198
Барлық таңба (белгі) мен иероглифтер үш айдарлы, тек ежелгі түркілерде екі айдарлы,
бір қарағанда қазақтың сынық мүйіз оюына келеді. Ал кейіңгі шумерлерде бір айдарлы,
жебенің белгісін көрсеткендей көлденең бағытқа қарап тұр. Қалғандары үш айдарлы.
Қорыта айтқанда Ұмай ананың төбесінде үш айдарлы тәж таңба оның Жер ана (Жер-
Су), Суб-Иер ұғымын білдіріп тұр деп есептейміз. Сонымен бірге қазақ дүниетанымындағы
Жер мен Су адамдардыңқұтқарушы, сақтаушы құдай ретінде саналуы Ұмай ана қызметіне
ұқсас.
Ұмай анаға қатысты келесі бір маңызды тақырып – оның мифтер мен аңыздарда көрініс
табуы.
Н.А. Алексеев «Шаманизм тюркоязычных народов Сибири» еңбегінде Ұмай-ананы
аспан әлеміндегі айға теңейтін аңыздар мен тарихы деректер бар екендігін жазған. «Культ
богиний Умай был известен древнем тюрком... Можно предположить что Культ богинь –
матерей Ай, существовавший у саков Алтая и Средней Азий, трансформировался у них
потомков VI-VIIвв.в
культ богини Умай-энэ, покравительствовавшей детям»
Сібір
халықтарынының
аңыз-әпсаналары
мен
дін
формаларын
зерттеген
Н.А. АлексеевҰмай ананы сақтардың Ай құдай анасымен байланысты және ол сол
халықтардың аңыздарының негізгі арқауы дейді.
Сонымен бірге Ай көне түркі мәдениетінде Күннің орынбасары, сұлулықтың таңбасы,
көп мұраларда әйел құдай бейнесі ретінде танылған.
Енді Алтай халықтарының бір мифтік аңыздарының желісінде Үлген (мейірімді) және
Ерлік (қатыгез) құдайы туралы аңыз баяндалады. Онда Үлген (мейірімді) құдайдың үш
айдарлы тәжі бар деп жазылған. «Как интересные материалы о шаманизме алтайцев имеются
в статях и книгах В.И.Вербицкого. Публиковавшихся с 1859г. До конца ХІХ в. им
зафиксированы моления Ульгену –главному божеству-небожителю и Эрлику – главе злых
духов нижнего мира». Сондай-ақ тағы келтірсек, осы еңбекте «По верованиям этой
этнической группы северных алтайцев, на небе обитали духо покравители отдельных родов.
Из них называли «имеющим три шапки свещеным Бай Ульгеном» Зер салып қарасақ, Үлген
–біріншіден мейрімді құдай, екіншіден ол үш айдарлы. Ал, Ұмай ана мейірімді (отбасының
немесе балалардың қорғаушысы) сонымен бірге жоғарыда петроглифтерде бейнелегендей
үш айдарлы.
Сібір халықтарының ежелгі дін формаларын қарастырған Н.А. Алексеев«Алтай-кижи.
Роды тодыш, кыпшак, мундыш, тонгжоан и кергил – это «коренные алтайские, чисто
тюркские роды, восходящие несомненно, к домонгольской эпохе». Они почитали Ульгена
своим покравителем».
Н.М.Шанскийдің «Орыс тілінің қысқаша этимологиялық сөздігінде» «Май» сөзінің
шығуына былай анықтама береді.
«Май – займствование из старасловянского языка. В последующим май – через
постредство греч. я. восходит к лат. Maius.латинское название месяца передставляет собой
имя бога , восходящее к слову «большой» (т.е. бога, дающего рост)».
«Қазақтың мифтік әңгімелері» топтамасында Ұмайға қатысты мифологиялық ертегі
Ұмайдың басқа бір тың қызметтік деректерге жетелейді. Аңыздың қысқаша мазмұны Аю
батырдың Айсұлуды алып қашады. Оны тар қапасқа қамайды. Ол онда қояндарды және
Ұмай мен Құмайды кездестіреді. Сөйтіп асыл мұратқа жетеді. Осы мифтік ертегі толық
аспан әлеміндегі жер серіктері ай мен жұлдыздарға арналған деп топшалаймыз.
Осы айтылғандары толық қорытындыласақ. Біз Ұмай-анаға қатысты деректерді
біршама талдадық. Ұмай-ана көшпенділерде маңызды орын алған. Ол түркілердің тәңір
құдайымен теңестірілген, кейде Аспан-Әкенің (Тәңір) жұбайы Жер-Сумен де пара-пар
теңестірілген қамқоршы болып та, кейде айдың да қызметін атқаратын мифтік көрініс болып
та табылады. Ең бастысы, Ұмай үй ошағының қамқоршысы ретінде танылған. Талдау
қорытындыларында біз мынадай шешімдерді айтамыз. Ұмай-ана түсінігі түркі
халықтарының дүниетанымында кеңінен орын алған. Оны әр істердегі немесе қандай да бір
қиыншылық кездеріндегі өздерінің наным-сенімдеріне негіздеген.
199
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Медоев А.Г. Гравюры на скалах. Сары Арка, Мангышлак. Часть первая. –А.: Жалын. 1979.-169 ст.
2. Бичурин Н.Я. (Иакинф) Собрание сведений о народах, обитабших в средней Азии в древних
временах. –А.: Жалын, 1998. 390 ст.
3. Окладников П.А. Мартынов А.И. Сокровища Томских писанц. Наскальные рисунки эпохи неолита и
бронза. –М.: Исскуства, 1972. -300 ст.
4. Ғ. Айдаров Ежелгі мәдениет куәлары. Тас бетіндегі таңбалар мен суреттер. –А.: Қазақстан, 1965. -105 бет.
5. Самашев З. Петроглифы Казахстана. –А.: 2006. 200 ст.
6. Орынбеков М. Ежелгі қазақтың дүние танымы. –А.: Ғалым, 1996. 151 бет.
7. Алексеев Н.А. Шаманизм тюркоязных народов Сибири. –Новосибирск: Наука, 1984. 15 ст..
8. Алексеев Н.А. Рание формы религии тюркоязычных народов Сибири. –Новосибирск: Наука, -1980. 191ст.
ӘОЖ 811.512.122’1
ТЕМІРБЕКОВА А.С., ӘЛІМХАН А.Ә.
С.
Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен қ.
ТУРИСТІК КЛАСТЕРЛЕРДІ ДАМЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗІ –
ЛИНГВОЕЛТАНЫМДЫҚ СӨЗДІКТЕР
Қазіргі Қазақстан аумағындағы алғашқы ұйымдастырылған саяхаттаржаһандық
туристік нысанмен – б.з.д. ІІІ мыңжылдықта қалыптаса бастаған Ұлы
Жібек жолымен байланысты. Біздің заманымызға дейінгі дәуірдің өзіндезерттеушілер
Қытай және оған жету жолы жөніндегі мәліметтерді өзжұмыстарында келтірген. ІІ ғасырда
өзінің «Географиялық нұсқауында» Клавдий Птолемей осы мәселелерге назар аударады. Дәл
осы жұмыста кейінҰлы Жібек жолы деп атанған жолдың алғашқы сипаттамасы беріледі.
Бұлсуреттеменің түбі б.з.д. І ғасырда жатыр. Птолемей біздің дәуірімізге дейінсақталмаған
Марк Тирскийдің шығармасын, ал Марк болса, саудагер МайТициан мәліметтерін
қолданған екен [1].
Зерттеушілердің көпшілігі Ұлы жол атауын неміс ғалымы Ф.Рихтгофенөзінің «Қытай»
атты кітабында (1877) берді деп есептейді [1].Қазақстандағы туризмінің даму алғышарттары
ХІХ ғасырда пайда болдыдеп айтуға болады. Оған еліміздің географиясын зерттеген
көптеген ғалымдар:П.П.Семенов-Тян-Шанский, Н.М.Пржевальский, И.В.Мушкетов және т.б.
өзүлесін қосқан. Алғашқы ғылыми зерттеушілердің қатарынан ұлы қазақсаяхатшысы әрі
ғалымы Шоқан Уәлихановты атау қажет.
Белгілі қазақстандық туризм зерттеушісі В.Н.Вуколов айтқандай,Қазақстандағы туризм
дамуы өлкетану негізінде дамыған.Қазақстандағы өлкетанулық зерттеулер ХІХ ғасырдың
соңы мен ХХғасырдың басында басталған. Ол кезде өлкені зерттеу мақсатында ресейлік
мемлекеттік
және
қоғамдық
ғылыми
ұйымдарының
алғашқы
экспедициялары
ұйымдастырылды.
ХІХ ғасырда жергілікті және сырттан келген әуесқойлар жеке түрденемесе топ
құрамында экскурсиялар, жорықтар мен серуендерді жасайбастаған.
Еліміз егемендігін алып, еңсесін түзегеніне де 25 жылдың жүзі болыпты.
Президентіміздің сындарлы саясатынының арқасында елімізді бүгінде бүкіл әлем білетін
болды. Қазіргі Қазақстанды жақсы жағынан жаһанға таныстыру, Қазақстандай ел бар екенін
паш ету жастардың міндеті. Сол арқылы жаһандану кезінде жұтылып кетпеуге жол ашамыз.
Сол арқылы соқтықпалы-соқпақты тарихы бар елімізді, қойнауы кенге толы байтақ жерімізді
сақтап қала аламыз.
Тіл – елдің тірегі, тарихы. Төл тіліміздің әлем білмейтін қыр-сырлары өте көп. Оның
абыройын көтеру үшін, оны өзгелерге сыйлата білу керек. Соңғы кездері тілдің
жинақтаушылық қызметіне үлкен мән беріліп келе жатыр. Ұлттардың мәдениетаралық
қарымқатынасы, елтаным, мәдениеттаным тақырыптарында сөз қозғағанда – тілдің осы
қызметіне ерекше тоқталады. Біз де осы мәселені тілге тиек етіп, лингвоелтанымдық сөздікті
жасау өзектілігін қозғағымыз келіп отыр.