206
назары зайырлы құндылықтарды насихаттауға және діни радикализмнің алдын алуға
жұмылдырылуы керектігі сөзсіз.Қазақстан Республикасының заңының 4-бабында «Діни
бірлестіктер мемлекеттен бөлінген» – делінген [4]. Бірақта дінді мемлекеттен бөлгенімен
қоғамнан бөле алмаймыз. Себебі дінді ұстанушылар Қазақстан Республикасының азаматтары
болып табылады. Мемлекет діни мәселелерді реттеп, миссионерлік қызметті және діни
бірлестіктердің жұмысын қадағалау қажет. Қазіргі күні діни мәселелерге қатысты
мемлекетіміз тарапынан жасалынып жатқан іс-шаралардыдан, қоғамымызда орын алған
кейбір келеңсіз жағадайларға немқұрайлы емес екендігін байқауға болады. Оған дәлел
мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Дін істері жөніндегі агенттік
құрылды. 2011 жылы 11қазанда Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни
бірлестіктер туралы» Заңы қабылданды.
Мемлекет қаншалықты зайырлы болып есептелсе де, діннің істеріне ішінара араласуы
тиіс деп пайымдаймын. Себебі, қазіргі таңдағы жадайларға қарасақ көптеген экстремистік
топтар таза діндердің аттарын жамылып қазақ халқының ғана емес, сонымен қатар бүкіл
әлемдегі жастардың, адамдардың сана сезімдерін уландырып, теріс жолға түсуіне ықпал
етуде. Қазіргі кездегі барлық экстремистік, терорристік жағдайларды Ислам дініне қатысы
бар деп жариялайды. Егерде мемлекетпен діни басшылардың арасындағы жұмыстар
жоспарлы түрде жасалатын болса бұндай жағдайларға жол берілмейтін болар еді.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Жанұзақов. Т. Қазақ түсіндірме сөздігі. - Алматы: Дайк-Пресс, 2008. -968 бет.
2. Электронды ресурс: http://www.oinet.kz/news/qubyla/i2398.
3. Электронды ресурс: http://e-islam.kz/islam-zhane-zajyrli-memleket.
4. Иманбаев. М. Зайырлы мемлекет – саналы таңдау // Егемен Қазақстан. 2014, 10 қазан, 6-бет.
ӘОЖ331.56(574)
ТҮГЕЛБАЕВ Н.С., ШҮРШІТБАЙ Б.Ш.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен қ.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАСТАРДЫҢ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ МӘСЕЛЕСІ
ЖӘНЕ ОНЫҢ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
Еңбектің арқасында, біз алдымызға қойған мақсаттарға жете аламыз. Еліміздің
азаматтарын жұмыспен қамту Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметінің негізі
әлеуметтік басымдылықтарының бірі болып табылады. Жұмыспен лайықты қамту қоғамдық
байлықтың артуы мен өмір сүру сапасын жақсартудың басты құралы. Бірақ, өкінішке орай
жұмыссыздық әлемдегі ең басты проблемалардың бірі болып келеді.
Мысалға, мұндай процесс Қазақстанда жүріп жатыр. Жұмыссыздық өзімен бірге
бірнеше жаңа проблемаларды алып келеді және жұмыссыздық проблемасы тұрғындармен
тығыз байланысты және оларға тиетін әсері тікелей.
Мысалы, жұмыс орнынан айырылу немесе табысының азаюы, адамдардың өмір сүру
деңгейіне, психологиялық стресске шалдығуына әкеп соғуы ықтимал. Осы мәселелердің
салдарынан көптеген сайлауға түсетін адамдар,жаңа жұмыс орындарын ашуға көңіл бөледі [1].
Қазақстан жастары үшін жұмыссыздық ең басты және бас ауыртар мәселелердің бірі.
Мәселен, біздің елдегі оқымайтын және жұмыс істейтін жастар саны жалпы активтің сегізден
бір бөлігіне ие.
Елбасы Н. Назарбаев "Нұр-Отан" партиясының "Жас-Отан" жастар қанатының бірінші
съезінде сөйлеген сөзінде ауылдық жерлердің мәртебесін көтеру үшін ауыл жастарын
қолдауға бағытталған "Ауыл жастары" ұлттық бастамасын жасап, оны жүзеге асыру қажет
екенін қадап айтқан еді. "Жоғарғы оқу орындарының бітірушілеріне арналған "Дипломмен
ауылға" жобасын ұсынды. Осы әрекеттердің арқасында ондаған мың жас маман ауылға
тартылды. Өз кезегінде үкімет пен жергілікті атқарушы билік осындай жобалардың
207
материалдық қолдауын қамтамасыз ететiн болады", - деп мәлімдеген Елбасы еліміздің кең
байтақ жерінде жастарымыз өз орнын табуы үшін тер төгу керек екенін тілге тиек етті [2].
"Дипломмен ауылға" жобасына сәйкес ағымдағы жылдың басынан, ауылдық елді-
мекендерде жас маманның жұмыс істеуіне және баспана мен қамтылуы нысанға алынды.
Қазіргі таңда республика бойынша барлық облыстық және аудандық әкімдіктерде
ауылдық жерлерге тұруға және жұмыс істеуге баратын әлеуметтік сала мамандарын ынталан-
дыруға бағытталған заңның орындалуын бақылайтын арнайы басқармалар, мамандар бар.
Бұл жобаның басты мақсаты – жас маманның алған дипломына сай жұмыс істеуге
жағдай жасау. Осы мақсатқа жету үшін ЖОО студенттеріне арнайы кітапшалар таратылып
жатыр. Бұл жобаға ЖОО бітірген мамандар ғана емес, сонымен қатар жұмыстан
қысқартылған азаматтар да тіркеле алады. Ауылға қажетті мамандықты иеленген маман
жоба аясына іліксе, мынандай үш жеңілдікке қол жеткізеді.
Алдымен, есептік көрсеткіш бойынша жоғарылатылған 70 айлық жәрдемақы беріледі.
Екінші, тұрғын үй алу үшін мемлекет қаржысының есебінен 15 жыл мерзімге 0,01 пайызбен
630 айлық есептік көрсеткіш көлемінде несие беріледі. Үшінші, қалалық аймақтарда жұмыс
істейтін мамандарға қарағанда, ауылдық елді мекендердегі мамандар 25 пайызға
жоғарылатылған жалақы алатын болады. Осы мамандарға: дәрігерлер, мұғалімдер, мәдени
қызметкерлер, әлеуметтік қамсыздандыру және спорт және туризм саласында жұмыс
істейтін қызметкерлер ғана қол жеткізе алады.
"Дипломмен ауылға" жобасы жұмысқа қабілетті еңбек ресурстарын жаңарту үшін өзекті,
ауыл статусын арттыру үшін маңызды рөл ойнайды. Жобаның негізгі идеясы–ЖОО мен
колледждерде білім алып жатқан еліміздің жас мамандарын ауылға тарту. Бұл идеяны іске
асырудың бірнеше тәсілдері бар. Бірінші тәсілі қала жастарын ауылда жұмыс істеуге шақырту
және "ауыл квотасы" бойынша білім алған ауыл жастарын міндетті түрде ауылға қайтару.
Статистика көрсеткіштеріне сүйенетін болсақ, орташа адам басына шаққандағы
ақшалай атаулы табыстары бағалау бойынша 51890 теңгені құрады. Өсім 2011 жылғы
тамызбен салыстырғанда атаулы ақшалай табыстар үшін 9,1 %, нақты ақшалай табыстар
үшін – 4,2 % жетті.
2012 жылы қыркүйекте жүргізілген санақ бойынша Қазақстан Республикасындағы
жұмыссыздар саны 475,4 мың адамды құрады. Экономикалық жағынан белсенділік
көрсететін халық санына байланысты жұмыссыздық пайызы 5,3 құрады. 2012 жылғы
қыркүйектің соңында жұмыспен қамту мекемелерінде жұмыссыздар ретінде тіркелген
азаматтар саны 54,8 мың адамды құрады және еліміздің экономикалық белсенді халық
санына 0,6 пайыз деңгейін қамтыды. Ал экономикалық белсенді халық азаматтарының 0,3
пайызын жасырын жұмыссыздық деңгейі көрсетті.
Елдегі экспорт жағы төмен болғандықтан, Қазақстан Республикасы импортқа тәуелді.
Осының салдарынан отандық кәсіпорындар саны аз. Қазіргі таңда кернеп тұрған
қымбатшылық салдарынан, әзірге еліміздің әлеуметтік жағдайын оңалту қиын.
Республикамыздың азаматтары орташа есеппен алғанда 39,7 пайызды көрсетеді. Егер ресми
деректер көзіне сүйенетін болсақ, бүгінде елімізде еңбекке жарамды азаматтар саны 7
миллионды құраса да, ауылдық округтерде агроөнеркәсіптік кешеніміз дамымаған. Жұмысқа
жарамды ауыл тұрғындары 2,7 миллионды құрайды. Республикамыздағы жұмысқа жарамды
7 миллион азаматтың 4,3 миллионы жалдамалы жұмыс жасайтын болса, ал қалғаны
лауазымды қызмет атқарады. Кейбір дереккөздері жалдамалы жұмысқа жегілетін
халқымыздың 76,2 пайызы қыр қазағы болғанын растайды.
Шығыс Қазақстан облысында 2016 жылы 3 тоқсанында тіркелген жұмыссыздық
деңгейі 4,8 пайызды көрсетті.
Жұмыспен қамту орындарында 2016 жылдың басынан бері барлығы 40,6 мың адам
өтініш берген, соның ішінде 31,4 мың адам, яғни өтініш бергендерден 79 пайызы жұмысқа
орналасты. Қоғамдық жұмыстарға 10,6 мың азамат тіркелді.
Жаңа өндірістер ашу үшін секторда шағын бизнестерді ашып дамыту үшін және
жаңа әлеуметтік объектілер есебінен 15,1 мың жаңа жұмыс орындары ашылды.
Достарыңызбен бөлісу: |