32
табиғаттың ғажайыбына таңырқап, Шығыс Қазақстанның Колорадасын сақтап қалудың
барлық шығынын өзіміз көтеріп алсақ деген тілек білдіріпті. Оның өзі түсінікті де. Бағзы
заман көзіндей болған табиғат ғажайыбына қамқорлық жасап, сақтап қалудың қамын ойлаған
ғой. Шет елдерде болса Қиын Керішті иелікке алып, елге келген қонақтар мен туристерге
көрсетер тарихи орынға айналдырар еді. Қазір алаң ашық жатыр. Зайсан көліндегі Қиын
Керіш – Алтайдағы Мұзтау немесе Марқакөл сияқты қайталанбас табиғаттың құбылысы», -
деп жазыпты өзінің «Табиғаты қызық Қиын-Керіш» атты мақаласында өлкетанушы Ғалым
Байбатыров.
Расында да, біздің заманымыздан бұрынғы «үшінші мыңжылдық» деп аталатын
дәуірдің куәсі мен көзіндей болған бұл жердің лингвоелтанымдық бейнесін ашып беріп,
ШҚО қала және аудан бюджетінен алдағы жылдарға жарнамалық өнімдерді дамытуға
(бейнероликтер, баспа өнімдері), сонымен қатар туристік нысандарды танымал ету үшін іс-
шаралар өткізуге қаржы қарастырылуы қажет деп есептеймін. Әсіресе жарнамалық
өнімдерді көбірек шығарып, туристік базаларды жандандырса, адамдардың бұл туралы
білімдері толығып, қызығушылықтары артып, саяхаттап келушілердің саны да көбейер еді.
Өңірдегі саяхат орындарының, туристік жерлердің аталған проблемаларын басшылыққа
ала отырып, лингвоелтанымдық материалдар, яғни сол жерлердің орналасуы мен
ерекшеліктерін белгілейтін карталар, бейнероликтер, әр түрлі сызбалар, брошюра, шағын
анықтамалық, электронды оқулықтар, т.б. жасалуда. Белгілі бір өңірді зерттеу барысында
алынған ақпараттарға сүйене отырып жасалған лингвоелтанымдық материалдар негізінде
онда барушылардың қарым-қатынастық құзырлықтарын қалыптастыру өте маңызды болып
табылады.Осы тұрғыда жоғарыда атап өтілген материалдардың берер пайдасы өте зор. Яғни,
қолда бар нақты деректер мен көмекші құралдар арқылы оны ұғындыру мұғалімге де тиімді
және білім алушының да танымы кеңейіп, белгілі материалдар арқылы жаңа білімді меңгеруі
жылдам және оңайырақ жүзеге асырылады.
Осы тұрғыда мен университет ішінде төрт академиялық топ студенттері арасында
«Лингвоелтанымдық оқу құралдарының қандай түрде болғанын қалайсың?» деген сауалнама
жүргіздім. Сауалнамаға 86 студент қатысты, соның ішінде 39 студент ұялы телефон
күнделікті қолданыста, үнемі жанымызда болғандықтан телефонға арнайы қосымша
жасалып, барлық мәліметтердің (фото, видео, сызбалар, анықтамалар) соның ішінде
болғанын қалайтынын айтты. 31 студент дискілерге жазылған электронды оқулықтарды құп
көреді екен, ал қалған он алтысы шағын энциклопедия немесе кітап түрінде жарық көргені
дұрыс деп есептейді (1-сызба).
1-сызба
Табиғаты тұнып тұрған сұлулығымен көзді арбайтын өзіміздің Шығыс өңірінде көрген
адамды тамсандырмай қоймайтын тарихы тылсым, көпшіліктің бірі білсе, бірі біле бермейтін
көрікті жерлері өте көп. Шетелдік туристердің назарын өзіне аударған Марқакөл, Маралды,
33
Қиын-Керіш, Шекелмес, Мойнақ, Күршім, Ертіс алқабы, Ақбауыр, «Сібе моншақтары», т.б.
жерлердің туристік картасын жасап, арнайы барып, бейнероликтер әзірлеп, шағын оқу-
танымдық құралы ретінде жинақтап шығарамыз деген жоспарда бар. Мұндай
материалдардың ұтымды жақтары өте көп:
• өлкетану және басқа да сабақтарда мұғалімдер үшін таптырмас оқу құралы бола
алады;
• аталған туристік орындардың кеңінен танымал болуы, оған қызығушылықтың артуы,
сол арқылы көптің сұранысына ие болуы барысында мемлекет тарапынан да сол орындарға
көптеп көңіл бөлінуі;
• кей назардан тыс қалып бара жатқан жерлердің қайта қалпына келтіріліп, мемлекеттің
тікелей қорғауында болуы;
• алыс-жақын аймақтардан келетін туристердің саны артуы нәтижесінде өңір
экономикасының дамуына үлес қосылуы.
Кәсіби оқытушы педагогтің міндеті – оқушыны (студентті) өз бетімен білім алуға
бағыттау, тұлғалық қасиеттерін өз бетінше дамытуына жағдай жасап, көмек көрсету екені
бәрімізге белгілі. Атап кеткен лингвоелтанымдық материалдардың жеткілікті болуы да
белгілі бір салада мұғалімнің бұл міндетін жеңілдетіп, білім алушылардың қарым-
қатынастық құзырлықтарын қалыптастыруға үлкен септігін тигізеді.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Кенжебеков Б. Маманның кәсіби құзыреттілігінің теориялық негізі / Б. Кенжебеков.-Бастауыш мектеп.
2004.-№7.-Б. 3-7.
2. Комлев Н. Г.Компоненты содержательной структуры слова. М.: Наука, 1969. – 92 с.
3. Самашев З., Сапашев О., Оралбай Е., Төлегенов Е., Исин А., Сайлаубай Е. – Шығыс Қазақстанның
баяғы өнер туындылары. – Алматы, 2010.
4. Верещагин Е.М. Костомаров В.Г. Лингвострановедческая теория слова. М.: 1980г.
УДК 130.2
АНДРЕЕВА Т.С.
ВКГУ имени С. Аманжолова, г. Усть-Каменогорск
РЕЛИГИОЗНАЯ ИДЕНТИЧНОСТЬ В КОНТЕКСТЕ МОДЕРНИЗАЦИИ
КАЗАХСТАНСКОГО ОБЩЕСТВА
Научный интерес к проблеме идентичности актуализировали те кризисные процессы,
которые переживает мировое сообщество и наше казахстанское общество после распада
Советского Союза. Происходит активный поиск цивилизационных оснований модернизации
казахстанского общества.
Процессы глобализации и интеграции, ассимиляции и столкновения культур,
усложнение характера межкультурных взаимосвязей, массовая миграция, формирование
этнических и религиозных союзов, привели к кризису всех форм идентичностей, в том числе
и религиозной.
По мнению профессора Гарвардского университета С. Хантингтона, в современном
мире культурные идентичности, такие как этническая, религиозная, цивилизационная,
оказывают решающее влияние на формирование союзов, конфликтов, государственной
политики, которые складываются с учетом культурной близости или различий. Ученый
считает, что в современном мире религиозная идентичность приобретает важнейшее
значение, в результате чего столкновение политических идей сменяется конфликтами
религий и культур: «межцивилизационное столкновение культур и религий вытесняет
рожденное Западом внутрицивилизационное столкновение политических идей». Анализируя
современные цивилизационные конфликты, С. Хантингтон среди основных характеристик
цивилизаций, таких как этническая общность, язык, способы мышления, этические нормы,
Достарыңызбен бөлісу: |