Семей ќаласы аумаєыныѕ



жүктеу 5,64 Mb.
бет9/24
Дата16.02.2018
өлшемі5,64 Mb.
#9931
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24

Күшті жақтары:

1. Өнім сапасын басқарудың ИСО 9000 және қоршаған ортаның сапасын басқарудың ИСО 14001 халықаралық стандарттары енгізілуде, тұрғындарға экологиялық білім беру мен экологиялық сауат ашу жүйесі дамуда, азаматтарды қоршаған ортаның жағдайы туралы ақпараттандыру жүйесі жетілдірілуде;

2. жергілікті атқарушы органдардың суды қорғалатын аумақтармен зоналарды белгілеу бойынша қаулылары қабылданады, мұның өзі қаланың су қорларын қорғау мақсатында шаруашылық қызметіне шектеу қою режимін орнатуға мүмкіндік береді;

3. ормандардың сақталуы қамтамасыз етіледі;

4. ағаш отырғызатын аумақ ұлғайтылуда;

5. ормандарды өрттен қорғау, зиян келтірушілер мен аурулардан қорғау жақсарып келеді;

6. жастардың еңбек отрядтары қатысады.

Әлсіз жақтары:

1. «Қазгидромет» АМК құрылымдық бөлімшелері жүзеге асырып келе жатқан қолданыстағы мемлекеттік мониторинг жүйесі физикалық және химиялық ластаушылардың қоршаған ортадағы құрамы туралы жедел және толық шынайы ақпаратпен қамтамасыз ете алмай отыр, себебі қоршаған ортаның ластану мониторингі оның ішінде облыстың ірі қалаларының ауасының ластануының мониторингі ластаушы заттардың аздаған бөлігі бойынша ғана үлкен мерзім ішінде жүргізіледі, мұның өзі қалыптасқан экологиялық жағдайды шынайы бағалауға және ластаушылардың ауаны ластауға қаншама үлес қосқанын нақтылы анықтауға мүмкіндік бермейді.

2. қайталап өңдеу мен жою технологиясының болмауы.

Мүмкіндіктер:

1. қалдықтарды қайталап өңдеу мен жоюды енгізу энергия сақтау қорлары саясатын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, ол өз кезегінде табиғи қорларды үнемдеуге, қалдықтар көлемін азайтуға мүмкіндік береді;

2. қоршаған ортаның сапасын бақылаудың автоматтандырылған жүйесін енгізу оның жағдайының шынайы суреттемесін неғұрлым тиімді басқарушы шешімдер қабылдау үшін алуға мүмкіндік береді, нәтижесінде тұрғындардың өмір сүру жағдайларын жақсартуға оң ықпалын тигізетін болады;

3. заматтардың табиғи қорларды пайдалануға саналы көзқарастарын қалыптастыру;

4. орман тұқымын өсіру мен питомник шаруашылығын ұлғайту.

Қатерлер:

1. Семей қаласындағы Ертіс өзені бойымен өтетін канализациялық докердің авариялық жағдайына байланысты Трансшекаралық Ертіс өзенінің ластануы және Семей қаласының тазалау қондырғыларының артық жүктемемен жұмыс істеуі;

2. иесі жоқ, өнеркәсіптік, улы және тұрмыстық қалдықтардың көптеп жинақталуының жалғасуы;

3. табиғи-климаттық жағдайдың күрт өзгеруі;

4. жалпы экономикалық жағдайдың нашарлауы, орман, ағаш өңдеу, ағаш химия өнеркәсіптерінің өнімдері нарығының күрт өзгеруі;

5. орман шаруашылығы өнімдеріне қатысты экспорттық-импорттық операциялардың кедендік ережелерінің өзгеруі;

6. энергия көздеріне бағаның тұрақсыз болуына байланысты жанар-жағар май материалдарына бағаның елеулі өсуі.
2.2.2 Әлеуметтік сала

2.2.2.1 Білім беру

Қаланың әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы нақтылы салалардың да, әлеуметтік саланың да оң өзгерістер бағытында дамуымен сипатталады.

2007- 2010 жылдар ішінде балалардың мектепке дейінгі мекемелерінің саны 18-ге дейін өсті, оның ішінде 3 - жеке меншік нысанындағы. Қала мектептерінің оқушылары жалпы санының 100 % жаңа буын оқулықтарымен, қайта басылған оқулықтармен және оқу құралдарымен толық қамтамасыз етілген.

Сонымен қатар демографиялық және көші-қон мәселелеріне байланысты оқушылар контингентінің азаюы байқалады, мектептер саны (8-ге) азайған, ауылдарда шағын комплектілі мектептер саны өсуде.

Сондай-ақ білім беру саласының жағымсыз жақтары мектепке дейінгі жастағы балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамтудың төмен деңгейінен, білім беру мекемелері ғимараттарының елеулі түрде ескіруінен, білім беру мекемелерінің тиісті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуінің төмен деңгейінен көрінеді, мұның өзі сапалы білім алуға әсерін тигізеді.

2007 жылдан 2010 жылға дейін білім беру саласында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын, 2005-2007 жылдары білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту және күрделі жөндеуден өткізу бойынша қалалық бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Олардың барысында білім берудің қол жетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету, ауылдарда білім беруді дамыту бойынша іс-шаралар жүзеге асырылды.

Мектепке дейінгі мекемелердің желісін сақтау мен кеңейту бойынша шаралар қабылданды, бес-алты жасар балаларды мектепке дейінгі дайындаудың қол жетімділігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды. 2010 жылы қалада 18 бала бақша мен 54 шағын-орталықтар қызмет етеді. Мектепке дейінгі білім берумен қамту мектеп жасына дейінгі балалардың жалпы санынан 75,5 % (7460 бала) құрады. 2007 жылмен салыстырғанда бала бақшалар желісі 3 мекемеге көбейді, шағын орталықтарда 117 топ жұмыс істейді, олардағы орын саны 1,6 есеге көбейді.

5-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі дайындықпен қамту 100 % құрады.


Кесте 13.

Мектепке дейінгі мекемелер желісінің даму динамикасы


МДБМ саны

Шағын-орталықтар саны

2007

2008

2009

2010

2007

2008

2009

2010

15

15

15

18

54

54

50

54

.

Балаларды мектепке дейінгі балалар мекемелеріне қамту динамикасы


Алайда кезекке тұрудың өсуіне тікелей ықпал ететін және оны төмендетуге мүмкіндік бермейтін балалардың туу көрсеткіштеріне байланысты кезекке тұрғандар саны жыл сайын өсіп келеді және 1 қараша 2010 жылы ол 4913 баланы құрады.

Жеке меншік нысанындағы 3 мектепке дейінгі мекеме типтік емес ғимараттарда орналасқан, бұл 16,6% құрайды. Қаланың МДБМ 100% ыстық сумен қамтамасыз етілген.

Орта білім беруде 12-жылдық жалпы орта білім беруге көшуді дайындау, мектеп жасындағы балаларды толық оқумен қамтуды қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілді.

2009-2010 оқу жылында 74 мемлекеттік жалпы орта білім беретін мекеме, 4 жеке меншік және 2 КУИС мекемелері жанындағы кешкі мектептер жұмыс істейді.

Қалада орта жалпы білім беретін мектептердің азаюы мен демографиялық және миграциялық процестер әсерінен оқушылар контингентінің азаюы байқалады. 2010 жылы5 орта жалпы білім беретін мектеп негізгі жалпы білім беретін мектеп болып қайта құрылды. 2010 жылы қыркүйек айында Суықбұлақ ауылында 400 орынға арналған № 48 жалпы білім беретін орта мектеп ашылды.

2007 – 2010 жылдар аралығында оқушылар контингенті 3432 оқушыға азайды.
Кесте 13

2007- 2010 жылдардағы

мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін мектептердің

өзгеру динамикасы


2007

2008

2009

2010

бірлік

саны


контингент, адам

Саны

контингент, адам.

бірлік

саны


контингент, адам

бірлік

саны


контингент, адам

83

41492

75

40150

74

39026

75

38060

Қалада барлық мектептер компьютерлендірілген. 2010 жылы жалпы білім беретін мектептердің компьютерлермен қамтамасыз етілуі бір компьютерге 20,5 оқушыны құрады. Интернетке мектептердің 82,6% қосылған, оның ішінде мектептердің 60,3% кең көлемді интернетке қосылған.

Мектептердің кабинеттермен, құрал–жабдықтар мен материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі жеткіліксіз деңгейде болып отыр. Мысалы, 2010 жылдың соңына қарай 75 мектептің 48-і ғана мультимедиялық кабинеттермен жабдықталған, бұл 64% құрайды, пән кабинеттерінің саны - 73, 41 мектепте - 176 интерактивті тақта бар.

Кесте 14



Мектептердің 2010 жылы

пәндік кабинеттер мен құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілу динамикасы


мультимедиялық

кабинеттер



физика кабинеттері

химия кабинеттері

биология кабинеттері

48

41

15

17

«Жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру барысында 2009 жылы білім беру мекемесінің 31-і 263,3 млн. теңгеге күрделі жөндеуден өткізілді, 81 объектінің ағымдағы жөндеуіне 258,8 млн. теңге бөлінді. 2010 жылы «Жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 216,9 млн. теңге бөлінді, оның ішінде 9 мекемеде 94,3 млн. теңгеге күрделі жөндеу жүргізілді, 22 мекемеде 122,6 млн. теңгеге ағымдағы жөндеу жүргізілді.

Бірыңғай ұлттық тестіні тапсыру нәтижелері қалада 2009 жылы 74,1 балды, 2010 жылы - 88,1 балды құрады, бұл 14,0 балға жоғары көрсеткіш.

ҚР «Неке және отбасы туралы» Заңына сәйкес қамқорлық пен қорғау қызметтерін білім беру бөлімдері орындайды.

Жалпы білім беретін мектептерде балалардың құқығын қорғау бойынша қоғамдық инспекторлар бар, олардың кандидатурасы мектептің педагогикалық Кеңесі бекітіледі. Қамқорлық пен қорғау бөлімі құрылған кезден бастап өз балаларына қатысты өздерінің ата - аналық міндеттерін орындамаған, оларға тиесілі тәрбиелену мен өмір сүру жағдайын жасамаған 32 кәмелеттік жасқа толмаған балалардың 21 ата - аналары қалалық сот шешімімен ата-аналық құқығынан айырылған.

Әлеуметтік жетімдік проблемалық мәселе болып қалып отыр, мұнда ата-аналар өздерінің жасөспірім балаларын тастап кетеді, қоғамға жат қылықтармен өмір сүреді, балалардың білім алу саласындағы және олардың дамуы мен дем алуына қажетті жағдай жасамай құқықтарын бұзады. 2009 жылмен салыстырғанда жетім балалардың саны өсіп, 450 баланы құрады.

Семей қаласының білім беру мекемелерінде тәрбиелеу процесі Қазақстан Республикасындағы білім беру мекемелеріндегі тәрбиелеудің кешенді бағдарламасы, аймақтық бағдарламалар және оларды жүзеге асыру бойынша кешенді іс-шараларға сәйкес құрылады.

Білім беру мекемелерінде оқушыларды сабақтан тыс уақытта тәрбие жұмыстарының сан - алуан түрлеріне тартуды көбейту жүзеге асырылып келеді. Бүгінде орта есеппен мектептерде үйірме жұмыстарына оқушылардың 23,3% қамтылған.

Тәрбиелеудің кешенді бағдарламасында қойылған міндеттерді шешу мектептен тыс мекемелер жұмысында ерекше орын алады. Әр балаға өзі қызығушылық білдірген істе өзін-өзі табуына көмек көрсетудің жолдарын табу - бұл мекемелердің педагогикалық қызметкерлерінің басты міндеті. Қалада 8,9 мың баланы қамтитын 10 мектептен тыс мекеме жұмыс істейді.

Білім беру саласының жағдайына баға беру үшін SWOT- талдау жүргізілді:

Күшті жақтары:


  1. Балалар бақшалары желісінің санының өсуі мен шағын орталықтардың ашылуы;

  2. балаларды мектепке дейінгі мекемелерге қамтудың өсуі;

  3. ҰБТ көрсеткіштерінің жыл сайын өсуі;

  4. педагогикалық мамандар құрамының жасаруы;

  5. педагогикалық мамандардың сапалық құрамы жақсарып келеді.

Әлсіз жақтары:

  1. Мектепке дейінгі жастағы балалардың 24,5% мектепке дейінгі білім берумен қамтылмаған;

  2. ауылдық елді мекендердің 48% мектепке дейінгі білім беру мекемелері жоқ;

  3. демографиялық және миграциялық процесстердің әсерінен мектеп оқушылары контингентінің азаюы;

  4. білім беру мекемелерінің жеткіліксіз материалдық-техникалық жарақтануы, оның ішінде мектеп асханаларының технологиялық құрал-жабдықтарының;

  5. оқушыларды ыстық аспен қамту деңгейінің төмендігі;

  6. кейбір мектептерде оқушы орындарының жетіспеушілігі байқалады.

Мүмкіндіктер:

  1. Білім беру мекемелері объектілерінің құрылысын салуда мемлекеттік және жеке меншік салалардың ынтымақтастығын арттыру;

  2. электронды оқытуды енгізу;

  3. білім беру сапасын арттыру.

Қатерлер:

  1. Мектеп ғимараттарының жыл сайын ескіруі;

  2. еңбекақының жеткіліксіз деңгейде болуына байланысты кәсіптік-техникалық білім беру мекемелерінде оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің тұрақтамауы.


2.2.2.2 Денсаулық сақтау

2007- 2009 жылдар ішінде Семей қаласы бойынша демографиялық жағдайда оң өзгерістер байқалады: тұрғындардың 1000 адамға шаққанда туу көрсеткіші деңгейінің 17,8-ден (2007 жыл) 19,78-ге (2009 жыл) дейін артуы (сурет 20), 2009 жылы тұрғындардың табиғи өсім коэффициентінің 1000 адамға шаққанда +5,7-ден (2007 жыл) + 9,8-ға өсуі.


ШҚО Семей қаласы бойынша туу және өлім

көрсеткіштерінің динамикасы

Сур. 20
Демографиялық жағдайдағы оң өзгерістерге қарамастан 2009 жыл қорытындылары бойынша Семей қаласындағы туу көрсеткіштері – 19,78 орташа республикалық көрсеткіштен (ҚР-22,45) 1,1 есе төмен, облыстық көрсеткіштен (ШҚО-16,76) 1,2 есе көп болып отыр, өлім көрсеткіштері 2009 жыл қорытындысы бойынша – 9,98 орташа республикалық көрсеткіштен (ҚР-8,97) 1,2 есе көп, облыстық көрсеткіштен (ШҚО-11,72) 1,1 есе төмен.

Қала халқы демографиялық жағынан жастардың үлес салмағының төмен болуы салдарынан қартаю бағытында екендігін көрсетеді.

Қалада балалар мен әйелдердің денсаулығының төмен деңгейі өзінің өміршеңдігін әлі де жоғалтқан жоқ. Аналар өлімі көрсеткішінің 2007 жылғы 31,9-дан 2009 жылғы 29,0-ге төмендеуі байқалады, республика бойынша көрсеткіш 100 000 тірі туғандарға 36,8 болып келеді.

Аналар өлімінің негізгі себептері акушерлік қан кету, гестоздар, экстрагениталды патологиялар, түсік тастаудың жоғары деңгейі және түрлі ауру салдары болып табылады (жұқпалы аурулар, жыныс қатынасы арқылы берілетін аурулар, анемия).

Соңғы жылдардағы балалар өлімі көрсеткіші төмендегенін көрсетеді: 2007 жылы - 14,83, 2008 жылы - 20,4, 2009 жылы - 17,9 промилле.


жүктеу 5,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау