208
2015 жылға сәйкес кезеңмен салыстырғанда, мемлекеттен атаулы жәрдем алатын
азаматтардың жалпы саны 1995 адамға артты. Яғни 32,4 пайызды құрады және 4155
адамды құрады [3].
«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша елімізде 97,7 мың адам жұмыс
орнымен қамтылды. Аймақтарды дамыту бағдарламасы шеңберінде 213,4 мың адам жұмысқа
орналастырылды. Елімізде жалпы санын алғанда 281,6 мың, оның ішінде ауылдық жерлерде
128,6 мың жаңа жұмыс орындары құрылды. Қазақстан Республикасының еңбек нарығының
жай-күйіне халықты жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы аясында өткізіліп жатқан іс-
шаралар оң әсерін тигізді.
Сурет 1 – Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық деңгейінің көрсеткіші
«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында белсенді саясат жүргізу Қазақстан
Республикасының Үкіметі қызметінің негізгі әлеуметтік басымдығы болып табылады.
Жұмыспен дұрыс қамтуды қамтамасыз ету – халықты әлеуметтік қорғаудың негізі, адам
ресурстары әлеуетін дамыту және іске асырудың маңызды шарты, қоғамдық байлықтың
артуы мен өмір сүру сапасын жақсартудың басты құралы болып табылады[4].
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Аллабергенұлы Д. Жұмыссыздар санын нақты анықтау қажет // Дидар. - 2016. - №84 , 14 шілде.
2. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстанның әлеуетік жаңғыртылуы Жалпыға Ортақ Енбек Қоғамына қарай 20
қадам» \\ Егемен Қазақстан. - 10 шілде 2012.
3. Лепесова А. Жұмыспен қамту - мемлекет қуатының көрсеткіші // Түркістан. - 2016.- 30 маусым (№ 26).
4. Шпанов Е. Еңбек нарығындағы жұмыссыздық // Егемен Қазақстан. - 2016.- 15 сәуір (№ 71).
ӘОЖ 811.512.122.2
ҮСЕНОВА А., ҚАЙЫРБАЕВА. Ж.Қ.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен қ.
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЛЕКСИКОГРАФИЯ ТЕОРИЯСЫНЫҢ
ЗЕРТТЕЛУ ЖАЙЫ
Адам баласының тілі - негізінен сөздерден тұратын тіл. Осыны білгендіктен Ф.Соссюр
де «сөздердің тіл механизмінің өзегін құрайтындығын» айтып еді [1]. Осыған ұқсас пікірді
орыс ғалымы А.И.Смирницкий де айтқан болатын: «Сөз – тілдегі сөздік құрамның негізгі
бірлігі ғана емес ол, сонымен қатар, жалпы адамзат тілінің орталық өзегін құрайтын бірлік»
[2]. «Лексикография – лингвистикалық қызметтің барлық нәтижелерін жария етіп, жарыққа
шығаратын негізгі канал» (В.В.Морковкин) екендігін, оның үстіне, тіл білімі ғылымындағы
жеке сөздің, сөздік бірліктің барлық қасиеттерін жинақты түрде қарастыратын бірден-бір
саланың да лексикография болып табылатындығын тілші қауым біледі. Осы тұрғыдан
209
лексикографияны тіл туралы ғылым санатындағы лингвистика мен тілді танып білуге
ықыласты қоғам арасын жалғайтын тілдесім қызметі десе де болғандай.
Қазіргі кезде лексикографияның негізгі салалары ретінде жалпы лексикография,
терминологиялық лексикография, есептемелік лексикография және оқу лексикографиясы
қалыптасып үлгерді. Олардың өздерінің ішінде де жаңа салалардың бой көтеруі – табиғи
процесс. Мысал үшін терминологиялық лексикография саласында деректерді автоматты
өңдеу мен сөздіктерді машина (электрондық есептеуіш машиналар) көмегімен түзу қолға
алынуда. Осыған байланысты есептемелік лексикографияда да жаңалықтар көбейе түсуде.
Лингвистиканың қоғам алдында есеп беретін, қоғамға көрсететін басты өнімі – сөздік.
Тіл білімі ғылымынан хабары жоқ қарапайым қоғам мүшесінің түсінігі бойынша, жалпы
лингвистиканың бар болмысын ақтайтын жалғыз өнім – сөздік.
Адамзат қоғамында практикалық лексикографияның пайда болып, сөздіктердің түзіле
бастағанына төрт мың жылдан астам уақыт өткен. Ал содан бергі кезеңде жасалған
сөздіктердің жалпы саны, ХХ ғасырдың ортасында жасалған санақ бойынша, он мыңнан
асқандығы белгілі. Лексикография мәселелерін зерттеушілер сөздік түзу саласында мол
тәжірибе жинақталғанымен, сөздік құрастыру тәжірибелерін қорытып, ғылыми талдау
жасаудың, оны жетілдірудің ғылыми-теориялық негіздемесін даярлау ісінің тым кеш қолға
алынғанын айтады. Расында да, лексикография атты ғылым саласының XX ғасырдың
ортасына дейін жетілген теориясының болмағандығы да шындық. Осы орайда,
лексикография теориясының мәселелерін жүйелі түрде зерттеп, оны жеке ғылыми пән
ретінде қарастырудың XX ғасырдың орта кезеңіне дейін яғни академик Л.В.Щербаның
еңбегіне дейін [3] жүйелі түрде жүргізілмегенін айтпай отыра алмаймыз. Теориялық
мәселелерді зерттеудегі кемшіліктер лексикографиядағы практикалық жұмыстардың
болашағының айқын болмауына, сапасының нашар болуына әкелді. Кеңес Одағы тіл
білімінде лексикография теориясын алғаш рет қарастырған ғалым П.Н.Денисов болатын.
Ғалымның еңбегінде негізінен сөздіктер типологиясы мен сөздіктің элементтері мәселелері
сөз болады [4]. Лексикографияның теориялық мәселелерін жан-жақты зерттеу ісін оқу
лексикографиясы саласында жалғастырған В.В.Морковкин жоғарыда аталған екі аспектіге
тағы да бес аспектіні қосып, олардың жалпы санын жетіге жеткізеді («лексикография»
ұғымының мазмұнын ашу, сөздіктік лексикология, сөздіктердің типтері туралы ілім,
сөздіктің құрылымдық элементтері туралы ілім, лексикографиялық құрастырманың негіздері
туралы ілім, бастапқы сөздіктік материалдар туралы ілім, сөздік түзу ісін жоспарлау мен
ұйымдастыру туралы ілім).
Лексикографияның теориялық мәселелері күн тәртібіне сөздік түзу ісін ғылыми
тұрғыдан қамтамасыз ету мақсатында қойылған болатын. Бұл саланы жеке ғылыми пән
ретінде қарастырып, теориялық тұрғыдан зерттеудің қажеттілігі бірінші рет 1817 жылы неміс
ғалымы Э.Манн еңбегінде сөз болды. Сол кезден бері сөздіктер, бір жағынан,
лексикографиялық практиканың нысаны, екінші жағынан, лексикографиялық теорияның
зерттеу пәні болып табылады.
Лексикографияның жеке ғылым саласы екендігі, оның өз ғылыми нысаны, болатындығы
дәлелденді. Қандай түрлі сөздік болса да, оны түзу процесінде, белгілі бір тілге
лексикографиялық сипаттама жасау кезінде лексикограф күрделі теориялық мәселелерге душар
болады. Олардың шешімін дұрыс табу үшін осы саланың ғылыми-теориялық негіздерін білу
шарт. Тіл-тілдегі жекелеген сөздердің мазмұны уақыт өткен сайын өзгеріске ұшырап, жаңарып
отыратыны тәрізді, сол сөздерді тіркеп, түсіндірумен айналысатын лексикографияның да
ғылыми әдіс-тәсілдері жаңғырып отырады. Осыған байланысты типтес лексикографиялық
мәселелердің шешімдері де әр тарихи кезеңде өзгеріп жатыр. Жаңалықтар көп. Жаңа кезең жаңа
талаптар қояды. Сөздіктердің құрылымы өзгеруде. Олардың жаңа типтері мен жанрлары пайда
болуда. Қазіргі кезеңде лексикография лингвистика ғылымының аясынан асып ғылым мен
техниканың жүздеген, мыңдаған салаларында қызмет жасауда.
Теориялық проблематикасы бар, демек теориясы бар жеке лингвистикалық пән ретінде
қарастырудың қаншалықты ақиқаттылығын анықтау үшін, ең алдымен, осы
Достарыңызбен бөлісу: |