Утверждена Советом директоров



жүктеу 158 Kb.
Дата14.11.2018
өлшемі158 Kb.
#20046

«ҮМЗ» АҚ Директорлар Кеңесімен бекітілді 24.05.2018ж. № 9 хаттама
«ҮМЗ» АҚ Басқармасының 03.04.2018ж.

№ 19/1085 хаттамасымен мақұлданды.



2017 ЖЫЛҒЫ

«ҮЛБІ МЕТАЛЛУРГИЯЛЫҚ ЗАУЫТЫ» АҚ

КОРПОРАТИВТІК ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУ САЛАСЫНДАҒЫ

ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ЕСЕПТІЛІК


Өскемен қ., 2018

2017 жылғы «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік және тұрақтылықты дамыту саласындағы қызметі «ҮМЗ» АҚ 2017 жылғы 29 желтоқсандағы Директорлар кеңесінің № 17 шешімімен бекітілген 2017-2019 жылдарға арналған корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ тұрақтылықты дамыту бағдарламасына сәйкес реттелген, оның негізгі мақсаты қоғамның әлеуметтік – экономикасын дамыту жөніндегі тапсырмаларды шешіп, болашақта қоғамның әлеуметтік – жауапкершілік компания позициясын нығайту болып табылады.



1. Әлеуметтік іс – шаралар

1.1. Еңбек ұжымында әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету және әлеуметтік тұрақтылық рейтингі

Әлеуметтік - еңбек жанжалдары және ереуілдерді алдын алу және болжамалау жөніндегі жұмыстар шеңберінде, сонымен қатар қоғамның еңбек ұжымындағы әлеуметтік көңіл күй деңгейін бақылау үшін 2013 жылдан бастап тәуелсіз әлеуметтік агентігін қатыстыра отырып, әлеуметтік тұрақтылық рейтингін анықтау (бұдан әрі - ӘТР) мақсатында жыл сайын зерттеулер жүргізілуде.

2016 жылғы әлеуметтік тұрақтылық рейтингтің зерттеу қорытындылары мен коммуникация және әлеуметтік өзара әрекеттесу орталық мамандарының ұсынысы негізінде, сонымен қатар еңбек ұжымындағы әлеуметтік қауыртылығын арттыру және қарым – қатынасты арттыру мақсатында, қоғамда 2017 жылы төмендегі бағыт бойынша жұмыстар көрсетілетін, өндірістік персоналдың әлеуметтік – еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша іс – шаралар жоспары дайындалған:


  • құрылымдық бөлімше жетекшілері мен өндірістік қызметкерлерді әлеуметтік тұрақтылық рейтингін анықтау жөніндегі зерттеу қорытындылары туралы хабардар ету;

  • жұмыс орындарындағы техника қауіпсіздігін және еңбек жағдайларының деңгейін арттыру;

  • емдеу – профилактикалық тағамның сапасын арттыру;

  • біліктілігі мен еңбек өнімділігіне сәйкес қызметкерлерді материалдық ынталандыру;

  • өндірістік қызметкерлердің біліктіліктерін арттыруды қамтамасыз ету;

  • жұмысқа қабылдау және жоғары лауазымға үміткерлерді ұсыну кезінде айқындық пен ашықтық/ транспаренттік принциптерін сақтау;

  • персонал ағымын саралау және мониторингті өткізу;

  • еңбек ұжымындағы жағымды моральдік – психологиялық жағдайды қамтамасыз ету;

  • қоғам басшысы мен қызметкерлер арасындағы ақпараттық қарым – қатынасты қамтамасыз ету және қызметкердің жұмыс беруші арасындағы кері байланыс туралы ақпаратты арттыру;

  • бизнесті трансформациялау бағдарламасын жүзеге асыру және қоғамның дамыту болашағы туралы қоғам қызметкерлерін хабарландыру деңгейін арттыру;

  • жұмыс берушінің ісіне/ әрекетсіздігіне өтініш пен наразылық білдіру үрдісі бойынша қызметкерлер арасындағы хабардарлық деңгейін арттыру;

  • басшы мен қызметкерлер арасындағы іскерлік қарым-қатынасты және сенімділікті нығайту (кері байланыс);

  • Ұжымдық шартпен қарастырылған талаптарды сақтау;

  • әлеуметтік – тұрмыстық инфрақұрылымдық сұрақтар бойынша жергілікті атқарушы орган арасындағы қарым-қатынасты қамтамасыз ету.

Әр тоқсан сайын жоспарды орындау жөніндегі есептілік Қоғамның Басқармасына мақұлданып, Қоғамның Директорлар кеңесіне бекітілу үшін жолданады.

2017 жылғы қазан айында өткізілген ӘТР зерттеу қорытындылары өндірістік қызметкерлердің әлеуметтік – еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарымен қарастырылған тиімділіктің оң нәтижесін көрсетті.

2017 жылғы зерттеу қорытындыларына сәйкес Қоғамның ӘТР көрсеткіші 78% құрады. Бұл көрсеткіш «Орташа көрсеткіштен жоғары» деңгейін көрсетіп, 2016 жылмен салыстырғанда 5 % пайызға өсуін көрсетеді.

Коммуникация және әлеуметтік қарым – қатынастар орталығының мамандары қызметкерлердің компанияға деген бейілділік деңгейінің жоғарлығын, олардың еңбек жағдайлары мен ішкі коммуникация қанағаттандырушылығын көрсетті.




р/с

Көрсеткіш атауы, %

2016

2017

1.

Әлеуметтік тұрақтылық рейтингі

73

78

1.1

Еліктіргендік

52

78

1.2

Әлеуметтік қолайлы жағдай

48

76

1.3

Әлеуметтік байсылдылық

80

76*

  • - әлеуметтік байсалдылық индексінің азаюы 2017 жылғы есептеу методологиясына байланысты



    1. Кадрлық әлеуетті дамыту


Қоғам өз қызметкерлерін ең маңызды актив ретінде қабылдап, қоғамның тұрақты дамуының кепілі болып табылатын, қызметкерлердің амандығын, кәсіби және жеке басының өсуін қамтамасыз етуде.

2017 жылы қоғам кадрлық әлеуетті дамыту бойынша келесі бағытта қызметтерді жүзеге асырды:



1.2.1. Транспаренттік еңбекақы төлеу және бәсекелестік қабілеттілігі бар жалақы

Қоғамдағы қызметкерлердің транспаренттік еңбекақы төлеу және 2017 жылы бәсекелестік қабілеттілігі бар жалақының төлеуін қамтамасыз ету жөніндегі іс – шаралар қоғам қызметкерлерінің еңбек қорытындылары мен олардың еңбекақы мөлшер арасындағы өзара қарым – қатынасты күшейту арқылы жүзеге асырылды:



  • «2016 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша 2017 жылғы сыйақы үшін корпоративтік қызметтің негізгі көрсеткіштер (КҚНК)» қорытындысына сәйкес «2016 жылдың жұмыс қортындысы бойынша «ҮМЗ» АҚ қызметкерлеріне сыйақы төлемдерін ұйымдастыру туралы» 29.03.2017ж. № 433 бұйрық бойынша қоғамның қызметкерлеріне 340 миллион теңге көлемінде сыйақы төлемі төленген.

  • Қоғам Басқармасының шешімімен 28.06.2017ж. № 30/1036 «2017 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша 2018 жылы сыйақыны төлеу үшін корпоративтік қызметтің негізгі көрсеткіштер (КҚНК)» бекітілген.

1.2.2 Қоғам үшін қызметкерлерді іздеу, іріктеу және жұмысқа қабылдау үрдісін жетілдіру


2017 жылы білікті мамандардың іздестірілуі «Қызметкерлермен қамтамасыз ету» ИП 30.0005 сәйкес жүзеге асырылды, сонымен қатар:

  • қызметкерлердің ішкі іздестіру жұмыстары қоғамның корпоративтік портал және корпоративтік газет; ПК «Персонал» мәліметтер жинағы мен қоғамның жетекші кадрлар резерв тізімі арқылы жүзеге асырылды;

  • қызметкерлерді сырттан іздестіру жұмыстары қоғамның ресми сайты мен қаланың арнайы сайттарына, сонымен қатар жұмыспен қамту сұрақтары бойынша уәкілетті органдарда хабарландыруларды орналастыру арқылы жүзеге асырылды.

Қоғамдағы конкурстық іріктеу және іздеу үрдісі ашық және адал принциптеріне негізделіп жүзеге асырылады. 2017 жылғы конкурстық іріктеу нәтижесінде 920 үміткер арасынан 184 бос орын толтырылды.

1.2.3. Қызметкерлердің кәсіптік дамуы

Кадрлық әлеуметті дамытудың негізігі бағыты қызметкерлерді оқыту және дамыту, сонымен қатар қоғам аса қажетті мамандықтарды дайындау болып табылады. Қоғамда қызметкерлерді дайындау, қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру үрдісі жүйелендірілген. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін қоғамның жоғары білікті мамандар арасынан тәлімгерлерді тағайындау жолымен және шеттегі арнайы мамандырылған ұйымдардың мамандарын қатыстыра отырып қызметкерлердің оқытылуын ұйымдастырады.

2017 жылғы оқыту мекеменің ішкі ұйымдастыру – үйлестіру құжаттарына, жұмыс берушінің актілеріне және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы негізінде жасалған оқыту шартына сәйкес жүзеге асырылды. 2017 жылы қызметкерлерді оқыту және қайта даярлау үшін жұмсалған ақшалай қаражат 59,1 миллион теңгені құрады. 2017 жылы оқытудан өткен қызметкерлер саны – 8 425, соның ішінде:


  • біліктілікті арттыру бағдарламасы – 8201 адам;

  • корпоративтік оқыту бағдарламасы – 91 адам (32 адам – қаржы –экономикалық блок қызметкерлері үшін корпоративтік курстар; 2 адам – жас мамандар мектебі -2017; 14 адам - әлеуметтік – еңбек жанжалдарын және ереуілдерді шешу медиациясы; 43 адам - жас мамандар мектебі -2017);

  • қосымаша кәсіптік білімге қатысты оқыту – 133 адам.

1.2.4. Қызметкерлердің корпоративтік оқыту бағдарламасын жүзеге асыру және талантты түлектерді жұмысқа тарту

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және «Д. Серікбаев атындағы Шығыс – Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті» ШЖҚ РМК арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде 9 магистрантты дайындау жұмыстары жүзеге асырылуда. Оларды оқыту үшін шыққан шығын көлемі 4,5 миллион теңгені құрайды. Өндірістік қызметкерлерді оқыту үшін дуальді жүйені жүзеге асыру жөніндегі кешендік жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл оқыту жүйесі барынша талантты түліктерді жұмысқа тарту. Дуальді оқыту жүйесін жүзеге асыру шеңберінде 2017 жылы 11 студент «Аппаратчик-гидрометаллург» мамандығы бойынша білім алды, 9 адам қоғамға жұмысқа қабылданды. 2017-2019 оқыту жылына 12 топ жинақталған.


      1. «ҮМЗ» АҚ ҚЖК» ҚБ (бұдан әрі – кәсіподақ) серіктестік және жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы міндеттемелердің сақталуын қамтамасыз ету

Қызметкерлердің жұмысы үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасау қоғамның ең маңызды тапсырмаларының бірі болып табылады. Қоғам өз қызметкерлерінің әлеуметтік қорғау сұрақтарына аса жауапкершілікпен қарайды. Әлеуметтік серіктестікті нығайтатын және ең жоғары кепілдемелер мен жеңілдіктерді белгілеп, еңбек жағдайларына тікелей байланысты қарым - қатынасты реттеу мақсатында 2016 -2019 жылға арналған Ұжымдық шарт жасалған (бұдан әрі – Ұжымдық шарт). Осы Ұжымдық шарт ҮМЗ əлеуметтік– еңбек қатынастарын, сонымен қатар «Үлбі металлургиялық зауыты» Акционерлік қоғамындағы еңбек жағдайларына тікелей байланысты қарым - қатынасты реттейтін құқықтық құжат болып табылады. 2017 жылы қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын арттыру бойынша Ұжымдық шартқа өзгерістер мен толықтыруларды енгізуге қатысты комиссия отырысы алты болды, соның ішінде:


  • Шығыс – Қазақстан облысының демалыс базасының жолдамасы құнынан қоғам қызметкерлеріне компензация төлемдерін ұсыну жөніндегі нормалар енгізілген;

  • Қоғам қызметкерлері мен бұрынғы қызметкерлер үшін Шығыс – Қазақстан облысының кез – келген демалыс базасының ішінара немесе толық көлемінде өтемақы төлеу жөніндегі нормалар енгізілген;

  • 18 жасқа дейін мүгедек-балалары бар қоғам жұмысшыларына – қамқоршыларға мүгедек балаларын емдеу және сауықтыру үшін өтеусіз ақшалай қаражатты беру мөлшерін белгілеген.

Әр тоқсан сайын Ұжымдық шарттың орындалуын қадағалайтын комиссия Ұжымдық шартпен белгіленген талаптардың орындалуын бақылау мақсатында тексерулерді жүзеге асырады. 2017 жылғы Ұжымдық шарт бойынша жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы өзара міндеттемелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, қоғам жарғысына, қоғамның еңбек тәртібінің ережелеріне және қоғамның қаржылық жоспарына сәйкес орындалған. Ұжымдық шарт талаптарын орындау жөніндегі ақпарат қоғамның корпоративтік порталында орналастырылған. Сонымен қатар әр тоқсан сайын өтетін Басқарма Төрағасының еңбек ұжымы өкілдерімен кездесуі кезінде жеткізіледі.

1.2.6. Қызметкерлер үшін әлеуметтік бағдарламаны дамыту

Қоғамдағы әлеуметтік – психологиялық климатты құруға бағытталған əлеуметтік құрылым қызмет етеді. Бұл тапсырмалар корпоративтік, мəдение, спорттық іс – шаралар ретінде, сонымен қатар қоғамдық бірлестіктермен ұйымдастырылатын жұмыстар арқылы жүзеге асырылады.

2017 жылғы әлеуметтік пакетті қаржыландыру үшін бір қызметткерге 69,4 мың теңге, ал қоғамның бұрынғы қызметкеріне – 13,7 мың теңге бөлінген. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін 247,5 миллион теңге жұмсалған, соның ішінде:


  • Қызметкерлерге материалдық көмек көрсету 49 миллион теңге

  • Зейнетақы демалысына кету кезіндегі өтемақы 10,7 миллион теңге

  • Туысы қайтыс болған қызметкерге әлеуметтік қолдау көрсету 8 миллион теңге

  • Қоғамның бұрынғы қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету 13,6 миллион теңге

  • Ауру жағдайына ерікті сақтандыру 68,2 миллион теңге

  • Қоғамның жұмысшыларына және бұрынғы қызметкерлеріне медициналық қызмет көрсету 98 миллион теңге

Тұрмыстық жағдайларды жақсарту жөніндегі іс – шаралар шеңберінде қоғам қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында «ҮМЗ» АҚ қызметкерлеріне ұзақ мерзімді несиелерді ұсану жөніндегі өтініштерді қарау тәртібі туралы ереже» қайта қаралып, өз күшіне енді. 2017 жылы тұрмыстық жағдайларды жақсарту үшін 49,2 миллион теңге көлемінде ақшалай қаражат бөлінген. Қоғамның 13 қызметкері тұрмыстық жағдайларды жақсартты.
      1. Қоғамның жастар саясаты


Жас мамандармен белсенді жұмыс жасау қоғам алдындағы ең маңызды тапсырмаларының бірі болып табылады. Ол қоғамның кадрлық қорғалуын қамтамасыз етуге, білім беру мекемелерінің ең үздік түлектері арасынан жоғары білікті жас мамандарды дайындап, олардың қоғамға тез және тиімді бейімделуіне бағыталған. «ҮМЗ» АҚ жас маманы және жас қызметкері туралы ережеге сәйкес МИФИ 2 түлегі мен «Өскемен қаласының көп салалы колледжі» МБ 8 түлегі (студент «Аппаратчик-гидрометаллург» мамандығы бойынша білім алған) 2017 жылы «ҮМЗ» АҚ жұмысқа қабылданып, «Жас маман» мәртебесі берілген, олар үшін тәлімгерлер белгіленіп, дамыту жоспарлары жасалған.

Қоғамның дәстүрі мен ержелерімен таныстырып, корпоративтік мәдениетке бейімдеу мақсатында қоғамда Үлбі металлургиялық зауытына жаңадан қабылданып жатқан қызметкер үшін жандама дайындалған.


2003 жылдың ақпан айыннан бастап қоғамның ҮМЗ Жастар бірлестігі жұмыс істейді (бұдан әрі – ЖБ). Құрылғаннан бастап Жастар бірлестігінің мүшелері көптеген ғылыми конференциялармен семинарларға, сонымен қатар халықаралық семинарларға қатысты. Онда зауыттың жастары өздерінің ғылыми жəне өндірістік жобаларын ұсынды. Жас үлбіліктер жас ғалымдар мен мамандардың инновациялық жəне зерттеу ұсыныстар мен жобалар байқауының жеңімпаздары ретінде танылды.

ЖБ құрамына өндірістік қызметпен қатар қоғам және Өскемен қаласының қоғамдық – саяси өміріне белсене қатысып жүрген қоғамның ең белсенді жастары кірген.

ҮМЗ Жастар бірлестігі–«Қазақстанның ядролық қауымдастығы» ассоциациясының жастар қанатының филиалы болып табыладын қоғамдық бірлестік.

Жастар бірлестігінің мүшелері:



  • «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Рационализаторлық ұсыныс байқауына қатысты (Свериденко А.В. (БП), Ковалев С.С. (УП));

  • Өскемен қаласы әкімінің «Жылдың жас көшбасшысы» сыйлығына қатысқан (Зинченко А.Ю. (СО) «Жас кәсіпқой» атауының жеңімпазы»);

  • Жастар бірлестігінің мүшелері мәдение – көпшілік іс шараларды ұйымдастырып, Өскемен қ. әкімшілігінің көптеген ғылыми конференциялар мен семинарларға (спартакиадаларға, семинардарға және т.б), сонымен қатар халықаралық семинарларға белсенді қатысты;

  • Сенбіліктер мен балалар үйі үшін қайырымдылық акцияларды ұйымдастырған.
      1. «Қызметкерлерді мақсатты басқару моделін енгізу» жобасы


«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жүзеге асырылып жатқан трансформация бағдарламасы мен КАР 17 Қызметкерлерді мақсатты басқару моделін енгізу» жобасы шеңберінде 2017 жылы қоғамда қызметкерлерді басқару саласын реттейтін келесі құжаттар дайындалып/сәйестендірілген:

  • ИП 30.0005 «Қызметкерлермен қамтамасыз ету»;

  • ИП 30.0003 «Қызметкерлерді оқыту және біліктіліктерін арттыру»

  • СТ 30.0019 «ҮМЗ» АҚ негізгі лауазымдар резервімен жұмыс жасау тәртібі;

  • СТ 30.0013 «Қызметкерлерге аттестация өткізу тәртібі»;

  • «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ білім беру грантарын ұсыну тәртібі туралы ереже;

  • «ҮМЗ» АҚ Ұжымдық шартты басқару туралы ереже;

  • «ҮМЗ» АҚ корпоративтік іс – шараларды басқару туралы ереже
    1. Қоғамдағы әлеуметтік тыныштық жағдайды қамтамасыз ету

Қызметкерлер арасындағы еңбек даулар мен ереуілдерді алдын алу мақсатында көптеген іс – шараларды жүзеге асыруға көп көңіл бөледі.


Омбудсмен жүйелі түрдегі туындаған күрделі мəселелер мен мəселелердің шешімін қабылдауды қажет ететін сұрақтарды тиісті органдардың жəне компанияның лауазымдық тұлғаларымен қаралуына жолдап, оларды шешу үшін ұсынысты ұсынады.

2013 жылдан бастап қоғамда медиаторлар институты құрылған. Лардың барлығы арнайы оқытудан өткен. «Қазақстанның медиациялық орталығы» ЖММ мамандары 2017 жылы «Медиация. Негізгі курс» тақырыбы бойынша 14 қызметкерді оқытты. Медиаторлар, соның ішінде 46 қызметкер тізімі Қоғамның корпоративтік порталында жарияланған.

2017 жылы медиаторлардың көмегіне жүгінден қызметкерлер болған жоқ. Өткен жылмен салыстырғанда жанжалдарды шешу сұрақтарына қатысты медиациялық әдістер туралы қызметкерлерің хабардарлық деңгейі өскен. Есептілік жылдың әлеуметтік тұрақтылық рейтингін зерттеу барысында сұрастырылған қызметкерлер арасынан 33% пайызы өз құқықтары бұзылған жағдайда медиаторлардың көмегіне жүгінетіндігін айтты. 2016 жылғы ӘТР зерттеу қорытындылары бойынша медиатордың көмегіне қызметкерлердің 16% пайызы жүгінген.

Әлеуметтік - еңбек жанжалдары және ереуілдерді алдын алып, тиімді шешу үшін және іскерлік әдеп принциптерін сақтау мақсатында, Директорлар кеңесінің шешімімен (05.12.2016ж. № 47) омбудсмен тағайындалады. Өтініштерді, арыздарды, шағымдарды беру үшін Қоғамның ақпараттық стендары қарастырылған. Онда байланыс телефондары мен электрондық пошта мекенжайы көрсетілген. Әлеуметтік - еңбек жанжалдары және ереуілдерге қатысты мәселелердің жоқ болуына байланысты 2017 жылы қызметкерлер омбудсменге жүгінген жоқ.



1.4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарды, мүделлі және корпоративтік жанжалдарды реттеу

Қоғамның Басқарма Төрағасымен 01.03.2014ж. бекітілген «Алаяқтыққа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы «ҮМЗ» АҚ саясатына сәйкес реттелген (бұдан әрі – саясат). Саясатта көрсетілген принциптер мен ережелер «ҮМЗ» АҚ корпоративтік портал арқылы қызметкерлерге жеткізілді.

ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қолдануға тиісті, сонымен әкімшілік бұзушылық туралы ҚР заңнамасымен және ҚР Қылмыс кодексімен қарастырылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдардың болуына және қоғам қызметіне қатысты іс - әрекеттерге жол бермеу.

Алаяқтыққа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қатерін азайтып, онымен тиімді күресу үшін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жасалатын алаяқтық фактілері туралы құпия хабар беру саясаты мен өзге стандарттарына сәйкес «ҮМЗ» АҚ 02.07.2012ж. № 389 бұйрық шығарылды. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің алдын алу шаралары жүйесін әзірлеу және енгізу арқылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды зерделеу, анықтау, шектеу және жою мақсатында қоғамның ақпараттық стендтері мен корпоративтік порталда сенім телефондары мен «Самрұқ – Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ электрондық мекенжайлары көрсетілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл саласындағы құқық қолдануды бағалау мақсатында Қазақстан Республикасының 18.11.2015ж. №410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңнама талаптарына сәйкес қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттердің мониторингі жүзеге асырылуда.

Мониторинг қорытындысы нәтижесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қатердің болу фактілерінің жоқтығы анықталып, қолданыстағы саясаттың тиімділігі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің жоғары деңгейлігі байқалды. Қоғам қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданылатын іс-шараларды оңды қабылдайды. Әлеуметтік шиеленіс және наразылық білдіргендер жоқ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттерді жоқ болуына байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы әркеттерді сырттай және іштей бағалауды жүргізу қажеттілігі жоқ.

2017 жылғы 26 мамырда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент директоры Ж.О. Тлеукеновпен кездесу – тренингі өткізіліп, қоғам қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қымил туралы» заңы мен «ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру» стратегиясы туралы айтылды.

Болуы мүмкін материалдық шығынды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - әрекет қатерін азайту үшін, сонымен қатар қоғамның қоғамның іскерлік беделін қорғау үшін «ҮМЗ» АҚ сатып алу үрдісіне бақылау жүргізіледі. Барлық сатып алулар ИП 19-0009-16 «Әлеуетті жеткізушіні тексеру тәртібімен» қарастырылған талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.



  1. Еңбек қорғау және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс – шаралар


Өндірістің үздіксіз қызметін жүргізу, еңбектің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету, қызметкерлердің денсаулығы мен жұмыс қабілетін сақтау қоғамның жауапкершілігінде екендігін мойындайды.

Қоғамдағы сапа, экология, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің интеграцияланған менеджмент жүйесінің (ИМЖ) ISO 9001 (менеджмент жүйесінің сапасы), ISO 14001 (қоршаған орта менеджмент жүйесі), OHSAS 18001 (еңбек қорғау және еңбек қауіпсіздігінің менджмент жүйесі) халықаралық стандарттары енгізілген.

Осы жүйеге сәйкес қоғамда еңбек қорғау және қоршаған ортаны қорғау, радиациялық және ядролық қауіпсіздік саласындағы Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтау бойынша жұмыстар ұйымдастырылған.

2.1. Еңбек қорғау және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету

2017 жылғы еңбек қорғау және еңбек қауіпсіздігінің менеджмент жүйесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама талаптарына және қоғамның нормативтік актілеріне, бұйрықтарға, OHSAS 18001 халықаралық стандарттарға, сонымен қатар өндірістегі қауіпсіз еңбек талаптарын реттейтін жеке акционердің ұсыныстары мен нұсқаулығына сәйкес жүзеге асырылған.

Қоғам ең алдымен еңбек жағдайларын жақсарту, еңбек қорғау және санитарлық – сауықтыру іс – шараларын қаржыландыру сұрақтарына үлкен назар аударады. Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін «2017 жылға арналған еңбек жағдайларын, еңбек қорғау және санитарлық – сауықтыру жөніндегі кешендік іс – шаралар жоспары» дайындалып (бұдан әрі – кешендік жоспар), 30.12.2016ж. Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары – бас инженермен бекітілген.

Кешендік жоспармен 160 іс – шара қарастырылған, оларды жүзеге асыру үшін 123,8 миллион теңге жұмсалған, соның ішінде:



  • 89,3 млн. теңге еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған 106 іс – шараға, нәтижесінде 1 813 қызметкердің еңбек жағдайлары жақсартылған;

  • 31,5 млн. теңге өндірістік жарақаттануды азайту жөніндегі 40 іс – шараға, нәтижесінде 351 қызметкер жарақаттану мүмкіндігін азайты;

  • 2,5 млн. теңге жалпы сырқаттануды азайту бойынша 8 іс – шараға, нәтижесінде сырқаттану мүмкіндігі азайтылды;

  • апатты алдын алу жөніндегі 6 (алты) іс – шараға 0,6 млн. Теңге жұмсалған, нәтижесінде 148 қызметкер үшін ықтимал апат деңгейі азайды.

Қоғамда тиісті санитарлық – тұрмыстық жағдайлар бар – қажетті тұрмыстық техникалармен жабдықталған ыңғайлы жуыну бөлмелері, киім кептіру, киім ауыстыру, дәретхана, тамақтану бөлмелері.
2017 жылы өндірістік жұмысшылар сапалы арнайы киімдермен толық көлемде қамтылған.

Кәсіпорын жұмысшыларын арнайы киімдер, арнайы аяқ киімдермен және жеке сақтау құралдарымен қамту бойынша әрдайым тексеру жұмыстары жүргізіледі. Бөлімшелерде арнайы киімдердің жағдайын, оның жарамсыздығы мен қызмет ету мерзімінің бақылауына және жұмыс берушінің есебінен арнайы киімдер мен арнайы аяқ киімдерді тегін беру нормаларын қадағалауы әрдайым өткізіледі.

Еңбек қорғау іс – шараларын жүзеге асыру үшін шыққан шығын көлемі 990 млн. теңгені құрады, соның ішінде:


  • жеке қорғау құралдары мен сақтандыру құралдарын сатып алуға – 249,5 млн. теңге;

  • емдік – профилактикалық тамақтану мен сүтпен қамтамасыз ету бойынша қызметтерге – 243,2 млн. теңге;

  • арнайы киім жуу қызметі мен кір жуу құралдарын сатып алуға 222 млн. теңге;

  • өзге шығындарға 275,3 млн. теңге.

Өндірістегі жазатайым жағдайларды алдын алу және болдырмау жөніндегі жұмыстар Басқарма отырысында қабылданған менеджмент саласындағы (сапа, экология, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету) «ҮМЗ» АҚ Басшылыққа алу саясатына» (26.12.2017ж. № 59/1065 хаттама) сәйкес жүзеге асырылуда. 2017 жылы еңбек жағдайларын (қызметтік) орындау кезіндегі жазатайым жағдайлардан қызметкерлерді міндетті сақтандыру шарты жасалған. Бұл шарт «Халық Банкінің өмірді сақтандыру бойынша «Халык Life» еншілес ұйымы» АҚ жасалды. Жазатайым жағдайларды алдын алу және қажетті шараларды қолдану мақсатында, қоғамда жазатайым жағдайлардың есепке алуы, сонымен қатар тексеру нәтижелеріне бойынша зерттеу жұмыстары мен талдау жүргізіледі.

2017 жылы қоғамда 2 жазатайым жағдай орын алған, соның ішінде – 1 ауыр.

Қоғам еңбек қорғау, өнеркәсіптік, өрт, радиациялық, ядролық қауіпсіздік сұрақтарына қатысты қызметкерлерді оқыту жұмыстарына ерекше көңіл бөледі.

2017 жылы 314 қызметкер арнайы мамандырылған оқу орындарынан «Еңбек қорғау және қауіпсіздік сұрақтары» және «Өнекәсіптік қауіпсіздік сұрақтары» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, белгілі үлгідегі сертификаттарды алды.

Жаңадан жұмысқа қабылданған 244 қызметкерге еңбек қорғау және қауіпсіздік, өнеркәсіптік, радиациялық, ядролық қауіпсіздік бойынша оқыту жүргізілді.

244 қызметкер өтпелі нұсқаулықтан өтті, 191 қызметкердің жұмыс орындағы еңбек қауіпсіздігін сақтау жөніндегі нұсқаулықтан білімдері тексерілді. Тексерістен өтпеген тұлғалар тіркелмеген.



2.2. Қоршаған ортаны қорғау

Табиғатты қорғау қызметі, қоршаған ортаны қорғау және ресурсты үнемдеу қоғам үшін басым болып табылады. Қоршаған ортаны қорғау қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз етеді. Жағымсыз әрекеттерді барынша азайту үшін қоғам қоршаған ортаның қорғалуын қамтамасыз ету үшін қажетті барлық іс – шараларды жасап, табиғи қорларды қалпына келтіру және сақтау, өз қызметкерлері үшін еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі жұмыстарды жетілдіруде.

Қоғам қоршаған ортаны қорғау саласындағы міндетті тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етуде. Қоғам қызметі 2003 жылғы ISO 14000 халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес сертификатталған. Басқарма отырысында қабылданған менеджмент саласындағы (сапа, экология, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету) «ҮМЗ» АҚ Басшылыққа алу саясатына» сәйкес қоршаған ортаның ластануын азайту жөніндегі жұмыстар атқарылған.

Қоршаған ортаға тасталатын ластаушы және өндірістік зиянды қалдықтар белгіленген лимит мөлшерінде тасталады. 2017 жылы «ҮМЗ» АҚ бөлімшелерімен атмосфераға тасталған зиянды ластаушы заттардың жалпы мөлшері, белгіленген лимиттің 48,8 % құрады, Үлбі өзеніне тасталған ластаушы заттардың жалпы көлемі, белгіленген мөлшердің 47 % құрады, қауіпті қалдықтардың орналастыру көлемі, белгіленген лимиттің 44 % құрады.

Өндірістегі қоршаған ортаның қорғалуына қатысты барлық сұрақтар әр тоқсан сайын «Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні» қаралады. Қоршаған ортаға шығарылатын ластаушы заттардың эмиссиясына сәйкес қоғамның барлық бөлімшелері қоршаған ортаға залалын тигізбей отырып, белгiлi бiр мерзiмге белгiленетiн эмиссиялардың нормативтiк көлемiн арттырмайды.

2017 жылы «ҮМЗ»АҚ қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес 592,4 млн. теңге сома көлеміндегі 17 іс-шара орындалған. 1080,3 млн. теңге немесе 2016 жылғы деңгейден 306% меңгерілген. «Буландырғыш – тоғанның (карта) №5 бастапқы кезеңінің құрылысы» жобасын жүзеге асыру үшін қосымша ақшалай қаражаттың бөлінуіне байланысты жылдық жоспар асыра орындалды.

Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында өндірістің экологиялық бақылау жүйесінің тиімді қызмет істеуіне аса көңіл бөлінді. Өскемен қаласындағы өнеркәсіптік алаңдарындағы экологиялық мониторингін қоғамның жеке аккредиттелген зертханасы жасаса, Курчатов қаласындағы байыту фабрикасы мен Қараджал кенішіне «Лаборатория –Атмосфера» ЖШС жасады.

Қоғамның қызметі қоршаған ортаға, атмосфералық ауаға, су бетіндегі, жер асты суларға, топырақтың сапасын зерттеу жұмыстары зиянсыз және кері әсерін тигізбейтіндігін көрсетеді.

2017 жылы атмосфералық ауаның, су бетіндегі, жер асты сулардың, топырақтың сапасын зерттеу жұмыстарына (Өскемен қаласындағы «ҮМЗ» АҚ өндірістік алаңдарына экологиялық бақылау жүргізу шеңберінде) 100,4 млн. теңге жұмсалған.

2.3. Ядролық және радиациялық қауіпсіздік

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрімен бекітілген (27.02.2015ж. №155 бұйрығы) Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарына сәйкес А тобындағы қызметкерлердің жылдық сәулендіру мөлшері 20 мЗв артпауы тиіс.

2017 жылы жылдың максималдық мөлшері 2,52 мЗв құрады, бұл деген А тобындағы қызметкерлердің жылдық сәулендіру мөлшері 8 ретке дейін азайтылғанын көрсетеді.

Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі барлық жұмыстар ядролық және радиациялық қауіпсіздік саласындағы нормативтік құжаттарына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асырылуда.



  1. Өңірлерге экономикалық қолдау көрсету жөніндегі іс – шаралар

    1. Өңірлердің әлеуметтік –экономикалық дамуына қолдау көрсету


Қоғам әлеуметтік – жауапты нысан болғандықтан, әлеуметтік саланы дамыту және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру жұмыстары қоғам үшін басымдырақ.

2017 жылдың наурыз айында 2017-2019 жылдарға арналған «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ, «ҮМЗ» АҚ мен «Шығыс Қазақстан облысы әкімшілігі арасындағы әлеуметтік серіктестік саласындағы өзара ынтымақтастық туралы үш жақты меморандумға қол қойылған.

2017 жылы жоғарыда көрсетілген меморандуммен белгіленген міндеттер мен тапсырмаларды орындау үшін қоғам өңірдің әлеуметтік саласы мен экономикасын дамыту үшін шығыс – қазақстан облысының бюджетіне 1000 млн. теңге көлемінде ақшалай қаражатты аударған.

2012 жылдан бастап қоғам қызметкерлері ата-ана қамқорлығынан айырылған баларлар мен жетім балаларды қолдау жөніндегі кешендік жоспардың жүзеге асырылуына ат салысып, Өскемен қаласының балалар үйінің 23 тәрбиеленушісін өз қамқорлығына алған. Қызметкерлер жеке қаражаттарын «Тұрғын үй жинақ банкі» АҚ аударады. Ол жерде балалар үшін арнайы шот ашылған, тәрбиеленушілер кәмелеттік жасқа толғаннан кейін өздеріне үй сатып ала алады.

Қоғам қызметкерлері 2017 жылы балалардың жеке есеп шоттарына 2,6 млн. теңге көлемінде ақшалай аражатты аударған. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде қоғам қызметкерлері «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясына белсенді қатысты. Зауыттықтар патронаттық тәрбиеленушілерге аса көңіл бөлген. Зауыттық қызметкерлер өз еркімен 681,5 мың теңге көлемінде ақшалай қаражатты жинаған, жиналған қаражат балаларды мектеп және спорт киімі, аяқ киіммен, оқу-құралмен қамтамасыз ету үшін жұмсалған.

3.2. Тұрақты дамыту шеңберіндегі қоғамның сатып алу қызметінің басқару үрдісі

Қоғам http://goszakup.ulba.kz веб – сайтына жылдық жоспарларды, сонымен қатар ұзақ мерзімді жылдық жоспарларды, нормативтік – құқықтық актілері, бір көзден сатып алу әдісімен тендерлерді өткізу жөніндегі ақпараттарды жариялай отырып, қоғам сатып алу үрдісінің айқындығы мен ашықтығын қамтамасыз етті.

2017 жылы «Самрұқ – Қазына» АҚ әлеуетті жеткізулердің біліктерін алдын ала тексеру жөніндегі стандартты енгізген.

Сатып алу алдын ала тексерістен өткен, арнайы сертификациясы бар, әлеуметтік жауапты жеткізушілерден алынады.

2017 жылы тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу көлемі 22476,9 млн. теңгені құрады, соның ішінде:


  • Тауарлар

17 643, 3 млн. теңге;

  • Жұмыстар

1 745, 3 млн. теңге;

  • Қызметтер

3 088, 3 млн. теңге. 

Жоспар бойынша 65% қарасты қызметтердің жергілікті қамту үлесі (шет елдерден сатып алынатын шикізатты қоспағанда) 59,26% құрады.

ТҰЖЫРЫМ


Қоғам «2017-2019 жылдарға арналған корпоративтік әлеуметтік саласындағы «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ тұрақты дамыту бағдарламасы» іс – шаралар жоспарын жүзеге асыру бойынша мақсатты бағыталған жұмысты жүзеге асыруда.

Әлеуметтік дамыту, еңбек қорғау, экологиялық қауіпсіздік, сонымен қатар өңірлердің әлеуметтік – экономикасын дамыту жөніндегі жұмыстар толық және нәтижелі орындалған.


Басқарма Төрағасы Ю.В. Шахворостов


жүктеу 158 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау