Сборник научных материалов студентов и молодых ученых



жүктеу 4,69 Mb.
Pdf просмотр
бет24/187
Дата21.12.2019
өлшемі4,69 Mb.
#24739
түріСборник
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   187

48 
 
басқару  жүйесі  бар  мемлекеттерден  түбірлі  өзгешелікке  ие.  Конфессияаралық  бейбітшілік 
пен келісім – Қазақстан үшін мейлінше күрделі және өзекті мәселе. Бүгін Қазақстан әлемге 
тек  мұнай  өндіруші  ел  ретінде  ғана  емес,  сондай-ақ,  бүкіл  әлемдік  діни  рухани  форумның 
орталығы  есебінде  де  таныс.  Онда  әлемдік  және  дәстүрлі  діндердің  басшылары  анағұрлым 
маңызды заманауи діни мәселелерді шешу үшін жиналады. 
Бейбітшілік  пен  конфессияаралық  келісім  салаларында  Қазақстан  аясында  болсын, 
тіпті  дүниежүзілік  ауқымда  болсын,  қол  жеткізген  белгілі  табыстарымызға  қарамастан,  әлі 
шешілмеген, жедел шешуді қажет ететін мәселелер баршылық. Әсіресе, қазір дүниежүзінде 
діни төзімсіздік, діни экстремизм және терроризм шынайы қауіп төндіріп тұр. Оларды ХХІ 
ғасырдың  анағұрлым  өткір  мәселелеріне  жатқызуға  болады.  Конфессияаралық  келісім  мен 
диалогты  жетілдірудің  жаңа  жолдарын  іздеу  қажет.  Қазақстанның  аумағында  бірнеше 
ғасырлар  бойы  тәңіршілдік,  зороастризм,  манихейлік,  буддизм,  христиандық  және  ислам 
сияқты  әртүрлі  нанымдар  бейбіт  бірге  өмір  сүрген,  яғни  толеранттылық  пен 
конфессияаралық  келісімнің  үлгісі  болған.  Сондықтан  Қазақстан  Республикасының 
Президентінің  әділ  айтқанындай:  «Қоғамдағы  этносаралық  және  конфессияаралық  келісім 
мен  ықыластылықты  одан  әрі  нығайтуға  қажетті  қолайлы  жағдайларды  қамтамасыз  ету». 
Яғни,  конфессияаралық  келісім  мәселесінің  үнемі  Елбасымыз  бен  үкіметіміздің  басты 
назарында  екендігін,  бұл  бағытта  үнемі  жұмыс  істеп  жатқандығын ерекше  атап  өткен  жөн. 
Мұның жарқын дәлелі ретінде, екі әлемдік діннің, атап айтсақ исламдағы «Құрбан айт» пен 
православиядағы  «рождество»  діни  мейрамдарын  мемлекеттік  мейрам  деп  жариялау 
жөніндегі шешімді ерекше атауға болады [3].  
Ислам  дінінің  ішінде  әртүрлі  ағымдар  бар.  Олардың  ішінде  Ислам  дінінің  ішінде 
болғандары  мен,  исламнан  байланысын  үзгендері  де  жетерлік.  Бұл  ағымдарға  мәзһабтар 
деген  жалпы  атау  беріледі.  Мәзһабтың  сөздік  мағынасы  араб  тілінде  «жол,  баратын  жер» 
деген  мағынаны  білдіреді.  Ислам  терминологиясында  мәзһаб  –  белгілі  бір  бағыт,  ілім, 
құқықтық-доктриналдық  мектеп,  дүниетанымдық  жүйені  білдіретін  ауқымды  ұғым  болып 
табылады.  Ислам  тарихында  мәзһаб  сөзі  жалпы  алғанда  сенімдік  (ақида,  доктриналдық), 
саяси  және  құқықтық  (фиқһтық)  тұрғыда  жүйеленген  көзқарастардың  барлығы  үшін 
қолданылған. Ислам дініндегі мәзһабтар негізінен «Құқықтық» және «Доктриналдық» болып 
бөлінеді. Құқықтық мектептер діннің практикалық жағын реттейді. Доктриналдық мектептер 
болса діннің теориялық жағын, яғни сенім негіздеріне қатысты мәселелерді қарастырады.  
Ислам  дінінің  үлкен  екі  бағыты  бар.  Сунниттер  және  Шииттер  болып  бөлінеді. 
Әлемдегі мұсылмандардың барлық құрамын құрайтын әһли суннаны – Мұхаммед Пайғамбар 
мен  оның  сахабаларының  діннің  басты  (сенім)  негіздерінде  ұстанған  жолын  басшылыққа 
алушылар деп айтуға болады. Толық атауы «Әһли Сунна уәл Жамаға (Сүннет және Жамағат 
қауымы)» деп аталады. Батыстың белгілі шығыстанушысы М. Уотт «сунниттер» ұғымының 
алғаш рет Х ғасырда қолданылғанын алға тартады. Алайда табиундардан Саид бин Жубәйрға 
(713  ж.)  телінген  бір  хабарда  сунниттер  ұғымы  VIII  ғасырдың  бастарында  ортаға  шыққан 
көрінеді.  Қазіргі  кезге  дейін  жетіп  келген  деректердің  ішіндегі  ең  көнесі  саналатын  Ахмад 
ибн Ханбалдың дінсіздер мен Жахмия деген ағымды терістеу мақсатында жазған еңбегінде 
де  «әһли  сунна»  ұғымына  орын  берілген.  Сонда  бұл  деректер  бізге  «әһли  суннаның»  IX 
ғасырда  бір  доктриналдық  (сенімдік)  мектеп  ретінде  қалыптасқанын  көрсетіп  отыр. 
Сунниттік  сенім  жүйесінің  қалыптасуына  ықпал  еткен  ғалымдардың  ең  маңыздысы  Имам 
Ағзам  Әбу  Ханифа  болып  табылады.  Әбу  Ханифа  ислам  сенім  негіздеріне  қатысты 
трактаттарында  өзі  өмір  сүрген  дәуірдегі  әр  түрлі  дүниетанымдық  ағым  өкілдерімен 
пікірталастарға түсіп, Аллаһтың сипаттарын, тағдыр мәселесін нақтылап, Құранның мағынасы 
тұрғысынан  жаратылмағанын  айтқан.  Үлкен  күнә  жасаған  адамның  мұсылмандық  шеңберден 
шықпайтынын  айтып,  ақыреттегі  жағдайына  қатысты  мәселені  Аллаһтың  еркіне  қалдырған. 
Осылайша «әһли сунна» доктринасының ең маңызды мәселелерін анықтап берген [4]. 
Ислам  діні  аясында  алуан  түрлі  ағымдар  және  ілімдер  пайда  болды.  Осындай 
ағымдардың бірі – діни мистикалық ілім сопылық болып табылады. Қазіргі уақытта сопылық 
туралы  әр  түрлі  пікірлер  бар.  Сопылықтың  ислам  дініне  оппозициялық  сипатта 
қалыптасқандықтан  қоғамға  кері  әсерін  тигізеді  деген  көзқараста  болса,  екінші  біреулер 


49 
 
сопылық – қазақ жеріндегі мұсылмандық дүниетанымның өзегі деген пікір айтады. 
Сопылық ислам діні аясында мистикалық ағым ретінде қалыптасып, түркі және парсы 
тілдес  халықтардың  мәдениетінің  өзіндік  бір  ерекшелігі  ретінде  көрінді.  Орталық  Азияда 
Нақышбандия,  Қадария,  Кубравия  және  Иассауи  тариқаттары  таралған.  Ислам  дініндегі 
«Тасаууф» (Сопылық) діни-мистикалық ағым. Ғалымдардың пікірінше, «тасаууф» (сопылық) 
сөзінің түбірі «суфәтүн» (жүн, түк) сөзінен шыққан. Себебі, сопылық жолын ұстанушы өзін 
Аллаһтың  құзырына  тасталған  жүн  тәрізді  сезінеді  дейді.  Ал  басқа  бір  пікір  бойынша, 
«сыфатун»  -  «қасиет»  деген  сөзден  тараған.  Сопы  өз  бойына  адамзаттың  асыл  қасиеттерін 
жинаған  адам  десе,  енді  бір  ғалымдар  «тасаууф»  сөзі  –  «сафа»  -  яғни  «тазалық»  сөзінен 
шығады деген пікірді ұстанады [5]. 
Шииттік  (шиа)  –  Ислам  дініндегі  үлкен  бағыттарының  бірі.  «Шиа»  араб  тілінен 
аударғанда  «жақтас»,  «көмекші»  деген  мағына  береді.  Термин  ретінде  «шиа»  Мұхаммед 
Пайғамбар  қайтыс  болғаннан  кейін  имамдық  (халифалық)  үшін  ең  лайықты  кісілер  екенін 
және  мұның  қасиетті  мәтіндер  (Құран  және  Сүннет)  арқылы  бекітілгеніне  сенетін  қауымға 
берілген есім болып табылады. Бұл бағыттың қазіргі уақытта көп таралған жері Иран Ислам 
Республикасы болып табылады [6]. 
Қазіргі уақытта Қазақстанда Ислам діні бір кездегі арнасына қайта толып келеді. Тіптен 
жанданып,  жаңа  даму  сатыларына  өту  үстінде.  Дегенмен  де  бұл  үдерістің  өзіндік  тарихи-
мәдени алғышарттары баршылық. Осылай деп тұжырымдауға төмендегідей ақпараттар дәлел 
бола  алады.  VII  ғасырдан  тарала  бастаған  Ислам,  Х  ғасырдың  соңында  қазақ  жерінде 
құрылған мемлекеттердің ресми діні деңгейіне дейін көтеріле алды. Исламның Әбу Ханифа 
мәзһабының  дін,  қоғам  мәселелерін  шешуде  Құран,  шариғат  үкімдерімен  қоса  жергілікті 
халықтың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрін де есепке алу секілді ерекшелігі Орта Азияның көшпелі, 
жартылай көшпелі халқы, соның ішінде қазақ халқы үшін де жақын болды. Осы ерекшеліктің 
арқасында  бүгінге  дейін  біз  Исламның  ханафи  мәзһабын  ұстанамыз  және  Ислам  қазақ 
халқының дүниетанымы, дәстүрі, ғұрпымен үндесіп, сан ғасырлар бойы қазақ мәдениетімен 
тұтасып, ұлт тарихының ажырамас бөлігіне айналды [7]. 
Қорытындылай келе ислам ағымдары туралы тарихи жадыға тиеселі адамзат тарихына 
көз  жүгіртер  болсақ,  онда  діндарлықтың  адамзат  тарихын  басынан  аяғына  дейін  толық 
қамтып  жатқандығын  көреміз.  Қаншама  рет  діннің  ақыры  келді  деген  сөз  айтылса  да  ол 
қазірдің  өзінде  әлемдік  өмірдің  негізгі  қалыптастырушы  факторларының  бірі  болып 
табылады. Дін адамдардың бірлестігін және ұйымдастығын қалыптастырушы идеологиялық 
механизм. Діннің мазмұны әлеуметтік мәні бар негізгі құндылықтарды қасиетті деп танудан 
тұрады. Дін қарусыз күрес деп ата-бабаларымыз айтқандай «дін шайқасса әлем шайқалады» 
деген ұлы сөздерге сүйене отырып қарасақ, ислам ағымдарының өз елімізге тигізетін заңсыз 
діни ағымдардың әсерін байқауға болады.  
Дінге,  қапарайым  тілмен  айтқанда  имандылыққа  бет  бұрған  жас,  тек  болашақтағы  өзі 
күткен  «рухани  тыныштықты»  ғана  емес  елдің,  отбасының  мүддесін  көздейтін  діни 
сауаттылыққа,  егер  қате  шешім  қабылдаған  жағдайда  кімдердің  қатарына  қосылып,  қалай 
зардап  шегетіндігін  түсінетіндей  құқықтық  сауаттылыққа  ие  болғанда  ғана  аталмыш 
мәселенің алдын белгілі бір мөлшерде алуға болады. Дін істері агентігі мен облыстық және 
жергілікті  Дін  істері  басқармаларының  тиімді  жұмысының  арқасында  дәстүрлі  емес  діни 
бірлстіктердің қызметі тиімді жолмен жүйеленіп отыр. Бұл үрдіс жылдан жылға өз жалғасын 
тауып келеді. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1.  Әбсаттар  қажы  Дербісәлі.  100  жыл  бұрын  өткен  құрылтай  //  Ислам  ынтымақ  пен  бірлік  жолында.  – 
Алматы, 2008.-19 б. 
2.  Әділбаев А. Саңлақ Сахабалар. – Алматы 2007. 
3.  Исаұлы М., Жолдыбайұлы Қ. Ислам ғылымхалы. – Алматы, 2005. 
4.  Фуат Ибн Абдулазиз. Ислам әдептері. Аударған Д. Оспанов, Д. Мүбаров // Ислам әдептері. Алматы, - 
2005, - 96 бет. 
5.  Халифа Алтай. Ғибадат және шариғат // Ислам әдептері. Алматы, - 2005, - 96 бет. 
6.  Әбсаттар  Қажы Дербісәлі.  Қазақстан мешіттері мен медреселері рухани  шамшырақтар (ІХ-ХХ ғғ.)  – 
Алматы «Аруана», 2009. -496 бет. 


жүктеу 4,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   187




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау