Сборник научных материалов студентов и молодых ученых



жүктеу 4,69 Mb.
Pdf просмотр
бет12/187
Дата21.12.2019
өлшемі4,69 Mb.
#24739
түріСборник
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   187

24 
 
Жүре бара көреміз 
2. Who keeps company with the wolves will learn to howl 
С кем поведешься, от того и наберешься 
Жолдасына қарап, кісіні білерсің 
The Present Perfect 
1. As you have made your bed, so you must lie on it. 
Что посеешь, то и пожнешь 
Не ексең, соны орасың 
2. Who has never tasted bitter, knows not what is sweet 
Не вкусив горького, не узнаешь, что сладко 
Ащының дәмін татпай, тәттінің не екенін біле алмайсың 
The Passive Voice 
1. Rome was not built in a day 
Москва не сразу строилась 
Еңбегіне қарай өнбегі 
The Gerund 
1. Talking mends no holes 
Разговоры не помогают в беде 
Көп жауын жерді бүлдірер, көп сөз елді бүлдірер 
2. Learning is the eye of mind 
Ученье-свет, неученье –тьма 
Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні қаріп 
Modal Verbs 
1. Never put off till tomorrow what you can do today 
Никогда не откладывай на завтра то, что можешь сделать сегодня 
Еріншектің ертеңі бітпес 
2. Love cannot be forced 
Насильно мил не будешь 
Жақсы жақсы емес, жарасқаны жақсы 
Нәтижесінде:  оқушы  өзін-өзі  тәрбиелей,  өзін-өзі  жетілдіре  білуге,  өзіне  -өзі  сыншыл 
болуға, өзін-өзі басқара білуге, шебер сөйлей білуге жетелейді. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1.  Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті. «Алматы кітап», 2005 
2.  Шет  тілін  оқыту  арқылы  қарым-қатынас  жиілігіне  тәрбиелеудің  мәселелері.  //  Қазақстан  мектебі.  – 
Алматы, 2007. №3, 22-25 беттер. 
3.  31-33 б.б. Жақып Б.Ө. - Алматы: ”Қазақ энциклопедиясы”, 2011. - 880 б. 
4.  https://www.tarbie.kz/26077 
 
 
ӘОЖ 811.512.122’2 
АЛДАБЕРГЕН К.Т., ҚАЙЫРБАЕВА Ж.Қ. 
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен қ.  
 
ЖАЗЫЛЫМ – СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТІНІҢ ТҮРІ 
 
Тілдік  қатынас  мәселесін  зерттеуші  көптеген  ғалымдардың  пікірінше,  тілдік  қарым-
қатынасты  қамтамасыз  ететін  сөйлесім  әрекеті  бес  түрге  бөлінеді:  айтылым,  оқылым, 
жазылым, тыңдалым, тілдесім. Бұл ұғымдарға қазақ тілінде берілген нақтылы анықтамалар 
жоқтың  қасы  десе  болады.  Ал  орыс  тілі  мен  шет  тілін  оқыту  мәселелеріне  байланысты 
зерттеу еңбектерінде аталған ұғымдарға қатысты біраз мағлұматтар берілген. 
Тілші-ғалымдар жалпы сөйлем жүйесі  туралы мәселені  сөз ете отырып, тілдік қарым-
қатынасқа сай сөйлеу процесін де анықтайды. Мысалы: «Сөйлем дегеніміз- сөздердің басын 


25 
 
құрастырып,  біреу  айтқан  ой.  Сөйлегенде,  жазғанда  кім  де  болса  ойын  айтады»  дегенде 
жалпы  адамзаттың  сөйлеу  әрекеті  сөйлемді  айта  білуге,  ойды  басқа  біреуге  жеткізе  білуге 
қатысты екендігін ескертеді. Демек, сөйлей білу үшін сөйлемді айта білу керек. Сөйлегенде, 
сөздің  жүйесін,  қисынын  келтіріп  сөйлеу  қандай  керек  болса,  жазғанда  да  сөздің  кестесін 
келтіріп  жазу  сондай  керек.  Сөздің  жүйесін,  қисынын  келтіріп  жаза  білуге:  қай  сөз  қай 
орнында қалай өзгеріп, қалайша бір-біріне қиындасып жалғасатын дағдысын білу керек [1]. 
Сол себептен, біз өзіміздің мақаламызда тілдік қарым-қатынасты қамтамасыз ететін сөйлесім 
әрекетінің бес түрінің ішіндегі жазылымға тоқталуды жөн көрдік. 
Ахмет  Байтұрсынов  тілді  үйретудегі  сауаттылық  оқумен  ғана  шектеліп  қалмай, 
жазумен қатар жүргенде ғана іске асатындығын ашып айтады. Ол сауаттылықтың негізі оқу 
емес, жазу деп атап өте келіп, жазуға үйрету  әдісіне ерекше мән беру қажеттігін ескертеді. 
Тілші  сауаттылықтың  қажеттігін  өтеуші  әрекет  жазу  дей  келіп,  жаза  білетін  адам  оқи  да 
білетіні  сөзсіз  дейді  [1].  Қазақ  тілінің  сауаттылығы,  дамуы  үшін  күрескен,  оқу-ағарту 
мәселелерін жоғары қойған ұлттық тілдің жанашыры, қамқоры болған Міржақып Дулатов та 
қазақ  мектебіндегі  оқу  ерекшелігіне,  тілді  оқыту  үлгілеріне,  жазу  ережелері  мен  оларды 
қолдану заңдылықтарына да ерекше мән берген.  
Сонымен,  жазылым  термині  «жазу»  (жазудың  түрлері,  әріптің  жеке  өзі  т.б.)  деген 
мағынада  емес  «жаза  білу»,  «ойыңды  басқа  біреуге  түсінікті  болу  үшін  қағаз  бетіне  сауатты 
жеткізе  білу»  дегенді  білдіреді.  Жазылым-  тіл  үйренуге  қатысты  қиын  да  күрделі  жұмыс. 
Жазылым  –  тілдік  тұлғалардың  графикалық,  фонемалық  жүйесіне  негізделген; 
лингвистикалық, психологиялық, физиологиялық, әдістемелік ерекшеліктеріне қатысты тілдік 
материалдардың  мазмұны  мен  формасын  бірдей  қамтитын,  адамдардың  ұзақ  мерзімдегі 
қарым-қатынасына мүмкіндік жасайтын күрделі тарихи әрекет. Жазылым, біріншіден, әріптің, 
сөздің графикалық таңбалары арқылы іске асады, екіншіден, бұл графикалық таңбалар белгілі 
бір  фонемалық,  мағыналық  қасиетке  ие  болады;  үшіншіден,  жазылым  құбылысына  сөйлесім 
әрекетінің барлық түрлері қатысады; төртіншіден, жазу үстінде тіл үйренуші адам сөйлемнің 
мазмұн-мағынасына  ғана  емес,  формасына  да  көңіл  аударуға  мәжбүр  болады;  бесіншіден, 
жазылым  қағаз  бетіне  түскен  материалдың  түсінікті,  жүйелі  болуына  байланысты  жүзеге 
асады. Жазылым графикалық таңбалардың мағыналық жүйесі мен тізбегі арқылы адамдардың 
бір-бірімен қарым-қатынасын қамтамасыз етеді. Жазылым арқылы адам айтайын деген ойын 
қағазға түсіріп, екінші бір адамға, жалпы адамзатқа жеткізуді мақсат тұтады, яғни адам ойын 
басқаға жеткізу үшін жазуды үйренеді [1]. 
Ал  жазбаша  сөйлесім  дегеніміз  -  лингвистикалық  ерекшеліктерді  толық  меңгерудің 
көрінісі  және  ең  күрделі  тілдік  құбылыс  болып  табылады.  Жазбаша  сөйлесім  -оқушының 
айтар  ойын  тілдік-қатысымдылық  тұлғаларды  қолданып,  басынан  аяғына  дейін  толық  жаза 
білуі,  көзқарасын,  пікірін  қағазға  түсіріп  жеткізуі.  Мәселен,  тілді  үйренуге  қатысты 
жазбалардың  қатарына  хат  жазу,  пікір  жазу,  түсініктеме,  қатынас  қағаз,  реферат,  қысқаша 
мәтін,  эссе  жазуды  жатқыза  аламыз.  Мұнда  сөздер  мен  сөз  тіркесі,  сөйлемдер  бір-бірімен 
байланысты  болады.  Ойдың  жүйесі  үзілмей,  келесі  сөйлемдерде  жалғасып,  толығып 
отырады.  Сол  себептен  жазба  материалдар  тұтас  бүтіндігімен  көзге  түсіп,  басқа  адамдарға 
түсінікті болады [1]. 
Жоғарыда айтылған тіл үйренуге қатысты жазылым түрлерінің ішінде соңғы жылдары 
танымал  бола  бастағаны  -  эссе.  Эссе  дегеніміз  –  тұрақталған,  қалыптасқан  тұжырымдарға 
жаңа  қырынан  қарап,  өзінше  толғап,  әрі  дағдыдан,  әдеттен,  көне  соқпақтардан  бөлек,  тың 
болжаулар  мен  түйіндеулерге  құрылатын  философияның,  эстетиканың,  әдеби  сынның, 
публицистиканың  көркем  жанры.  Әдебиеттегі  эссе  –  соны  пікірлерге  көбірек  мән  беріліп, 
оқырманды  ой  теңізінде  жүздіретін,  таңдай  қақтыратын,  өзіше  ойлап–сезіну  қажеттілігін 
туғызатын, қаныңды қыздырып, рухани әлеміңе азық сыйлайтын, дүние құбылыстарын өткір 
қабылдаумен  ерекшеленетін көркем туынды [2]. 
Эссе  жанры  соңғы  жылдары  танымал  бола  бастады.  Бұл  жанрдың  қалыптастырушы 
зерттеуші М. Монтень болып саналады. Ол 1950 жылы «Эссе» деген атпен еңбек жазып,онда 
қоғам,  адам  туралы  толғаныстарын  ұсынған.  Белгілі  бір  шеңбер  аясында  ғана  өмір  сүретін 


жүктеу 4,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   187




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау