс жүргізу процесі белсенді түрде жүзеге асырылуда;

5. тілдік көп түрлілікті сақтай отырып мемлекеттік тілді қолдану аясы кеңейтілуде;

6. аймақта тұратын ұлттардың тілдерін оқып үйренуіне мемлекеттік қолдау көрсетудің пәрменді жүйесі құрылды.

Әлсіз жақтары:


  1. Мемлекеттік тілді оқытудың бірыңғай стандарттары жоқ;

  2. тілдік саланың нормативтік-құқықтық қамтамасыз етілуі жеткіліксіз.

Мүмкіндіктер:

  1. Қазақстан халықтарының рухани және ұлттық бірігуінің басты факторы ретінде мемлекеттік тілдің ролін арттыру;

  2. тілдік көп түрлілікті сақтай отырып әлеуметтік қарым-қатынастық кеңістікке мемлекеттік тілді енгізу;

  3. қазақстандықтардың лингвистикалық қорын дамыту.

Қатерлер:

  1. Мемлекеттік тілді қолдану саласында құқықтық проблемалардың болуы;

  2. қазақстандықтардың тілдік мәдениетінің төмендеу мүмкіндіктері.


2.2.2.7 Ішкі саясат

Ішкі саясаттың негізгі басымдықтары мыналар болып табылады: мемлекеттікті нығайту, демократияны дамыту мен азаматтық қоғам институттарына қолдау көрсету, қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету, тұрғындар арасындағы кең көлемдегі ақпараттық-түсініктеме жұмыстарын жүргізу, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, тұрғындардың әлеуметтік оптимистік көзқарастарын қалыптастыру.

Қоғамдық-саяси тұрақтылықты, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту, тұрғындардың мемлекеттік органдарға сенімін арттыру, демократиялық процестерді дамытуға бағытталған іс-шаралар кешені жүргізіліп келеді.

Қалада 5 саяси партияның бөлімшелері тіркеліп, жұмыс істеп келеді. Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің бөлімшелерінің көшбасшыларымен конструктивті қарым-қатынас орнатылған.

Азаматтық қоғамның белсенді институты кәсіподақтар болып табылады. Кәсіподақтар кеңесі 8 салалық ұйымды біріктіреді.

Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша үш жақты комиссия жұмыс істеп келеді.

130-дан астам үкіметтік емес ұйымдар тіркелген, олардың ішінде 18 жастар ұйымдары.

Алға қойған мақсаттарға жетуге қаланың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуының негізгі міндеттерін жүзеге асыруды ақпараттық-насихаттық қамтамасыз ету жағдай жасап отыр.

Бұл жұмыстарды қалада 105 ақпараттық-түсініктеме беруші топ жүзеге асырады. Олар 2010 жылдың басынан бастап 1000-нан астам кездесулер, «дөңгелек столдар», семинарлар өткізді, олар 50 мыңнан астам адам тұрғындарды қамтыды. Белсенді ақпараттық-үгіт-насихат жұмыстарының нәтижесі тұрғындардың ақпарат алуының тұрақты жоғары деңгейі болып табылады. Әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері бойынша 2010 жылы ол 63% құрады (2008 жылы - 57%).

Мемлекеттік ақпараттық саясатты қаржыландыру көлемі жыл сайын өсіп келе жатыр: 2008 жылы – 37,4 млн. теңге, 2009 жылы – 48,6 млн. мың теңге, 2010 жылы - 61,5 млн. теңге. 2010 жылы ақпараттық тапсырыс 2 электронды және 8 баспа БАҚ- тарында орналастырылған.

Мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының конструктивті бірлесе әрекет етуі арқылы тұрғындардың қоғамдық өмірге кеңінен тарту, диалогты дамыту жүзеге асырылып келеді. Қалада бұл диалог кеңес беруші - кеңесуші органдар арқылы жүзеге асырылады (ҮЕҰ-мен бірлесе әрекет ету бойынша кеңес, саяси партиялармен және қоғамдық бірлестіктермен жұмыс бойынша үйлестіру кеңесі, жемқорлықпен, ұйымдасқан қылмыспен күрес бойынша кеңес және т.б.) және диалогтық алаңдар (азаматтық форум, дөңгелек столдар және т.б.).

ҮЕҰ-ның әлеуметтік маңызы бар жобаларына мемлекеттік тапсырыс беру жүзеге асырылуда. 2007 жылы - 1,0 млн. теңге, 2008 жылы - 1,0 млн. теңге, 2009 жылы - 2,616 млн. теңге, 2010 жылы - 1,711 млн. теңге.

Азаматтық қоғамды дамытуға этномәдени орталықтар елеулі үлес қосып келеді. Қалада 14 этномәдени орталық жұмыс істейді. Барлық этникалық топтарды бірлестіру мақсатында бірлескен іс-шаралар өткізіліп отырады.

Аймақтық бірлестіктердің қызметіне талдау жасауға үлкен көңіл бөлінеді, бүгінгі таңда қалада 46 діни бірлестік жұмыс істейді, оның 44-і әділет органдарында тіркелген. 2 шет ел азаматы миссионер ретінде тіркелген. Жалпы алғанда олардың билік органдарымен қарым-қатынасы түсіністік негізде құрылып келеді. Аймақта конфессияаралық келісім сақталып отыр. Түрлі конфессиялар арасында байланыс бар, діни экстремизм мен сепаратизм көрініс берген жоқ.

Қоғамдық-саяси жағдайға, саяси партиялар мен азаматтық қоғамның өзге де институттарына, оның ішінде діни бірлестіктерге жүйелі мониторинг жүргізіліп келеді, олармен келісімдік диалогты нығайту, арақатынасты жақсарту аймақта қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік береді. Экономикалық дағдарыс салдарын еңсеруге байланысты туындаған қиыншылықтарға қарамастан 2008-2010 жылдары қалада рұқсат етілмеген қарсылық көрсету акциялары өткізілген жоқ.

Жастар саясаты саласында еліміздің болашақ дамуын қамтамасыз етуге қабілетті, интеллектуалды және рухани-адамгершілікті тұлға қалыптастыру жетекші басым бағыт болып табылады.

Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға қалалық бюджеттен бөлінетін қаражат көлемі 2007 жылы - 2,3 млн. теңге, 2008 жылы - 8,1 млн. теңге, 2009 жылы - 8,2 млн. теңге, 2010 жылы - 8,5 млн. теңгені құрады.

Ішкі саясат жағдайын бағалау үшін SWOT- талдау жүргізілді:


Күшті жақтары:

  1. Қоғамдық-саяси жағдайдың, саяси партиялар мен азаматтық қоғамның өзге институттарының қызметінің мониторингі жүргізіледі;

  2. азаматтық қоғам институттарының қатысуымен диалогтық алаңның белсенді жұмыс істеуі қамтамасыз етілген;

  3. жастарға арналған қор орталығы құрылып, жұмыс істеп отыр;

  4. мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жүйесі арқылы ҮЕҰ-дар әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге қатыстырылып отырады.


Әлсіз жақтары:

  1. Ауылдық аймақтарда үкіметтік емес ұйымдардың жұмысының әлсіз деңгейде болуы.


Мүмкіндіктер:

  1. Сандық теледидарды енгізудің мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды жеделдету;

  2. қоғамдық-саяси, оның ішінде діни жағдайларды шиеленісуіне жол бермеу бойынша іс-шараларды қабылдау;

  3. тұрғындар арасында ақпараттық-түсінік беру жұмыстарын күшейту;

  4. ауылды жерлерде жұмыс істеп отырған ҮЕҰ-дарға әдістемелік көмек көрсету.


Қатерлер:

  1. Ресей тарапынан болатын күшті ақпараттық ықпал ету;

  2. жағымсыз діни ағымдардың таратылуы;

  3. қаладағы қоғамдық-саяси жағдайдың шиеленісуі.


2.2.2.8 Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

Қаладағы оперативтік жағдай күрделі болуымен сипатталады. Қылмыстық жағдайды тұрақтандыру мен сауықтыру мақсатында ішкі істер басқармасы басқарушы шешімдер қабылдап отыр. Оларды жүзеге асыру тіркелген қылмыстардың санын азайтуда оң жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. 2009 жылы жасалған қылмыстардың деңгейі бойынша Семей қалалық ІІБ жүргізген рейтингіне сәйкес ІІБ-лар арасында қалалық аудандық ішкі істер бөлімі (ҚАІІБ) 2 орын алады. Мысалы, 2009 жылы 2007 жылмен салыстырғанда жалпы қылмыстық қылмыс жасау саны 3,1% қысқарды. Ауыр қылмыс түрлері 2,2% азайды, оның ішінде ерекше ауыр түрлері 13,6%, қасақана кісі өлтіру 20,4%, денсаулыққа қасақана зиян келтіру 0,5%, тонау 3,3%, жеке меншік мүлікті ұрлау 21,9%. Бұрын сотталғандар жасаған қылмыс саны 91% төмендеді, жасөспірімдер қылмысы 62,5% төмендеді (сурет 33).



Семей қаласы бойынша 2007- 2009 жылдары

тіркелген қылмыстар санының өзгеру динамикасы

Сур. 33
Оперативтік жағдайды талдау қылмыстық қудалау шараларын қолданумен қатар құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру, әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген тұрғындарды қорғау бойынша шаралар қабылдауды қажет ететін толыққанды жүйе құру, жалпы адамзаттық құндылықтарға бағытталған және заңға бағынатын іс-әрекетке негізделген жүйе құру, құқық бұзушылықты жүзеге асыруға кедергі жасайтын ғылым мен техника жетістіктерін енгізу арқылы құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру қажеттігі туындады.

Семей қаласында көшелер мен өзге де қоғамдық орындардағы жоғары деңгейдегі қауіпті жағдай жедел басқару орталығы мен кинологиялық орталық (Полковничий аралында) салуды талап етеді. Патрульдік-пост қызметін нығайту, автопатрульдің санын көбейту, полицияның қозғалмалы және стационарлық пункттерін көбейту, оларды бірыңғай мәліметтер банкіне қол жеткізе алатындай компьютер техникасымен қамтамасыз ету қажет.

Ішімдік ішу мен нашақорлықтың өсуі, әсіресе жастар арасында, күрделі әлеуметтік проблема болып отыр. Соған байланысты мамандандырылған медициналық мекемелерді дамыту қажет.

Салауатты өмір салтын насихаттау бойынша іс-шараларды ұйымдастыру, алкогольдік ішімдіктерді жүйелі түрде пайдаланудың алдын алу, есірткі заттар мен психотроптық препараттарды медициналық емес мақсаттарда пайдалану, азаматтар мен үкіметтік емес ұйымдарды құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарына тарту жұмыстары жетілдіруді қажет етеді.



Жолдардағы апаттарға байланысты жағдай да күрделі болып қалып отыр. Олардың себептері автокөліктер паркінің көбеюі, жолдардың қозғалыс жылдамдығына сәйкес келмеуі, жүргізушілердің дайындық деңгейінің төмендігі мен тәртібінің нашарлығы болып отыр. Жағдайды сауықтыру үшін жол қозғалысын бақылау мен реттеудің қазіргі заманғы техникалық құралдарын қолдану қажет. Бұл мәселелерді шешу жыл сайын ЖТЖ-ды 1-2% қысқартуға мүмкіндік береді (сурет 34).
2007- 2009 жылдардағы жасалынған ЖКА мен өлгендер мен жараланғандардың санының өзгеру динамикасы

Сур. 34
Қаланың ішкі істер органдарының алдында тұрған міндеттерді шешу үшін штаттарды Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігінің № 455-2007 бұйрығымен бекітілген нормаларға жеткізу қажет. Қазіргі таңда жетіспеушілік жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын 891 дананы құрайды. Ең алдымен бұл сыртқы қызметке, қоғамдық қауіпсіздік қызметкерлеріне қатысты болып отыр. 2009 жылы облыстың ішкі істер органдарының бөлімшелерінің қызметтік автокөліктермен қамтамасыз етілуі 69,4%, байланыс құралдарымен 28%, компьютер техникасымен 14% болды.

Қаланың ішкі істер органдарының территориялық бөлімшелерінің елеулі бөлігі өткен ғасырда салынған үйлерде орналасқан. 4 ғимараттың – 2-уі 30 жылдан астам уақыт бұрын салынған, 2-уі санитарлық және қолдану нормаларына сәйкес келмейді.

1 уақытша ұстау изоляторы жұмыс істейді (УҰИ) ол жартылай подвал бөлмеде орналасқан, санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы нормалар, халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес келмейді. Аталған жағдайлар жұқпалы аурулардың таралуына жағдай жасайды, ең алдымен күдіктер, айыпталушылар және жеке құрам қызметкерлері арасында туберкулездің таралуына жағдай жасайды. Қамау орындарында ұстау жағдайларын ең төменгі халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестендіру түрлі төтенше жағдайлардың пайда болу мүмкіндіктерін төмендетеді. Осы мақсаттармен Семей қаласында УҰИ құрылысын бастау қажет.

Қалада белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған тек 1 қабылдаушы - орналастырушы орын бар және 1 әкімшілік қамауға алынған адамдарға арналған арнайы қабылдау орыны бар олар да подвал және жартылай подвал ғимараттарда орналасқан. Кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін (ҚР 04.07.2008 ж. № 55-ІV Заңы) әкімшілік қамауға алынатын тұлғалардың саны көбейді (2008 жылы - 490, 2009 жылы - 790 адам). Бұл санаттағы адамдар арнайы қабылдау орынына орналастырылуға жатқызылады. Алайда қазіргі арнайы қабылдау орынында төсек орындарының жетіспеуіне байланысты сот шешімдерін орындау проблемаға айналып отыр. Осыған байланысты арнайы қабылдау орыны құрылысын салу қажеттігі туындайды.

Күшті және әлсіз жақтарын анықтау үшін SWOT- талдау жүргізілді:



жүктеу 5,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау