Семей ќаласы аумаєыныѕ


Қала жолдары мен жергілікті маңызы бар



жүктеу 5,64 Mb.
бет15/24
Дата16.02.2018
өлшемі5,64 Mb.
#9931
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24

Қала жолдары мен жергілікті маңызы бар

жолдарды жөндеу мен ұстау бойынша жұмыстарды

қаржыландыру көлемінің өзгерістерінің динамикасы, мың теңге

Сур. 36
Қала жолдары мен жергілікті маңызы бар жолдары жөндеу мен ұстау жұмыстарын жүргізуге 2007-2009 жылдары жергілікті бюджеттен 2 983,4 мың теңге бөлінді, игерілгені 99,8% (сурет 36).

Жолдар бойынша проблемалық мәселелер қолданыстағы қала жолдары мен жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеу мен қайта жарақтандыруға жобалық-сметалық құжаттарды құрастыруға қаражаттың жетіспеушілігі болып табылады.

Саланың жағдайына баға беру үшін SWOT- талдау жасалынды:



Күшті жақтары:

  1. Көліктің аралас түрлерінің инфрақұрылымының дамығандығы;

  2. қала автожолдары жалғыз транспорт қатынас жолдары болып табылады.

Әлсіз жақтары:

  1. Негізгі қорлардың күшті моральдық және нақтылы ескіруі;

  2. процестерді автоматтандыру мен инновация енгізу деңгейінің төмендігі.

Мүмкіндіктер:

  1. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестігі тетіктерін дамыту;

  2. автокөлік жолдары желісін сақтап одан әрі дамыту;

  3. автокөлік жолдарын қайта жарақтандырып, күрделі және орта жөндеуден өткізгеннен кейін автокөлік жолдары бөліктерінде жөндеу аралық кезең мерзімдерін сақтау.

Қатерлер:

  1. Бюджеттік қаржыландырудың қысқаруы;

  2. баға тәуекелдері;

  3. техногендік және экологиялық тәуекелдер;

  4. мамандар тәуекелі.

Қолда бар жол-пайдалану техникаларының ескіргені атап өтіледі.
2.2.3.6 Телекоммуникация және байланыс

Семей қаласында байланыс қызметтерін «Қазақтелеком» АҚ телекоммуникацияларының Шығыс Қазақстан облыстық дирекциясының қалалық телекоммуникация бөлімі береді. Қала аймағында 29 базалық АТС жұмыс істейді, ауылды жерлерде 15 АТС. Жалпы алғанда қала бойынша енгізілген АТС нөмір сиымдылығы екі қайтара есептеусіз 83,8 мың нөмірді құрайды, АТБ-2,1 мың нөмір.

2009 жылы ауылдық елді мекен (АЕМ) бойынша жеке тұлғаларға 174 телефон орнатылды. 2009 жылдың соңына қарай АЕМ телефондарының жалпы саны 2755 құрады, оның ішінде 2664 - жеке тұлғаларға, 91 - заңды тұлғаларға орнатылған.

Интернетке шыға алатын тұрғындардың саны 10 адамға шаққанда 491 адамды құрайды.

Интернетке телефон арқылы шығу мүмкіндігіне ие абоненттердің саны - 3827, Мегалайн - 12566.

«Қазақтелеком» АҚ өз қаражаты есебінен Суықбұлақ және Юность кенттеріне АТС-тер орнатты. Қалалық волоконды-оптикалық жүйені орнатуды ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізілді, ол әрбір сандық АТС-тің мәліметтерді берудің жаңа сапалық деңгейде жұмыс істеуіне, АТС-тер арасындағы байланысты нығайтуға, автоматтандырылған режимде халықаралық байланыс линияларына шыға алуға мүмкіндік береді. «Metro Enternet» қалалық желісі ұйымдастырылды, ол ADSL мәліметтері беру порттарына жоғары жылдамдықта шыға алады.

Ауылдық телефон байланысы желілерінде Қараөлең, Талдықорған, Маралды, Малая Ақтюба ауылдарында байланыс жасау сөйлесу пункттері ашылды. Самай, Социалистік Қазақстан, Қызылжар ауылдарында спутниктік телефон станциялары орнатылды. Озерки ауылында аналогтық станция сандық станцияға ауыстырылды, АТС номер қуаттылығы 512 нөмірге көбейтілді.

Нахаловка ауданында 672 номерге арналған АТС-3000 шығарушы сандық линиясы іске қосылды, Степной кентінде 96 номерге арналған Интернетке кең аумақты қосылу мүмкіндігін беретін АТС-3020 орнатылды.

Соңғы жылдар ішінде бес ескірген декадалық-қадамдық телефон станциялары АТС-66, АТС-62, АТС-63, АТС-45, АТС-44 және екі ПСК-1, ПСК-2 подстанциялары жаңа станцияларға ауыстырылды.

Қала және ауылдар бойынша өткізгішсіз байланыстың WLL технологиясы базалық станциялары бойынша абоненттік сиымдылықты 2453 номерге арттыру жүзеге асырылды және мәліметтерді кең көлемде беру желісі 5408 портқа кеңейтілді.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижелері бойынша барлық ауылдық елді мекендер телефон байланысымен қамтылды.

Қолданыстағы аналогтық АТС байланыс абоненттерін CDMA-450 стандартты өткізгішсіз желілерге көшіру Прииртышское ауылында 2010 жылдың аяғына дейін жүзеге асырылатын болады, CDMA-450 желісіне Абыралы, Бөкенші, Достық, Петропавловка, Приречное ауылдарының абоненттерін қосуды 2011 жылдың бірінші жартысында жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Ұялы байланысты мобилді байланыстың Beeline, K-Cell, Activ, Dalacom, Patword операторлары жүзеге асыруда.

Телекоммуникация саласында қалыптасқан жағдайды бағалау SWOT- талдау көрсетеді:



Күшті жақтары:

  1. Телекоммуникация қызметі жүйесі дамыған;

  2. АТС жаңа сандық технологияларға көшіру арқылы жетілдіру;

  3. барлық жерлерде Интернет желісін қосу.

Әлсіз жақтары:

  1. Халқы аз елді мекендердің инфрақұрылымының дамуының жеткіліксіздігі;

  2. телекоммуникациялық нарықта шынайы бәсекелестіктің болмауы;

  3. Интернетке кең көлемде шығу мүмкіндіктерінің жетіспеушілігі;

  4. ұялы байланыс тарифтерінің жоғары болуы.

Мүмкіндіктер:

  1. Тұрғындар мен мекемелерді қол жетімді және сапалы байланыспен қамтамасыз ету;

  2. азаматтар мен мекемелердің күнделікті өмірде ақпараттық-қарым- қатынастық технологияларды кең көлемде қолдануға көшуі;

  3. АЕМ тұрғындарын мүмкіндіктері мол байланыс қызметімен қамтамасыз ету.

Қатерлер:

  1. Телекоммуникация нарығында нақтылы бәсекелестіктің дамымауы;

  2. азаматтық мақсаттағы радиотолқындық қорлардың шектеулілігі.


2.2.3.7 Көлік

Семей қаласында темір жол, автокөлік жолдары және әуе жолдары көліктері кәсіпорындары қызмет етеді. Жолаушы және жүк тасымалының негізгі көлемін автокөлік арқылы жүзеге асырылады.

2009 жылы желтоқсанда Серікбаев атындағы ШҚМТУ Семей қаласының жаңа маршруттық желісі құрастырылып, оңтайландырылды. Осы құрастырылым бағытында қаланың жол желісі сызбасының өзгеруі мен жолаушылар легінің өзгеруіне байланысты жаңа автобус маршруттарын енгізу қажеттігі есепке алынды. Сондай-ақ шағын автобустық маршруттардың белгілі бір бөлігі қысқартылды.

Жолаушы тасымалдаушылардың жылжымалы құрамын өз қаражатын және несие қорларын пайдалану арқылы жаңартуға қолдау көрсетіледі. Жылжымалы құрамның жыл сайынғы жаңаруы төмендегідей:



  • автобустар - 10-12 дана

  • шағын автобустар - 10-15 дана

Қалалық автобустық және шағын автобустық маршруттар бойынша кезекті байқау өткізу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдары мен нормативтік актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Байқау жеңімпаздарын анықтау да тиісті белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

Қалада автобустық және шағын автобустық көліктер - қоғамдық қала көлігінің жалғыз түрі. Қазақстан Республикасының басқа ірі қалалардан ерекшелігі бізде электр көліктері жоқ.

Бүгінгі таңда қалада 32 автобустық (оның ішінде 19 саяжайлық) және 26 шағын автобустық маршрут бар, оларда жұмыс істейтін автобустардың саны 218 (оның ішінде 24 саяжайлық) дана, шағын автобустар 272 дана.

Тасымалдауды ұйымдастыруға 13 тасымалдаушы қатысады, олардың 12-і заңды тұлғалар, 1-і жеке тұлға, қала көлік транспортында технологиялық процесті диспетчерлік басқару арқылы «ЦУПП»МКК жүзеге асырады.

Көлік кешені кәсіпорындарында 6 мың адамнан артық адам жұмыс істейді.

Бекітілген қалалық маршрут желісіне сәйкес 2005-207 жылдары қала маршруттарындағы автобустардың саны 179-дан 212-ге өсті (33 данаға), шағын автобустар саны 41 данаға кеміді (391 ден 350 данаға).

Қаланың автокөлік кәсіпорындары 2009 жыл ішінде 60 189,5 мың адамды тасымалдады (темір жол көлігін есепке алмағанда) бұл 2008 жыл көлемімен салыстырғанда тиісінше 100,4% құрады.

Кесте 22
2007-2009 жылдары жолаушы тасымалдаудың өзгерістер динамикасы


р/с

Атауы

2007

2008

2009

1

Жолаушы тасымалы (мың адам)

60 584,2

59 936,1

60 189,5

р/с

Атауы

2007

2008

2009




Өткен жылға пайызға шаққандағы өсу жылдамдығы




98,9

100,4

2

Жолаушы айналысы (мың жолаушы км)

481 202,2

396 767,4

384 986,6




Өткен жылға пайызға шаққандағы өсу жылдамдығы





82,5

97,1

Автобустар паркі 20 данаға, шағын автобустар 10 данаға жаңартылды.


Кесте 23

2007-2009 жылдардағы жүк тасымалдау

көлемінің өзгерістері динамикасы



р/с

Атауы

2007

2008

2009

1

Жүк тасымалы

2088,59

1281,72

546,4




Өткен жылға пайызға шаққандағы өсу жылдамдығы




61,4

42,6

2

Жүк айналысы (мың км)

82 424,75

73 286,9

24 245,2




Өткен жылға пайызға шаққандағы өсу жылдамдығы





88,9

33,1

2009 жылы жүк тасымалы 546 тоннаны құрады, немесе 2008 жылмен салыстырғанда 42,6%. 2008-2009 жылдары жүк тасымалы көлемінің күрт төмендеуі құрылыс материалдарын өндіру мен құрылыс жұмыстарының көлемінің қысқаруымен байланысты болып отыр, сондай-ақ облыстан сырт жерлерге де, облыс ішінде де жүк тасымалдауға берілетін тапсырыстардың азаюы.

Осы себептен автокөлікпен жүк тасымалдау 24 245,2 мың км., немесе 2008 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 33,1% болып отыр.

Сала жағдайын бағалау үшін SWOT- талдау жүргізілді:



Күшті жақтары:

  1. Автобустық көлік паркінің жаңартылуы.

Әлсіз жақтары:

  1. Қаланың жекелеме аудандарында ауданішілік жолаушы тасымалы пайдасыздығы себепті жоқ немесе әлсіз дамыған және шығындардың орынын жабу үшін бюджет қаражатын бөлу мәселесі шешілмеген.

Мүмкіндіктер:

  1. Мақсаттарға жету көп жағдайда өзге мүдделі тұлғалармен күрделі қарым-қатынастарға байланысты болып отыр. Атап айтқанда жолаушыларды рұқсат беретін құжаттарсыз тіркелместен тасымалдау, сондай-ақ жол полициясы, ішкі істер департаментімен тығыз байланыста жұмыс істеу қажет.

Қатерлер:

  1. Экономиканың өсу деңгейі мен инвестициялық белсенділік деңгейінің төмендеуі.


2.2.3.8 Көріктендіру

Осы бағыттағы негізгі міндет көшелер мен алаңдарды жарықпен қамтамасыз ету, санитарлық жағдайды қамтамасыз ету, қаланы көріктендіру мен көгалдандыру, өлген малдарды жерлейтін жерлерді, қоқыс тастайтын жерлерді ұстау болып табылады.

Тұрғындардың өмір сүру жағдайларын жақсарту мен жайлылықты қамтамасыз ету, жасыл қорды сақтау, қаланың эстетикалық және экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында жұмыстар жүргізілуде.

Егер 2007 жылы қаланы көріктендіруге 76,6 млн. теңге бөлінген болса, оған төмендегідей жұмыстар жүргізілді: 986 ағаш отырғызылды, 20 695 шаршы метр алаңға көгалдар отырғызылды, 2 896 шаршы метрге гүл егілді, 11 белсенді демалыс алаңдары орнатылды, жалпы қолданыстағы жерлер мен қалалықтар неғұрлым көп баратын жерлерде 62 аула территориясын жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілді, 2009 жылы қаланы көріктендіруге жергілікті бюджеттен 449,3 млн. теңге бөлініп, игерілді, олардың есебінен төмендегідей жұмыстар атқарылды: 1 675 дана ағаш отырғызылды, 49 684 шаршы метр көлемінде көгалдандыру жұмыстары жүргізілді, бұл өткен жылғымен салыстырғанда 42% көп, алаңдар мен скверлердің 65 320 шаршы метр жер тазалықта ұсталынды.

«Жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 2009 жылы 50 аула территориясы қалпына келтірілді, тұрғын үйлердің аулаларында 506 қоқыс контейнерлері мен 93 алаң орнатылды, ортақ пайдаланылатын орындарда тұрғын үйлер аумағында 21 белсенді демалыс алаңдары орнатылды, бұл өткен жылғымен салыстырғанда 2% көп, 383 ағаш қиылды.

Сотпен «иесіз» деп танылған 72 км. электр желілері қалпына келтірілді.

Қазіргі таңда қалада көше жарықтандырылуының ұзындығы 134,8 км. құрайды. 2009 жылы бюджеттен көше жарықтарын қалыпта ұстауға, Семей қаласы, Шульба, Гидроқұрылысшылар кенттерінің көшелерін жарықтандыру үшін электр энергиясын сатып алуға 87,2 млн. теңге бөлінді, бұл өткен жылғымен салыстырғанда 32,7% көп. Көше жарықтарының 37 км. жөнделді, бұл өткен жылғымен салыстырғанда 34% көп.

Жол картасы дағдарысқа қарсы бағдарламасын жалғастыру шеңберінде 2010 жылы қаланы көріктендіруге 300,5 млн. теңге бөлінді, жалпы ұзындығы 1,2 км. көше жарықтары күрделі жөндеуден өткізілді, Жамақаев көшесінің 3 сквері көріктендірілді, «Өлім вагоны» мемориалдық паркі жөнделді, қаланың 20 көшесіне сәндік жарықтандыру жүргізілді, Глинки көшесі бойына дренажды-нөсер канализациясы құрылды, қаланың орталық бөлігінде жалпы ұзындығы 5,6 км. суғарушы су құбыры құрастырылып, жұмысқа қосылды, бұл көгалдарды суғаруға кететін шығындарды 15% елеулі көлемде қысқартуға мүмкіндік береді.



Көріктендіру жұмыстарын қаржыландыру

көлемінің өзгерістерінің динамикасы, мың теңге

Сур. 37
Қаланы көріктендіру жұмыстарын жүргізуге жергілікті бюджеттен 2007-2009 жылдар ішінде 736 446,0 мың теңге бөлінді, оның 99,8% игерілді (сурет 37).

Қаланы көгалдандырудың басты проблемасы ақша қаражатының жеткіліксіз бөлінуі болып табылады.

Саладағы жағдайды бағалау үшін SWOT- талдау жүргізілді:



Күшті жақтары:

  1. Қаланы көріктендіру мен көгалдандыру бойынша жыл сайынғы іс- шаралардың жүргізілуі, соларға сәйкес көшелер мен жолдарды тазалау, парктер, скверлер, алаңдар аумағын тазалау жұмыстары жүргізілді.

Әлсіз жақтары:

  1. Қаланы көріктендіру мен көгалдандыру жұмыстарына қаражаттың жеткіліксіз бөлінуі.

Мүмкіндіктер:

  1. Қаланы көріктендіру бойынша мемлекеттік және жеке сектордың әріптестік мүмкіндіктері.

Қатерлер:

  1. Қаланың қанағаттанғысыз санитарлық-эпмидемиялық жағдайы, көріктендіру элементтерінің тез ескіруі.


2.2.4. Территориялық құрылым

Қала мен поселкелердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін, сондай-ақ сәулет-қала құрылысы саласын дамыту үшін қала құрылысы жобаларын құрастыру мен бекіттіру, нормативтік техникалық базаны жетілдіру, сәулет өнері, қала құрылысы мен құрылыс салаларында мемлекеттік нормативтік құжаттарды іске қосу үлкен роль атқарады.

Семей қаласының әкімшілік басқаруында 14 ауылдық және 2 поселкелік округтер бар, олардың халқының жалпы саны 316 мың адам. 2006-2008 жылдары Семей қаласының жаңа бас жоспары жасалынып, құрастырылды, ол қазір сараптамадан өтуде.

Бас жоспарды жүзеге асыру үшін қала территориясын толықтай жоспарлау жобасын (ТЖЖ) құрастыру қажет. Сондай-ақ ауыл округтары орталықтары бас жоспарлары мен аудан территориясын дамыту қала құрылысының сызбасын құрастыру қажет - барлық ауылдық округтардың елді мекендерінің аудандық жоспарларының жобасын жасау қажет (АЖЖ).

Қала объектілері мен елді мекендер объектілерінің қала құрылысы құжаттарын құрастыру сәулет өнері мен қала құрылысы қызметін жүргізуге қойылатын қазіргі заман талаптарына сәйкес қажеттіктермен негізделеді, онда тұрғындар санының өзгеруі, тұрғындардың көшіп-қонуы, ауылдық және өндірістік территорияларды игеру мүмкіндіктері, көлік және инженерлік инфрақұрылымның дамуы есепке алынады.

Қала территориясының дамуы мен құрылысында қала құрылысы регламентін бұзу қала құрылысы талаптарына сәйкессіздіктер орын алған жағдайлар кездеседі (қызыл линияларды, су қорғау зоналары шекараларын, санитарлық қорғаныс шектерін).

Проблеманы шешу мен мониторинг жүргізу және сәулет-жоспарлау тапсырмаларын құрастыру үшін алғашқы мәліметтерді беру үшін көп мақсатты ақпараттық жүйе құрылған, оның құрамына картографиялық, статистикалық және өзге де ақпараттар кіреді, олар территориялардың пайдаланылуын объектілер параметрлері мен жағдайларына, инженерлік-техникалық және көлікпен қамтамасыз етілу жағдайларына, сондай-ақ табиғат-климаттық жағдайлары мен экологиялық жағдайларына байланысты сипатталады, бұл Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының мәліметтер банкі болып табылады (бұдан әрі МҚК).

ТЖЖ құрастыру үшін қажетті топографиялық суреттер ескірген және жаңартуды талап етеді.



Күшті жақтары:

  1. Территориялардың дамуының негізгі бағыттары әлеуметтік, рекреациялы, өндірістік, көлік және инженерлік-қатынастық инфрақұрылымды, табиғи- климаттық, қалыптасқан және болжанатын демографиялық және әлеуметтік- экономикалық жағдайлар, қызметтік зоналау мен осы зоналар территориясын пайдалануды шектеу, экологиялық жағдайды сауықтыруға бағытталған шараларды қоса есептегенде шешілуде.

Әлсіз жақтары:

  1. Территорияларды бас жоспарсыз бей берекет құрылыс жүргізу кейіннен меншік иелерінің құқықтарының бұзылуына, территориялардың дұрыс игерілмеуіне, құрылыс жүргізудің қымбаттауына, бірінші кезекте әлеуметтік объектілердің, тұрғын үйлердің, инженерлік-қатынастық инфрақұрылымның қымбаттауына алып келеді.

Мүмкіндіктер:

  1. Бекітілген бас жоспардың болуы қала мөлтек аудандарының жеделдетіп және пәрменді дамуына, жобалық құжаттарды дайындау мен құрылыс мерзімдерін қысқартуға жағдай жасайды.


Қатерлер:

  1. Белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарсыз, нақтылы жоспарлау жобаларынсыз, елді мекендерде құрылыс жүргізу жобаларынсыз құрылыс объектілері мен жер телімдерін беруге Қазақстан Республикасының заңдарымен тиым салынады.

2010 жылдың 1 қаңтары жағдайына қарай аймақ тұрғындарының саны 316,9 мың адамды құрады, соңғы жылдары халықтың өсімі байқалады. 2009 жылы қала халқының саны өткен жылмен салыстырғанда 1,1 % өсті, ауыл тұрғындарының саны 0,9 % өсті, халықтың табиғи өсімі 3,3 мың адамды құрады (2008 жылы халықтың табиғи өсімі 2,56 мың адам).

Соңғы жыл ішінде талданатын кезең ішінде көші-қон процесіне 14,9 мың адам немесе аймақ тұрғындарының жалпы санының 4,7 % қатысты. Көші-қон процесінің нәтижесінде 349 адамдық оң сальдо қалыптасты, келгендер - 7886 адам, кеткендер - 7537 адам. Алайда облысаралық көші-қон теріс сальдоға ие екендігін атап өтуіміз керек, сонымен қатар аймаққа келіп жатқан тұрғындардың саны 2008 жылмен салыстырғанда 4,6 % өсті, ал кетіп жатқандар саны 7,2 %.

2010 жылдың қаңтар - тамыз айларында көші-қон процесіне 9561 адам қатысты, олардан 5141 адам кетті (2009 жылмен салыстырғанда 4,2 есеге көп), келгендер 4420 адам (9,1 % аз). Табиғи өсім 1890 адамды құрады (2009 жылдың осы кезеңінде 2460 адам).

Семей аймағы бойынша халықтың тығыздығы 1 шаршы метрге 11,3 адамнан келеді, бұл орташа облыстық көрсеткіштен 2,3 есе көп.

Семей қаласы бойынша өндірістік нәтижелілік бір адамға шаққанда 263,3 мың теңгені құрайды немесе орташа облыстық көрсеткіштің 77,5 мөлшері.

Ауыл шаруашылығының өнімділік нәтижелілігі 1 ауыл тұрғынына 444,7 мың теңгені құрайды, бұл облыс бойынша орташа көрсеткіштен 2 есе көп.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің нәтижелілігі 1 ш.м. 13,1 млн теңгені құрайды немесе орташа облыстық көрсеткіштің 83 %.

Аймақ тұрғындарының орталықтанған сумен қамтамасыз етілуі 77,9 %. 37 ауылдық елді мекеннің 25 орталықтанған сумен қамтамасыз етілмеген, Жазық ауылының тұрғындары тасымалдап әкелінетін ауыз суын пайдаланады.

Электр энергиясымен қамтамасыз етілу 100 % құрайды және қажеттіліктің 97,3%. Жаңа жеке меншік үй құрылысы аудандары электр беру линияларының жоқ болуына байланысты толықтай электр жарығымен қамтамасыз етілмеген.

Семей аймағындағы жол желісінің тығыздығы салыстырмалы төмен көрсеткіштермен сипатталады - 0,01км/кв.км, бұл көрсеткіш шалғайдағы ауыл округтерінің болуына байланысты қалыптасып отыр.


2.2.4.1 Ауыл өмірін қамтамасыз ету

2010 жылдың 1 қаңтары жағдайына қарай аймақта 37 ауылдық елді мекен бар, оның 1-і әлеуметтік-экономикалық дамудың жоғары мүмкіндіктері бар санатына жатқызылады (2,7 %), 36- дамудың орташа мүмкіндіктері бар санатында (97,3 %).

Ауылдың өмірін қалыпты қамтамасыз ету үшін ауылдық елді мекендердің әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым объектілерімен нормативтік деңгейде қамтамасыз етілуіне қол жеткізу қажет, мұнда ауыл тұрғындары өмір сүру сапасының ұлттық стандарттарына сәйкес білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, жолдар, электрмен қамтамасыз ету, байланыспен қамтамасыз ету, теледидар, Интернет желісімен қамтамасыз етілуі қажет.

Ауыл тұрғындарын денсаулық сақтау қызметтерімен қамтамасыз ету үшін Семей қаласында 1 ауылдық емхана, 12 - ЖДА, 16- ФАП, 34 медициналық қызметкер жұмыс істейді.

Ауылдық мектептерде оқытушылар жұмыс істейді. Мектеп жасындағы балаларды оқуға қамту 100% құрайды.

Мәдениет саласында 4 кітапхана, 5 клуб, 3 мәдениет үйлері қызмет көрсетеді.

37 ауылдық елді мекеннің 12 орталықтанған сумен қамтамасыз етілген, 25 орталықтанған сумен қамтамасыз етуді қажет етеді.

«Таза су» бағдарламасын жүзеге асыру 4436 адамнан тұратын тұрғындарды су құбыры суына қол жеткізуіне мүмкіндік берді (Достық, Шақаман, Бөкенші, Знаменка ауылдарында).

Автокөлік жолдары - көлік қарым-қатынастық кешеннің маңызды бөлігі болып табылады, олардың нәтижелі қызмет етуі мен тұрақты дамуы қазіргі жағдайда аймақ экономикасын дамыту, тұрғындардың өмір сүру деңгейі мен өмір сүру жағдайларын арттырудың маңызды факторы болып отыр.

Жергілікті маңызы бар ауыл жолдарының жалпы ұзындығы 202,4 км, оның ішінде қатты төсеніші бары - 24,9 км, гравии- құм жабыны - 177,5 км.

Аймақтың барлық ауылдық елді мекендері телефон байланысымен, электр жарығымен қамтамасыз етілген.

Басты мақсаттық индикатор экономиканың үздіксіз өсуі, ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі, дамудың жоғары мүмкіндіктері бар ауылдық елді мекендер санының артуы болып табылады.

Өткен кезеңде мемлекеттік қолдау көрсету шаралары өмір сүруді қамтамасыз ететін инфрақұрылымды дамытуға, ең алдымен ауылдық елді мекендердің дамудың жоғары деңгейіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталды.

Ауылды жерлерде орташа жалақының өсу бағыты байқалады.Ауылды жерлерде зейнетақының орташа мөлшері 15000 теңгеден жоғары болып келеді. Кедейшілік деңгейінен төмен жағдайдағы адамдарға мемлекеттік адрестік көмек көрсетіледі.

Еңбекақының, зейнетақының, өтемақының өсуі тұрғындардың ақша кірісінің өсуіне оң ықпал етеді.

Сонымен қатар ауылда үй маңы шаруашылығынан кіріс беретін ақшалай емес кіріс түрлері кең таралған.Үй шаруашылығының әрбір мүшесіне айына 3500-4000 теңгенің өз шаруашылығынан өндірілген өнімдерін пайдаланады.



Күшті жақтары:

  1. Ауыл шаруашылығын дамытуға қолайлы топырақ-климаттық жағдайлар, мұның өзі ауыл тұрғындары табысының басты көзі болып табылады.

Әлсіз жақтары:

  1. Әлеуметтік инфрақұрылым объектілері желісінің дамуының жеткіліксіз деңгейі, шалғайдағы ауылдық елді мекендерде әлеуметтік инфрақұрылым объектілері жоқ немесе әлсіз дамыған;

  2. тұрғындардың санына шаққандағы кірістің аймақтық жағынан біркелкі бөлінбеуі;

  3. ауыл тұрғындарының білім алу, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт қызметтеріне біркелкі қол жеткізе алмауы ауылды жерлердегі адам мүмкіндіктері деңгейін төмендетеді.

Мүмкіндіктер:

  1. Медициналық мамандар мен білім беру саласы мамандарын жұмыс орынына ұзақ мерзімге бекіту және жас мамандарды тарту, оның ішінде ауылдық елді мекендерге тарту үшін жүйелі іс шараларды құрастыру;

  2. ауылдық елді мекендердің мүмкіндіктерін дамыту.

Қатерлер:

  1. Ауыл тұрғындарының көшіп кетуі салдарынан халық санының төмендеуі.


2.2.4.2 Азаматтық қорғаныс жүйесінің дамуы

Семей қаласы территориясының табиғат жағдайларының әр түрлі болып келуі оның табиғи апаттарға бой алдыру мүмкіндіктерінің жоғары екендігін көрсетеді - су тасқындары, дауыл, орман және дала өрттері, температураның күрт төмендеуі, қар борандары, эпидемиялармен эпизоотиялар. Құрал жабдықтардың, негізгі қорлардың ескіруі мен істен шығуы, көліктегі жылжымалы құрам мен инфрақұрылымның ескіруі, табиғи қорларды өндірудің жеделдетілуі, оларды тасымалдау мен өңдеу көлемінің ұлғаюы техногендік қатерлердің өсуінің алғышарттарын жасайды.

Адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретін қысқы кезеңнің төтенше жағдайлары болып табылады. Мысалы 2010 жылдың қаңтар айының ортасында күшті қар жаууы мен ұзақ мерзімге созылған боран салдарынан автожолдардың төзімділік қорлары толық дерлік тауысылды және 7 елді мекенмен көлік қатынасы бірнеше күнге тоқтап қалды. 3 мыңға жуық адамның өмір сүру қызметі бұзылды.

Қалаға жыл сайын сумен байланысты төтенше жағдайлар, мұз көшкіні, су ағыны, еріген сулар, арық сулары, су тасқыны үлкен зиян келтіреді. Қалада су тасқыны мен еріген судың астында қалу қауіпі бар 43 ерекше қауіпті аймақ бар, оларда тұратын адамдарының жалпы саны 25 мың адамнан асатын 5 елді мекен орналасқан. 2010 жылдағы су тасқыны кезіндегі төтенше жағдайлардың салдарын жою тәжірибесі қала әкімі мен ауыл әкімдерінің қорларындағы зиян шеккен және көшірілуге тиіс тұрғындардың өмір сүру қызметін қамтамасыз етуге жиналатын материалдық-техникалық қорлардың жеткіліксіз екендігін, аса қауіпті аймақтарда инженерлік және жағаны бекіту жұмыстары деңгейінің төмендігін, жергілікті АҚ және ТЖ территориялық құрылымдарының қажетті құрал-жабдықтармен жеткілікті қамтамасыз етілмегендігін көрсетті.

Аймақтың орманды жерлерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жағдай күрделі болып қалып отыр, мұнда жыл сайын орманның бірнеше мың гектары өртпен жойылып келеді. Тұрғын үй аймағында да өрт деңгейі жоғары деңгейде болып қалып отыр, мұнда жыл сайын барлық өрттердің 75 пайызы болады және адамдардың өрт шалып өлуінің 90 пайызы болады. Барлық өрттердің 60 пайыздан астамы ауылды жерлерде болып отыр. Елді мекендерді өрттен қорғауды қамтамасыз ету және ормандар мен даладағы өрттерді сөндіру бойынша жұмыстар жүргізуді қамтамасыз ету үшін құрылатын өрт сөндіруші тірек пункттері 2000 және одан көп тұрғыны бар елді мекендерде жоқ (Знаменка, Қайнар, Озерки ауылдары). Аймақтың су құбырлары желісінде 600 көше өрт гидранттары құрылған, олардың 120 жұмыс істемей тұр.

Қалада 80 астам қолданыстағы 10-12 қабатты биік үйлер орналасқан, сондай-ақ бірнеше биік үйлердің құрылысы салынуда. Биік үйлерде құтқару жұмыстарын жүргізу үшін қажетті авто сатылар мен 50 және одан жоғары метр биіктікке көтеретін көтергіштер қалада жоқ. Ал құрылған биікте жұмыс істеушілер тобы 50- 60 метрлік құтқарушы жіптермен қамтамасыз етілмеген.

Қаланың басшылық құрамы мен тұрғындарды орталықтанған негізде хабардар етудің қолданыстағы жүйесі бұдан 30 жыл бұрын құрылған және қазіргі заманғы сандық және волокондық-оптикалық байланыс желілерімен бірлесе жұмыс істей алмайды. Соңғы 15 жыл ішінде құрал-жабдықтарды жаңарту, жүйелерді бағдарламалармен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілген жоқ. П-160 және П-164 аппараттары электро дабылдық хабардар ету жүйесінде қолданылады және ескірген, оргтехника және өзге құралдардан келетін кедергілерге төзімділігі төмен, ГТС толықтай көшірілген байланыстың сандық желілерінде жұмыс істеуге бейімделмеген. Тұрғындарды теле және радиохабарлар арқылы хабардар ету бойынша ұйымдық-техникалық шешімдер тұрақтылығының төмендігімен және нәтижелілігінің аздығымен ерекшеленеді және осы мақсаттарға радио мен теледидардың барлық бағдарламаларын, кабелдік теледидарды, оның ішінде түрлі меншік нысанындағы телеканалдармен радиоканалдарды қамтуға мүмкіндік бермейді. Соңғы жылдары өткізгішті таратудың жабылуына байланысты радио таратушы тораптар жабылып қалды, хабардар етудің автоматтандырылған жүйесімен 39 ауылдық елді мекендер қамтылмаған, оларда 23,5 мың адам тұрады. Тұрғындарды хабардар етуге қажетті 60 электро дабыл берушіден қалада тек 26 орнатылған. Қолданыстағы 90 қорғаушы құрылыстар соғыс жағдайында және төтенше жағдайлар кезінде тығылатын адамдарды қабылдауға дайын емес және күрделі жөндеуді талап етеді (қорғаныс жүйелерін қалпына келтіру, инженерлік-техникалық жабдықтарын жөндеу).

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу, алдын ала дайындалу табиғат апаттары, авариялар мен катастрофалар кезінде тұрғындарды, облыс экономикасын, материалдық және мәдени құндылықтарды олардан пәрменді түрде қорғаудың міндетті шарты болып табылады.



Салада қалыптасқан жағдайды бағалау SWOT- талдауда көрсетілген:

Күшті жақтары:

  1. Көктемгі су тасқыны кезеңінде қар қорларының еруі мен табиғи өрттердің пайда болу ошақтарын ерте анықтау бойынша космостық мониторинг орнатылған;

  2. дала өрттерін сөндіру мен шалғайдағы елді мекендерді қорғау үшін дала өрттерінің алдын алу мен оларды сөндіру бойынша іс-шараларды қаржыландыру жүзеге асырылған;

  3. қатерлі табиғат құбылыстарының мониторингі жүргізіледі;

  4. АҚ пен ТЖ жөніндегі басқару органдарымен, облыстық қызметтермен, объектілік және территориялық құрылымдармен командалық-штабтық жаттығулар өткізіледі;

  5. төтенше жағдайлар қаупі төнген кезде және пайда болған кезде бірлесе әрекет етудің жоспары құрастырылып, жүзеге асырылуда.

Әлсіз жақтары:

  1. Тұрғындарды хабардар етудің қолданыстағы жүйесі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар пайда болған кезде төтенше ақпаратты толық көлемде тұрғындарға жеткізуге қабілетсіз;

  2. АҚ пен ТЖ территориялық құрылымдары авариялар мен табиғат апаттары кезінде, оның ішінде биік қабатты үйлерде болған апаттар кезінде төтенше құтқару жұмыстарын жүргізу үшін қажетті құрал-жабдықтармен, құтқарушы жабдықтармен өте төмен деңгейде жабдықталған;

  3. қорғаныс ғимараттарының күрделі жөндеуді қажет етуіне байланысты ерекше жағдайларда тұрғындарды паналатудың мүмкін болмауы;

  4. су тасқандары мен мұз жүру қауіпі бар жерлерде жағаны нығайту жұмыстары мен кезек күттірмейтін қорғаныс жұмыстарын қажет ететін елді мекендер мен инженерлік құрылыстарға тікелей қауіп төндіретін жерлердің болуы.

Мүмкіндіктер:

  1. Мақсаттарға жетудің нәтижелілігі көп жағдайда басқару органдарының, АҚ пен ТЖ күштері мен құралдарының төтенше жағдайлар қаупі төнген немесе пайда болған кезде жедел жұмысқа кірісу дайындығының деңгейіне тәуелді болады;

  2. ақпарат құралдары арқылы тұрғындардың арасында АҚ пен ТЖ саласындағы білімдерді кең көлемде насихаттау жұмыстары, түрліше төтенше жағдайлар кезінде қалай әрекет ету қажеттігін көрсететін көрнекі құралдарды тарату ТЖ келетін зиянды едәуір төмендетуге ықпал етеді;

  3. өрт сөндірудің тірек пунктерінің санын арттыру мен дамыту табиғи өрттен залалды елеуді қысқартуға, сондай-ақ, қаладан алынып тасталған тірек пункттарын сақтап қалуға мүмкіндік береді;

  4. қала әкімінің материалдық-техникалық қорларын нығайту төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен тұрғындарды кепілденген өмір сүру қабілеттігімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қатерлер:

  1. Плотиналардың жағдайының зерттелмеуі мен оларды күшейту бойынша жұмыстар жүргізілмеуі қаржыландырудың жетіспеуі салдарынан гидроқұрылыстардың кепілденген төзімділігін қамтамасыз ету бойынша кешенді көзқарастың жоқтығы;

  2. территорияның химиялық улануы жағдайында тұрғындар үшін қазіргі заманғы жеке қорғаныс құралдарын сатып алу бойынша қаржыландырудың жоқтығы адамдардың өмірімен денсаулығын қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді;

  3. қаланың қосалқы қорғаныс басқару пунктін қазіргі заманғы жабдықтармен жабдықтау үшін қаражаттың жоқтығы ерекше жағдайлар кезінде АҚ пен ТЖ күштері мен жабдықтарының сенімді бірлесе әрекет етуін қамтамасыз ете алмайды;

  4. техникалық диагностикалау мен газ бөлуші құралдарды (ГБҚ) техникалық тексеруден өткізуге қаражаттың бөлінбеуі салдарынан өз бетімен орнатылған газ баллондарының атылуы мен көп пәтерлі үйлерде электр плиталарын пайдалану салдарынан өрт шығуымен байланысты техногендік ТЖ пайда болуы қаупі;


2.2.5 Мемлекеттік жергілікті басқарумен өзін-өзі басқару жүйесі

Қаланың мемлекеттік органдары құрылымы мыналардан құрылады: қала әкімі мен қала мәслихатының аппараттары, 16 ауылдық және поселкелік округтер әкімшіліктері, 13 атқарушы органдар барлығы жергілікті бюджеттен қаржыландырылады.

1 қаңтар 2010 жылға қарай әкім аппаратында 55 мемлекеттік қызметкер жұмыс істеген, олардың ішінде 1 саяси, 54 әкімшілік қызметкерлер. Әкім аппараты қызметкерлерінің орташа жасы 45,8 жас. Мемлекеттік қызметтегі орташа еңбек өтілі 16 жыл.1 жылдан 5 жылға дейінгі еңбек өтілі барлар мемлекеттік қызметкерлердің 6% құрайды, бұл жұмысқа жас мамандарды қабылдаумен байланысты болып отыр.Ұлттық белгісі бойынша ең көп үлес салмағы қазақ ұлты өкілдеріне келеді (83,6 %).

Жағдайдың дамуы өкілетті билік органдарының алдына мемлекеттік басқару, әлеуметтік-экономикалық даму, қоғамдық-саяси процесстерді басқару салаларында маңызды шешімдерді орындау мониторингі мен дайындау, қабылдау, жүргізу кезінде қатысуды күшейту бойынша кешенді міндеттерді қояды.

Жыл сайын Семей қаласы мәслихатының сессияларында атқарушы органдар мен депутаттардың ұсыныстарына сәйкес мәслихаттың бір жылға арналған жұмыс жоспары бекітіледі.

Қалалық мәслихаттың жұмысы қаланың одан әрі дамуын қамтамасыз етуге, оның әрбір тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталады.

Мәслихат тікелей немесе тұрақты комиссиялары арқылы қала территориясында әкімнің, лауазымды тұлғалардың, кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың мәслихаттың өз құзыреті шеңберінде қабылдаған шешімдерін орындауын бақылайды.

Жергілікті мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызмет саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, мемлекеттік басқарудың сапасын арттыру үшін басқару жүйесін жетілдіру, мәслихат пен оның органдарының ұйымдық, құқықтық, материалдық-техникалық, ақпараттық қамтамасыз етілуінің сапасын арттыру қажет, депутатқа оның өкілеттіктерін орындауына көмек көрсету қажет.

Қала әкімі аппаратының қызметі қала әкімінің, оның орынбасарларының, әкімшілік қызметін ақпараттық, талдаушылық, ұйымдық т.б. қамтамасыз етуді ғана қарастырмайды. Бірінші орынға жергілікті атқарушы органдардың қызметінің нәтижелілігін арттыру мен жұмысын үйлестіруді жақсарту мәселелері қойылады.

Қала мәслихатының 16 ақпан 2006 жылғы № 24-11 «Семей қаласының 2006-2008 жылдарға арналған электронды әкімшілігін құру бағдарламасы туралы» шешімімен бекітілген Семей қаласының «Электронды әкімшілігін» құру бағдарламасына сәйкес қаланың электронды әкімшілігін құру жұмыстары басталды. Қазіргі таңда бірыңғай көлік ортасы құрылған (бұдан әрі БКО) ол қала территориясында орналасқан мемлекеттік ұйымдар мен мекемелер арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін телекоммуникациялық инфрақұрылым болып табылады. БКО құрамына жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер кіреді.

Қала әкімі аппаратының, қалалық мәслихаттың, дербес бөлімдердің қызметкерлерінің электронды адрестері ашылып, кабелдік желі құрылымына қосылды. Ауылдық және поселкелік әкімшілік аппараттарын Интернет желісіне қосу бойынша жұмыстар жалғастырылуда.

2008 жылдың шілде айынан бастап қала әкімі аппаратының мәліметтер базасы бар бақыланатын Интернет портал ашылды және қала әкімі аппараты қызметкерлері құжаттарын сақтау үшін «Іс-архив» ашылды.

Құжат айналымының бірыңғай электронды желісі арқылы облыс әкімі аппаратымен құжат айналымы жүзеге асырылуда. (бұдан әрі ҚАБЭЖ). 2010 жылдың шілде айынан бастап әкім аппараты мен дербес бөлімдерде электронды сандық қол қоюды қолдану арқылы бірыңғай электронды құжат айналымы енгізілді, «Lotus» бағдарламасы қала әкіміне, аппарат жетекшісіне, қала әкімі аппаратының бөлім бастықтарына, қоғамдық қабылдау бөлмесіне, бақылау комиссиясына, канцелярияға және 13 дербес бөлімдерге орнатылды.Жиыны жүйеге 26 жұмыс орыны қосылды. 2011 жылы осы жүйеге қала әкімі аппаратының 40 жұмыс орынын қосу жоспарлануда.

Электронды құжат айналымы жүйесі жұмыс істеуде, қағаз түріндегі құжат айналымының үлес салмағы төмендеу үстінде. Электронды мұрағат құрылып, қала әкімшілігі қабылдаған нормативтік-құқықтық актілерді жүргізудің анықтамалық жүйесі құрылатын болады. Ол үшін 2007- 2010 жылдар ішіндегі қағаз құжаттар электронды түрге көшіріледі және осы базаны одан әрі құжаттармен толықтыру құжаттар қабылдана салысымен қамтамасыз етіліп отырады.

Электронды әкімшілікті қалыптастырудың аймақтық бағдарламасын жүзеге асырудың арқасында қала азаматтары мен мекемелері әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметті ҚР Үкіметінің веб-қорларынан, облыс және қала әкімдерінің порталдарынан көре алады. Семей қаласы әкімінің www.akimsemey.gov.kz веб порталы арқылы берілетін ақпараттық қызметті үнемі жаңартып отыру қамтамасыз етіледі, мұнда қала тарихы, көркем орындары, билік құрылымы, экономикасы, өнеркәсібі, шағын және орта бизнесі, шаруа қожалықтары, медициналық мекемелері, жоғары және арнайы орта оқу орындары, мектептері, мектепке дейінгі мекемелері, авиа, теміржол, автобус қатынастары, жұмыс орындары, зейнетақыны, төлемақыны және өтемақыны рәсімдеу үшін қайда бару, қандай құжаттар керек екендігі, қаланың мемлекеттік мекемелері өткізетін мемлекеттік сатып алулар, өзге де қызықтыратын мәселелер, жаңалықтармен танысу туралы толық ақпаратты алуға болады. 2008 жылдың 21 сәуірінен бастап «Семей қаласының электронды қызмет орталығы» semey.e-vko.gov.kz үздіксіз жұмыс істеп келе жатыр, онда «мемлекеттік сатып алулар», «Сайлаушы» модульдерінен кез келген қала тұрғыны сайлаушылар тізіміндегі өз аты-жөнін тексере алады, «Өтінішке берілген жауаптың мерзімін білу» - ол арқылы өтініш беруші өзінің өтінішіне берілген жауаптың мерзімін біле алады, «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй бөліп беру» - өз фамилияңызды теріп өзіңіздің тұрғын үй кезегінде қай жерде тұрғаныңызды көре аласыз, бұл қызмет Қазақстан мен ТМД-ның өзге бір де бір аймағында жоқ, «компьютерлік сауаттылық» - бұл қызмет арқылы кез келген қала тұрғыны компьютерлік сауаттылыққа қашықтықтан оқи алады.

Пәрменді мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың ең басты нәтижелі құралдарының бірі норма шығармашылық қызмет, атап айтқанда: азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты нормативтік-құқықтық құжаттарды құрастыру, бекіттіру, мемлекеттік тіркеуден өткізу. Норма шығармашылығы саласында басты міндет құрастырылатын жобалардың сапалылығы болып отыр. Ол тек қана мәселенің құқықтық жағынан толық қарастырылуында ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік, экономикалық, қаржы салаларының, статистикалық мәліметтермен танысудан, құқықты қолдану тәжірибесін талдаудан, өзге аймақтардың оң тәжірибесін пайдаланудан тұрады.

Қазіргі таңда әкім аппаратының норма шығарушы қызметінің жұмыс сапасының басты көрсеткіші прокурорлық қадағалау арқылы қайта қаралған актілердің болмауы болып табылады.

Мемлекеттік жоспарлау мен бюджеттендірудің нәтижеге бағытталған жаңа жүйесін енгізу қазіргі таңда қала әкімі аппаратынан қызметтің тазалығы мен есептілігін талап етеді. Осы мақсатта әкімнің және өзге де мемлекеттік органдардың виртуалды қабылдау бөлмесі жұмыс істейді, сайттарда үнемі тұрғындар арасында сауалнама жүргізіледі.

Әкім аппараты қызметінің нәтижелілігі мамандардың кәсіптік дайындығымен де байланысты болып келеді, сол себепті қала әкімі аппаратының, ауылдық және поселкелік округтер аппаратының, мәслихаттардың, дербес бөлімдердің барлық қызметкерлері (мемлекеттік қызметкерлер мен техникалық қызметкерлер) компьютерлік сауаттылықтың толық курсынан өтті және мемлекеттік белгідегі сертификаттар алды.


жүктеу 5,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау