36
ӘОЖ 811.512.122
ӘУЕСХАН А., ШҮРШІТБАЙ Б.Ш.
С. Аманжолов
атындағы ШҚМУ, Өскемен қ.
ТІЛІ ӨЛГЕН ЕЛ – ТІРІ ӨЛГЕН ЕЛ
Сүйемін туған тілді – анам тілім,
Бесікте жатқанымда – ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнін. – деп С. Торайғыров жырлағандай тіл бұл өмірдің сан
түрлі қырын, сан алуан сырын түсінуге себепкер. Тіл – тіршілік бастауы. Жарық дүние есігін
ашқаннан бері, анамыздың ақ сүтімен дарыған бұл мен үшін ең керемет, ең бай ана тілім –
қазақ тілім. Тіл – бұл ұлттық қазына. Әрбір ұлттың, халықтың ана тілі ата – бабасынан мирас
болып келе жатқан баға жетпес мұра. Тіл – тәуелсіздіктің айғағы. Тіл мен егемендік егіз
ұғым. Тілсіз- тәуелсіздік, егемендіксіз- тіл болмақ емес. Тіл – тәуелсіздіктің қуатты тірегі,
бірлік пен ынтымақтың жығылмас туы. Қазақ елі тәуелсіз мемлекет болып орнағалы ширек
ғасырға таяу уақыт болды. Мемлекеттік тілі – қазақ тілі деп жарияланды. Бұл тұста
Елбасымыз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақтың болашағы – қазақ тілінде», – деп
алдымызға айқын жол ашып берді. Бізге тек осы ұстанымды жүзеге асыруға бар күш-жігерді
аямай, еңбек ету ғана қалды.Қазіргі уақытта өз ана тілін шұбарлап, ұмытып,
құрметтемейтіндер де жоқ емес.
Осы кезекте
К.Г. Паутовскийдің туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндік деген сөзі ойыма келіп
отыр. Біздің мемлекетімізде ана тілімізден қарағанда орыс тілінің мәртебесі жоғарлап бара
жатқаны баршаға аян. Кейбір ұлт өкілдерінің және ана тілін білмейтін қазақтардың қазақ
тіліне күдікпен қарауының бір себебі, қазақ тілін үйрету мен насихаттау ісінде кемшілік те
жатқан сияқты. Ал орыс тілінің республикамызда атқаратын қызметіне келетін болсақ, оның
қолданылу аясының барынша кең екендігінде.
Қазіргі жағдайда ұлы Ленин тілінің республика түгіл, Одақтың аренадан шығып,
халықаралық тілдер санында екені орыстан басқа халықтардың да, мәселен, қазақтардың да
мақтанышы болып есептеледі. Мектептерде орыс тілі мен әдебиетін оқыту саласын жақсарту
мақсатында республикамыздың жоғары оқу орындарының филология факультеттерінде
қосымша мамандықтар ашылуда. Қалалық қауымға орыс тілін үйретуге арналған сөздіктер
мен оқу құралдарының саны баспалардан жылдан – жылға көптеп жарық көріп жатыр. Орыс
тілін екінші қатарға қойып отырғаны да осы себепті. Бірақ біздің қазақ мемлекетінде орыс
тілі қазіргі таңда екінші тіл емес басты тіл болып қалама деген қорқыныш бойымды
ұялатады. Өз тілінен безіп, ұмытқандар да жоқ емес. Мәңгілік ел боламыз десек қазақ
қазақтығымен қазақ тілінің қадір – қасиетін түсіне білу керек. Демек, мемлекеттік тілді
меңгеру қажеттігін жоққа шығару, оған менсінбей қарау да ақылға оншалықты қонымды
қылық емес екенін ескеру керек. Мысалы Грузиядағы орыс жазушылары былай деп жазады
М. Лохвицкий, - орыс па, әлде грузин бе, армян ба, әлде еврей ме, черкес пе, әлде грек пе,
қай ұлттікі болғанына қарамастан, белгілі дәрежеде грузин тілін меңгереді, мұның өзі оның
ішкі қажеттігіне туындап жатады делінген [1].
Мемлекеттік тіл – еліміздің басты мәселелерінің біріне айналып отыр. Сонау Кеңес
дәуірінен бері қазіргі күнге дейін келе жатқан тіл мәселесі әлі де шешуін таппай келеді.
Қазақ тілін дамыту бойынша көптеген мәселелер қаралды, заңдар қабылданды.
Сондықтан да
біз үшін мемлекеттік Әнұран, мемлекеттік Елтаңба қандай қымбат болса мемлекеттік тілде
сондай қастерлі, қадірлі, қымбат. Себебі көк Туды желбіретіп, Елтаңбаға қарап тұрып,
мемлекеттік Әнұранды айту үшін тіл керек. Барлық елдің мемлекеттік әнұраны мемлекеттік
тілде айтылады. Сондықтан барлығымыз мемлекеттік тілді жаппай меңгеруге тиіспіз.
Жастардың бірлігі мен ұйымшылдығы қазақ тілімен байланысты болғаны жөн. Мемлекеттік
тіл – тек тірліктің тілі ғана емес, жастықтың да тілі болуы керек. Себебі түбінде бүкіл
билікке жастар келеді. Елбасымыз: “Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде” деп айтты. Ал
37
біздің болашағымыз – жастар. Сондықтан мемлекеттік тілдің жастарға серік болғаны дұрыс.
Елбасы барша Қазақстанды біріктірудің аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілді атап
көрсетіп, “Қазақ тілі – үш тілдің біреуі болып қалмайды, үш тілдің біріншісі, негізгісі,
бастысы, маңыздысы бола береді” деген болатын. Елбасымыздың осы ұлағатты сөзі
барлығымызға ой тастауы керек.
Қазақ тілін дамыту, өркендету жастар өз қолымызда.
Қазір елбасымыз үш тілді білуді міндеттеп отыр. Мемлекеттік тілмен қоса орыс,
ағылшын тілдері. Әрбір қазақ бірінші орынға өзінің ана тілін қою керек. Ал өзге елдің тілін
білетін болса, ол рухани бай адам. Ана тіліміз әлемдегі алты мыңға жуық тілдердің ішіндегі
қолдану өрісі жағынан жетпісінші, ал тіл байлығы мен көркемдігі, орамдылығы жағынан
алғашқы ондықтар қатарындағы тіл. Сондай-ақ, ол дүние жүзіндегі ауызша және жазбаша тіл
мәдениеті қалыптасқан алты жүз тілдің және мемлекеттік мәртебеге ие екі жүз тілдің
қатарында екенін мәліметтерден көруге болады [2].
Тағы да елбасымыз өзінің соңғы жолдауында: Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз.
Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз
ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірбиесінен өтіп, біздің де
үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз.Бұл – өзін
қадірлейтін әрбір адам дербес шешуге тиіс міндет.
Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс
атқарып келеді. Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды
жалғастыру керек. Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Қазақ тілі 2025 жылға қарай
өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез келген ортада күнделікті қатынас тіліне
айналады. Осылай тәуелсіздігіміз бүкіл ұлтты ұйыстырып ең басты құндылығымыз – туған
тіліміздің мерейін үстем ете түседі деп атап көрсетті. Әрбір қазақ елбасымыздың айтқанына
аса мән бере отырып, ілгері жылжитын болсақ, мемлекеттік тіліміздің тұғыры әрқашан биік
болмас.
Сонымен қорытындылай келе М. Әуезовтың бір сөзі есіме түсіп тұр. Осы бір
ұлағатты сөз менің мақаламның айтайын деген ойына дөп келетіндей. Ел болам десең
бесігіңді түзе дегендей әрбір қазақ мәңгілік қазақ деген даңқты мәртебесін сақтап қалу үшін
бірінші кезекте ана тілін құрметтеп, болашақ ұрпақ алдындағы парызы екенін ұмытпауы
керек. Қазақ тілі тек сөз жүзінде ғана мемлекеттік тіл болып ғана қоймай, шынайы
мемлекеттік тіл болады деп сенемін. Біз қазақ жастары ана тіліміздің тұғырын биіктете
берейік.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. М. Серғалиев. «Тілім менің – тінім менің» - Алматы қаласы., 2013 ж.
2. «Тілді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» - Қазақстан Республикасы
Президентінің 1998 жылғы 5 қазандағы № 4106 жарлығы.
ӘОЖ 811.512.122’7
АХЫТ Г.А., ҚАЙЫРБАЕВА Ж.Қ.
С.
Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен қ.
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ПАССИВ СӨЗДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫЛУ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Тіл – тарихи құбылыс. Ал лексика халық өміріндегі барлық өзгеріс, өсу процесін
белгілеп беретін айна іспеттес. Біз сөз байлығымызды үйрене отырып, одан халық тарихын
да үйренеміз. Халық тұрмысындағы өзгеріске байланысты кей ұғымдар ескіріп,оны
аңғартатын сөздер қолданудан қала бастаса, жаңа ұғымдарға сай жаңа сөздер дүниеге келіп
жатады. Сондықтан да бұл екі жағдай лексиканың тіл-тілде екшелеу және баю жолдарын
көрсетеді. Сөйтіп, лексикада көнерген сөз және неологизм қабаттары пайда болады.
Бұлардың бірі ескілігінен,екіншісі жаңалығынан жалпы халық тілінде сирек қолданысқа