Семей ќаласы аумаєыныѕ


«е- әкімшіліктің » ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету



жүктеу 5,64 Mb.
бет16/24
Дата16.02.2018
өлшемі5,64 Mb.
#9931
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24

«е- әкімшіліктің » ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Мәліметтердің амандығын қамтамасыз ету міндеттерін шешу үшін құрылған ақпараттық жүйелерде 2007 жылы қала әкімі аппаратының қосалқы серверлік бөлмесі ашылған, ол алдыңғы қатарлы технологиялар негізінде жарақтанған және осы саладағы әлемдік тәжірибеге сүйенеді.

Осы қызмет бойынша барлық бөлімдер мен ақпараттық қызмет көрсету түрлерінің қайталанып отыруы, ақпараттық серверлерді, коммутаторларды, әкім аппаратының ғимаратының ақпараттық желілер шамын, электр көздерін, серверлік бөлмелердің өздерін нақтылы қайталап көшіріп отыру барлық қызметтердің сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар қала әкімі аппаратындағы және дербес бөлімдердегі жұмыс қала әкімі аппаратының басшысы бекіткен ақпараттық қауіпсіздік саясаты мен нұсқаулықтарына сәйкес жүргізіліп отырады.

Бүгінгі таңда қаланың барлық мемлекеттік мекемелері «Мемлекеттік сатып алулар», «Lotus» ақпараттық жүйелерімен жұмыс істеуде сандық сертификаттарды пайдаланады.

Күн сайын әкімнің жергілікті желісі сканерлеу арқылы тексеріліп отырады және анықталған ашық ақпараттық қорлар жабылып отырады.

Күшті және әлсіз жақтарды анықтау үшін SWOT- талдау жүргізілді.



Күшті жақтары:

  1. Қала әкімі аппаратының жеткілікті мөлшерде техникалық жарақтануы;

  2. серверлік бөлменің болуы, соның ішінде қорлық;

  3. 1С – Мұрағаттың болуы;

  4. электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесінің болуы;

  5. қалада 17 қоғамдық қызмет көрсету пункті жұмыс істейді;

  6. қала әкімшілігінің Интернет порталының болуы;

  7. қала әкімінің веб сайтының болуы.

Әлсіз жақтары:

  1. Қорларды басқарудың негізгі бизнес процестері автоматтандырылмаған;

  2. «е- үкіметтің» базалық бөліктерімен кіріктірілмеуі.

Мүмкіндіктер:

  1. АКТ- саласының дамуына мемлекеттік қолдау көрсету;

  2. аймақ тұрғындарының мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алуға қызығушылығының болуы;

  3. «е- үкімет» құру бойынша өзге елдердің халықаралық тәжірибесі;

  4. мемлекеттік қызметтерді электронды түрде көрсетуді жеңілдету мен оңтайландыру үшін ИС ЦГО-ны пайдалану.

Қатерлер:

  1. е-үкіметтің базалық бөліктерімен кіріктірілмеуі салдарынан қала әкімі аппаратының мемлекеттік қызметті интерактивті электронды түрде көрсетуге дайын болмауы.

Жергілікті өзін өзі басқару

Мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының конструктивті байланысы арқылы тұрғындардың қоғамдық өмірге кең көлемде қатысуы, диалог пен аймақтың өзін-өзі басқаруы қамтамасыз етіледі.

Қалада бұл диалог кеңесші-кеңес беруші органдар арқылы жүзеге асырылады (ҮЕО мен байланыс жасау кеңесі, үйлестіру кеңестері: саяси партиялармен, қоғамдық ұйымдармен жұмыс бойынша, сыбайлас жемқорлықпен, қылмыспен күрес бойынша т.б.) және диалогтық алаңдар арқылы (Азаматтық форум, дөңгелек столдар т.б.) жүзеге асырылады.

Азаматтық қоғам мен өзін-өзі басқаруды дамытуға 14 ұлттық мәдени орталықтар елеулі үлес қосады, бүгінгі таңда мемлекеттік органдар мен ұлттық-мәдени орталықтардың мәдениет пен тілдерді дамыту саласы бойынша бірлесе жұмыс істеу тәжірибесі бар.

Қала әкімі аппаратында шалғай аймақтар тұрғындары мен қаланың проблемалық аудандарының тұрғындарының қала әкімшілігімен территориялық бірлесе жұмыс істеуі бойынша бөлімі жұмыс істейді және 8 муниципалды округ құрылған.Қала халқының жергілікті атқарушы билікпен ақпараттық байланысы қамтамасыз етілген, муниципалды округтардың әлеуметтік-экономикалық проблемалары талданып және зерттеліп отырады және оларды шешу бойынша ұсыныстар енгізіледі. Жүргізілген жұмыстардың нәтижелілік деңгейі туралы қоғамдық пікір үнемі зерттеліп отырады. Қолда бар проблемаларды шешу бойынша муниципалды округ тұрғындарының жиналыстары өткізіліп отырады, мұның өзі байланыстардың нығаюы мен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға ықпал етеді.

Күшті және әлсіз жақтарын анықтау мақсатында SWOT- талдау жүргізілді.



Күшті жақтары:

  1. қала әкімшілігі аппаратында қаланың шеткері аймақтарының тұрғындарымен байланыс жасау бойынша бөлімнің құрылуы сияқты өзін өзі басқару тәжірибесінің болуы;

  2. қалада ЖӨБ саласында жұмыс істеу тәжірибесі бар ҮЕО-дың болуы;

  3. ҰМО-ның болуы.

Әлсіз жақтары:

  1. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін өзі басқару туралы» Заңның болмауы;

  2. қала мәслихатында ЖӨБ сапасындағы жұмыс тәжірибесінің жеткіліксіздігі;

  3. ЖӨБ органдарының қызмет ету жүйесі анықталмаған;

  4. аймақтың проблемалық мәселелерін шешуге бағытталған қала тұрғындарының белсенділігінің төмендігі.

Мүмкіндіктер:

  1. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін өзі басқару туралы» Заңның қабылдануы;

  2. аймақ тұрғындарының ЖӨБ-ды дамытуға мүдделі болуы;

  3. өзге аймақтардың ЖӨБ дамытудағы тәжірибесін пайдалану.

Қатерлер:

  1. МСУ жұмысының нәтижесіздігі;

  2. азаматтардың ЖӨБ-ға сенбеушілігі.


Гендерлік саясат.

2009 жылы аймақта әйелдердің саны 172,7 мың адам немесе барлық тұрғындардан 54,5% құрады. Әйелдер еркектермен бір қатарда облыстың экономикалық қызметінің барлық салаларына белсенді түрде қатысып келеді. Олардың жалдамалы қызметкерлердің жалпы саны ішіндегі үлес салмағы 50,3% құрады, бұл 2008 жылдың тиісті кезеңінің деңгейімен салыстырғанда 0,6% көп. Экономикалық қызметтің кейбір жекелеме түрлері бойынша әйелдердің үлес салмағы айқын басым болып келеді. Мысалы денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет көрсету салаларында әйелдердің үлес салмағы осы салада қызмет ететіндердің жалпы санының 84,2 % құрайды (2008 жылы - 83,9 %), білім беру саласында 76,2% (2008 жылы - 75,6%), қаржы қызметінде 68,4% (2008 жылы - 66,75%), саудада - 43,7% (2008 жылы - 42,7%).

Талдау көрсеткендей әйелдердің экономикалық қызметтегі үлес салмағының пайыздық арақатынасы 2009 жылы негізінен көп өзгерген жоқ, тек қаржы қызметі мен білім беру саласында олардың үлес салмағы біршама артқан.

Сонымен қатар ерлер мен әйелдердің еңбегін бағалауда айырмашылықтар бар. Ер адамдардың еңбекақысы 2009 жылы 55215 теңге көлемінде қалыптасқан болса, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 8,0% өскендігін көрсетеді, әйелдерде ол 15,9% өсті және 43158 теңгені құрады. Әйелдердің орташа айлық номиналды еңбекақысының ерлердің еңбекақысына арақатынасы 78,2% құрайды (2008 жылы - 73,4%).

Өнеркәсіп, құрылыс, сауда, қаржы қызметі тағы басқа бірнеше салаларда әйелдердің еңбекақысы ер адамдарға қарағанда 8,7-30% төмен.

Сонымен қатар әйелдер әлі күнге дейін еңбек нарығында ең бәсекеге қабілетсіз топ болып қалып отыр. Жұмыссыздардың жалпы санында жұмыссыз әйелдер 7,7 мың адамды немесе 63% құрайды. 2008 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіштің 6,1% төмендегені байқалады.

Қалада әйелдерді саяси жұмыстарға тарту жүзеге асырылып келеді. Қалалық мәслихаттың 24 депутатының 3 әйелдер, 16 ауылдық және поселкелік округтердің әкімдерінің 2 әйелдер, 14 жергілікті атқарушы билік басшыларының 3 әйелдер.

Сонымен қатар әйелдер шешім қабылдау деңгейіндегі билікке араласуы мүлдем төмен. Берілген мәліметтерден көріп отырғанымыздай биліктің атқарушы және өкілді органдарында қала деңгейінде әйелдердің үлес салмағы бар жоғы 13,0% құрайды.

Күшті және әлсіз жақтарын анықтау мақсатында SWOT- талдау жүргізілді.

Күшті жақтары:


  1. Әйелдердің саны жалпы тұрғындар санының 54,5 % құрады;

  2. экономикалық қызметтің кейбір түрлері бойынша әйелдердің үлес салмағы басым болып келеді;

  3. әйелдердің өмір жасының ұзақтығы ер адамдарға қарағанда жоғары.

Әлсіз жақтары:

  1. Жұмыссыздардың жалпы санында әйелдер 7,7 мың адамды немесе 63 % құрайды;

  2. әйелдер шешім қабылдау деңгейіндегі билікке араласуы төмен;

  3. әйелдер мен ер адамдардың еңбегін төлеуде айырмашылық сақталуда;

Мүмкіндіктер:

  1. Әйелдерді саяси қызметке тарту әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін көбейтеді.

Қатерлер:

  1. Әйелдер құқықтарының қорғалмауы;

  2. әйелдерді жыныстық белгісіне қарай төмендету.


2.2.5.1 Қала бюджеті

Қала бюджеті бюджеттік әкімгершіліктендірудің барлық дерлік бөлімдері бойынша мемлекеттік қаржыландыру көлемінің елеулі көлемде өсуімен сипатталады.

Қала бюджетінің көлемі 2009 жылы түскен қарыздарды есептеусіз (227 млн. теңге) 13,7 млрд. теңгені құрады (2007 жыл - 10746,2 млн. теңге, 2008 жыл - 10 520,5 млн. теңге), оның ішінде өз кірістерінің үлес салмағы 2009 жылы 54,4% құрады (2007 жыл - 56,4%, 2008 жыл - 67,8% ).

Әлемдік қаржы дағдарысымен, 1 қаңтар 2009 жылы Қазақстан Республикасының жаңа салық кодексінің енгізілуіне байланысты салық жүктемесінің төмендеуімен байланысты қаланың ірі кәсіпорындарының қаржы-экономикалық қызметінің тұрақсыздығына байланысты өз кіріс түсімдерінің (құрамында) төмендеуі байқалады, базалық жылды 2008, 2009 жылдармен салыстырғанда 12,7 %.



Жоғары тұрған бюджеттің трансферттері мен субсидияларының үлес салмағы 2009 жылы 45,6% құрады (2007 жылы - 43,7%, 2008 жылы - 32,1%). Трансферттер көлемі 2009 жылы 2007 жылмен салыстырғанда 1,3 есе, 2008 жылмен салыстырғанда 1,8 есе республикалық бюджеттің қала жылу жүйесін қайта жарақтандыру мен Жол картасы шеңберіндегі іс-шараларды жүзеге асыру есебінен көбейіп отыр.

2007- 2009 жылдардағы қала бюджетінің құрылымы

Қала бюджетінің шығыс бөлігі 2009 жылы 98,9% орындалған (2007 жылы - 91,8%, 2008 жылы - 94,9%). Бюджет шығыстарын қаржыландыру ел президенті анықтаған басымдықтарға байланысты жүзеге асырылады. Ол дағдарысқа қарсы іс-шаралар шеңберіндегі, қала дамуының аймақтық бағдарламасын орындау.

Экономикалық дағдарыстың ықпалына қарсы тұру үшін ел үкіметі дағдарысқа қарсы іс-шараларды құрастырды, олар «Жол картасы» бағдарламасы шеңберінде қарастырылған, оның ішінде бюджет қаражаты есебінен. 2009 жылы осы бағдарлама шеңберінде орындалған іс-шаралар тек аймақтың шаруашылық қызметінің түрлі салаларында ағымдағы күрделі жөндеулерді жүргізіп қана қоймай, сонымен қатар дағдарыс кезінде жұмыссыздықты төмендетуге елеулі түрде ықпал етті.

Қала бюджеті шығындары құрылымында ең үлкен көлемді әлеуметтік салаға жұмсалатын шығындар алады. 2009 жылы олар 44,6% құрап, 2008 жылмен салыстырғанда 1,2 есе өсті.

Бюджеттік саясаттың маңызды құрамдас бөлігі тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық пен құрылысты қаржыландыру болып табылады.2009 жылдың бюджетінде бұл шығындар 2008 жылмен салыстырғанда 54,3% өскен.

Сонымен, сыртқы факторлардың ықпалымен қалыптасқан күрделі экономикалық жағдайда бюджеттің әлеуметтік бағыттылығын сақтап қана қоймай, бюджет шығындары арқылы дағдарыс салдарын жеңілдету үшін жағдай жасауға ықпал ету де мүмкін болды.



2.3 Территорияның әлеуметтік-экономикалық дамуын қолданыстағы мемлекеттік реттеу саясатын талдау

Мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясаты ұлттық мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған, олар: тұрғындардың толық еңбекпен қамтылуы, өмір сүру деңгейінің жақсаруы, кірістерді бөлу, тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз ету.

Бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатында 2006 жылы ҚР Үкіметінің қаулысымен 25 тамызда Семей қаласының 2006-2008 жылдардағы даму бағдарламасы бекітілді.

ҚР Үкіметінің 17 маусым 2009 жылғы қаулысымен Семей қаласының 2009-2012 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары бекітілді.

2010 жылы қалалық мәслихат шешімімен бекітілген 6 қалалық бағдарлама бақылауда болды: Семей қаласының агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуының 2006-2010 жылдарға арналған бағдарламасы, 2008-2012 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану бойынша, 2006-2010 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша, 2008-2010 жылдарға арналған құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмыспен күрес бойынша, 2009-2011 жылдарға арналған нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес бойынша, 2009-2010 жылдарға арналған үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсету бойынша.
Кесте 24


Жиыны жоспарланған іс-шаралар

Орындалғаны

Жартылай орындалғаны

Орындалмағаны

1

2

3

4

1. Семей қаласының даму бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 25.08.2006 ж. № 874 қаулысымен бекітілген)

Жүзеге асырылу мерзімі: 2006- 2008 жылдар



Жиыны 72 іс-шара жоспарланған

43

8

21

2. Семей қаласының 2009- 2012 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары (2009 жылғы 17 маусымдағы № 927 ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген)

Орындалу мерзімі: 2009- 2012 жылдар



Жиыны жоспарланғаны - 26 іс-шара, оның ішінде 2010 жылға – 15 іс-шара

1

11

3

ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 17 маусымдағы № 927 қаулысымен бекітілген Семей қаласының 2009-2012 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарының құрамына жалпы сомасы 37,2 млрд. теңге бюджет қаражатын құрайтын 26 іс-шара кіреді, оның ішінде 2010 жылға 15 іс шара жоспарланған, олардың көпшілігі сәтті жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар ағымдағы жылда төмендегі мәселелер шешімін тапқан жоқ:

- жаңа аялдамалар салу мен қолданыстағыларын жаңарту;

- № 26 мектепке қосымша құрылыс салудың жобалық сметалық құжаттарын құрастыру;

- Новобаженово, Шақаман, Прииртышск мектептеріне қазандықтар салудың жобалық сметалық құжаттарын құрастыру.

«Семей қаласындағы Ертіс өзені бойымен өтетін канализациялық дюкерді қайта жарақтандыру» объектісі бойынша жобалық-сметалық құжаттарды құрастыру өте баяу жүргізілуде.

Бүгінгі таңға дейін Семей қаласындағы ағын суларды биологиялық тазартудан өткізетін тазалау қондырғыларын кеңейту мен қайта жарақтандыру жобасы бойынша «Сараптама» АМК сараптамаларының нәтижелері алынған жоқ.

Көптеген қалалық бағдарламалардың орындалу мерзімі 2010 жылы аяқталатынына қарамастан осы бағдарламалардың қызмет етуі кезеңінде шешімін таппаған проблемалар Семей қаласының территориясын дамытудың 2011-2015 жылдарға дейінгі бағдарламасында қарастырылған.
2.3.1 Бәсекенің дамуы

Қала экономикасының басым бағыттарында бәсекелестікті дамыту үнемі жүргізілетін болады, оның ішінде товар нарығында жаңа қатысушылардың пайда болуына қажетті жағдайлар жасау арқылы.

Экономиканың нақтылы секторында аймақтың басты байлығы құрамында алтыны бар рудалардың, никел кен орындарының, молибденнің, тас көмірдің елеулі қорларының, цемент, кірпіш, құрғақ құрылыс қоспаларын өндіруге қажетті минералды шикізаттардың болуы болып табылады.

Аймақта ірі көмір өндіретін орын – Қаражыра бар. Өндірілетін қатты отын аймақтың ішкі қажеттіктерін қанағаттандырып қана қоймай, республиканың өзге облыстарына да жіберіледі. «Қаражыра ЛТД» ЖШС бүкіл жылдық көмір өндіру көлемінің 5,0 % экспортқа шығарады. «Қаражыра ЛТД» ЖШС жыл сайын көмірді сатуды ашық байқаулар өткізу арқылы жүзеге асырады.

Көмір нарығындағы үлкен сұраныс жылу беру уақыты басталар айларда басталады (тамыз-қараша айлары), мұның өзі 1 тонна көмірге сұраныстың ұсыныстан асып түсуіне байланысты бағаның негізсіз көтерілуіне ықпал етеді. Жыл сайын мамыр-шілде айларында көмірге деген сұраныс мүлдем дерлік болмайды.

Көмір бағасының өсуіне ықпал ететін жағдайлардың бірі көтерме сауда инфрақұрылымын жетілдіру болып табылады (мемлекеттік немесе жеке меншік нысандарының).

Тұтынушы нарығының дамуының оң бағыттарының бірі бөлшек сауда инфрақұрылымын сауда кәсіпорындарын ірілендіру мен мамандандыру, біртіндеп сауданың дүкендік түріне біржола көшуі арқылы жетілдіру болып табылады.

Сонымен қатар аймаққа жалпы алғанда сауданың даму бағыттарын айқын көрудің болмауы тән болып келе жатыр, ал ішкі сауда бей берекет дамуда. Экономиканың ірі салаларының бірі жүйелі қайта құруларды қажет ететіндігі, заңдық базаны жетілдіру қажеттігі, кезеңмен даму тетіктерін құрастыру қажеттігі көрініп ақ тұр.

Бүгінгі таңда шағын кәсіпкерлік саласында төмендегі мәселелер проблемалық болып отыр:

- салық салу кезінде олардың даму деңгейі, қызмет түрі, қалыптасу кезеңін есепке алатын саралаушылық көзқарастың болмауы;

- кепілмен қамтамасыз етілмеген жағдайда экономиканың нақты саласында бизнес ашу мүмкіндігінің болмауы, демек жаңадан іс бастағысы келетін азаматтар өз бизнесін ұйымдастыру мүмкіндігінен айырылған;

- бизнестің жоғары деңгейдегі операциялық шығындары, кейде формалды түрдегі, формалды түрде шығын шығаруды талап етпейтін;

- бизнес қызметін жоспарлы және жоспардан тыс тексеру санының көптігі;

- екінші деңгей банктерінде несиелер бойынша жоғары деңгейдегі төлем ставкалары, оларды қайтару тетіктерінің жетілдірілмеуі;



  • сауда қызметін реттеу саласында заңдық қамтамасыз етудің әлсіздігі;

- делдалдық құрылымдардың санының көп болуы.

Аймақ бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесі бойынша 20 рәсім түрі бойынша рұқсат етуші құжаттарды беру мерзімін төмендету мүмкіндіктері туралы шешім қабылданды.

Ұсынылған шаралардың нәтижесінде аймақ кәсіпкерлерінің әкімшілік шығындары рұқсат беруші құжаттарды алу кезінде 20 % қысқарады, бұл да товар нарығында бәсекелестіктің дамуына ықпал ететін болады.

Сонымен қатар төмендегі шаралар қарастырылады:

- әлеуметтік маңызы бар товарларға бағасы мен сауда қосымша құнына үнемі мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету;

- тартылған несиелер бойынша пайыздық ставкаларға субсидия беру;

- бағаны ырықтандыру бойынша қалалық штабтың жұмысын жалғастыру;

Соған байланысты аймақта бәсекелестікті дамыту шараларына мыналар жатқызылды:

- жаңа кәсіпкерлерді тарту мақсатында аймақтық базарлар, товарлар мен қызметтерге деген қажеттіліктер туралы мәліметтерді жинау, талдау, басуды ұйымдастыру;

- жергілікті мемлекеттік басқару органдары қызметінің ақпараттық ашықтығын арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыру.

Әкімшілік кедергілер мен бәсекелі нарықты дамыту бойынша одан әрі жұмыс жалғастырылатын болады.

SWOT- талдау:

Күшті жақтары:

1. Тұтынушы нарығының дамуының оң бағыттарының бірі бөлшек сауда инфрақұрылымын сауда кәсіпорындарын ірілендіру мен мамандандыру, біртіндеп сауданың дүкендік түріне біржола көшуі арқылы жетілдіру.



Әлсіз жақтары:

1. Делдалдық құрылымдардың санының көптігі бағаның елеулі түрде көтерілуіне ықпал етеді.



Мүмкіндіктер:

1. Әкімшілік кедергілерді жою бойынша жұмыстарды одан әрі жалғастыру және бәсекелестік нарықты дамыту;

2. «жергілікті бәсекенің жылдамдығы» көрсеткіші бойынша Қазақстанның көрсеткіштерін арттыруға бағытталған іс-шараларды құрастыру мен іске асыру.

Қатерлер:

1. Сауданың дамуының болашағын айқын болжай алмау.


2.4 Проблемалар, тәуекелдер, бәсекелік артықшылықтар мен мүмкіндіктердің кешенді сипаттамасы

Аймақтың даму жағдайына басымдық бере отырып жасалған SWOT- талдау төмендегідей кестеден көрінеді:



Кесте 25

Аймақтың даму жағдайының SWOT- талдауы


Күшті жақтары (S)

Әлсіз жақтары (W)

  1. Өзіндік материалдық-шикізат базасының болуы;

  • құрамында алтыны бар руданы өндіру мен өңдеу бойынша жетекші компаниялардың болуы;

  • өнімді импорттайтын ірі нарықтарға жақындығы (Ресей, Қытай);

  • АӨК өндірістік мүмкіндіктерінің болуы;

  • қала тұрғындарын азық-түлік өнімдерінің негізгі түрлерімен, атап айтқанда етпен, сүтпен, картоппен, көкөністермен, ұнмен толық қамтамасыз ету үшін жағдайдың болуы;

  • елеулі сауда мүмкіндіктері;

  • ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бойынша сала мүмкіндігінің болуы;

  • нақтылы саланың дамуы үшін, оның ішінде шағын және орта бизнестің дамуы үшін инновациялық мүмкіндік инфрақұрылымының болуы (өндірістік зона);

  • еңбек қорларының жеткілікті деңгейде болуы;

  • мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеңберінде нақтылы сала мен шағын кәсіпкерлікті дамытуға күшті мемлекеттік қолдау көрсетілуі.

  • Пайдалы қазбалардың жаңа кен орындарын іздестіру бойынша геологиялық барлау жұмыстарына мемлекеттік қаражаттың жеткілікті бөлінбеуі;

  • шет елдік ұқсас кәсіпорындармен салыстырғанда өнім өндірудің жоғары деңгейдегі қор және энергия сиымдылығы;

  • еңбек өнімділігінің төмен деңгейі;

  • ішкі нарықтың салыстырмалы түрде аз мөлшері;

  • білікті мамандардың жетіспеушілігі;

  • технологиялық құрал- жабдықтардың жоғары дәрежеде ескіруі (70 % дейін), өнеркәсіп пен АӨК негізгі қорларының баяу жаңаруы;

  • өндірісті техникалық қайта жарақтандыру үшін кәсіпорындардың айналым қаражатының жетіспеушілігі;

  • суландырылатын жер өңдеудің нәтижелілігінің төмендігі;

  • асыл тұқымды малдың үлес салмағының төмендігі, жем шөп базасының жетіспеушілігі;

  • шағын бизнестің өз айналым қаражатының жетіспеушілігі.

Мүмкіндіктер (О)

Қатерлер (Т)

  • Тау-кен металлургиялық кешеннің дамуы қала экономикасын индустрияландырудың «локомотиві» бола алады;

  • республикалық және халықаралық кооперацияның дамуы, оның ішінде әлемдегі ең ірі шикізат жеткізушілердің бірі ретінде Ресей мен Қытайдың жақындығын пайдалану;

  • агроөнеркәсіп кешенінің мүмкіндіктерін толық пайдалану;

  • бәсекеге қабілетті өнім өндіруді дамыту;

  • ауыл шаруашылығы өндірісінің техникалық жарақтануы мен нәтижелілік деңгейін арттыру;

  • «Өндіріс» индустриялық зонасының белсенділігін арттыру өнеркәсіптік және инновациялық бағыттағы шағын және орта бизнесті дамытуға мүмкіндік береді;

  • өндірілетін өнімді кепілді өткіздіру мақсатында мемлекеттік тапсырыстарды көбейту;

  • кәсіпкерлік ортаның бастамаларын жүзеге асыру мен ақпаратты-кеңес беруші қызмет көрсету үшін «Бизнес орталығын» құру;

  • рұқсат беретін құжаттарды алу кезінде (рәсімдер) әкімшілік кедергілерді азайту.

  • машиналар, құрал-жабдықтар, тетіктерді импорттау металлдар мен металл өнімдерінің негізгі тұтынушысы болып табылатын машина құрылысы мен прибор құрылысы салаларының дамуын тежейді;

  • Қытайдың машина құрылысы саласы тарапынан бәсекелестіктің болуы;

  • шикізат қорларына әлемдік және ішкі бағалардың төмендеуі;

  • құрғақшылық пен табиғат апаттарына байланысты қаланың азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қауіп;

  • экономикадағы дағдарыстық құбылыстар;

  • малдардың аса қатерлі ауруларының таралуы;

  • Қаржы-несиелік қорлардың жеткіліксіз деңгейдегі қол жетімділігі;

  • бизнестің салыстырма түрдегі жоғары операциялық шығындары;

  • кепілмен қамтамасыз етпеген жағдайда нақтылы салада бизнес ашу мүмкіндігінің болмауы;

  • өндірілетін өнімге сұраныстың төмендеуі;

  • жеделдетілген индустрияландырумен байланысты жобаларды даму институттарында қарау процедурасының күрделілігі;

  • несиелік қорларға олардың құнының жоғары болуына байланысты қол жеткізудің қиындығы.


3. Аймақтың дамуына көзқарас

Шығыс Қазақстан облысындағы Семей қаласы алтыны бар руданы, көмірді, жалпы дамыған пайдалы қазбаларды өндіру мен өңдеу, тұрақты дамып келе жатқан өңдеуші өнеркәсіп пен агроөнеркәсіп кешені бар, тұрғындарының өмір сүру сапасы деңгейінің тұрақты өсіп келе жатқан аймаққа айналады.

2015 жылға қарай басты индикаторлар мынаған қол жеткізеді:

1 стратегиялық бағыт бойынша «Аймақ экономикасының өнеркәсіпте, агроөнеркәсіп кешенінде, инвестицияларда, шағын және орта бизнесте, саудада, туристік салада және қоршаған ортада жедел дамуы»:

Өнеркәсіп:

өңдеуші өнеркәсіптің өнеркәсіп өнімдерін өндірудің жиынтық көлеміндегі үлес салмағын 78,5 % арттыру;

өңдеуші өнеркәсіпте еңбек өнімділігін 2009 жыл деңгейінен 1,5 есе арттыру;

кәсіпорындар мен мекемелердің товарлары, жұмыстары мен қызметтерін сатып алуда қазақстандық мазмұнның үлес салмағын 80,1% дейін ұлғайту;

ИСО және өзге стандарттарды енгізген өнеркәсіп кәсіпорындарының санын 2009 жыл деңгейінен 1,6 есеге арттыру (37 бірл.дейін);

өңдеуші өнеркәсіпте физикалық көлем индексін 2015 жылға – 102,7 % ұлғайту;

көмір өндіру көлемін 6,4 млн. тоннаға дейін арттыру;

құрылыс материалдары өнеркәсібінде еңбек өнімділігін 1,7 есеге арттыру;

құрылыс материалдары өндірісінің көлемін 1,2 есеге арттыру;

металлургия өнеркәсібінің өндіріс көлемін 1,7 есеге арттыру;

металлургия өнеркәсібінің еңбек өнімділігін көлемін 13,4 млн.теңгеге дейін арттыру;

машина құрылысында еңбек өнімділігін 2,0 есеге арттыру (2015 жылға - 4,4 млн. теңгеге);

жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндіруде еңбек өнімділігін 2009 жыл деңгейінен 2 есеге арттыру;

жеңіл өнеркәсіптегі еңбек өнімділігін 2009 жыл деңгейінен 1,5 есе арттыру;

фармацевтика өнеркәсібінде өнім өндіру көлемін 2009 жыл деңгейінен 5,0 есеге арттыру (2500 млн теңге);

фармацевтика өнеркәсібінде еңбек өнімділігін 4,5 млн. теңгеге дейін арттыру;

инновациялық белсенді кәсіпорындардың санын 17,7% арттыру;

инновация төңірегіндегі белсенділік деңгейі 2015 жылға 3,8 % құрайды;

өнеркәсіп өнімдерін өндірудің жалпы көлемінде шағын және орта бизнестің үлес салмағын 15% ұлғайту;

бизнесті тіркеу мен жүргізуге байланысты операциялық кедергілерді уақыт пен шығынды қоса 2014 жылға қарай 30% төмендету (рұқсат, лицензия сертификат алу);

индустриалдық зоналары бар аймақтарда экспорттауға бағытталған және жоғары технологиялық шикі заттық емес өнімдерге инвестицияны 2015 жылға 1,5 млрд. теңгеге дейін ұлғайту;

басым сипаттағы экономика секторларының негізгі капиталына жоспарланған кезеңге 22,8 млрд. теңгеден төмен емес көлемде инвестицияны тарту;

шикі затты емес экономика секторларында отандық және шетелдік инвестиция 2 % төмен емес ұлғайтылады.

Сауда:

бөлшек сауда айналымының жалпы көлеміндегі сауда желілері мен ірі сауда объектілерінің үлес салмағын 6,5% арттыру;

сауда кәсіпорындары желісін 1513 данаға дейін өсіру;

сауда ФКИ 105,0% өсіру, оның ішінде;

бөлшек сауда айналымын - 104,0%;

көтерме сауда айналымы - 106,0 % .



Қоршаған ортаның сапасын арттыру мен тұрақтандыру:

стационарлық көздерден ластаушы заттарды ауаға лақтырудың белгіленген нормативтік көлемі, мың тонна - 24 мың тоннаға дейін;

нормативті-тазаланған ағын суларды су объектілеріне лақтыру 19,3 млн. текше метрге дейін.

Туризм:

туристік қызмет саласында қызмет көрсететін мекемелердің жиынтық кірісін 2015 жылға қарай 2008 жыл деңгейінен кем дегенде 15% арттыру (290,7 млн.теңге).



Агроөнеркәсіп кешені:

ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігін 2,1% арттыру;

2015 жылға ауыл шаруашылығы ИФО - 102,9%;

ішкі нарықтың азық-түлік тәуелсіздігін негізгі түрлер – картоп, жұмыртқа бойынша 100% қамтамасыз ету;

тамақ және өңдеуші өнеркәсіптің қолданыстағы бағалардағы товар өнімдерінің көлемін 20 млрд. теңгеге жеткізу;

өткен жылмен салыстырғандағы тамақ өнімдерін өндіру көлемі 103,5%;

ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу көлемін арттыру: ет - 96,6 % дейін; сүт -30,3 % дейін;

қала АӨК экспорттық мүмкіндіктерінің облыстың жалпы экспорт көлеміндегі үлес салмағы - 0,7.



2 стратегиялық бағыт бойынша «Әлеуметтік саланың және адам мүмкіндіктерінің дамуы, тұрғындардың өмір сүру сапасы деңгейін арттыру, сапалы әлеуметтік қызметтің барлық түрлерімен қамтамасыз ету»:

Білім беру:

- балаларды мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеумен қамту балалардың жалпы санынан 2015 жылға қарай 89,0 % дейін қамту;

- 12 жылдық білім беру бағдарламамен жұмыс істейтін мектептердің үлес салмағы 2015 жылға - 100%;

- жаратылыстану-математикалық бағыттағы мектептер саны салалық мектептердің жалпы санынан үлес салмағы 2015 жылға қарай 15,5%;

- орта, кәсіптік, техникалық білім беру мекемелерінде электронды оқыту жүйесі 50% пайдаланылады, оның ішінде орта мектептерде - 50%;

- біліктілігі жоғары және бірінші санатты педагогтардың жалпы санынан үлесі - 43,1% дейін;

- инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаған білім беру мекемелерінің олардың жалпы санынан үлесі 5,5%.

Денсаулық сақтау:

- Семей қаласы тұрғындарының күтілетін өмір сүру жасының ұзақтығы 69

жасқа дейін;

- жалпы өлім көрсеткішін 1000 адамға шаққанда 7,1 төмендету;

- аналар өлімін 100 мың тірі туғандарға шаққанда көрсеткішін 19,3 дейін

төмендету;

- бала өлімін 100 мың тірі туғандарға шаққанда көрсеткішін 12,0 дейін

төмендету.



Мәдениет:

- аймақ тұрғындарының мәдениет саласы қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейі 2015 жылға - 55%.



Дене мәдениеті және спорт:

- барлық жастағы тұрғындарды жүйелі түрде дене тәрбиесі және спортпен айналысуға қамтуды ұлғайту, қала тұрғындарының жалпы санының 21,2% дейін;

- дене мәдениеті және спортпен айналысатын балалармен жасөспірімдерді қамтуды ұлғайту, 2015 жылға қарай 11,4% дейін.

Тұрғындарды әлеуметтік қорғау:


  • 2015 жылға қарай жұмыссыздық деңгейін 6,7% дейін төмендету;

- 2015 жылға қарай экономикалық белсенді тұрғындарға қатысты тұрғындардың еңбекпен қамтылу деңгейін 93,3% ұлғайту.

Тілдерді дамыту:

- 2015 жылға қарай мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі 76%;

- 2015 жылға қарай мемлекеттік, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген тұрғындардың үлесі - 3,3%.

Ұлт бірлігін қамтамасыз ету мен азаматтық қоғамды дамыту:

- қоғамдық санада мемлекеттің даму стратегиясы мен мемлекеттік саясатқа қолдай көрсету деңгейін 85% дейін арттыру;

- азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің арақатынасына оң баға беретін тұрғындардың үлес салмағын 57% дейін арттыру;

- аймақтағы отандық ақпараттық өнімдердің тұтынушылармен қажеттілік деңгейін 45 % дейін арттыру;



  • 2015 жылға қарай жастардың әлеуметтік оптимизмі деңгейін 63% дейін

арттыру.

Мұрағат ісі:

- 2015 жылға мұрағат ақпаратын пайдаланушылардың сұраныстарын қанағаттандырудың үлесін 85% арттыру;

- 2015 жылға қарай ведомстволық сақтаудағы құжаттардың жалпы көлемінің есебінен мұрағат қорының жаңа құжаттармен толығуының үлесін 37% дейін арттыру;

- 2015 жылға қарай қалпына келтірілуге жататын құжаттардың жалпы санынан қалпына келтірілген құжаттардың үлесін 42% дейін арттыру;

- 2015 жылға қарай сандық форматқа көшірілген мұрағат қорының ерекше құнды құжаттарының үлесін 10% дейін арттыру;

- 2015 жылға қарай мұрағат саласында білікті мамандармен қамтамасыз етілу деңгейін 96% арттыру.

Қауіпсіздік:

- 2015 жылға қарай тұрғындардың ішкі істер органдарына сенімінің болжанатын деңгейінің 55% төмен болмауы;

- 2015 жылға қарай жалпы қылмыстық қылмыстар деңгейінің 153 дейін төмендеуі (10 мың тұрғынға шаққанда).

3 стратегиялық бағыт бойынша. «Экономиканы жедел индустрияландыру мен сапалы тұрғын үй-коммуналдық және көлік қызметін қамтамасыз етуге жағдай жасайтын инфрақұрылымдық кешенді жаңғырту».

- энергия көздерін пайдаланудың жалпы көлемінде энергияның балама көздерін пайдаланудың үлес салмағын 0,26% дейін арттыру;

- тұрғындардың орталықтанған сумен қамтамасыз етуге қол жеткізу деңгейін - 95% дейін, оның ішінде ауылды жерлер тұрғындарының деңгейін - 70% дейін арттыру;

- судың нормалық жоғалу деңгейін 14,8% дейін азайту;

- 2015 жылға қарай 1 км су құбыры желілерінде авариялар мен тоқтап қалуды 0,2 дана/км дейін төмендету;

- ауылдық елді мекендерде жөнделген желілердің үлес салмағын 6% дейін арттыру (жөндеуді қажет ететін желілердің жалпы ұзындығынан) қала мен қала типтес поселкелерде - 7% дейін;

- жөндеуді қажет ететін желілердің жалпы ұзындығына қатысты жылумен қамтамасыз ету желілерінің жөндеуден өткен бөлігінің үлесін 6% дейін арттыру;

- тұтынушыға жылу тасымалдау кезінде жылу энергиясын жоғалтудың нормативтік көрсеткішін 17,2% дейін төмендету;

- ЖЭО-1 және ірі қазандықтардың 100 Гкал/ сағ артық жылу энергиясын өндіруін 1046 мың Гкал/ сағ дейін арттыру;

- жылу желілерінде жылу энергиясының нормативтік техникалық жоғалуының пайыздық көрсеткішін 1,8 мың Гкал дейін төмендету;

- жылу желілеріндегі табиғи монополиялардың базалық субъектілерінің нормативтік техникалық шығындарының пайызын 0,8 % дейін төмендету;

- 2015 жылға қарай жылу желілеріндегі нормативтік техникалық шығындардан жоғары деңгейін 0 % дейін төмендету;

- 2015 жылға қарай табиғи монополиялардың базалық субъектілерінің нормативтік техникалық шығындарының пайызын 0 мың Гкал дейін төмендету;

- 2015 жылға қарай тұрғындарды су жеткізудің үздіксіз қызметімен қамту деңгейін 85,1 % дейін арттыру;

- 2015 жылға қарай канализациялық желілердің 1 км жыл ішіндегі авариялар санын 0,03 % дейін төмендету;

- жөндеуді қажет ететін желілердің жалпы ұзындығынан жөнделген желілердің үлесі қалада - 1,5 % дейін, ауылдық елді мекендерде - 3,5 % дейін;

- жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы қала автокөлік жолдарының үлесін 65 % дейін арттыру;

- жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автокөлік жолдарының үлесін 64,5 % дейін арттыру;

- құрастырылған жаңа маршрут желісін енгізу арқылы қала аудандарында жолаушы тасымалдайтын автокөлікпен қамтылмаған аудандардың санын азайтуды 2,5 % дейін қамтамасыз ету;

- 2015 жылға қарай жергілікті телефон байланысын сандық байланысқа көшіруді 100 пайызға жеткізуді қамтамасыз ету;

- 100 тұрғынға шаққандағы телефон байланысының бекітілген линиясының тығыздығы 83,9 данаға дейін, оның ішінде ауылды жерлерде 38,0;

- 1100 адамға шаққанда кең көлемді Интернет желісіне қосылған адамдардың тығыздығы 15,3 дана;

- 100 адамға шаққанда Интернетті пайдаланушылардың тығыздығы 16,9 дана;

- 2015 жылға қарай көріктендіру мен көгалдандыру жұмыстары жүргізілген аудандардың санының 23 дейін ұлғаюы;



  • 2015 жылға қарай жөнделген аула территориясының саны 9;

- аула территориясының қатты төсенішті жолдарының қалпына келтірілген аумағы 2,9 мың текше метр;

  • саябақтар, скверлер, алаңдар аумағы 2,6 га көріктендірілді.


жүктеу 5,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау