52
Основной стилистической чертой научно-технического текста является точное и четкое
изложение материала при почти полном отсутствии тех выразительных элементов, которые
придают речи эмоциональную насыщенность, главный упор делается на логической, а не на
эмоционально-чувственной стороне излагаемого.
Научный перевод играет большую роль в обмене информации между научными
деятелями разных народов и служит делу распространения сокровищ мировой науки.Этим
обусловлена актуальность темы научной работы.
СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ
1. Валеева Н.Г. Жанрово-стилистическая характеристика научных текстов. - "Введение в
переводоведение" - М.: Изд-во РУДН, 2006.
2. Лашкевич Ю.И., Гроздова М.Д. О переводе научно-технического текста.
3. Рецкер Я. И. Теория перевода и переводческая практика. М., 1974.
ӘОЖ323.2 (574)
БЕЙСЕКИНА А.Е., ШҮРШІТБАЙ Б.Ш.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен қ.
Д.А. ҚОНАЕВТЫҢ ЕЛ ДАМУЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ
Еліміздің ертеңгі тірегі – өскелең ұрпақтың Қазақстан мәдениеті, рухани өмірі
мен сол мәдениеттің негізін салушыларды танып білуге деген қызығушылықтарының күн
санап арта түсуінен, халқымыздың ұлы тұлғаларына деген сүйіспеншілігі мен құрметі
анықталады. Осындай өз ғасырының дара туған перзенттерінің бірі ретінде тарих
парақтарында өмір жолы мен қызметі хатталып, халқының жадында мәңгілікке өшпестей
сақталып қалған есім – Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев. Үш мәрте Социалистік Еңбек Ері,
8 Ленин орденімен, КСРО, шетелдік мемлекеттердің басқа ордендерімен және
медальдарымен марапатталған [1]. Міне, оның еңбегіне, ойы мен өзінің өмірін арнаған
ісіне берілгендігіне көрсетілген құрмет.
Д.А. Қонаев 1912 жылы 12 қаңтарда Алматы қаласында, қызметкердің отбасында
өмірге келген. 1930 жылы Алматыдағы №14 мектепті бітірген. Дінмұхамед оқу озаты
болмағанымен, қиын ғылымдарды үлкен сүйіспеншілікпен меңгерген. 1931 жылы Қазақстан
Өлкелік комсомол комитеті Дінмұхамед Қонаевты М.И. Калинин атындағы Мәскеу түсті
металдар және алтын институтына “тау-кен инженері мамандығы” бойынша оқуға
жібереді. 1936 жылы шілде айында Д.А. Қонаев институтты бітіріп, дәл осы жылы
Қоңырат-Балқаш мыс қорыту комбинатына жұмысқа орналасты. Жұмысына ықтиярлықпен
қараған Дінмұхамед Ахметұлы бұл жұмыс орнында мансаптық дәрежеде көтерілді.
Ол бұрғылау станогінің машинисі, цех бастығы, рудниктің бас инженері және оның
директоры болды [2].
Өзінің Қоңырат-Балқашқа жіберілгені туралы кейіннен былай деп жазған: «Мұнда
менің еңбек жолым басталды. Мен бұл өлкеге бөтен емес едім. Осы жерде бес айлық
практикадан өткенде, Қоңыратпен және оның адамдарымен танысқан болатынмын. Ол кезде
мен жаңа ғана құрылған шығыс үйіндінің ондығы болып жұмыс істегенмін. Жұмыс істеп
жүріп, «Жылына 90 мың тонна қара мыс өндіру үшін Қоңырат карьерінің қуатын анықтау»
тақырыбына арналған дипломдық жұмысыма материал жинадым. Дипломымды «өте жақсы»
деген бағамен қорғадым. Менің еңбек жолындағы алғашқы қадамдарым Қазақстанның түсті
металлургиясымен байланысты болды. Мен өзімнің елімізде Орталық Қазақстандағы қуатты
мыс өнеркәсібінің , содан кейін Рудалы Алтайда қорғасын-мырыш өнеркәсібінің
қалыптастыруға қатысушылардың бірі болғанымды осы күнге дейін мақтаныш етемін» [3].
Көсем қайраткердің рухани байлығының тереңдігімен әлеуметтік бостандық пен
еркіндік көкжиегінің кеңдігі – қазіргі заманғы қоғам дамуы қандай тұлғаға мұқтаж
болатындығын айқын көрсетеді.
53
Өздеріңізге белгілі, Д.А. Қонаев сол заманның мықты саясаткерлерінің бірі болды. Ол
мемлекеттік қызметті мәдениетпен тығыз байланыстыра білді. Қарама-қайшылыққа толы,
өте күрделі кезеңде адамгершілік пен рухани ізгілік, халық алдындағы парыз бен
елжандылық қасиеті оның ел билеу ісінде елдің экономикасын, ғылымын, ұлттық мәдениетін
дамытуына өз ықпалын жасады. ХХ ғасырдағы ұлтымыздың ұлы баласы, көрнекті мемлекет
және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың Қазақстан тарихындағы Алаштың
ардақтысы, халқымыздың біртуар перзентінің алатын орнының ерекшелігі жайында дара
тұлғаның туғанына 100 жыл толуына арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзінде
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Дінмұхамед Ахметұлы –
айырықша ардақтауға лайықты қарымды қайраткер.
Сондықтан, біз оны Тәуелсіздікке дейінгі тарихымыздың тегеурінді тұлғасы деп
бағалауымыз керек» [4], - деп атап өтті.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1994 жылдың ақпан айының 24 жұлдызында «Д.А.
Қонаевтың есімін мәңгі есте қалдыру туралы» қаулысын жүзеге асыруды қамтамасыз ету
қажеттілігі туындап отырғандығын да айта кеткен жөн [5].
Міне, сондықтан бүгінгі өскелең ұрпақ, елін сүйген елеулі ерді тек мемлекеттік және
саяси қайраткерлік тұлға жағынан ғана емес, еліміздің мәдениеті және ғылымының дамуына
қосқан үлесін ескере отырып, бүгінгі күн тұрғысынан талдау жасай алуы қажет.
Д.А. Қонаев республиканың ауыл шаруашылығының көтерілуіне ерекше көңіл бөлді.
Ол ауылды қайта құру мәселесін қарастырды. Агроөнеркәсіптік кешенді техникамен қайта
қаруландыруды және өндіріске жаңа технологиялар ендіруді, асыл тұқымды мал өсіруді
үнемі қадағалап отырды. Д.А. Қонаев жыл сайын барлық облыстарда өнеркәсіп
орындарының, совхоз бен колхоздың, ғылыми мекемелердің ұжымдарымен жиі кездесу
жасап отырды. Оның ұжымдарды біріктіре алу қабілеті мен дұрыс шешім қабылдап,
Орталық Комитеттің барлық күшін халықтың жемісті жұмысына және алға қойған
мақсаттарды орындауға тікелей бағыттай алуын атап өткен жөн. Ауыл еңбекшілерінің
екпінді еңбек етінің нәтижесінде республикамыз Кеңес Одағының ірі астық пен мал
шаруашылығының базасына айналды. Д.А. Қонаевтың бастауымен Жоғары өндірістік
көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін ауыл шаруашылығындағы көптеген еңбек озаттары
Социалистік Еңбек Ері атағын иеленді, жүздеген мың еңбекші КСРО ордендерімен және
медальдармен марапатталды.
Димаш Ахметұлы Қазақстан Республикасының мәдениеті мен өнеріне көп көңіл бөлді.
Әдебиет пен өнерге деген ерекше ықыласы, оны еліміздің көрнекті мәдениет
қайраткерлерімен, сонымен қатар атақты композиторларымен, суретшілерімен достық
қарым-қатынасының негізі болды. Ел ісімен қатар республикамыздың мәдени астанасы –
Алматы қаласын көркейтуі, оның Қазақстан мәдениетінің дамуына үлкен қамқорлықпен
қарағанының айқын дәлелі. Оның бастамасымен салынған Республика Сарайы, Балуан
Шолақ атындағы «Медеу» спорт кешені, «Қазақстан», «Алматы», «Алатау» қонақ үйлері,
аэровокзал, әуежай және басқа да ғимараттар еліміздің дамуында айтулы рөл ойнады. Бұл
жұмыстың барлығы Қазақстан Республикасы мәдениетіне өз септігін тигізді.
Д.А. Қонаев соғыстан кейінгі кезеңде өзінің республикасының гүлденуі мен дамуына
көп зейін салды. Оның басшылығымен фабрикалар, зауыттар салынып, тың және тыңайған
жерлер игерілді, түрлі бағыттағы мамандықтар бойынша жоғары оқу орындары ашылды. Дәл
осы жылдары Қазақстанның экономикалық потенциалында терең сапалы өзгерістер орын
алды. Бұл өзгерістер халық шаруашылық комитеті дамуының ірі көлемді бағдарламасын
сәтті орындармен байланысты болды. Шынымен-ақ, оның басқаруының негізінде өнеркәсіп,
құрылыс ісі, ауыл-шаруашылық, сауда мен тұрмыстық қызмет көрсету салаларында бұрын-
соңды болмаған әйгілі жетістіктер байқалады [6].
Ұлт тарихын зерттеуде кейінгі ұрпаққа ата тарихымыз бен оны жасаушылар жайында
тағылымды мәлімет қалдыру маңызды міндет болып табылады. Дінмұхамед Ахметұлы
Қонаевтың еліміздің дамуындағы мәдениет пен экономикасына қосқан үлесі орасан. Ол
өзінің игі істерімен Отанының даңқын асқақтатты, үнемі қарқынды дамуға ұмтылатын
Достарыңызбен бөлісу: |