Сборник научных материалов студентов и молодых ученых



жүктеу 4,69 Mb.
Pdf просмотр
бет99/187
Дата21.12.2019
өлшемі4,69 Mb.
#24739
түріСборник
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   187

202 
 
жинақталған түрде мәдениеті, мәдениетанымы қарастырылады [2].  
Аталған ғалымдар лингвоелтанымдық зерттеулерді сараптай келе лингвоелтанудың екі 
түрлі қызмет атқаратындығын көрсетті:  
1)  Филологиялық  (немесе  лингвистикалық)  қызмет,  яғни  ұлттық  –  мәдени  мағынаны 
анықтау мақсатында тілдік талдау жүргізу. Филологиялық тұрғыдан елтанытуда екі мәселеге 
мән беріледі: а) Тілдік тұлғалардың көмегімен мәденитанымдық  ақпараттарды алу. Мұндай 
жағдайда бірінші орынға  мәдениеттік тұрғыдан білім беру шығады. Бұл әдіс тілді екінші тіл 
ретінде  оқытуда  басым  рөл  атқарды;  ә)      Тілдік  тұлғаларды  тіл  үйренушінің  тілі  мен 
мәдениетіне ұқсас бейнелер негізінде оқыту мен қабылдауға оқыту. 
2) Лингводидактикалық  (әдістемелік)  қызмет  –  тіл  арқылы  берілген  ұлттық 
ерекшеліктерді таныту, оқыту, үйрету, мән – мағынасын жеткізу тәсілдері.  
Лингвоелтанымдық  теорияның  негізіне  сүйену  арқылы  сөз  мағынасының  ұлттық  – 
мәдени компонентін анықтауға мүмкіндік туды. Тілдегі лексиканың елтанымдық қырларын, 
қатпарларын  айқындауға  септігін  тигізді.  Зерттеле  келе  сөздің  елтанымдық  ақпараттары 
мынадай топтарға жіктеледі: 
- Эквиваленті жоқ лексика; 
- Фондық лексика; 
- Коннотативтік лексика. 
Эквивалентсіз лексика – бұл басқа тілдің лексикалық бірліктері арасында толық немесе 
жартылай  сәйкес  лексикалық  бірліктері  (сөздер  және  тұрақты  сөз  тіркестер)  жоқ  лексика. 
Негізінен,  эквивалентсіз  лексикаға  реалия  сөздер,  уақытша  эквивалентсіз  терминдер, 
эквивалентсіз сөздер жатады. 
Фондық  лексика  –  бұл  жалпы  адамзатқа  тән  ұғымдардың  белгілі  бір  елдегі  тіл 
тұтынушылардың таным-түсінігімен ұғынылатын тіл бірліктері. 
Коннотативтік  лексика  –  фондық  лексиканың  эмоционалды  –  эстетикалық 
ассоциациялармен түсіндіруден туындаған тіл бірліктері. 
Е.Верещагин  лингвоелтанымдық  талдау  жүргізу  алдында  дереккөз  материалдарын 
таңдап  алудың  мынадай  алғышарттарын  ұсынады:  «елтанымдық  мәні  бар  сөзді  таңдау 
барысында  қазіргі  тілдік  санаға  тән  тіл  бірліктерінің  өзектілігін  айқындап  алу  басты  шарт. 
Ол үшін сөздің 
 - белгілі бір ақпаратты сақтаушы; 
 - қазіргі қолданымдық аясы бар; 
 - елтанымдық құндылығы бар қызметтері мен қасиеттері болуы керек» [1]. 
Лингвоелтанымдық бағыттың негізгі мақсаты – мәдени константаларды екі немесе үш 
тілде өзара салыстыра отырып, ұлттық нышандарын айқындайтын, сол елдің болмыс-бітімін, 
халықтың мінез-құлқы мен тұрмыстық ерекшеліктерін ажыратып көрсететін тілдік ұғымдар 
мен  белгілерді  зерттеу.  Бұл  бағытта  қарастырылатын  объектілер  белгілі  бір  елдің  немесе 
ұлттың  өзіне  тән  белгілерін,  басқа  ұлтта  жоқ  өзіндік  нышандарын  көрсете  алатын  тілдік 
бірліктер  болуы  керек.  Мысалы,  қазақ  тілінде  белгілі  бір  ұғымды  ауыс  мағынада  түсіндіру 
үшін  өздері  күнделікті  көріп  жүрген,  болмысы  әбден  танылған  ұғымдарды  қолданады. 
Қазақтар  үшін  қойға  қатысты  тұрақты  тіркестер  жағымды  мағына  береді:  қой  көзді,  қой 
аузынан  шөп  алмас,  қой  үстіне  бозторғай  жұмыртқалаған  заман  т.б.  Ал  орыс  халқында 
«баран»  сөзі  жағымсыз  қасиеттермен,  нақты  айтқанда,  қырсықтық  пен  ақымақтықпен 
байланыстырылады.  Мысалы,упрямый,  как  баран.  Американдықтардада  «қой»  жағымды 
ассоциация  тудырады.  Американдықжарнамадан:  «Покупайте  автомобиль  «Додж»,  он 
напорист, как баран» деген мағынадағы тіркестер жиі кездеседі. Басқа халық момын адамды 
қой  аузынан  шөпалмас  деп  бұлайша  түсіндірмейді.  Себебі,  ола  қойдағы  жуастық  қасиетті 
тұрмыс-тіршілігінде  танымаған  немесе  негізгі  кәсібінің  бірі  қой  бағу  болмағандықтан, 
ерекше мән де бермеген»[3]. 
Адам  санасында  ақиқат  дүниені  эстетикалық-көркем  негізде  таныту  әсіресе  өнермен 
тікелей  байланысты  шығармашылық  таланты  бар  дарынды  тұлғаларадың  ой  жүйесінде 
туындайды.  Тек  ұлттық  танымда  ғана  жан  –  жақты  ақпаратымен  жүйеленіп,  сол  ұлттың 


203 
 
мәдени  құндылығын  көрсететін  ұғымдар  –  лингвоелтанымдық  бірліктер.  Біз  ақын 
шығармаларын  оқи  отыра,  лингвоелтанымдық  бірлік  арқылы  ертеден  сақталған  мәдени 
деректердің  мәнін  түсіне  аламыз.  Мысалы,    Ф.Оңғарсынованың  поэзиясында    «Отан» 
патриоттық стереотип түрінде сақталған лингвоелтанымдық бірліктер арқылы танылады. 
«Отан деген не?» – дейсің, ұлым, маған. 
Ол – сенің ғұмырлы анаң. 
Жөргегіңнен жаныңа сіңіп қалған 
Әнің мен жырың, балам! [4]. 
Мұнда  «Отан»  -  ғұмырлы  ана,  ән,  жыр  болу  белгі-денотаттары.  «Отан»  ұғымын 
танытуда қолданатын стереотип лингвоелтанымдық бірлік болып саналады. 
Мәдени  сипат  алған  бірліктер  өзіндік  мәдени  фоны  мен  мәдени  семасы  арқылы  көзге 
айқын көрінетін белгілері ұлттың, халықтың танымымен сабақтасып жатады. Мәдени сема – 
әмбебаптық сипатқа ие болған семантикалық бірліктер мен мағыналық  белгілер жиынтығы. 
Ал  мәдени  фон  –  ұлттың,  халықтың  әлеуметтік  өмірі  мен  тарихи  оқиғалары,  мәдени 
мұраларын  бейнелейтін  атауыш  бірліктер  сипаттамасы  [5].  Мысалы,  Ф.Оңғарсынова 
поэзиясында  «аға»  концептісі    «асқар  тау»,  «асқақтап  тұрған  көк  тірек»,    «биік  шоқтық» 
мәдени фон мен мәдени семаға ие болған стереотиптік  бірліктер арқылы танылған: 
Ағалар асқар тауым ғой асқақтап тұрған көк тірегі, 
Жабықтырғанда дауылды ой, маңдайымнан өпті кеп, 
Ағалар барда демеген – бәрінен биік шоқтығым, 
Еркелеп өстім неге мен, әкенің сезбей жоқтығын? [4]. 
Мәдени  ақпаратты  танытатын  лингвоелтанымдық  бірліктер  денотаттық  сипатымен 
ерекшеленеді. 
Сондай-ақ  Ф.Оңғарсынова  өлеңдерінде  қазақтың  өзіне  тән  таным  –  түсінігінен 
туындаған сөздер жаңғыртылған. Мысалы: 
Кейбір ісім дұрыс та емес шығар, 
Қылығым да көрінер егесқұмар. 
Қайткенде де қанымда жоқ нәрсені 
Істеймін деп жайым жоқ кеңес құрар. 
Сырығындай сыңарсыз көктеректің 
Қақиюмен көп жанды өпелеттім [4]. 
Мұндағы    «егесқұмар»  мен  «қақию»    сөздері  қазақтың  төл  тіліндегі  «ерегісіп»  және 
«өркөкіректік»  деген  мағынаны  білдіреді.  Бұл  сөздерді  де  лингвоелтанымдық  бірлік  деп 
атауға болады.  
Ф.Оңғарсынова  шығармаларындағы  «дала»  ұғымы  қазақтың  өмірін,  жайлауын, 
шаруашылығын, дарқан кеңдікті, еркіндікті танытқан. 
Түнімен долы дауыл құрыстаған, 
Секілді арыстандай жыны ұстаған. 
Жамылып ақ көрпесін енді ғана 
Маужырап байтақ дала тыныстаған [4]. 
Автор танымында дала кеңдік, еркіндік этолоны ретінде алынып, қазақтың кең байтақ 
жеріндегі еркіндікті сүйетін халықтың ұлттық-мәдени өмірі сипатталады.  
Мәтінде немесе қарым – қатынас барысында көрініс табатын лингвоелтанымдық  бірлік 
– ұлттың өзіне тән болмысы мен әдет – ғұрпына, әлеуметтік өмірі мен тұрмыс – тіршілігіне 
сай  уәжделген  мәдени  әрекеттер  мен  ситуациялардың  негізінде  бейнеленген  атауыш  таңба 
болып саналады.  
Сонымен  қорыта  келе  айтарымыз,  лингвоелтанымның  басты  мақсаты  –  адамдардың 
түпнұсқа  мәтіндер  негізінде  мәліметтерді  қабылдай  отырып,  қатысымдық  құзіреттілігін 
қаматамасыз етуі. Лингвоелтаным тілдік тұлғалардың көмегі арқылы қазақ халқының ұлттық 
ерекшелігін,  ұлттық  мәдениетін  үйренуге  жол  ашады.   Ұлттық  ерекшеліктер  мен  ұлттық 
мәдениет  ерекешеліктерінен  хабардар  беретін  тілдік  бірліктерді  үйрету  және  әлеуметтік 
сұрыптаудың  қажеттілігі  көркем  шығармаларды  мен  өлең-жырларды  оқуда,  баспасөз 
құралдарынан, кино және видеокөріністерді көруден, ән тыңдаудан және т.б. байқалады.  


жүктеу 4,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   187




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау